Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сезімдерім сӨйлейді-1

Сәлем жаным,қалайсың? Қияли боп саған хат жазып отырмын. Менің бұл қылығыма да үйренген шығырсың. Не үшін жазып отыр деп күліп, сонымен қоса таңғалып, хатты әрі қарай қызығушылықпен ежіктей оқып отырғанынды білемін. Саған айтарым-өте көп. Өмірдің күйбеңімен,жұмыстың машақатымен саған көңіл бөлмей кеттім. Баяғы қияли Әділетің әлі тірі,қорықпа жаным. Сен мені осы қиялилығым үшін ұнатқанынды білемін ғой. Сені жақсы көремін,жаным. Бәрінен,бәрінен қатты....Бірақ кей кезі дөрекіленіп,қатты-қатты сөз айтып маған деген шексіз махаббатыңды кірлетіп алам. Оны дәл сол уақытта түсіне қоям. Бірақ.....неге екенін білмеймін,кешірім сұрауға шорқақпын. Ақындық асау мінез ғой,құрғыр..Сен тек мені сол уақытта жек көрмеші,күнім.. Жаным,жалғызым......мен өкінем...сенсіз өткен өткенім үшін өкінем....Алла менің тағдырыма күн етіп сені жіберді...Сенің қасыңда мен ерекше шабыттанам,сенің қасыңда мен орасан күшке иемін. Қолымнан бәрі келетін сияқты. Себебі сен маған сенесің...Сен осындай күшке иесің....Мен өлімнен де қорықпаймын....Себебі менің жаңа өмірім бар. Сенің орнын бөлек еді. Қазір сенің орнынды ғаламдағы ғажап жандардың өзі баса алмайды ғой, баса алмайды....Өмірімнің босқа өтпегенін дәлелдейтін кішкентай періштені сыйладың....Әлі сене алмай жүрмін...Әлемде әке болған әрбір жан осындай күй кеше ме екен. Әр таң атқан сайын бойымда өмірге деген тылсым күш пайда болады. Өзімді әр секунд сайын жігерлендіре түсемін..Ия,мен әлсіз болмауым керек. Рахмет саған....Өмірге мені әкелдің...Сол арқылы сен мені одан сайын мықты болуға итермеледің... Сен тек қасымда болшы,күнім....Осы сөздерді бетіңе айта алмаймын..Себебі-сүйемін. Шын сезімнің ғұмыры қысқа болады,шын сүйгендер қосылмайды деген аңыздардың желісін біз быт-шытын шығардық. Алла асылық айтқызбасын.Тарам-тарам жолдар алда көп кездеседі,өмірдің шоқалақ жолымен әлі талай жүреміз... Арамызға осы суықтықтың салқыны кірмесінші. Мен ғұлама емеспін..Бірақ ғұламалыққа ұмтылам))))) Сендердің арқаларыңда өсіп жатырмын…Жаным....жандарым....сұрқай тірлігіме жарық берушілер....жүрегімнің дүрсіліне дүрсіл қосушылар.....күндерім....бар байлығым...тіршілігімнің тіректері....сендер барда мен мықты боламын....

ТАЛАй ТАЛАй КҮТЕД ЕКЕН ШЫҢ АЛДАН,
ӘЛІ ТАЛАЙ ОРЫНДАЛАР ҰЛЫ АРМАН,
ЖАРАТУШЫМ,РАСЫМЕНЕН МЫҚТЫСЫҢ,
ПЕРІШТЕДЕН ПЕРІШТЕНІ ШЫҒАРҒАН!

ӨМІР СЕНІҢ ШЫДАЙ АЛАМ ТЕПКІҢЕ,
БАҚЫТТЫ ЕТЕР ОСЫ ШАҒЫҢ ЖЕТТІ МЕ,
...ҚИЯЛИ БОП ӨЛЕҢ ЖАЗЫП ОТЫРМЫН
ЗОР БАҚЫТТАН БАС АЙНАЛЫП КЕТТІ МЕ????

ӨЛЕҢ АЙТЫП,ӨЛЕҢ ЖАЗЫП КЕЛЕМ-ДІ,
ӨМІР СЕНЕН ҚОРЫҚПАЙМЫН МЕН ЕНДІ,
АЗАБЫҢДЫ,АУЫРЫҢДЫ МАҒАН БЕР,
ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖАРЫЛҚА ТЕК ЗЕРЕМДІ.

МЕНДІК ӨМІР ТӘТТІ СӘТТЕН ҮЗІНДІ,
МЕНДІК ӨМІР МҮМКІН ҚЫСҚА-ҰЗЫН-ДЫ,
МЕН КӨРМЕГЕН ҚЫЗЫҚТАРМЕН БАУРАШЫ,
МЕНІҢ ЖАНЫМ,МЕНІҢ ТӘТТІ ҚЫЗЫМДЫ.

БАҚЫТТЫ ЕТІП АЯМАЙМЫН БАРЫМДЫ,
ҚАРАҢДЫ ЕМЕС,ҚЫЗЫМА БЕР АҒЫҢДЫ,
МЕНІ СЫНА,МЕНІ ҒАНА ТЕПКІЛЕ,
БАҚЫТТЫ ЕТШІ ПЕРІШТЕМ МЕН ЖАРЫМДЫ.

ӨТЕ БЕРСІН ӨМІР КҮНІҢ БАЙЫПТЫ,
МЕНІҢ ДЕРТІМ СӘБИІММЕН АЙЫҚТЫ,
ӨМІР МАҒАН АЩЫ НӘРСЕ БЕРЕ БЕР,
АЛ ЖАНДАРЫМ ТЕК ТӘТТІГЕ ЛАЙЫҚТЫ.

СҮЙЕГІМЕ БАТПАЙД ӨМІР ШЫНЖЫРЫҢ,
АУЫРЛЫҚҚА НАР БАСЫМДЫ ШҰЛҒЫДЫМ,
ҚОС ПЕРІШТЕ ҚИЯЛ ҚУҒАН ТІРЕКПІН,
ТӘТТІ СӘТТІҢ БАСТАМАСЫ БҰЛ ЖЫРЫМ!!!
ЖАЛҒАСЫ БАР.............................

 

Қашан Өлең келеді жаздай жетіп,
Күтіп жүрмін...
Көрімді қазбай бекіп,
О дүниеге аттанам ба деп қорқамын,
Мәңгі өлмейтін бір дүние жазбай кетіп.....

Оштасу..

Таң атты.
Ояндым.
Оянды Қиындық,
Жүрекпен бірлесіп Аллаға сыйындық.
….Жабырқау емеспін,
жамадым жанымды,
Енді тек өмірдің көңілді күйін күт.

Сап-сары жапырақ.
Барады күз өтіп,
Сен деген атауды өзгерттім «Сіз» етіп,
Жүректен босаттым,
Мәз болып жүре бер,
Пәк болған денеңді Арыңа күзетіп.

Сықылдап күледі,
Оңбаған, арам Күз,
Мен үздім үмітті,
Сенде енді қадамды үз,
Ойымыз бірдей деп кім айтты,
Оттасын!
Біз бөлек адамбыз!

«Бәрі де жақсы» деп
Сорлы үміт түсті ара,
Құладым.
Тұратын бар екен күш қара,
Сорымды қайнаттың,
Жолыңды ашамын,
Қолыңды әрі әкет,
Кетемін. Ұстама.

Біз үшін бақыттың ауылы туууууу алыс,
Айрылып кету де – біз үшін дуалы іс.
Сіз мені сүйердей баяғы сыйқым жоқ,
Сен менен айрылдың.
Мен үшін қуаныш.

Жымиып жүрумен өтеді енді әр күн,
Миымды қопарған сен менен сеңді алдым,
Тәуелсіз, дербезсің.
Керемет емес пе?
Сен мені босаттың.
Жеңілдеп мен қалдым.

Менімен бықсыдың,
Лаулай бер енді отсың,
Жүректің төрінде «Сіз» деген ел жоқ шын,
Өмірім-қалыпты.
Түк те жоқ өзгерген.
Сен барсың-Жалғызбын,
Жалғызбын- сен жоқсың.

Сен енді биіксің,
Менде енді биікпін,
Қасыңда кімің бар?
Қасымда-сүйіктім.
Уақытым қызықты өтуде өзгемен,
Бақытым өзгенің маңдайын сүйіп тұр.

Сенде еш кінә жоқ.
Менде ғой бар кінә,
Отырсың.
Көңілдің көңілсіз күйлерін тартып ә?
Сен мені тастадың. Жалғыздық қасыңда.
Мен кеттім басқамен қарамай артыма…

Бақытым айтпастан түсті ме Көктен сап,
Сені емес Шабытым өзгені өтті аңсап,
Жол болсын десеңші.
Өтірік, Тістеніп,
Не дейін…..
Аяймын…
Қош боп тұр, Өткен шақ!

САУ БОЛЫҢЫЗ…….

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

уақыты белгісіз.

Өңделмеген өлең….

 

КЕЛТЕ

Келте ойлар.
Келте сәттер.
Келте Өмір.
Шалқытатын Шабытың да келте бұл.
Келте болған қуаныштың ғұмырын
Соза алмайсың сен түгіл.

Мұң да келте.
Уақытпенен бәрі өтпек,
Әлім де жоқ,
алысамын әлек боп,
Қинайтыны - келте болған қосылу,
Атаңа емес, Тағдырыма нәлет тек.

Бәрі біткен.
Тым болмаса осымды ұқ,
Бітірмеді
"Үміт" деген досым түк,
Келте болса бақыттың да ғұмыры,
Біз не үшін қосылдық?

Сенім күтем
сыртылдаған сағаттан,
Күлкі күтем
таңдарымнан әр атқан,
ОСЫНДАЙМЫН.
Құным мүмкін көк тиын,
Неге мені дәл осылай жаратқан?

Сеніңше!
Ия!
Сөздерім тек- Қатындық,
Кездеседі жолыңда әлі батыр,
Күт.
КЕЛТЕ-ЖЫРЫМ,
Бәрі келте мен десе,
Келте болды өмірім де АҚЫНДЫҚ!

ДӘЛ СОЛАЙ!

Ә.О.

 

 

Бұл жігіттің есімі - Ақтілек. Орынбасардың немересі, Әділеттің туған інісі. Ия, ия... Менің інім. Жарнама емес бұл. Бұл жігіттің кішкентай кезі әлі есімде. Одан асқан жылауық көрмеген шығармын. Түн ұйқымды анаммен бірге менде төрт бөлгенмін. Өсе келе еркелеу бола ма десек, біз қателескен екенбіз. Менен гөрі ақылды, менен гөрі жауапты қазір. Әдебиетке өліп-өшіп барады. Ей, нең бар десем тыңдамастан менімен жарысып кітап оқып, менімен жарысып қағазға шұқшияды да отырады. Жақсылыққа ма білмедім, тәйірі. Алтыншы сыныпта мен доп қуып, қағаз бен қаламды ұстауды әрең дегенде үйренсем, ал бұл өлең жазады-ай ә?! Азабын біле ме екен, әлде ғажабын сезініп үлгерді ме? Әй, білмеймін.... Мынау осы жігіттің туындысы.. Түземедім, қарамадым, жәй теріп, салып отырмын. Болашағы не болмақ, оны да білмедім. Оқыңыздар, ұнасы сізден бір ләйк)))))


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)