Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СОЛ ЕКЕУІ…..

Бос кеудемді жәбірлеп босап қалам,
Бос кеудемді толтырар осы-ақ па адам,
Өмір мені көп нәрседен мақұрым ғып,
Қиындық пен қос досымды қосақтаған.

Бақ дегенді қайран ғұмыр шақ ұсынды,
Бұл дегенің Ақынға таныс үлгі.
«Жеңді түріп» түңіле бастағанда,
Сол екеуі тірілткен Намысымды.

Қарғыс деген мені дәлдеп керім атқан,
Сәтсіздік те қалмады еріп арттан,
Өзіме өзім сенбей қалған кезде
Сол екеуі тек маған сенім артқан.

Жабыққанда көп нәрсе келмей қолдан,
Сыпсың сөзге сылаңдаған ермей қойған,
Өлім мені қиылып шақырғанда,
Сол екеуі Ажалға бермей қойған.

Жүргенде Өлең жазбай, арып Ақын,
Көп дұшпанда жүргенде қалып ақым,
Шабыт тастап,
Өлең өліп,
Сенделгенде,
Сол екеуі жанымнан табылатын.

Мен үшін ғаламдағы ұлы адамдар,
Жырымды жүрекпенен құрап аңғар,
Ауырғанда Алладан сол екеуі,
Дұға тілеп,
Денсаулық сұрағандар.

Сол екеудің жанарынан әлем көрем,
Әлем көрем, әлемге сәлем берем,
Мыстан-заман келгенде шын Достықтың
Сол екеуі тірі екенін дәлелдеген.

Қинағанда қырсықтық кеп қыстап қалған,
Аһ ұрып, пайдасы жоқ күшті ақтарғам,
Тағдыр мені ойыншық қып,
Сүрінгенде,
Қолымнан сол екеуі ұстап қалған.

Міне, қазір,
қатыгез күлер кеуде,
Маңдай ашық, жау қабағы түнерген бе?
Өмірге өкпе артқанда,
Жаратқаным,
Шүкір ет деп екеуіңді жіберген бе?

Басым кетпей Батыраштың балтасында,
Саусағымның табы қалса Ар тасында,
Түтінім түзу ұшып, тірі жүрсем,
Қасымдағы сол екеудің арқасында.

Өмір-қымбат,
Келеміз жарасып ән,
(Айналайын қазақтың даласынан!)
Сендер барда көк туым төмен түспес,
Ешкім алмас елімнің жағасынан.

Жігіттердің ірісі,
Шын асылдар,
Достық-сезім жырларын құрасын дәл,
Жүрегімнің жартысы Қызым болса,
Жартысында сен екеуің тұрасыңдар.

УӘДЕ БЕРЕМ, АЛТЫНДАРЫМ!

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

15.08.2014 жыл

Жан-жүрегім әлінше жайыпты Өлең,
Қиналғанда жыр жазбасам айып көрем,
Берілмеспін,
Ақ Арманым орындалар,
Сосын бар ғооо....
Күліп тұрып өлемін Кәйіппенен!

****

Таң атты...
Мына Әлем ақ нұрға боялып,
Мен сізді ойладым,
Ұйқымнан оянып,
Мен сізді ойладым,
Сеніңіз шынымен,
Ақ таңнан сұранып,
Қарызға ой алып.......

Мен сізді ойладым,
Жүрекке мұң алып,
Күн кешіп жатырмын
Мұңменен Қайғыдан құралып,
Мен сізді ойладым,
Күнәһар болдым да,
Мен сізді ойладым,
Аллаһқа сыналып....

Сіз ше? Ойладыңыз ба?

 

***

ҮЗІК ОЙЛАР ТІЗБЕСІ.....

Өзіме әр атқан жақпай күн,
Ақ таңды имене аттаймын,
Біреуге жақсы боп көрінсем
Біреуге кей-кезі жақпаймын.

Көп екен сіздерге айтарым,
Сәтсіздік шалабын шайқадым,
Ренжітпей ешкімді,
Ал өзім
Үйіме қалжырап қайтамын...

Өлеңім-өмірім, тұмарым,
Көбіне өзімді сынадым,
Күн сайын мәз болып жүрсем де,
Ішімнен мұңайып тұрамын.

Жас жанды жеп барад үрей-мұң,
Шабыттың аулына түнеймін,
Жамандық ойлайтын адамға
Мен ылғи жақсылық тілеймін...

---------------------------------------------

Алланың қиып берген сыйын алып,
Жүрекке ұйқасты өлең жиып алып,
Өзімнің өмірімді кешіп жүрмін
Өзгенің сары етігін киіп алып....

-------------------------------------------

Бақытым ба?
Бақытым алыста менің,
Сәттілік пе?
Онымен жарыспап едім,
Шабытым ба?
Шабытым артымнан қалма,
Ей, Шабыт?!
Мен саған қалыспа дедім!

Сырқатпын.
Өлең бер емге,
Жалқаулық!
Бойымды жеңбе.
Қуаныш?!
Қайтесің мені,
Өзіме жететін Қайғы бар менде!

Қайтесіңдер мені...

---------------------------------------------------

 

СҰРАҚ

Ей, Өмір?
Менің де құным бар,
Мұңаю айналған досыма,
Қасымда сүйген жар.
Бірақ та Мұңым бар,
Жалғыздық дегенің осы ма?

Ей, Өмір?
Екі иық үстінде отырған жыным бар,
Адамдар!
Сен менен шошыма.
Анам бар жанымда,
бірақ та Мұңым бар,
Жалғыздық дегенің осы ма?

Ей, Өмір?
Тепкіле, аямай ұрыңдар,
Жақыным-жалмауыз,
Жатқан жоқ дос ұға.
Ешкімнің бойында болмайтын Мұңым бар,
Жалғыздық дегенің осы ма?

Өмірім?
Тағдырым?
Мені де сорлыны ұғыңдар.
Жалғыздық сен менен шошыма.
Өлгенше арқалап жүретін Мұңым бар,
Алланың бұйрығы осы ма?

ОСЫ МА???

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)