Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖазбаларыҢды жалҒастыршы, жаным!

Қырсықтықты тал бойыңа жиып шын,
Тұйықсың-ау, тұйықсың......
(саған жазған өлеңдерімнен)

Бәз біреулердің өміріне араласып, маңдайына жазылған бұйырмысына үңілу ойда жоқ. Бұл саған...Тек сен өзіңе тән ежіктеуіңмен, ерніңнің сүйірленуімен, келбетіңнің ажарлануымен оқылатын жазба. Жазба демекші...Ия, қолымда қоңыр кітапша... Басқасы түсінбеген шығар, бірақ сен түсіндің ғой. Сенің кітапшаң... Тұнған лирика, іші толған сезім... Мен сені сүйем ғой..Дәл қазір неге айттым екен.....Жә, жалғастырамыз...
Соңғы уақытта жан-дүниеңде не болып жатқанын ұғу-қиынның,қиынның, қиынның қиыны. Әр адам өзіне үңіліп, өзімен-өзі сырласып кетеді ғой.Ешкімге айтпайды. Өзімен-өзі... Сенде солай едің... Бұрын сезімің мен ойыңды кітапшаға толтыратынсың. Қазір тоқтап қалдың. Сенен тығылып жазған сөздеріңнің үтір-нүктесіне дейін түк қалдырмайтынмын. Қателік пе бұл... Білмеймін... Қате болса да мен тоқтатқан емеспін. Ал сен жазуды тоқтаттың.
Ұзын шашты көріктім-ау... Менің музам сенімен қоса сол сыр тұнған кітапша еді ғой. Неге үнсіз қазір сол кітапша. Неге парағы аппақ.
Сен менен күмәнданасың ғой. Білем..білем... Көп көңіл бөлмейсің деп маған айтпай ренжейсің... Мен тіпті осыны да білем.. Бірақ сенің не үшін тоқтатқаныңды білмей далмын. Сөзім мен ісім кей-кезі сәйкес келмей жатады. Ал жан-дүнием ше? Сен менің ішіме үңіліп көрмедің ғой.... Жүректі қойш, бауырым, миым, екі көзім мен саусақтарымның ұштарына шейін тек " ГҮЛНАЗ" деп жұмыс жасап тұрғанын ұғып көрші бір уақыт. Сенің шаштарыңның әр талы қымбат мен үшін.Биязы қалпыңмен сен мені күн өткен сайын өзіңе магнитше тартып барасың. Айтпаймын сезімімді. Өзімше еркектік намыс атаңа нәлет... Үнсіз сүйемін. Ал саған үнсіздік жараспайды.
Саған тіпті қандай тіркес дәл келетінің білмеймін мен. Сенің сұлулығың мен әсемдігіңді ғаламның ақындары да суреттеп жеткізе алмас. Сенің бейнеңді айнытпай салатын суретші де әлі дүниеге келмеді. Сенің ажарыңды айқындайтын өлең жазу да мүмкін емес. Сен менің ғана басыма қонған бақсың... Сені өлеңімнің ішіне кіргізіп, мәңгі тірі жүргізу үшін мен еңбектенем. Мені ақын еткен сенсің. Сенің жазбаларың... Ұғын. Түсін. Жалғастыршы жазбаларыңды, жаным!

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

 

 

Бір уыс топырақ

Ол бүгін ерте оянды. Себебін өзі де түсінбейді. Ұялы телефонның тынымсыз шырылы емес, тамаққа бірде жарып, бірде жарымайтын студенттің қарынының құрылы емес, бүгін оны оятқан ерекше сезім. Мүмкін туған жерге асыққан жас жүректің дірілі шығар оны оятқан ұйқысынан. Орнынан тұрды. Екі қолын cозып, құшағын айқара ашып, рахаттанып тұрып керіліп алды. Терезе ашып, айналаға жастыққа тән отты көзбен назарын салды. Таң енді атып келеді екен. Айнала қып-қызыл. Құдды ол ұйықтап жатқанда адам түршігерлік ұрыс болған секілді. Адам қанын суша ағызған соғыс болған секілді. Ия, айнала қып- қызыл... Екі –үш машина бір- бірінен оза шауып, оған беймәлім бағытқа зырылдап барады. Анау бұрышта қолына қоңыр дорбасын қысып ұстап алып, бүрсеңдеп біреу ұйықтап отыр. Басқа жан жоқ. Терезенің алдында атасы берген алтын түстес сағаттың тықылына басқа бөлмеде еш дыбыс жоқ. Сағатты қолына алды. Ең бірінші мақсаты- уақыттың қанша болғанын білу еді. Бірақ ол мақсат орындалмады. Сағатты қолына ала берген кезде махаббатын маңдайынан иіскеп қана білдіретін, таяққа сүйенген, бойы кішкентай болғанмен, оның жүрегінде үлкен орын алатын атасы есіне түсті. Алысқа көз тастады. Өзіне ғана белгілі себеппен миығынан күліп алды.
Сағат таңғы 5- тен 10 минут кетіпті. Бүгін оның Мысырдағы соңғы күні. Осыдан бес жыл бұрын ол білім іздеп, арман қуып Мысыр астанасы Каир маңындағы Гизе қалашығындағы әлемнің үздік 500 университетінің қатарынан орын алған Каир университетінің компьютерлік және ақпараттық жүйелер факультетіне оқуға түскен болатын. Ата- анасы, атасы қанша қарсы болғанмен ол өз мақсатынан қайтпады. Әлем таңқалатын, технологияның тілін жетік меңгеретін, дүние жүзінің сұранысына ие керемет маман болғысы келді. Публилий Сир деген ғұламаның: «Даңққа жеткізетін жол еңбекпен салынады» деген тәмсілін 5 жыл бойы жадында ұстады. Еңбектенді. Ізденді. Оқыды. Талмай білім алды. Қазір қолында сол үлкен еңбегінің кішкене ғана жемісі. Қызыл диплом. Әлі еңбектену керек. Ол біледі. Түйсінеді. Сезінеді.
Оның бүкіл санасын ерекше бір сезім билеп барады. Қандай сезім?! Қуаныш па?! Сағыныш па?! Ата- анасына, бауырларына деген сағыныш?! Жо- жоқ! Ол қайта айналаға көз тастады... Қалтасынан қалтафонын алып, 5 жыл бойы сырлас досындай, мұңдас досындай болған әуенді қосып кеп жіберді.
Бабамнан мұра болып қалған жерім,
Ұрпағы аманатқа алған жерім.
Ұлтымның ұлағатты әні болған,
Айналдым топырағыңнан туған жерім.
Ия! Оның көзінен жас еріксіз ытқып кетті. Өз- өзін тоқтата алар емес. Сағыныш. Туған жерге деген Ұлы сезім! Ол бірер сағаттан соң өз еліне, жәннат мекеніне, Қазақстанына қайта оралады! Туған жердің топырағына алақанын тосып, табанын тигізеді. «Сағындым, елім, жерім! Төсіңді аш, мен келемін!». Санасында осы ойлар тұншығып жатқысы келмеді ме, кім білсін, ол айқайлап жіберді. Даусы қатты шықты. Өзін қоршаған төрт қабырғаға қарап, айқайлап кеп жіберді. Бүгін жексенбі екенін, халықтың көпшілігі ұйқыда жатқанын елегісі келмеді. Оған бәрібір. Жұдырықтай жүрегі кеудесіне сыймай барады. Ол кілт тоқтады. Жалғыздықтан жабыққан кезде, қиындықты жаны ұққан кезде, бөтен елден жалыққан кезде, жақсы білім еңбектенумен келетінін сан ұққан кезде Алладан кейін сүйінішіне айналған бір жер бар еді. Соны ұмытыпты ғой. Өз бойын лезде жиып, жуынып, арқасына сөмкесін асынып алып, үйден шығып кетті...
... Көп жүрді ме, аз жүрді ме, ол білмейді. Жол бойы ойланумен келді. Автобустың кілт тоқтағанынан, адамдардың айқай- шуынан соң ол Каирде екенін ұғынды. Автобустан түсіп, денесін тіктеп, сөмкесінен көк түстес Қазақстанның туы бейнеленген өзінің сүйікті бас киімін алып, бастырмалатып киіп алды. Күн ыстық. Түйелердің ащы дауысы мен адамдардың айқай- шуы құлақ тұндырады. Бірақ мұндай дыбыстарға оның еті баяғыда үйреніп кеткен. Ол нық сеніммен алға қарай қадам басты. Қолындағы сағатына көз тастады. Сағат тілі 9- ды көрсетіп тұр. Оның жүзінде қуаныш. Барар бағыты- белгілі.
Біраздан соң ол межелі жеріне жетті- ау, әйтеуір. Күн ыстық кезде атасы «аспан айналып жерге түсіп тұр» деген тіркесті жиі айтушы еді. Құлағыңда жатталып, санасында сақталып қалыпты. Күн шынымен ыстық, бірақ ол терлемеді, не шөлдемеді, жол алыс, бірақ ол шаршамады. Бәрін жеңіп келе жатқанының себебі- туған еліне деген сағыныш. Туған жерге деген махаббат- қиындық атаулыны ұмыттырып жіберетінін ол тағы бір мәрте ұққандай болды.
Алдында алып ғимарат. Алдында оған өте ыстық жер. Алдында Қазақстанның бір бөлшегі іспеттес ғажап шаһар. Сұлтан Бейбарыс кесенесі. Құлдықтан хандыққа шейін көтерілген ұлы бабамыздың кесенесі- ол үшін Мысырдағы алтын ұясы. Оны алға жетелеп келе жатқан арманына деген айрықша ұмтылыс пен осы Бейбарыс бабамыз еді. Бабамыздың Қазақстанда емес, Мысырда жерленгені, қазақтардан гөрі мысырлықтар ерекше құрметтейтіні жанына бататын. Ол бүгін ұлы бабасына соңғы рет келіп тұр. Алып кетуге келді. Жүрегіне салып құндақтап алмақшы. Бір орында көп тұрды. Еңкейіп бір уыс топырақты жерден алып, құшарлана иіскеп, ұзақ ойланды. Осы жерде ұлы бабамыз талай мәрте елін сағынып, талай мәрте мұңға батып ойланып отырған шығар. Бір уыс топырақты қалтасына салып алды. Бар ойы, тым болмаса осы бір уыс топырақ гүлденген Қазақстанды, дамыған, өркендеген елімді көрсе екен. Бабамның рухы сезінсе екен деген тәтті тілек қана. Бір уыс топырақ оған әлемдегі бар байлықтан асып түсетіндей көрінді. Тағы да қуаныштың, тебіреністің көз жасы жанарынан сорғалап бетін жуып кетті. «Елім! Құшағыңды аш! Енді мен жалғыз емеспін! Қос құлыншағың сені сағынды», деп еріксіз күбірлей берді.
Мысырдың аспанына бір ұшақ көтерілді. Ішінде қос қазақ бар. Ол өзімен бірге Бейбарыс сұлтанның рухын алып барады. Көзінде әлі жас. Қалтасында бір уыс топырақ.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)