Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтиханнан кейінгі ой

Өр кеудемді жеп барады соқыр мұң,
Кілең қызды мінгізетін "шопырмын",
15 қыздың арасында тек өзім,
Емтиханда кезек күтіп отырмын.

Өрекпейтін жүрегім бар,ол-тыныш,
Көздерімде байқалады толқыныс,
Ал 15 қыз өздерінше қатулы,
Сөздерінен сезіледі қорқыныш.

15 қызды шұғылаға тең дейді,
Оларды мен айыптағым келмейді
Мен оларға өлең жазам қызық-ақ,
Олар маған шпаргалка бермейді.

Жырлағаным,тыңдағаным ел еді,
Өлеңімнің болмай қалды керегі,
Мұғалімге түк демедім,түнімен,
Тест жаттамай өлең жаздым себебі.

Бар білімді өзім шаптым балталап,
Үштік баға. Енді көзден қан тамад,
15 сұлу мәз-мейрам боп жүр міне,
100-дік баллды иығына арқалап.

Керісінше туғандай ма Ай тегі,
Халқым менің,өзің ғана айт емін,
15 сұлу жалғыз серің едім ғой,
Он-он баллдан бөліп берсең қайтеді.

Ешкім маған жылы сөзін төккен жоқ,
Ешкім менің бетімнен кеп өпкен жоқ,
15 сұлу...шын бақытым болғасын,
Қайтем енді..сіздерге де өкпем жоқ.

15 сұлу.....
МЕН СЕНДЕРДІ ҒҰМЫРЫМА КЕРЕК ЕТЕМ,
ҚАНША ЖЫЛ ӨТСЕ -ДАҒЫ ЕЛЕП ӨТЕМ,
ЕМТИХАННАН КЕЙІНГІ ТҮСІНГЕНІМ,
ӨЛЕҢ ЕМЕС, ТЕСТ ЖАТТАУ КЕРЕК ЕКЕН....

14.08.2012 жыл

 

СЕНІҢ КҮЛКІҢ....

Періште қыз, сен болмасаң торықтым,
Сен болмасаң қара Түнге жолықтым,
Намысымды таптағаның аз болып,
Күлкіңе арнап жыр жазатын болыппын.

Сенің күлкің....бүкіл денем дір етті,
Сенің күлкің...ғұмырымды тірепті,
Сенің күлкің...тағдырыма жар болды,
Сол күлкімен жаулап алдың жүректі.

Сенің күлкің...қанат қағып ұш-тағы,
Көңілімнің сайрасыншы құстары,
Сенің күлкің болашаққа жетелер
Өткенімнің сезілместен тұстары.

Сенің күлкің...алыс ұзап кет мейлі.
Көздерімнен, сөздерімнен кетпейді,
Басқа арудың сыңғырлаған күлкісі
Сенің жаным,күлкіңе бек жетпейді.

Ғазалымды ғұмырыңа қаза ғып,
Сенің күлкің...жүрек жатыр тазарып,
Басқа арудың күлкісінде жалғандық,
Сенің-дағы күлкіңде бар тазалық.

Сенің күлкің...сезілмейді алалық,
Сенің күлкің...байқалады даналық,
Басқа арудың күлкісінде күдік бар,
Сенің -дағы күлкіңде бар балалық.

Сенің күлкің...жібереді адам ғып,
Сенің күлкің...білінбейді арамдық,
Басқа арудың күлкісінде сатқындық,
Сенің сәулем,күлкіңде бар адалдық.

Ей,жігіттер...
Жақынырақ бармаңдар,
Күлкі - тұзақ, шырматылып қалмаңдар,
Басқа арудың күлкісінде мұң- қайғы,
Періштенің күлкісінде арман бар....

 

ПЕРІШТЕ ҚЫЗ...........

Құлыптасын әрқашан да мендік кілті,
Басымыздан арылмасын теңдік бұлты,
Қуаныштың теңізіне шомыла бер,
Қиындыққа шомылмасын сендік күлкі....

Қәне, КҮЛШІ......

30.06.2012 жыл

 

МЫҚТЫЛЫҚТЫ МОЙЫНДАУ
немесе ӨЗ-ӨЗІМЕ ТІЛЕК

Жырларым жоқ жанарға жас иетін,
Мен Пендемін Жаратқанға бас иетін.
.....Ақынсымақ болғасын өз-өзіме,
Ақындардың тілеймін қасиетін.

Жүрегіме жақсылық келмек тоңып,
Жүргенім жоқ біреуге ермек болып,
Ей,Аллам,
жас жаныма дарыса ғой,
Қадыр ақын бойындағы еңбекқорлық.

Ай күліп,Жұлдыз шулап,тынықты күн,
Бұл жалғанда Ақын жанын ұғыпты кім,
Өзек жарған өзекті өлеңіме
Тұманбайдың тілеймін тұнықтығын.

Шабытыма әрқашан жол сап өтем,
Жадыраймын өлең-жырға толса мекен,
Шахановтың бойындағы шынайылық
Менің-дағы бойымда болса екен.

Ақындардың қасиетін елеп кеттім,
Өлең-бақша, келеді желекті еткім,
Тереңдігін тілеймін өз-өзіме
Ақын ағам Темірхан Медетбектің.

Жыр оқысам ақынша түлеп қоям,
Жаратқаным сақтасын түнекті ойдан,
Иран-Ғайып жырындағы ақиқатты
Өзімнің өлеңіме тілеп қоям.

Ақындардың тірісінде еленді кім,
Еленсе деп қиялдап келем бүгін,
Ақын- пенде болғасын армандаймын
Есенғали Раушановтың шеберлігін.

Өлең жазсам толады гүлге етегім,
Шабыттанып жыр оқимын Түнге тегін,
....Ақындарды сондықтан шын түсініп,
Ақындарды сондықтан үлгі етемін.

P.S.

Жымыңдай ма жыр толғатсам Күн егер,
Жымыңдаса сенде бірге түрегел.
... Мықтыларды тірісінде мойындап,
Үлгі алып, тани білу - Ұлы Өнер....

31.06.2012 жыл

 

CІЗ......

Жақсылыққа жорыттырып түсім мың,
Тірі- өлік ем,
Кеудесіне өлең біткен мүсінмін,
Сізді көріп жансыз қалған денемде,
Жүрегімнің бар екенін түсіндім.

Жап-жарық боп кеткендей ме тамұқ Күн,
Құдіретін сезгендеймін жарықтың,
Сізді сүйіп Аспанменен тілдестім,
Өмір сүріп жүргенімді жаңа ұқтым.

Тым жақынсыз,
Сонымен қоса бөтенсіз,
Күле қарап,арбамаңыз бекер сіз,
Бақытты боп жүргеніме ғаламда,
Сіз "кінәлі" екенсіз.

Қайтем енді.....
" Сүйме" деген құр сөзіме жүрек құрғыр сенбесе,
Қайтем енді.....
Сізді ұмытқым келмесе,
Бұ дүниеде басқа жанның бағысың,
О дүниеде жолығайық ендеше.

Сізге деген махаббатым төрде тұр,
Ал үмітім бізді күтіп көрде отыр,
Анааау жақтың бар екені рас болса,
Біздер әлі жолығамыз көр де тұр.

КӨРІСКЕНШЕ......

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 21 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)