Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтары

Читайте также:
  1. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
  4. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
  5. Азаматтың құқықтары мен міндеттері.
  6. Ата-атаналар мен балалардың құқықтарының туындау негіздері
  7. Бап. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің түпқазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23-баптарында аталған құқықтар мен бостандықтар кейде «азаматтардың өзіндік құқықтары мен бостандықтары» деп те аталады,оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте жоғары.

Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына өмір сүру (15-бап); жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау (17-бап); жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болу, ар-намысы мен абыройын қорғау (18-бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсету-көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін еркін талдап алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату, т.б. құқықтары жатады.

1.Өмір сүру құқығы. Бұл әр адамды оның өміріне жасаған қаскөйліктен қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алады дегенді білдіреді. Оның үстіне ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Бұған заңға сәйкес өлім жазасына кесілетін қылмыскердің ерекше ауыр қылмыс жасау жағдайлары ғана жатпайды, өйткені ол ең ауыр жаза ретінде заңда белгіленген. Бірақ өлім жазасына кесілген кінәлі адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы мәлімет Конституйияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешірім беру құқығы мемлекет басшысы әрі ең жоғары лауазымды адам ретінде Қазақстан Республикасының Президентіне берілген (44-баптың 15-тармағы).

2. Мемлекет әркімнің қадір-қасиетін қорғауға міндетті екенін Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабынан көруге болады. Онда: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазадлауға болмйады»(2-тармақ).Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген нормалары да жеке адамның қадір-қасиетін қорғау мақсаттарына қызмет ететінін еске ұстау керек. Мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау құқығы, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялылығын сақтак құқығы, тұрғын үйге күштеп кіруге, сол сияқты заңсыз қарап, тінту жүргізуге тыйым салу және т.б. Ешкімге де өзінің келісімінсіз медициналық, ғылыми немесе басқадай тәжірибе жасалынбайды.

3. Жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық құқығы оған мемлекеттік органдар тарапынан қауіп төндіру әрекеттеріне жол беруге болмайтындығында. Тек заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, бірақ тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берілгендігін ерекше атапайту керек. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айтып тағылған әрбір адам адвокаттың (қорғаушының) көмегін сот ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап пайдалануға құқығы бар(16-бап).

4. Конституцияның 19-бабына сәйкес әркімнің өзін қай ұлтқа жататынын өзі анықтауға және оны көрсету –көрсетпеуге құқығы бар. Бұл-ешкімді де өзінің ұлтын еріксіз таңдап алуын күштеп көндіруге болмайтындығын білдіреді. Әркім оны өз ұалауы бойынша тадап алуға ерікті. Мұндай саналы істі әрбір 16-жасқа толған әрекет қабілеттілігі бар адам жасай алады, өйткені осындай жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы ғана жеке куәлік алуға, сөйтіп өз ұлтын таңдауға құқылы. Бірақ оның міндеті емес.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы елеулі құқықтардың бірі-оның 19-бабының 2-тармағындағы әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар,-делінген тұжырымдар. Бұл құқықты мазмұны Конституциясының 7-бабынан туындайды. Онда-еліміздегі мемлекеттік тіл-қазақ тілі, ал мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды,-деп нақтыланған. Ал осы конституциялық қағидалар 1997 жылғы қабылданған Тіл турал заң арқылы іс жүзіне асырылады. Әрбір адам ресми емес жерлерде,жеке қарым-қатынаста қай тілде сөйлейтіндіктерін өздері таңдай алады, оған ешкімнің де килігуіне құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдарға арызданып шағымданғанда өз тілін не өзі білетін басқа да тілді таңдауға құқылы. Осындай құқықты олар сот істеріне қатысқанда, заң, шығармашылық жұмыстарда, диссертацияны жазғанда пайдалануға ерікті.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қарауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды»,-делінген.

Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс жүзінде қамтамасыз етілуі-Ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің барлығына арнайы мүмкіндікдер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын даярлау, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.

Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тілдік мүдделерін білдіре алатын ұлттық мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен тиімді болады. Сонымен қатар Қазақстандағы этникалық диаспоралар этносының негізгі бөлігі тұратын елдермен, саны аз халықтар тілдерінің Еуропалық бюросымен және басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою қажет.

Сөйтіп, елдегі этностар тілдерінің жай-күй мен жалпы тілдік ахуалға нақты және ғылыми талдау жасалмайынша, тіл құрылысының табысты жүруі мүмкін емес. Әлеуметнамалық және әлеуметті-лингвистикалық мониторинг тілдік процестердің серпіндігі мен оның демократиялық, әлеуметтік этникалық белгілері бойынша аймақтық жіктелуін бейнелейтін тіл саясатына ұдайы түзету енгізіліп отыруын қаматамасыз етуге тиіс. Тіл жөніндегі мемлекеттің болжамды қызметтердің бағыттарын Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4-қарашадағы «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» өкімінен білуіңізге болады.

6.Конституция тұжырымдарының әрбір адамға қолайлы жерінің бірі – ол 25-бапта көрсетілген, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Біздің елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалынған. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген мөлшерге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан беріледі. Демек, тұрғын үй деп отырғанымыз, ол пәтер, бөлме, қонақ үй нөмірі,т.б.

7.Жекек адам құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы – бұл әркімнің еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға құқығы болатындығы. Осыған байланысты еліміз Ата заңның 21-бабында Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнай көрсетілгеннен басқа реттерде,оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркім Республикадан тыс жерлерге кетуге және оған кедергісіз қайтып оралуға құқылы, делінген. Бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгілі бір жерде адамның емін-еркін жүріп –тұруына шектеулерқойылған(мысалы, жабық әскери объектілерінде, экологиялық апат аймақтарында,т.б). Мемлекеттік құпияны білетін азаматтардың шет елдерге шығуы арнайы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген.

8. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына хақысы бар(18-бап). Бұл жерде жеке өмір деп тұрғанымыз өзінің немесе отбасының құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражаттарын почта,телеграф,телефон арқылы жазысқан хаттарының,сөйлеген сөздерінің және тағы басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиясын айтамыз,егер де оған моральдық зиян келтірілген болса.Конституцияда көрсетілгендей, бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

9.Ақпарат көздерімен танысуға хақылы(18-бап,3-т.) дегеніміз– кез келген мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпараттармен қамтамасыз етуге міндеттілігінен туындайтын мүмкіншілікке ие болу деген сөз.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)