Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иса Мәсіхтің атынан әумин! 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

«Үміттеріміздің бастауы – Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың Құдіретімен үміттерің молая түссін!». Рим 15:13

41. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай сені Өзінің қуаныш, шаттық рухымен толтырсын. Қуаныш – Киелі Рухтың игілікті «жемісі», сенің өміріңде кемелденіп жетілген болсын. Жаратқан Иеге деген қуанышың саған күш-қуат беріп, сенің панаң болсын.

Маңайыңдағы табиғаттағы бар нәрсенің барлығының Құдайдың жаратқаны екенін, Құдайдың әрбір жаратқаны ерекше (шедевр) екенін және сол, «шедеврлердің» бәрі біздерге ғанибет, қанағаттану сезімін әкелетінін санаңда қабылдап, Құдайдың шексіз Ұлылығына шаттанып, қуанып, ләззаттан!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«... Сонымен қайғырмаңдар! Себебі жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады – деп қосты». Нех 8:10

«Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді. Бұған дейін менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексізқуанышқа кенелесіңдер!». Жх 16:23-24

 

42. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Сен Жаратқан Иеміздің өсиеттерін, заңдарын бұлжытпай орындап, Иеміздің еркіне сай өмір сүр. Сондай әділетті өмір сүргенің үшін Тәңір Иеміз саған мейірімін төгіп, саған және сенің перзенттеріңе және перзенттеріңнен тараған ұрпақтарыңа ұзақ өмір сыйласын. Құдай сені барлық жауларыңнан қорғап, әртүрлі зұлымдықтардан сақтасын. Өмірің ұзақ, қуанышқа, шаттыққа толы болсын.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ата-анаңды сыйла!

Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір

сүруің үшін осылай істе». Мыс 20:12

«Балам берген нұсқауларымды еш ұмытпа, өсиеттерімді менің жүректе сақта! Өйткені олар ғұмырыңды ұзартар». Нақ 3:1-2

 

43. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Құдай саған Өзінің сөзін рухани құлақтарың мен есітіп, түсініп, санаңда, рухыңда қабылдайтын қабілет берсін. Құдай Сөзін тек есітуші ғана болмай, Оны орындаушы да бол. Солай Құдай Сөзі құнарлы топыраққа түскен дән сияқты мол өнім берсін!

Ата-анаңның, жанұяңдағы үлкендердің де сөздерін мұқият тыңдап, олардың өмірден алған тәжірибесінен тәлім ал. Құдай саған әділдермен сұхбаттасқанда Өзі жайындағы шынайы шындықты ашатын білім мен даналық берсін.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ал құнарлы топыраққа себілген тұкым болса, мынаны бейнелейді: адам ізгі хабарды тыңдап, түсініп, өнімді болады. Ол жүз, алпыс, немесе отыз еседен өнім береді».

Мт 13:23

«Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған».

Мт 7:24-25

 

44. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Киелі Рух саған рухани қызметтеріңдегі және дүнияуй қызметтеріңдегі бейімділіктеріңді ашсын. Өзі ашқан бейімділіктерің арқылы қандай іспен айналыссаңда мол табысқа жеткізсін. Сенің қолың жеткен табыстар арқылы да Тәңір Иеміздің даңқы артсын.

Киелі Рух саған қай жерде, қай уақытта, қандай іспен, қандай рухани қызметпен айналысу қажет екенін, айқын етіп ашып берсін. Сен үнемі Киелі Рухтың еркін білу үшін маған не істеуді бұйырасың деп сұрап, сұрағыңа жауап алып әдеттен!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ол рухани дарындар сыйлап, сенушілердің біреулерін елші, біреулерін пайғамбар, тағы басқаларын ізгі хабарды таратушы, енді біреулерін қауымның бағушысы немесе тәлімгері етіп тағайындады. Олар Құдайдың халқын өз қызметтерін атқаруға дайындауға тиіс. Соның нәтижесінде Мәсіхтің рухани денесі өсіп күшейе бермек».

Еф 4:11

«Сен кінәрәтсіз жұмысшы Құдайдың шынайы сөзін дұрысүйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл!».

2 Тим2:15

 

45. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Құдай саған Өзінің қолынан бәрі келетініне, қолынан келмейтін ешнәрсенің жоқ екеніне күмәнсіз сенетін сенім берсін. Сенің өміріңде Құдайдың сауықтыру кереметі, әр түрлі табыстарға жету кереметі, құтқарылу кереметі, санаңда орын алған керемет, ұстаздық кереметтері орын алсын.

Өміріңнен орын алған барлық кереметтерді Құдайдан деп қабылдап, Құдай кереметтер жасаушы және қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ екенін күмәнсіз мойында.

Құдайдың кереметтерді жасаушы екеніне балалар сияқты сену саған сергектік пен қуаныш әкелсін.

«- Мен Жаратушы Ие, күллі адамзат атаулының Құдайымын. Қолымнан келмейтін іс бар ма?». Ерм 32:27

«- Уа Жаратушы Тәңір Ие! Өзіңнің ғаламат құдіретіңмен және алға созған қолыңмен аспан мен жерді жараттың. Сен істей алмайтын тым қиын нәрсе жоқ!». Ерм 32:17

«Иса оларға қарап:

-Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі

келеді – деп жауап берді». Мт 19:26

 

46. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Киелі Рух сенің аузыңның ашылуын бақылап, тіліңе күзет қойып, аузыңнан шыққан әрбір сөзді қатаң бақылайтын қабілет берсін. Сенің аузыңнан адамдардың жанын жаралап, ауыртатын, өкпелетіп, қапаландыратын пасық сөздер шықпасын.

Сен адамдарға ұнамды, ақыл-кеңес беретін, ізгі ниеттілік, тілектестік білдіретін сөздер айтатын бол.

Сенің ойланып айтқан әрбір сөзің, адамдардың ашу-ызасын басып, достық қатынас орнатуға себепші болсын.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр,

Аузымның ашылуын бақылай гөр». Заб 140:3

«Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып

шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып

шығады. Жан дүниең неге толса, аузың соны айтар».

Лұқ 6:45

«Орнымен айтылған сөз күміс табаққа

Салынған алтын алмадай тамаша». Нқл 25:11

«Ұнамды сөз балдай тәтті,

Жаныңа жағымды, тәніңе шипалы». Нқл 16:24

 

47. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Киелі Рух саған ата-анаңды, бауырларыңды, ұстаздарыңды, достарыңды, жолдастарыңды шын жүректен жақсы көретін қабілет берсін. Құдай саған зеректік, тапқырлық, түсінгіштік қабілет беріп, әзілді сезініп, көңілді жүретін, ешкімге тәуелді болмай өмір сүретін етсін. Сені адамдармен тез тіл табысып, сүйіспеншілік көрсетіп, ізгі хабар таратып, өзіңдегі бар жарылқау мен ақ батаны қуанышпен бөлісетін етсін.

Сендегі осындай сүйкімді қасиеттер арқылы адамдар маңайыңа топтасып Құдай Иемізді мадақтасын.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Қорыта айтқанда, бәрің де өзара ниеттес, қуаныш пен қайғыға ортақтас, бір-біріңді туған бауырлардай сүйетін, қайырымды дакішіпейіл болыңдар». 1 Пет 3:8

«Ал енді, Құдай сендерді сүйіп, өз халқым деп таңдап алғандықтан, ұдайы жанашыр, мейірімді, кішіпейіл, ілтипатты, сабырлы болып, осы қасиеттерге бөленіңдер». Кол 3:12

«Ендеше өзара тату жүріп, бір-біріміздің рухани өсуімізге көмектесетіннің барлығына жан-тәнімізбен ұмтылайық!».

Рим 14:19

 

48. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Сен Тәңір Иемізге мойынсұнып, әрқашан кішіпейіл болсаң, Тәңір Иеміздің сені жоғарылататынына күмәнсіз сен.

Тәңір Иеміз мойынсұнғыштарға, кемсіту көріп, қорланғандарға жерді мұра етіп беремін және Көкте жанымда отырады деген уәдесі сенің өміріңде орындалсын.

Тәңір Иеміз сені жерде де, көкте де жоғарылатып, толық жұбаныш берсін.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер

Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер». Нақ 22:4

«Иеміз қорланған жанды жоғарылатады.

Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады». Заб 146:6

 

«Себебі өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі,

ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады». Мт 23:12

 

49. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Әрқашанда сен қалжырап, әлсізденгенде Киелі Рух саған күш-құдірет беріп, сені қуаттандырсын. Өйткені Құдай біздің – күшіміз.

Тіпті жас кезіңнің өзінде әлсіздік сезініп, қалжырап Құдайдан көмек сұрағаныңда Ол сені қуаттандырып, қырандай талмай самғайтын, жүре берсең талдырмайтын етсін.

Қандай кәсіппен айналассаңда Құдай саған күш беріп табысты бол. Өміріңнің соңына дейін Құдайдың берген күшітаусылмасын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдай – біздің панамыз да күшіміз.

Қиын кезде сенімді көмекшіміз». Заб 45:2

 

«Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды,

Қажып, шаршағанға күш табыстайды.

Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды,

Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды,

Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге

Жаңа күш-қуатты иемденеді де,

Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке

Самғай жөнеледі, алайда талмайды,

Жүре береді, бірақ еш болдырмайды». Иш 40:29

 

50. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Құдай сені сүйетін, Құдайдан келген сый, тәнімнен шыққан тәнім деп қабылдайтын, саған жабысып қалатын, қажет болса сен үшін жанын да қиатын күйеу берсін!

Ол әрқашан саған деген адалдығын сақтап, күнде алғашқы махаббатын көргендей құштар болсын.

Сені нәзік жанды серігім деп сыйлап, аялап, көңіліңе ешқандай уайым-қайғы, күйініш, мұң, қапалық, жұбайлық міндеттеріңді дұрыс атқаруыңа қамқорлық жасасын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды»,

Қанағат ет жастай алған қосағыңды:

Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем,

Үнемі ләззат тап кеудесінен,

Мас бола бер махаббатына әрдайым».

Нқл 5:18-19

51. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Құдай өміріңнің соңына дейін әрбір күніңді молынан жарылқасын!

Әр күнің қуанышпен басталып, қуанышпен аяқталсын.

Әр күніңнің, әр сағатыңның, әр секундыңның қайта келмейтінін ұмытпа! Сондықтан Құдай өзіңе берген уақыттарыңды бағалай біл.

Өзіңе берілген өміріңнің әрбір секундын қалай жұмсағаның жайында Құдай Иемізге есеп беретініңді ұмытпа. Сол себепті өміріңнің әрбір сәтін Құдай Иемізге ұнамды етіп өткізуің үшін, сені Киелі Рух үнемі жетелесін.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Жетінші күнге оң батасын беріп, Оны қасиетті деп белгіледі. Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітірген соң

тынықты». Жар 2:3

«... Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі». Мыс 20:8

 

Қорытынды:

Сипаттап, бейнелеп айтқанда еврей халқы төрт мың жылдан бері қарай беріліп келе жатқан Тәңір Иеміздің «ақ батасы» мен жарылқауының қалың қабатының астында керемет өмір сүруде екен!

Еврей феноменінің түп негізі міне осында!

Тәңіріміз Иса Мәсіхтің арқасында еврей феноменінің біздің өмірімізде де орындалатын кезі дәл қәзір келіп тұр! Ол үшін қымбатты бауырым күнделікті тіпті күніне бірнеше рет Құдай Иемізге, Құдай Иеміздің таңдаулы халқына (еврейлерге), бүкіл дүниежүзіндегі мәсіхшілерге, барлық қауымдарға, қауымдардың жетекшілеріне, қауымның қызметшілеріне, сенушілерге, өзіңнің қауымыңа, жетекшісіне, сенушілеріне, елбасымызға, елбасымыздың барлық қызметтестеріне, ата-әжеңе, әке-шешеңе, жұбайыңа, ұл-қызыңа, бауырларыңа, туысқандарыңа, достарыңа, жолдастарыңа, жауларыңа, дұшпандарыңа «ақ батаңды» бер!

Қымбатты бауырым осы кітапты ықыласпен оқып шығып күнде Тәңір Иеміздің берген билігіне сәйкес адамдарға «ақ бата» бере бастағаның үшін Тәңір Иеміз сені және сенің жанұяңды, перзенттеріңді молынан жарылқап, «ақ батасын» берсін.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)