Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иса Мәсіхтің атынан әумин! 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Сондықтан ешнәрседен қорқып үрейленбе! Құдайдың көзге көрінбейтін қорғаушы періштелері үнемі сенімен бірге!

Құдайдың сол қорғаушы періштелері өміріңнің соңына дейін сені нығайтып бекіте түссін! Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады

Оның періштелері, ол соларды құтқарады».

Заб 33:8

«Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:

Қай жолмен жүрсең-де, олар сені қорғап күзетеді,

Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін

Қолдарына көтеріп сені алып жүреді».

Заб 90:11-12

 

20. Саған Иса Мәсіхтің атымен ақ батамды бердім:

Сенің өміріңнен ауру-сырқау, қайғы-қасірет, сәтсіздіктер, сенімнің төмендеуі, әртүрлі келеңсіздіктер орын алған жағдайда Тәңір Иеміздің сені тастап кетпейтітіне сенімді бол.

Ол сені қашанда іздеп тауып, қолдап-қорғап, қауіпсіз жерге алып баратынына күмәнданба. Құдай сенің сенімді көмекшің, содықтан сен ешқандай да қорқушы болма, Ол сені мейірімді қамқорлығымен әртүрлі залалдан қорғайды.

Құдайдың, Өзінің берген уәделерін күмәнсіз орындайтынына сенімді бол! Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«...Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін,

жалғыз да қалдырмаймын» - деген ғой. Сондықтан

да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір

жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп

нық сеніммен айтамыз».

Евр 13:5

«Біліп ал, Мен саған жар болып, қайда барсаңда

қорғаймын, кейін сені осы жерге қайта алып

келемін. Мен сені жалғыз қалдырмаймын, саған

қандай уәде берсем, соның бәрін орындаймын».

Жар 28:15

 

21. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай сені ерекше етіп жаратып, саған басқа жаратылған нәрселердің бәріне билік жүргізу құқығын бергенін ашсын. Саған Өзінің қас жауы шайтанның барлық күшін жеңетін билік бергенін, енді шайтанның саған ешқандай залал тигізе алмайтынын және саған қарсы жасалған ешқандай да қару саған зиянын тигізе алмайтынын ашсын.

Сен Құдай Иеміздің ұлы (қызы) болғандықтан, саған Өзі жаратқандарының бәрін бағындырды. Енді: ешнәрседен қорқып, үрейленбе! Сен енді жаныңның қас жауы шайтанды жеңіп, жеңімпаз бол! Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдай оларға оң батасын беріп: «Өніп өсіп көбейіңдер! Ұрпақтарың, жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» - деді». Жар 1:28

«Иса қастарына таяу келіп былай деді: «Маған көк пен

жердің бүкіл билігі берілген!». Мт 28:18

«Сонда Иса оларға былай деп жауап берді:

-Әзәзіл шайтанның найзағайша көктен құлап түскенін

көрдім. Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар

мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін

жеңетін билік бердім. Енді сендерге еш нәрсе де

зиянын тигізе алмайды».

Лқ 10:18

 

22. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Тәңір Иеміздің «өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып жер бетін толтырыңдар!» - деп берген оң батасы сенің өміріңде орындалып, перзенттерің және олардан тараған ұрпақтарың көп болсын.

Және олардың бәрі Құдай Иемізді іздеуші мадақтаушы, мақтаушы, алғыстаушы, саналы, тіл алғыш, мойын ұсынғыш, мейірімді, ізгі ниетті данагөй, еңбек сүйгіш, Тәңір Иемізден тәлім алған әділ перзенттер болсын. Олар сенің қорамсағыңдағы жебелеріңе айналсын.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Адамның жас кезіндегі туған балалары

Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,

«Қорамсақтарын» солармен толтырған

Кісілер қандай бақытты болған».

Заб 126:4-5

 

23. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен Тәңір Иеміздің тура жолымен жүріп, өмірің қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Құдай сенің келіп-кету жолдарыңды жарылқасын, қалада да, далада да жарылқаулы бол!

Құдай сенің әрбір басқан қадамыңды, әрбір іс-әрекетіңді бақылап, бағыт берсін. Тәңір Иеміздің берген дұрыс бағытынан ешқашан ауытқыма. Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Мен саған ақыл-кеңес беремін,

Жүретін жолыңды көрсетемін.

Сені таса қылмай көзіммен,

Әрдайым жетелеп жүремін Мен».

Заб 31:8

 

24. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Тәңір Ием саған тілің мен аузыңа ие болатын қабілет берсін. Жас кезіңнен бастап әрбір айтар сөзіңді саралап, ойыңды дұрыс жеткізуші бол.

Сенің айтқан әрбір сөзің шынайы, Құдай Иемізді мадақтайтын, адамдарға, жанұяңның мүшелеріне, перзенттеріңе тәлім беретін, маңайыңдағыларды дұрыс жолға салып, бақытты ететін сөздер болсын.

Сенің айтқан әрбір сөзің адамдарды жігерлендіріп, сені тыңдаушыларға ақ бата болсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін

бағындыра алмайды. Тіл бағынуға көнбейтін

жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы». Жақ 3:8

«Тілі мен аузына ие болған

Пәледен басын сақтар аман».

Нақ 21:23

 

25. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен өміріңде кездесетін қауіп-қатерді тайсалмай, батыл қарсы ал, өйткені сенің панаң – Құдай! Сен ешнәрседен қорқып,үрейленбе себебі Тәңір Иең үнемі сенімен бірге! Сенің өміріңе қиыншылықтар келгенде Ол сені ешуақытта да тастап кетпейді.

Сондықтан саған ешкім де қарсы тұра алмасын. Сен әрқашан да жеңімпаз бол!

Құдай саған Өзінің Құдайлық сүйіспеншілігін, ақыл-санасын, күш-құдіретін берсін! Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш

үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие

сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан

тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды».

Заң 31:6

«Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш

сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі

Рухын сыйлады».

2 тим 1:7

 

26. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай саған шығармашылық рухын беріп, сенің қиялыңдышығармашылық, жаңашылдық ойларға кенелтсін! Және сол ойларың өміріңде іске ассын. Сенің өміріңде орын алған жетістіктер Тәңір Иеміздің даңқын арттырып, басқа адамдар сол арқылы жарылқансын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдай Иеміз бізге риза бола көрсін,

Қолға алған ісімізді оңғара көрсін

Я, Құдай, ісімізді жарылқай гөр».

Заб 89:17

 

27. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сенің қалқаның мен семсерің – Шексіз Құдіретті Құдай сені барлық түрлі зұлымдықтар мен саған қарсы тұрғандардан азат етсін!

Құдай саған күш-қуат беріп, оң қолыңнан сүйемелдеп, оң қол жағыңдағы панаң болып, сені қорғасын.

Жауларың сенің алдыңда қалтырап жеңіліс тапсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ал бабаларымызды азат қылды

Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ,

Әрі білек күштерімен жеңіп шыққан жоқ,

Мұны істеген – Сенің ұлы құдіретің,

Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.

Сен менің Патшам әрі Құдайымсың,

Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың».

Заб 43:4-5

 

28. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен Иса Мәсіх арқылы құтқарылу алып, есімің Иеміздің өмір кітабына жазылсын! Саған Құдай Иеміз уәде еткен мәңгі өмірге ие бол!

Сенің Иса Мәсіхке деген сенімің перзенттеріңе, олардан тараған ұрпақтарыңа мұра болсын.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты

сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Рухани Ұлын құрбандыққа

берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей,

мәңгілік өмірге ие болады. Құдай Өзінің рухани Ұлын

адамзатты соттауға емес құтқаруға жіберді. Оған

сенушілер қияметте сотталмайды». Жх 3:16-17

 

29. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен өзіңді қоршап тұрған ортаға назар аударғанда, сенің көздерің маңайыңдағы әрбір заттан (аспан, күн, ай, жұлдаздар, бұлттар, таулар, тастар, өзендер, ағаштар, өсімдіктер, жемістер т.с.с)

Құдайдың шексіз құдіретін көретін болсын.

Бізді қоршап тұрған орта бізге Құдайдың қандай екенін білдіретін ұлы кітаптың бірі. Сенің көздерің осы кітапты оқи біліп, құдайдың кереметтерінен ләззаттансын.

Аспанда, жердің бетінде, жердің астында, суда бар нәрселердің бәрінің мүлтіксіз кемелденген екенін көре біл.

Құдай Өзінің жаратқандары арқылы саған Өзін ашсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдайдың салтанатты ұлылығын

Аспан әлемі ашық паш етеді,

Оның қолының керемет істерін

Әуе кеңістігі де көрсетеді». Заб 18:2

 

30. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай саған Өзінің шексіз құдіретті екенін, қолынан барлық кереметтердің келетініне, қолынан келмейтін нәрсенің жоқ екендігіне күмәнсіз сенетін ерекше сенімін берсін.

Сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес екнін біл. Құдай Өзінің берген уәделерін күмәнсіз орындайтынына сенімді бол. Құдай Сөзін үнемі, тұрақты тыңдау арқылы ерекше сенімге кенел

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес.

Құдайға келген әркім оның бар екеніне сенуге

және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді

Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс».

Евр 11:6

 

31. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен Тәңір Иеміздің не істесе де біздің игілігіміз үшін істейтінін әрқашанда біліп жүр. Сен Құдайдың ізгі ниеттілігін біліп өміріңде Құдайдың ізгілігінің орын алған сәттерін сезініп жүргендіктен, Құдай Өзінің ақ батасы мен жарылқауын саған молынан жаудырсын.

Сенің әрбір іс-әрекетің Құдайға да, адамдарға да, тіпті жауларыңа да ұнамды болсын.

Сен тәни өсіп жетілген сайын, сендегі даналықта шыңдалып, өсіп, Құдай мен адамдардың рақымына ие бол!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда

Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет

етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап

алды». Рим 8:28

«Мейірім мен шындықтан ешқашан безбе,

Мойныңа байлап, жазып қойғандай жүрекке.

Сонда ұнамды болып Құдай мен адамға,

Ие боласың зор құрмет-абыройға».

Нақ 3:3-4

 

32. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен бақытты болып өмір сүр! Ол үшін сен Тәңір Иеміздің өсиеттерін үнемі бұзбай, қуанышпен, түгел орындап, Тәңір Иемізді терең қастерлеп, сыйлай біл! Сонда сен адамдардың сөзінен, іс-әрекеттерінен, ұлылығынан, кішілігінен қорықпайтын боласың.

Сен Құдай Иемізге жиренішті нәрселердің барлығын жеккөр!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Жаратқан Иені қастерлейтін,

Оның жолымен жүретін

Әрбір адам қандай бақытты!»

Заб 27:1

«Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды,

Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды:

Тәкппар көз бен өтірікші тіл,

Һәм жазықсыз қан төгетін қол,

Зұлым жоспар құратын ақыл-сана,

Әрі асыққын аяқ соны орындауға,

Жалған куә өтірік айтатын,

Ағайындар арасында араздық тудыратын».

Нақ 5:16

 

33. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай сені әртүрлі машақат, әбіржушілік пен есеңгіреуден (стресс) сақтасын. Сенің өміріңнен орын алған дағдарыс, жабығу, күйзеліс, қапалану, күйгелектік сияқты көңіл-күйді мәңгі бақи қарғыс атып, сенің өміріңе қайта оралмасын.

Сені Құдай Иеміз азаттық рухымен кенелтіп, сенің өміріңе мазасыздану, абыржу, әбігерлену, елегзу, уайымшылдықты жолатпасын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар,

себебі Ол қамдарыңды ойлайды». 1 Пет 5:7

«Сондықтан не ішіп-жейміз, не ішеміз деп уайымдамаңдар!

Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға

тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін

көктегі Әкелерің біледі ғой. Ең бастысы Құдай Патшалығының

қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда

көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді».

Мт 6:31-33

 

34. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Өміріңнің соңына дейін денсаулығың өте мықты болсын! Зор ширақтықпен, ықыласпен Құдайға қызмет жаса. Барлық

түрлі жамандықтан аулақ бол. Менмендік жасап, өзіңнің даналығыңа сенбе. Құдайға үміт арт. Құдай сені барлық түрлі кеселдерден сақтасын! Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдайларың Жаратқан Иеге қызмет етіңдер, сонда

Ол нан-суларыңды жарылқап, мынадай уәде береді: Мен

араларыңнан ауру-сырқау атаулыны қуамын».

Мыс 23:25

«Жаратқан Ие сендерден ауру-сырқау атаулыны

алшақтатып, Мысырдың өздеріңе таныс жаман індеттерінің

ешқайсысын сендерге жуытпайды. Керісінше, солардың барлығын

өздеріңді жек көретіндерге жұқтырады». Заң 7:15

 

35. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Тәңір Ием саған Құдайды сүйетін, Құдайдың өсиеттеріне сай өмір сүретін жар беріп, сонымен ұзақ, бақытты өмір сүр.

Сен үшін жұбайың барлық байлықтардан да қымбат болсын!

Құдай қосқан жұбайың өміріңнің қызығы мен қуанышы болсын! Сені жанұямыздың бас иесі деп сыйлап, құрметтеп, мойынсұнсын.

Үбірлі-шүбірлі бала-шағалы болып, жұбайың көптің анасы болсын. Жұбайыңнан тараған ұрпақтарың арқылы да Құдай Иеміздің даңқы артсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдай саған осы дүниеде берген қысқа ғұмырыңның барлық күндерінің қызығын сүйген жарыңмен бірге көр! Өйткені осы өткінші дүниеде сүрген өмірің мен еткен ауыр еңбегің үшін Құдайдың беретін рақаты осы болмақ». Еккл 9:9

«Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар,... Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс». Еф 5:22,24

 

36. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай саған Құдайды іздеп жүрген, Құдайға ұнамды, кішіпейіл, тәкаппар емес, жылы жүзді, мейірімді жаман әдеттерден (нашақорлық, наркомандық, маскүнемдік, өтірікшілік, ұрлықшылық, неке адалдығын бұзушылық, көпсөзділік, зұлымдылық т.с.с.) аулақ жүретін, туысқандарының, әсіресе үй ішінің қамын ойлайтын күйеуберсін! Ол данагөй, еңбекқор, табысты, уәдесіне берік, достарының, қызметтестерінің алдында абыройлы болсын.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді». Еф 5:28

«Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар!».

Кол 3:19

«Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімнен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман».

1 Тим 5:8

37. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай сенің қолдарыңды жарылқасын! Тәңір Иеміз сенің қолдарың тиген әрбір іске сәттілік берсін.

Сенің қолдарың жанұяңның мүшелеріне, маңайыңдағыларға тек ізгілік жасасын.

Қолдарың кез-келген істі Тәңір Иемізге арнап істегендей аса жауапкершілікпен орындап, табысты болсын.

Сенің қолдарың орындаған әрбір іс ешуақытта да пайдасыз әурешілік болмасын!

Иса Мәсізтің атынан әумин!

«Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе беріп жатқан елінде сендерді жарылқап, қамбаларыңа және қолға алған барлық іс-әрекеттеріңе ақ батасын жаудырады». Заң 28:8

«Бір қалыпты өмір сүруді құрметті іс деп біліңдер. Біз сендерге нұсқау бергендей, міндеттеріңді атқарып, өзқолдарыңмен еңбек етіп күндеріңді көріңдер. Сөйтіп қауымнан тыс адамдардың алдында әдепті жүріп, еш нәрседен мұқтаж болмаңдар». Сал 4:11

 

38. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай саған Өзін сүйетін, Өзіне сенім артқан, Өзін тыңдап, Өзі нұсқаған жолмен жүретін қабілет берсін. Сен осылай Құдайдың еркіне лайық өмір сүріп, Құдайлық тыныштық пен бақытқа кенел!

Құдай саған қамқорлық жасасын, сен ешнәрсеге мұқтаж болма. Әрбір істеген ісіңнің Құдайға ұнамды екеніне санаңда сенімді бол. Сонда сен жайында адамдардың айтқан сөздері сені мазасыздандырып, әбіржітпейді. Сен тыныштыққа кенеліп, бақыттыболасың! Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдайдың хабарын алмаса, халық бетімен кетер,

Ал Оның тәлімін сақтағандар бақытқа кенелер».

Нақ 29:18

«Осы мәселе жайында ұстанған сенімің жеке өзің мен

Құдай арасында болсын. Өзіңнің дұрыс деп таңдағанын

істегенде ар-ұжданы айыптамайтын адам бақытты».

Рим 14:22

 

39. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Тіңәр Иеміз саған күнәкәрлардың арасынан шығып, олардың арам нәрселеріне мүлдем жоламайтын, маңайыңдағы қасиетсіз нәрселерге назар аудармайтын, адамдардың ақымақтық істеріне еліктемейтін ерік жігер берсін.

Құдай сенің рухани көзіңді, рухани санаңды ашып, Өзінің Заңдарын бұлжытпай орындайтын, мойынсұнғыштық қабілет беріп, әшкерелеп, өзіне ұқсатып қасиетті етсін!

Сен Тәңір Иеміздің жолдарының кемелденген киелі екенін, сол киелілікке біздің қолымыз тек қана Иса Мәсіхтің төккен Киелі қаны арқылы жететінін біл!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша

Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді».

Евр 12:10

«Осы уәделердің бәрі бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластырым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп, толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік». 2 Қор 7:1

 

40. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Сен өміріңде қандай кедергі-кесір, қиыншылық, тосқауыл, азғырушылықтар кездессе де мойыма. Үмітіңді Құдайға арт. Көңіліңе лажсыздық сезімі келген сәттің өзінде Құдайдан үмітіңді үзбе. Құдай сенің қолдаушың, қорғаушың, жұбатушың, Құдай сенің паналаушы қамалың болсын.

Құдай не істесе де сенің игілігің үшін істейтінін ұмытпа!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ал осы сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің өздеріңе көкте дайындалған игіліктерді иемдененміз деген үміттеріңе негізделген». Кол 1:5


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 77 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.037 сек.)