Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иса Мәсіхтің атынан әумин! 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Арнау

Ымбатты бауырым осы кітапты қолыңа алып, оқуға ниет еткенің үшін саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім, Құдай саған, перзентеріңе «ақ бата» берудің ерекше маңызды екенін ашсын деп дұға жасаудамын. Құдай саған жар болсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

 

Қымбатты бауырым сіз мына төмендегі мағлұматқа ерекше назар аударсаңыз екен!

Статист есепшілердің дәлелдеуінше «Нобель» сыйлығын алғандардың басым көпшілігі еврей ер кісілер мен еврей әйелдер екен!

Америка Құрама Штатындағы миллионер мен милиардерлердің де басым көпшілігі еврейлер екен! Өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы мағлұматқа жүгінсек, бүкіл ССРО бойынша бар болған еврейлердің 99,99 % (пайызы) басшы қызметте істеген екен!

Мұндай ерекшеліктерді «еврей феномені» деп атасақ та болады!

Дүние жүзін мекендеуші бірде бір ұлт мұндай жетістікке жете алмаған! Енді еврей халқының осындай ерекше жетістікке жетіп, табысты болуының себебі неде? Қандай негізі бар?

Осы сұрақтарға жауап іздеп Киелі Кітапты зерттей бастағанда Киелі Рух Өзінің мынадай құпиясын ашты: «еврей феноменінің» түпкі негізі Құдайдың ақ батасында екен!

«Ақ батаның» шығу тегін Киелі Кітап арқылы зерттегенде, «ақ бата» беру Тәңір Иеміздің Өзінің идеясы, Өзінің жоспары екендігі айқындалды.

Құдай Иеміз Өзінің жаратқандарын өмірге «ақ бата» беріп аттандырып отырған екен. Тәңір Иеміз әуе кеңістігінде ұшып жүрген құстарды, суда және жердің бетін қаптап жүрген жануарлар мен жәндіктердің барлық түрін жаратып, оларға оң батасын беріп:

«Өніп-өсіп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да

жер бетінде көбейсін!» - деп бұйырды». Жар 1:22

Сосын Құдай адамдарды рухани жағынан өзіне ұқсас етіп жаратып, оларға оң батасын беріп:

«Өніп өсіп көбейіңдер! Ұрпақтарың, жайылып, жер

бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып,

теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер

бетіндегі барлық жануарларға иелік етіңдер!» - деді».

Жар 1:28

Құдай Иеміз жарату жұмыстарын толық аяқтаған соң, жетінші күні жұмыс жасамай демалды.

«Жетінші күнге оң батасын беріп, оны қасиетті деп

белгіледі. Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының

бәрін бітірген соң тынықты». Жар 2:3

Адамдардың жер бетіндегі өмірі табысты болуы үшін Құдай Иеміз Өзінің Құдайлық күші бар «ақ батасын» жаратылыстың бастауында-ақ берген екен. Бұл бүкіл адамзатқа берілген «ақ бата» еді.

Ал Құдай Иеміздің өсиеттері (уәделері) арқылы «ақ батасын» қабылдаған бірінші адам Ыбырайым болды.

«Мен сен арқылы ұлы халық жасаймын, Сені жарылқаймын да атыңды шығарамын. Менің ақ батам сен арқылы басқаларға да жететін болады. Саған ақ батасын бергендерге Мен де ақ батамды беремін, Ал кім сені қарғаса, соны Мен де қарғаймын. Сен арқылы Мен жер бетіндегі барлық ұлттарды жарылқаймын».

Жар 12:2-3

Осы аяттарда, Құдай Иеміз, Ыбырайым атамызға жеті уәде беріпті:

1. Сен арқылы ұлы халық жасаймын.

2. Сені жарылқаймын (Саған ақ батамды беремін).

3. Атыңды шығарамын.

4. Ақ батам сен арқылы басқаларға да жететін болады.

5. Саған ақ батасын бергендерге Мен де ақ батамды беремін.

6. Кім сені қарғаса, соны Мен де қарғаймын.

7. Сен арқылы Мен жер бетіндегі барлық ұлттарды жарылқаймын.

Жаратқан Ие осылай жер бетіндегі барлық ұлттарға «ақ бата» беріп, жарылқау билігін Ыбырайым атаға берді.

Бейнелеп айтқанда: шексіз үлкен бір қойма бар дейік. Ол қойма Құдайдың таусылмайтын көп «ақ батасымен» толтырылған болсын. Құдай сол қоймаға меңгеруші етіп Ыбырайымды тағайындады. Ыбырайымның басты міндеті – қоймадағы «ақ батаны» барлық ұлттарға таратып беру!

«Иеміз былай дейді: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін: саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағасындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің» – деді. Жар 22:16-18

Бұл аяттарда Иеміз өзінің атымен ант ете отырып мынадай уәделерді беріпті:

1. Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп беремін.

2. Ұрпақтарыңды сансыз етіп көбейтемін.

3. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады.

Демек Ыбырайымның «ақ бата» тарату ісін ұрпағы жалғастырады деген уәде.

Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп:

«... Саған әрдайым жар болып батамды қондырамын, ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін сыйлап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын. Ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтемін. Оларға осы жерлерді беріп, солар арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады».

Жар26:2-4

Осылай ақ батаны барлық ұлттарға тарату билігі Ысқаққа берілді. Адамдардың адамдарға «ақ бата» беру дәстүрі Ысқақтан басталды. Ысқақ «ақ бата» таратуды өзінің ұлы Жақыптан бастады.

«... Жақыпқа батасын беріп былай деді:

... Айыра көрмесін Құдай сені аспан шығынан,

Топырақтың құнарлығынан,

Ағыл – тегіл астық пен жүзім шырынынан!

Саған ұлттар қызмет жасасын,

Халықтар бас иетін болсын!

Сен ағайындарыңды билейтін бол.

Анаңның ұлдары саған бағынсын!

Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,

Ал батасын беретіндер жарылқансын!».

Жар 27:27-29

Ал енді Жақыптан он екі ру еврейлер тарайды. Демек, еврейлер дүниеге келмей тұрған кездің өзінде, олардың болашақ әкесі «ақ батаға» молынан кенелген еді.

Жақыпта «ақ бата» таратуды өзінің он екі ұлынан бастады. Жар 49:1-27 аяттары.

Осылай еврейлерде перзенттеріне «ақ бата» беру дәстүрі қалыптасты. Шамалы төрт мың жыл бұрын қалыптасқан осы дәстүр, күні бүгінге дейін (осы кезге дейін) жалғасын табуда.

Еврейлер перзенттеріне үнемі «ақ бата» беріп жарылқап отырады!

«Соңында Һарон халыққа қарай қолдарын жайып,

оларға батасын берді. Сонымен ол күнәнің құнын

өтейтін түгелдей өртелетін және Жаратқан

Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін

құрбандықтарды шалып, ұсынып болған соң

(құрбандық үстелінің қасынан) төмен түсті».

Леу 9:22

Осы кезге дейін мәжілісханаларда, сенбі күнгі жиналыста, түрлі діни мейрамдарда раввиндер Һарон сияқты еврей халқына «ақ бата» беріп отырады.

«Саған ақ батасын бергендерге Мен де ақ батамды

беремін, Ал кім сені қарғаса, соны Мен де қарғаймын...».

Жар 12:3

Дүниежүзі бойынша Құдайдың «ақ батасын» алғысы келген миллиардтаған адам еврейлерге «ақ бата» беріп қана «ақ бата» ала алады екен.

Сонымен «еврей феноменінің» негізі:

1. Құдай Өзінің «ақ батасын» еврейлердің түп атасы Ыбырайымға молынан берген. «... саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып,...». Жар 22:17

а) Еврейлер бірімен-бірі кездескенде «Саған Құдайдың амандығы мен тыныштығы» болсын деп амандасады. Құдаймен тығыз қатынаста болып, Құдайдың заңдарын бұзбай, Құдайдың өсиеттеріне лайық, Құдайдың еркіне сай, Құдайға ұнамды өмір сүргенде ғана, адамның өміріне амандық пен тыныштық келеді.

б) Бір үйге келген еврей: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын» - деп амандасады.

-Үй иесі: Менің үйіме келген адам (немесе менің үйіме кірген адам) жарылқанған деп қарсы алады.

в) Үй иесі шығарып салғанда: «Амандық пен тыныштықпен қайтыңыз» - деп шығарып салады.

«Үйге кіргенде амандасып: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!» деп бата беріңдер». Мт 10:12

 

2. Әлдебір еврейдің өміріне қайғы-қасірет (өлім-жітім, апат т.с.с.) келсе, оның туысқандары жолдастары келіп ол еврейге «ақ бата» берер екен.

Ал біздің қазақта біреудің өміріне қайғы-қасірет келсе, келіп көңіл айтып, жұбатып, жігерлендіреді, ((қайғының соңы қайырлы болсын, болашақта жақсылық болсын, Құдай қуат берсін, т.с.с), бірақ «ақ бата» беру дәстүрі жоқ.

Еврейлер перзентеріне үнемі «ақ бата» береді.

Ұлдарына: Ұлым Құдай сені – аталарымыз Ыбырайым мен Жақып сияқты, Құдайға сенімді, берілген, Жүсіп сияқты әділетті, Дәуіт сияқты батыр, Сүлеймен сияқты данышпан, Иса Мәсіхтің шәкірттеріндей бағышталған, Ефрем мен Манасия сияқты ұрпағыңды көп етсін.

Қыздарына: қызым Құдай сені аналарымыз Сара, Рабиға, Рахила, Лия, Руфь, Есфирь сияқты Құдайға бағышталған, адал жар, ардақты, көптің анасы етсін. Жар 26:2-4, Жар 49:1-27

3. Сенбі күнгі жиналыста, түрлі дни мейрамдарда леуліктер (раввиндер) бүкіл еврей халқына «ақ бата» береді. Леу 9:22

4. Дүние жүзі бойынша Құдайдың «ақ батасын» алғысы келген әркім еврей халқына ақ бата беріп қана ақ бата алады. Жар 12:3

 

Дүниежүзіндегі еврейлерден басқа ұлттардың бәрі де Құдайдың «ақ батасына» еврейлер сияқты кенеле ала ма?

- Ия!

1. Ол үшін біз Иса Мәсіхті – Құтқарушым, Құдайым деп қабылдап, Оған өзімізді толық бағыштауға тиіспіз.

«Және сендер Мәсіхтікі болғандықтан Ыбырайымның рухани ұрпағысыңдар, әрі Құдайдың оған уәде еткен игіліктерін иемденесіңдер». Ғал 3:19

Яғни, Иса Мәсіхті Құтқарушы-Құдайым деп қабылдаған сәтте, біз Ыбырайымның ұрпағына айналып, Құдайдың Ыбырайымға уәде еткен «ақ батасын» иеленеміз.

2. Дүние жүзі бойынша Құдайдың «ақ батасын» алу үшін Ыбырайымның ұрпағына (еврейлерге) «ақ бата» бергенде ол «ақ бата» бізге де тиесілі болады.

 

Енді біздегі кемшіліктер:

1. Біздер жеке өзіміз дұға жасағанда да, қауымда дұға жасағанда да бүкіл дүниежүзіндегі Ыбырайымның ұрпақтарына, тіпті кейде қауымымыздағы сенушілерге де тегіс «ақ бата» бермейміз.

2. Басқа ұлттарды мен білмеймін, ал қазақ халқында әкесі балаларына ақ бата беру деген дәстүр жоқ. Осы жасқа келгенше (жетпіс үш) бірде-бір атаның-әженің, әкенің-шешенің перзенттеріне «ақ бата» бергенін естіген де, көрген де емеспін!

Әдетте хәл үстінде жатқан адам аманат қалдырады. (Менің жаназамды пәленше молда шығарсын немесе мені әкемнің қасына қойыңдар, т.с.с.) мұндай аманат қалдыру жиі кездеседі. Бірақ «ақ бата» бермейді.

3. Мәсіхші емес халықтардың барлығы дерлік еврей халқын қарғыс тиген халық деп есептейді. Болат деген жігіт маған мынадай тосын сұрақ қойды: «Ата, неге адамдар еврейлерді қарғыс тиген халық деп атайды?».

-Еврейлерді не себепті қарғыс тиген халық деп қабылдайды? – деп сұрағанымда

-Еврейлермен көрші болып өмір сүрген адамдардың барлығының дерлік өмірлерінде әртүрлі келеңсіз жағдайлар көп кездеседі екен (ауру-сырқау, апатқа душар болу, жұмыссыздық, қайғы-қасірет, материалдық және қаржылай мұқтаждық т.с.)

Евреймен көрші тұрмаған кезде жағдайы өте жақсы болған, олардың евреймен көрші тұра бастағаннан соң, жағдайы біртіндеп нашарлай бастайды екен – деді.

-Не себепті олай болады екен? – деп сұрағанымда:

-Себебі, еврей халқына қарғыс тиген – деді.

-Сол қарғыс тиген еврейдің өзі қандай өмір сүруде?

-Ол еврей барлық жағынан өте жақсы өмір сүруде.

-Біздің қабылдауымыз, ұғымымыз бойынша қарғыс тиген адамның өмірі түрлі проблемаларға, қайғы-қасіретке, келеңсіздікке, кедейлікке, мұқтаждыққа т. с.с. толы болуы тиіс. Ал сенің қарғыс тиген еврейіңнің өмірі гүлденіп, өркендеуде екен. Бұл қандай сәйкессіздік, дегенімде ол тосылып қалды.

Сосын мен оған «еврей феноменінің» төрт негізін түсіндірдім.

Егерде, сіздің бұл айтқаныңызға сенсек еврей халқы молынан жарылқанған екен, онда неге көршілері келеңсіз жағдайға душар болады? – деді.

«Саған (еврейлерге) ақ батасын бергендерге, Мен де

ақ батамды беремін, Ал кім сені жамандап қарғаса,

соны Мен де қарғаймын». Жар 12:3

Осы аятқа сәйкес егер біз еврейлерді қарғасақ, онда Құдай бізді қарғайды. Демек жақсы өмір сүре бастаған еврейге күншілдік жасап, қызғанып, сыртынан балағаттап, қарғай бастасақ, сол сәттен бастап өзіміздің өмірімізге қарғыс келе бастайды. Неғұрлым көп қарғасақ, соғұрлым өзімізге көп қарғыс келеді!

Сол келген қарғыстың нәтижесінде еврейдің көршісінің өміріне әртүрлі келеңсіздіктер келеді дегенімде, менің айтқандарыма келіспеуге ешқандай шарасы қалмады.

- Енді Құдайдың еврейлерге «ақ бата» бергендерге «ақ бата» беріп, еврейлерді қарғағандарды қарғайтындай еврейлердің қандай артықшылығы бар? – деді.

- Құдайдың олай дейтін мынадай себептері бар:

1) Еврейлер Құдай Иеміздің таңдаулы халқы.

«Ал енді тыңда, Жақыптың үрім бұтағы, қызметшім

Менің! Маған құлақ сал, таңдап алған Исраил

халқым!». Иш 44:1

2) Құдай еврей халқын тұңғышым деп қабылдаған.

«Бұлардан кейін перғауынға былай де: Исраил Менің

ұлым-тұңғышым іспетті». Мыс 4:22

Осы дүнияуй, адами деңгейден қарасақ, айталық сіздің тұңғыш ұлыңыз немесе қызыңыз бар делік, сол сіздің тұңғышыңызды жамандап, балағаттап, қарғап-сілей бастаса, сіз қандай күйде болар едіңіз?

Әрине сіз ол адамға қатты наразы болып, сізде ол адамды қарғай бастар едіңіз. Дәл сол сияқты Құдай да Өзінің таңдаулы тұңғышын қарғағандарды ұнатпайды!

- Құдай неге еврей халқын таңдап, тұңғышым деп қабылдайды, басқа халықтар жоқ па?

- Қай халықты таңдаулы, тұңғышым деп қабылдау Жаратушы Иеміздің жеке Өзінің еркі, Ол ешкімге тәуелді емес, ешкіммен ақылдаспайды, ешкіммен санаспайды!

Ол ешкімге, ешнәрсеге тәуелді емес, тәуелсіз Құдай!

Демек біздер – басқа ұлттардың өкілдері, осы кемшіліктерден арылсақ, онда біздер де еврейлер сияқты толық «ақ баталы» бола аламыз.

Біздің алған «ақ батамыз» өмірімізде баянды болып, болашақ ұрпақтарымызға таралуы үшін, біз Жаратқан Иенің алдында мінсіз жүруге тиіспіз.

«Ыбырайым тоқсан тоғыз жасқа келгенде Жаратқан Ие оған аян беріп:

-Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр».

Жар 17:1

Сонымен еврей халқының Құдайдың «ақ батасына» кенелуі негізінде еврей ата-аналардың тұрақты және жүйелі түрде перзентеріне «ақ бата» беруінің нәтижесі екеніне мен күмәнсіз сенімдімін!

Қымбатты ата-әжелер, әке-шешелер менің сіздерден ерекше қиылып сұрайтыным, перзенттеріңізге күнделікті «ақ бата» беріңізші! Ақ бата беру кезінде мына мәселерді білуге тиіссіз:

1. Сіз кімге «ақ бата» берсеңіз соның жарылқанатынына ешқандай күмәніңіз болмасын!

«... Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын,...

білеміз». Сан 22:6

2. Заманның талабына сай перзенттеріңіз басқа қалаларда немесе ауылдарда тұруы мүмкін, немесе алыс сапарда болуы да мүмкін.

Бәрін көруші, бәрін естуші, бәрін білуші біздің Шексіз Құдіретті Құдайымыз уақытпен де, қашықтықпен де шектелмеген! Сондықтан перзенттеріңіз қайда жүрсе де, қай уақытта болса да, күнде «ақ бата» беріңіз.

3. Мүмкіндік болса бетпе-бет, отырғызып, алыста болса телефонмен, тіпті ондай мүмкіндіктер болмаса өзіңіз дұға жасап отырғанда сырттай да «ақ бата» бере берсеңіз болады!

4. Перзенттеріңіздің рухани, тәни, тұлғалық, сезімдік мұқтаждарының бәрін ескеріп отырыңыз.

5. «Ақ батаны» тек қана Иса Мәсіхтің атынан беруге тиіспіз!

«Демек, Ыбырайымға берілген ақ бата Иса Мәсіх арқылы

басқа ұлттарға да тарап, бәріміздің уәделенген Киелі Рухты

сенім арқылы қабылдауымыз үшін Мәсіх бізді

қарғыстан құтқарып алды». Ғал 3:14

Яғни басқа ұлттардың бәрі «ақ батаны» Иса Мәсіх арқылы ғана алады! Сондықтан әрбір берілген «ақ бата» Иса Мәсіхтің атынан берілуі тиіс!

 

Ақ бата берудің реті мынадай болуы тиіс:

1. Ең алдымен біз «ақ батаны» Жаратушы Иемізге беруге тиіспіз!

«Содан Дәуіт бүкіл жамағаттың алдында Жаратқан

Иемізге ақ батасын беріп былай деді:...».

1 Шеж 29:10

 

«Мұнан кейін ол құпияның шешімі Даниялға түнгі

көрініспен ашылды. Сонда Даниял Құдайға «ақ

батасын» беріп былай деді:...». Дан 2:19

 

2. Тәңір Иеміздің таңдаулы халқына «ақ бата» беруге тиіспіз.

«Саған ақ батасын бергендерге

Мен де ақ батамды беремін,...».

Жар 12:3

3. Өзіңіздің жұбайыңызға, перзенттеріңізге, немере, шөбере тіпті мыңыншы ұрпағыңызға дейін «ақ батаңызды» беріңіз! Жанұя мүшелеріне, әсіресе перзенттерімізге «ақ бата» беру ерекше маңызды!

«Туысқандарының, әсіресе үй-ішінің қамын ойламайтын

адам сенімнен бас тартқан, ол тіпті Құдайға

сенбейтіннен де жаман». 1 Тим 5:8

Демек, әсіресе үй-ішінің, мүшелерінің қамын ойлауға тиіспіз. Иса Мәсіхті Құдайым, Құтқарушым деп қабылдап, Ыбырайымның рухани ұрпағына айналған соң, Ыбырайым атамызға берілген «ақ батаны» адамдарға таратуға толық мүмкіндік аламыз.

Ыбырайым, Ысқақ, Жақып сияқты бізде «ақ батаны» өзіміздің перзенттерімізге, немерелерімізге, шөберелерімізге, тіпті мыңыншы ұрпағымызға дейін бере аламыз!

«Ысқақ Жақыпқа батасын беріп былай деді:

«... Айыра көрмесін Құдай сені аспан шығынан,

Топырақтың құнарлығынан,

Ағыл – тегіл астық пен жүзім шырынынан!

Саған ұлттар қызмет жасасын,

Халықтар бас иетін болсын!

Сен ағайындарыңды билейтін бол.

Анаңның ұлдары саған бағынсын!

Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,

Ал батасын беретіндер жарылқансын!»».

Жар 27:28-29

Ал Жақып өлерінің алдында он екі ұлын шақырып алып, әрқайсысының жеке-жеке қасиетіне, қабілетіне, ерекшеліктеріне лайық батасын берді. Жар 49:1-27

«Осылайша Жақып он екі ұлының бәріне сөзін

арнады. Әрқайсысына өзіне сай келетін ерекше

батасын беріп, болашақта олардан тарайтын

Исрайлдің он екі руы туралы айтып берді».

Жар 49:28

Ысқақтың, Жақыптың берген баталары Құдайдың еркіне лайық болғандықтан, біз де перзенттерімізге, немере, шөберелерімізге бата бергенде, берген батамыз Құдайдың еркіне, уәделеріне сәйкес болуы тиіс. Және біздің берген батамыз Құдайдың жоспарына, ой-ниетіне, пыйғылына қайшы келмеуі керек.

«Құдай бізді құдіретті күшімен және Оны жақыннан танып

білуіміз арқылы Өзіне ұнамды жаңа өмір сүруімізге қажеттінің

бәрімен қамтамасыз етті. Ол бізді Өзінің ұлы да игілікті

болмысы арқылы меншікті халқы болуға шақырып,

мұнысымен бізге аса құнды уәделерін берді. Ондағы мақсаты

– осы күнәкар дүниелік адамдар сияқты арам

құмарлықтарға салынбай, қайта, олардан құтылып, Құдайдың

әділ болмысын бөлісуіміз». 2 Пет 1:3-4

Осындай уәделері арқылы біздің тәни, рухани, материалдық және жеке өмірімізге қажеттінің бәрін берген. Біздің Құдайға ұнамды өмір сүруімізге қажеттінің бәрі ескерілген. Тіпті Құдай Өзінің әділ болмысын да бөлісуге дайын.

«... құдайдың әділ болмысын бөлісуіміз». 2 Пет 1:4

Құдай біздің Иса Мәсіхке сенуіміз арқылы Өзіне мұрагер болып, Оның ақ батасын алып, қуанышқа кенелгенімізді қалайды!

Біздің, Құдайдың ақ батасын алып, қуанышқа кенелгеніміз Құдайдың қас жауы шайтанға аса ұнамайды. Сондықтан, ол біздегі осындай ерекше мүмкіндікті ұрлап кетуге әрекет етеді. Ал біздер Құдай Патшалығының мұрагерлері ретінде берілген билікті пайдаланып, өзімізге, перзенттерімізге, немере шөбере ұрпақтарымызға уәде етілген Әкеміздің жомарт уәделерін жариялауға тиіспіз. (мұрагер ретінде Құдайлық билікке сәйкес қалай өмір сүре алатынымыз жайында Сарыбай атаның «Бауырым жақсы өмір сүрші», деген кітабында толық айтылған).


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)