Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам денсаулығы

Читайте также:
  1. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, яғни қысқы уақыттағы балалардың денсаулығын қадағалау.

Адамзат тарихы денсаулықты табиғаттың үлкен сыйы деп біліп, оған әрқашан да зор мән берген.

Қазір халықтың денсаулығына статистикалық түсінік тұрғысынан қарайды және ол туу, өлу, ауруға шалдығу, өмірдің ұзақтығы сияқты басқа да демографиялық көрсеткіштер бойынша анықталады.

Адамзат эпидемиология мен инфекциялық иммунологияның негізгі заңдарын танып, неғұрлым қауіпті жұқпалы ауруларды меңгеруді үйренгелі небәрі 100 жыл өтті. Дамыған елдерде дифтерия, полиомиелит, туберкулез ауруымен ауыратындардың саны күрт азайып, ең төменгі деңгейге келді. Әйтсе де Азия, Африка және Латын Америкасының бірсыпыра елдерінде безгек, оба, тырысқақ сияқты жұқпалы аурулар әлі де орын алып отыр.

Қоғамымыздың денсаулығын айтарлықтай көтеруге тек осы жүз жылдықтың 30—50-ші жылдарында ғана қолымыз жетті. Алайда жүрекқан тамырлары ауруларының және онкологиялық аурулардың тарауы, тіпті неғұрлым дамыған елдердің өзінде де қоғамдық денсаулық жағдайын одан әрі жақсартуға белгілі дәрежеде кедергі болып келеді.

Соған қарамастан ауруларға шабуыл жалғасып келеді. Медицина ғылымы мен тәжірибесі емдеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін ойлап табуда және игеруде.

Алайда дәрігерлік өнер денсаулықты сақтау және нығайтуды бірінші мақсат етіп қояды, ал ауруларды емдеу медицина ілімінде екінші орын алады.

Бірақ бүгінде денсаулық пен ауруды бөле қарауға бола ма? Оның да, мұның да өлшемі қайда, араларындағы меже қайсы?

Денсаулық — ол ауырмау ғана емес, дене күшінің және әлеуметтік қамсыздықтың толымды хал-жағдайы. Нақ осы қоғамдық денсаулық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық толысуының, мәдениетінің және әл-ауқатының негізгі өлшемі болуга тиіс.

Қоғамдық денсаулық жағдайына халықтың әл-ауқатының жақсаруы игілікті ықпал ететіні белгілі, ал оның өзі әлеуметтік жаңарусыз болуы мүмкін емес.

Қазіргі адам биоәлеуметтік ортаның күрт өзгеруінен пайда болатын әртүрлі психологиялық күйзелістерге толы күрделі дүниеде өмір сүріп отыр, бұл оның денсаулығьна елеулі нұқсан келтіреді және үшінші хал-жағдай деп аталатын күйге душар етеді.

Ядролык, полигонның ерекше зиянды әсерінің нәтижесінде, Семей аймағы халқының көпшілігі осы үшінші хал-жағдайға тап болған: мұнда бірсыпыра аурулар қазірдің өзінде осы өлкеге ғана тән сипат түріне (өлкелік патологияға) айналды, одан ең алдымен қоршаған ортаны сауықтыру арқылы ғана адамды алыстатуға болады.

Қоғамдық денсаулық Семей облысындағыдай бұзылған жағдайда, оның хал-жайы көбінесе медицина дамуының деңгейіне байланысты анытқталатыны сөзсіз.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен өңiрге нақты көмек көрсете бастағанына жыл жарымдай уақыт болды. Атап айтқанда, 2002 жылдың сәуiр айынан бастап БҰҰДБ Семей бағдарламасы iске кiрiстi.

Жапон мемлекетi қаржыландыратын бұл бағдарлама үш жобаны қамтиды:

- шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қолдау көрсету;

- әйелдер iскерлiгiмен атқарылатын модельдерге шағын несиелер беру;

- үкiметтiк емес ұйымдар мен жергiлiктi қоғамдастық ұйымдарға шағын гранттар беру;

Қарқаралы ауданына қарасты Мәди селолық округiндегi Қ. Сағындықов атындағы орта мектеп осынау бағдарламаға қатысу үшiн өз жобаларын жiберген болатын. Жаңа оқу жылы қарсаңында ол қайтарымы жоқ шағын гранты жеңiп алды. Айта кету керек, осыдан бес-алты жыл бұрын осы мектепке есiмi берiлген Қайыркен Сағындықов белгiлi журналист, қазақ баспасөзiнiң дамуына сүбелi үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Жерлестерi құрметтеп, осы өңiрдiң тумасына бiлiм ұясының атауын лайықтап, құрмет көрсеткендi.

Аудан мен облыс орталығынан шалғай, Семей ядролық сынақ полигоны өңiрiндегi ауыл үшiн жоғарыда аталған гранттың мәнi зор. Төрт мың АҚШ доллары көлемiндегi бұл қаржыға мектеп үйiне жылу жүйесi тартылып, бiлiм ұясын төңiректеген ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлады. Қыркүйек айының ортасында жылу жүйесiнiң қазандығы да құрылып бiттi. Балалар ендi жылы да таза сынып бөлмелерiнде оқитын болады.

 

Орытынды

Сонау бір бағзы замандарда-ақ Ж.Б.Ламарк айтқан екен: “Адамның міндеті алдын-ала жер шарын тіршілік етуге жарамсыз етіп тастап, өзінің тегін жоюда жатыр деп айтуға болады”.

Адам - Жер сәбиі, табиғаттың бір кішкене бөлшегі, биосфера дамуының нәтижесі. Қазіргі уақытта ол өзінің іс-әрекетімен тіршілік жасайтын қоршаған ортадағы табиғи тепе-теңдікті бұзып, оның құлдырауына әкелуде.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу - көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың парызы.

Қазақстанда туылып, “қазақ” деген ұлы есімге ие бола отырып,өз жеріміздің табиғатын өзіміз аялай алмасақ елдің өркениетін алға аттатып жатырмыз деп санаймыз ба? Қасіреттің қисық таяғы танауға тірелгенде, яғни табиғат көз жасыннан пайда болған зиянды әрекеттердің халқымызға зардабы тигенде ғана қимылдаймыз ба,әйтөуір басымызға бәле тігілгенде барып басты қиындықты шешуге кірісеміз. Сондықтан да бүкіл қазақстандықтарға айтарым – осы бастан табиғатқа деген көзқарасты жылытсақ, жан азабын шекпейміз деп ойлаймын. Әрине, оны іске асыратын келешек ұрпақ, жастар, яғни біздің қолымызда!

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)