Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жасерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы

Читайте также:
  1. Азақ тілі кафедрасы
  2. Ересектер психологиясы
  3. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.
  4. Тақырып : Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
  5. Тақырып : Іс-әрекет психологиясы
  6. Тақырып. Даму психологиясының пәні, міндеттері мен әдістері

Психология және адам дамуы пәнінен

С И Л Л А Б У С

 

 

мамандықтар: 5В010300-Педагогика және психология

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредиттің саны: 3

Барлығы: 135, оның ішінде

Аудиториялық сағаттар саны: 60

Дәрістер: 30

Іс тәжірибелік: 15

СӨЖ (ОСӨЖ): 90

Аралық бақылаулар: 2

Емтихан: 3 семестр

 

 

Талдықорған 2015ж.

Оқытушы жайлы мәлімет:

Ахмедиеваа Кулмария Нұртайқызы–жасерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасының аға оқытушысы.

Телефоны: 25-18-97; ahmedieva66@mail.com

Пәні “ Психология және адам дамуы”.

Сабақ бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.

Пререквизиттері: мамандыққа кіріспе, жалпы психология негіздері.

Постреквизиттері: психология ғылымының даму жолдарын, психикалық үрдістерді, дара психологиялық ерекшеліктерді талдау.

Пәнге қысқаша сипаттама:

Бұл пән «Адам физиологиясы мен психологиясы» модулінің міндетті комоненті болып табылады. Бағдарламаның мазмұны психологиялық көзқарастардың қалыптасуының негізгі басы және психологиялық ұғымдарды меңгерудің механизмдерін көрсетуі болып табылады. Бұл курс тек негізгі мағлұматтарды енгізіп қоймай, сонымен қатар, психологияның негізгі қағидаларының динами-касы арқылы студенттердің психологиялық ойларын қалыптастырады. Психология курсы болашақ педагогтарды кәсіби деңгейде дайындауының ең негізгі пәні болып саналады.

«Психология және адам дамуы» пәні бағдарламалық мазмұны бойынша 4 модульге бөлінген: 1-ші модуль -Психология пәнінің дамуы және пайда болуының теориялық-методологиялық негіздері, 2-ші модуль- Жеке тұлғаның іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктері, 3-ші модуль - Психикалық үдерістер, қасиеттер мен күйлердің психологиясы, 4-ші модуль- Даму психологиясы пәні, мәселелері және зерттеу әдістері

Пәннің мақсаты: пәннің зерттеу мақсаты мен міндеттері жайлы, оның мазмұны және негізгі психологиялық ұғымдар мен анықтамалары туралы білімдерді оқып үйрену;негізгі психологиялық ұғымдар мен анықтамалардың мазмұнын және мәнін түсіну.

Психологияны білу - болашақ мамандардың тәрбие, білім беру саласында жұмыс істеуі үшін қажет.

- негізгі психологиялық ұғымдар бойынша ғылыми-теориялық көзқарас-тарды қалыптастыру.

- психологиялық ғылым туралы түсініктерді дамыту.

- пәннің мазмұнын ашу.

Пәннің міндеті:

- жаратылыстану және гуманитарлық ғылыми пән ретінде психологияның мәнін ашу.

- субьектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау.

- негізгі психологиялық ұғымдар және оның анықтамаларымен таныстыру.

Дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы.

Курс соңында студент білуге тиіс:

- психология ғылымының жалпы мәселелері;

- адамның даралық психологиялық сипаттары;

- таным процестері. - адамның көңіл-күйі мен эмоциясы және ерікті әрекеттерінің сипаты;

- жасаралық даму ерекшеліктері жайлы психологиялық білім.

Игеруге тиіс:

Пәннің зерттеу мақсаты мен міндеттері, оның мазмұны және негізгі психологиялық ұғымдар мен анықтамалары туралы білімдерді алу керек.

Іске асыра алатыны:

- негізгі психологиялық ұғымдар мен анықтамалардың мазмұнын және мәнін түсіну.

- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалану.

- болашақ практикалық іс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану.

Психология және адам дамуы пәнін оқып үйрену келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

а) түйінді құзыреттіліктер (ТҚ)

- кәсіби әрекетте психолгия ғылымы жөнінбе білімдерінің болуы;

- психология пәнінен алған білімдерін оқу- танымдық тәжірибеде, әдістеме пәндерін оқығанда қолдана алу;

- оқушының жеке басына психологиялық бақылау жүргізе отырып, мінездеме жаза білу;

- мұғалім сабағына психологиялық талдау жасай білу;

- педагогикалық рефлексияға қабілетті болу, зерттеушілік мәдениетті үздіксіз жетілдіруге талпыну.

ә) пәндік құзыреттіліктер (ПҚ)

- қарым- қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру;

- педагогикалық технологияны меңгеруде психологиялық тұрғыда іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу;

- бақылау- бағалау материялдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін- өзі бағалау мен өзін- өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

- конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу.

б) арнайы құзыреттіліктер (АҚ)

- пәндік теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру;

- психологиялық- педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер саласындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын игеру;

- шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру;

- сын тұрғысынан ойлауға, жаңа психологиялық, педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;

- білім беру саласындағы нормативті- құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру (стандарттар, оқу жоспарлары және т.б.);

- білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды жүзеге асыру;

- жұмысты орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу жатады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 117 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)