Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тараз 2015 ж.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

«БЕКІТЕМІН»

Оқу жұмыс бағдарламасы комитетінің төрайымы

_______________ Ж.Т.Тасжүрекова

«_____» ________ 2015 ж.

 

SYLLABUS

Студенттерге арналған оқу бағдарламасы

 

Кафедра: «Жалпы педагогика және психология»

Оқу жылы: 2015-2016

Кредит саны: 3

Пәні: «Психология және адам дамуы»

Мамандық: барлық мамандықтарға

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 1

Семестр: 1, 2

Барлығы: 135 сағат

Оның ішінде:

Аудиториялық: 45 сағат

Лекция: 15 сағат

Семинарлық сабақ: 30 сағат

ОБӨЖ: 45 сағат

БӨЖ: 45 сағат

Емтихан: 1, 2 семестр

 

 

Тараз 2015 ж.


Жұмыс бағдарламасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы дайындаған типтік бағдарлама (Алматы, 2013 ж.) негізінде жасалды.

 

 

Жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды:

«____» ___________ 2015 ж. № __________

 

Кафедра меңгерушісі _______________К.Ж. Бұзаубақова

 

Жұмыс бағдарламасы «Педагогика» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында мақұлданды.

 

Жұмыс бағдарламасы комитетінің төрағасы __________________ М.Елубаева

 

Хаттама № ______ «____»_____________2015 ж.

 

Оқытушы жайлы мәлімет: Көшімбетова Света Айтжановна, п.ғ.к,профессор.

Оқитын пәндері: Психология және адам дамуы, Этнопсихология, Педагогика т.б.

Байланысу ақпараттары: «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

Мекен жайы: Жамбыл даңғылы №16, 403 аудитория

Кафедрада болатын уақыты: 8.30 – 17.00

Сабақ кестесі: Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі

Консультация сағаты: консультация кестесіне сәйкес

 

1. Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі. «Психологая және адам дамуы» курсы жаңа пән болып табылады. Ол «Жалпы психология» мен «Даму психологиясы» атты екі пәннің қосындысынан тұрады. Бул курс студенттердің психологиялық дүниетанымы мен көзқарастарын кеңейту және психологиялық таным бойынша білімдерін тереңдету мақсатымен құрылған және студенттердің психологиялық даярлығы жүйесінде маңызды орын алады. Психика дамуының механизмдері мен заңдылықтарын білу білім саласындағы, сондай-ақ, қоғамның басқа да түрлі салаларында жұмыс атқаратын психологтың практикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады.

2. Курстың мақсаты мен міндеттері: «Психология және адам дамуы» курсы студенттердің жалпы психология курсы білімдерін игеру, психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың психологиялық ойлауын дамытуды, сонымен қатар, студенттерді олардың кәсіби психологиялық даярлығын күшейтуге және психологиялық білімнің маңызды салаларының бірі даму психологиясын терең оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруды мақсат етіп кояды.

Пәннің міндеттері:

1) психологиялық құбылыстардың зандылыктары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;

2) әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау үрдісінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

3) даму психологиясы саласындағы зерттеулерді құрудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздері жөнінде білімдермен қамтамасыз ету.

3. Білімділік пен біліктілікке қойылатын талаптар:

Студенттер білуге тиіс: даму психологиясының теориялық негіздерін, тұлғаның қалыптасуында жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктері туралы нақты білімдерді меңгеру.

Студенттер меңгеруі тиіс: даму үдерісінің барысында адамның әр жас кезеңінде психикалық дамуының жалпы заңдылықтарының мазмұнымен танысу.

Студенттер таныс болуы тиіс: тұлғаның жеке басына психологиялық сипаттама беру, өз басының психологиялық жағдайын талдай білу.

Студенттер талдай білуі тиіс: Пән бойынша оқылған лекциялардың, семинарлық жұмыс тапсырмаларының, СӨЖ т.б. мазмұндары мен мәтіндеріне баға бере отырып орындалуына талдау жасай білулері қажет.

4. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері:

1. «Биология»

2. «Адамтану»

3. «Қоғамтану»

4. «Әдеп және жантану»

5. «Жалпы психология»

6. «Әлеуметтік психология»

7. «Педагогикалық психология»

5. Пәнаралық байланыс:

1. Психология

2. Педагогика

3. Жас ерекшелік физиологиясы

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 24 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)