Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарықтың жұтылуы

Читайте также:
  1. Жарықтың шағылу және сыну заңдары
  2. Жарықтың электромагниттік табиғаты
  3. сурет. Жарықтың жазықпараллель пластинадан шағылу және сыну сұлбасы.

Жарықтың жұтылуы (адсорбциясы) деп зат арқылы өткен жарық толқынының толқын энергиясының басқа түрге түрлену салдарынан, энергия жоғалту құбылысын айтады. Нәтижесінде жарық арқылы өткенде интенсивтік азаяды.

Заттағы жарық жұтылуы Бугер заңымен бейнеленеді:

, (7.11)

мұндағы І0 мен І – жазық монохромат жарық толқынының қалыңдығы х жұту затына кірудегі және шығудағы интенсивтіктері, a – жарық толқынының ұзындығына, химиялық табиғатына және зат күйіне тәуелді жұту коэффициенті; ол жарық интенсивтігіне тәуелді емес. (7.11)-ді дифференциалдап мынаны аламыз:

. (7.12)

Бұдан – интенсивтіктің dx жолындағы азаюы, осы жол ұзындығына және интенсивтік мәніне пропорционал. (7.11)-ден х=1/a кезінде интенсивтік І мәні І0 -ден е есе аз болатынын көреміз. Жұту коэффициенті жарық интенсивтігі е есе азаятын қабат қалыңдығынан өткенде, оған кері шама болатынын көреміз.

Жұту коэффициенті толқын ұзындығына l тәуелді, ол әртүрлі зат үшін әртүрлі шама. Мысалы, біратомды газдар мен металл буларының жұту коэффициенті нольге жақын; тек қана өте тар спектрлік аумақтарда (шамамен 10-12-10-11 м) өткір минимумдар болады (сызықты жұту спектрі). Бұл максимумдар электрондардың атом ішіндегі тербелістерінің резонанс жиілігіне сәйкес келеді. Молекулалардағы атомдардың тербелістерімен анықталатын молекулалардың жұту спектрі жұту жолақтарымен сипатталады (10-10-10-7 м). Диэлектриктер үшін жұту коэффиценті аз шама (10-3-10-5 см-1), бірақ оларда жарықты кейбір толқын ұзындығы интервалында селективті түрде жұтуы болады, a кенет өседі, жұтудың кең аумақтары байқалады, яғни диэлектриктер тұтас жұту спектріне ие болады. Жоғары қысымдағы газдар, сондай-ақ сұйық пен қатты денелер кең жұту жолақтарына ие болады.

Металдар жарық үшін мөлдір зат емес (жұту коэффициенті ~106 м-1). Ол металдарда еркін электрондардың болуымен түсіндіріледі. Жарық толқындарының электр өрісінің әсерінен еркін электрондар қозғалысқа түседі – металдарда, джоуль жылуын бөлетін шапшаң айнымалы өзгеретін токтар пайда болады. Жарық толқынының энергиясы металдың ішкі энергиясына өтуі нәтижесінде тез азаяды. Металдың өткізгіштігі көп болған сайын, ондағы жарықтың жұтылуы көп болады. Жұтатын денелердің түрлі-түсті болулары жұту коэффициентінің толқын ұзындығына тәуелділігімен түсіндіріледі. Шыны, мысалы, қызыл және қызғылт сары сәулелерді нашар жұтып, жасыл мен көк сәулелерді күшті жұтады, ал енді шыныға ақ жарықты түсіргенде ол қызыл түсті болып көрінеді. Егер осындай шыныға жасыл және көк жарықты түсірсек, бұл толқын ұзындығындағы жарықты күшті жұтуы себебінде қара түсті сияқты болады. Бұл құбылыс жарық фильтрлері өндірісінде қолданылады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)