Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Онда түтін бар» сөзі.

Шарх хадис

 

www.darulhijra.ru сайты

بسم الله الرحمن الرحيم

 

Барлық мақтау бүкіл әлемдердің раббысы Аллаһқа тән. Оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Осы лекцияға тақырып ретінде Хузайфа ибн Йаманның «Расында біз жәһилетте (надандық дәуірінде) және жамандықтарда едік» деген хадисі алынды.

Ол кісі былай дейді:

«Адамдар Аллаһтың елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылықтар жайында сұрайтын еді. Мен жамандықтар маған жетіп қалуынан қауіптеніп, одан сол турасында сұрайтынмын:

Ей Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уа сәлләм) ! Расында біз жәһилетте және жаман-дықтарда едік. Аллаһ Тағала осы бір жақсылықты алып келді, осы жақсылықтан кейін жамандық бар ма?- дедім.

Ия,-деді.

Сол жамандықтан кейін жақсылық бар ма?- дедім.

Ия, онда түтін бар (яғни жақсылық, азырақ өзгерістерге ұшыраған).

Оның түтіні не?- деп сұрадым.

Сондай бір қауымдар бар, менің сүннетімнен өзгені ұстанады, әрі менің тура жолымнан басқамен жүреді, олардан жақсылықтар көресің және жамандықтар көресің.

Сол жақсылықтардан кейін жамандық бар ма? – дедім.

Ия, Жәһаннамның есіктеріне үгіттеушілер болады, кім оларды қабыл қылса оны тозаққа лақтырады,- деді.

Ей, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ! Бізге оларды сипаттап бер,- дедім.

Ия, олар біздің туыстарымыздан болған қауым және біздің тілімізде сөйлейді,- деді.

Иә, Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уа сәлләм) ! Сол нәрсе маған жетіп келсе, не айтар едіңіз?

Мұсылмандардың жамағатын әрі басшысын бекем ұстанасың,- деді.

Егер оларда жамағатта, басшыда болмаса ше ?- дедім.

Талдың түбіріне тісіңмен жармассаң да сол жағдайда болып, тіпті саған өлім жеткенге дейін сол ағымдардың барлығынан ұзақ бол,- деді». (Бухари және Муслим риуаяты)

Шарх

 

Шындығында Аллаһ Тағала шыншылдың екі жүздіден ажыралуы үшін, халыққа туындайтын бүліктер, қиыншылықтар мен сынақтар болуын үкім әрі тағдыр қылды.

Аллаһ Тағала:

«Алиф Лям Мим (1) Адамдар «сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? (2) Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ әлбетте шыншыларды да біледі, өтірікшілерді де біледі(3)» -дейді.

Фитна, яғни сынақ — адам иман келтірдім, бой ұсындым, мұсылман болдым деумен тасталып қоймайды. Қиыншылықтар, сынақтар жетуі тиіс. Егер сынақтар кезінде иманына сабырлық танытса және иманына бекем болса, расында ол иманын растаған болады. Ал егер сынақтар кезінде бұрылып, дінінен қайтса, міне бұл жалған иман келтірген мұнафық болады. Аллаһ Тағала айтқанындай: «Адамдардың кейбіреулері ( екі жүзді мұнафықтар ): «Аллаһқа, ахирет күніне сендік"- дейді. Бірақ олар сенбейді. {8} Олар (өздерінше) Аллаһты және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. {9} Олардың жүректерінде дерт бар (күншілдік дерті), сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдік дерті қоза түсті.) Сондай- ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар{10}». Бақара: 8-10

Міне Аллаһтың заңы осы. Аллаһ Тағала: «Аллаһ мүміндерді осы сендер болған күйде, жақсыдан жаманды айырмай қоймайды. Әрі сендерге көместі де білдірмейді» - дейді. Әли Имран: 79

Аллаһ Тағала мүмін, мұсылмандарға жалғаншының шыншылдан, өтірікші, мұнафықтан шынайы мүміннің, жаманнан жақсының ажыралып тұруы үшін адамдарға қиыншылық сынақтар жібереді. Міне бұл — Аллаһтың даналығы.

Сынақтар міне осындай ғибадатқа лайық болған Тәңірдің даналығымен болып тұрады. Егер сынақтар болып тұрмаса, хақ батылменен(өтірікпен) бүркеледі, мүмін мұнафықпен шатастырылады, бір- бірінен ажыралмай қалады.

Осы хадисте атақты сахаба Хузайфа ибн Йаман: «Адамдар Аллаһтың елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылықтар жайында сұрайтын еді» -деді.

Сахабалар / жақсылығы бар нәрселерден: Ізгі амалдардан, ақидадан және қарым-қатынастардан сұрайтын.

Хузайфа өзіне жамандық жетіп қалуынан қауіптеніп жамандықтар турасында сұрайтын еді. Міне осы тек қана жақсылықтарды үйренумен шектелмеудің дәлелі. Керісінше одан ұзақ болу үшін жамандықтарды танып білу керек.

Егер де жамандықтарды танып білмесе оған жолығып қалуы ықтимал. Ақын айтқанындай:

«Жамандықты танып білдім жамандық қылу үшін емес, бірақ одан сақтану үшін, кім жамандықты жақсылықтан айыра алмаса оған тап болады».

Адам хақты дәлелдерімен айғақтарын білуі қажет. Батылдан сау қалуы және адамдарды одан ескерту үшін, батыл мен күмәнді танып- үйренуі керек. Егер де оны танып білмесе, қалайша одан ұзақ болады, әрі адамдарды одан қайтіп сақтандырады?!

Міне осы жерде Құраннан үлгі алу керек, онда: хақ пен батыл, иман мен күпір, таухид пен серік қосу, халал мен харам баяндалған. Мұсылман адам тек таухидті, халалды, хақты баяндауға шектелмейді, керісінше одан ұзақ болу мақсатында соған теріс келетін істерді де айқын баяндайды.

Дәл осылай пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) сүннетінде: жақсылық пен жамандықты, хақ пен батылды дін істерінің бәрінде баян қылған.

Ғұламалар өз еңбектерінде таухид пен шіркті, күпір мен екі жүзділікті, Әһлі сүннет[1] ақидасы(cенім) мен адасқан ағымдардан болған Жәһмия,[2] Мұғтазиля[3], сияқты тағы басқа топтардың ақидаларын баян еткен. Өзара қарым-қатынастарда дұрыс пен бұрысын баян еткен. Дұрыс некелерді және жалған некелерді, бұзық некелерді айтып өткен. Аллаһ Тағала Құранда, Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетте баяндағанындай әйелдерден неке қылуы харам болатын түрін айқындап берген. Шариғат әдептерін және оған қарама-қайшы жаман әдептерді баян қылған. Сондықтан мұсылман адам өзінің дін ісітерінде көзі ашық болып хақты дәлелімен, батылды оның қателіктерімен танып біледі және сол арқылы батылдан ұзақ болып, басқа адамдарды да одан ұзақ болуға шақыра алады.

Осы себептен ақида кітаптарында таухид, Әһлі сүннет ақидасын және адасқан ақидаларды, олардың қателіктерін, және олардың жоюын табасың. Осының барлығы мұсылман безендірілген сөздер мен батыл үгіттерге және бұзылған жолдарға алданып калмауы әрі олар дін істерінде дұрыс танымда болып, оған теріс келетін істерден ұзақ болуы үшін істелінген. Қазіргі күнде кейбір надан, адасқан адамдар: батыл ақидаларды оқымай-ақ қойыңдар, тек дұрыс ақиданы оқумен шектеліңдер, адасқандардың ақидаларын тануға әрі олардың күмәндарын әшкерелуге қол сұғуды қойыңдар, бұларды тастаңдар, мұсылман балаларына тек дұрыс ақиданы ғана үйретіндер, оларға теріс сөздердің қателіктерін, жалғандарын әшкерелеуді үйретпеңдер,- дейді. Осылар не білімнен еш хабары жоқ наданнан шыққан, немесе батыл мазһаптармен олардың күмәндарына теріс келуді қаламайтын бет бұрғандардан шыққан сөз.

Олар кейде адамның: "Мен мұсылманмын, мүмінмін" - деуі жеткілікті, Исламның жалпы есімі жетеді, Әһлі сүннет және жамағат, адасқандар, ағымдар, келіспеушіліктер демеңдер, бұл мұсылмандардың арасын ажырату - дейді.

Бұның барлығы адастырушылық, өйткені Аллаһ Тағала хақты батылдан, тура жолды адасудан, шірікті таухиттен ажыратып берген.

Мұның барлығын жалпы дін істерінде ғибадат, қарым-қатынас, ахлақтарда жеке-жеке байандап өткен.

Өздерінің дін істерінде анық хабардар болып, тура мұсылман жалған мұсылманнан ажыралып тұру үшін адамдарға сол нәрселерді баян етіп айқындап беру қажет, өйткені Исламға ауытқу және алдамыш кірмейді. Хақты батылдан, жаманды жақсыдан ажыратып білу үшін, жалпы атау мен шектеліп қалмаймыз, өйткені бұл адамдарды адастыру, алдаушылық, мұндай үгіттерден сақ болайық. Хақ жалғаннан, тура жол адасудан айқындалып егежей-тегежейлі ажыралу кажет.

Хузайфа пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уа сәлләм) жамандық туралы сұрайтын еді. Ол кісі пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылықтар жайында сұраумен шектелмеді, сол нәрсені пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мақұлдады. Оған жақсылықты түсінуің жетеді деген жоқ, керісінше (жамандықтар турасында сұрауын) мақұлдады. Оған одан сақтануы және өзгелерді де сақтандыру үшін алдағы болатын жамандықтарды баяндап берді. Міне осы — сүннет, осы — Аллаһтың және пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) тұтқан бағыт-бағдарлары.

 

Хузайфа: «Ей Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) расында біз Жәһілетте, жамандықтарда едік» - деді.

Жәһілет —жәһіл деген сөзден алынған, ол: білімсіздік – деген мағынаны білдіреді. Яғни, Исламнан бұрын болған істер, Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберілуінен алдыңғы надандық дәуірі. Өйткені олар ғибадаттарында, қарым-қатынастарында, ішіп-жеулерінде, тұрмыс құруларында және де басқа істерінде адасу мен надандыққа белшесінен батқан. Иса менМұхаммедтің (саллалаһу алейһи уа сәлләм) арасында болған мерзімнің ұзақтығы себепті адасу мен надандықта болған, төрт жүз жылдан астам ұзақ уақыт онда елшілік әсері үзіліп, жоғалып, надандық пен адасулар таралып кеткен. Адамдар пұттарға, талдарға, тастарға, тағуттарға (Аллаһтан өзге ғибадат қылынған нәрселер), жындарға, адамдарға, періштелерге, әулиелерге, ізгі адамдарға табынатын. Ғибадаттарында бөлшек-бөлшек болып кеткен. Халал мен харамның, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмайтын. Олар рибамен (өсім жеу) алыс-беріс қылатын еді. Егер қарыз алушы қарызды төлеу керек болса, оған айтады: қазір төлейсің, немесе қарызды саған өсіріп уақытын саған кешіктіремін, міне осы жәһілет рибасы.

Өзара байланыстарында осы нәрсе басым еді. Мал дүниелерін талау, тонау, ұрлау, адамдардың малын жалған жолмен жейтін еді. Азық-түліктерінде өлексе мен қанды халал дейтін. Қанды, өлексені, жаман нәрселерді азық қылар еді. Өз ара соғысшыл халық еді, болмашы нәрсеге соғысатын еді. Оларда не басшы, не дәулет болмаған. Рулық жүйеге бірігетін немесе Парсы мен Румның қоластына кіретін. Күшті әлсізді жейтін, залым жауыздық қылады, ешкім оны қайтармайды, жәһілет дәуірінде осылайша еді.

Оларды барлық жағынан надандық шырмап алған. Солардын ең үлкені — ғибадат пен ақидада Аллаһқа ортақ қосулары, қайта тірілуді жоққа шығаратып, пайғамбарлықты, елшілікті қайтарулары әрі: «Аллаһ адам баласына еш бір нәрсе түсірмеді» - деулері еді. Әнъам: 91

Аллаһ Тағала Мұхаммедті (саллалаһу алейһи уа сәлләм) хақ дінмен және тура жолмен жіберді. «Өйткені, Ол, елшісін туралық* және хақ дінмен* бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да». Тәубе: 33

*Тура жол - деп пайдалы ілімді, * хақ дін – деп ізгі амалды айтады.

Аллаһ Тағала өз пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайдалы біліммен әрі ізгі амалдармен жіберді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберілуімен надандық мәңгілікке өшті де, ілім әрі тура жол келді.

Жалпылай надандық дәуірі кетті, бірақ кейбір адамдарда не тайпаларда немесе кейбір елдерде надандық дәуірінен қалдықтар қалуы мүмкін. Бұл нәрсе жәһілет дәуірінің бөлшек қалдығы, ал жалпылай жәһілетті Аллаһ Тағала пайғамбарымызды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберу арқылы жойды. Бірақ жәһілет дәуірінің кейбір сипаттары жеке тұлғалардың бойында қалып кетуі әбден мумкін. Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) хадисінде: «Үмметім жәһілеттің төрт ісін тастамайды: Текті кемсіту, текпен мақтану, жұлдызбен жаңбыр талап ету және өліге дауыс көтеріп жылау» - деді. (Муслим риуаяты.)

Осы аталғандардың бөлшегі қалып, негізі жойылған. Осы себепті кейбір адамдардың: "пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберілгенге дейінгі жәһілеттен де қаттырақ надандықта"- деп айтуы негізсіз. Себебі бұның мағынасы — пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) алып келген Құранды, Сүннетті, мол ғылымды жоққа шығару болып табылады. Бұл қате түсінік, адамдар жәһілетте емес, Аллаһқа шүкір.

Ал кейбір жәһілеттік сипаттар адамдар бойынан, немесе тайпалардың әдеттерінде кездесіп жатса, бұл танып-білуді талап ететін жекелеген жәһілет істері.

" Біз жәһілетте жамандықта едік" сөзі.

Жамандық деген не? Жамандық — пайғабарымыз(саллалаһу алейһи уа сәлләм)жіберілгенге дейінгі, адамдардың Аллаһқа серік қосуы, пұттарға табынуы, хараммен азықтануы және оданда басқа жамандықтар жатады.

«Сосын Аллаһ Тағала осы жақсылықты жіберді» сөзі.

Хузайфа: «Бізге Аллаһ Тағала осы жақсылықты жіберді» -деді.

Ол кісі Аллаһтың кеңшілігімен мархаметін мойындап, жақсылықтар Аллаһтан келді, - деді. Шынында Аллаһ Тағала бізді тура жолға салды, біз хақты ақылымызбен, білімімізбен емес, керісінше, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген Ұлы Құран және сүннет арқылы білдік.

Хақ ақылмен, әдет-ғұрыппен, көпшілікке ерумен, пікірдің бір арнаға тоғысуымен танылмайды. Керісінше, Аллаһ елшісінің (саллалаһу алейһи уа сәлләм) тілінде түсірілген уахимен (Аллаһтың пайғамбарларға жіберетін аяны) білінеді.

Мұнда адамдар арасында кең тараған «Әркім өзі қалаған пікірді айтуға хақылы» - дейтін түсінікке қарсы жауап бар.

Біз айтамыз: Жоқ, адамдар Аллаһтың пенделері, ақылдарымен түсініктері шектеулі, соның үшін хақты тану мен жалғанды қайтаруда міндетті түрде Аллаһ түсірген уахиға қайтулары тиіс.

«Аллаһ осы жақсылықты жіберді» -деуі.

Жақсылық деген не? Жақсылық — ол Ислам. Ондағы тура жол, пайдалы білім, ақылдарды шырмап алған шәк-шүбаларды кетіру, адамдардың миындағы надандықтарды жою. Аллаһ Тағала бізге осы ұлы жақсылықты жіберді. Мұндай нығметке шүкіршілік ету керек. Расында барша жақсылық атаулы Аллаһтан. Аллаһ бізді ақылмен пікірге жүктеместен өзі жақсылыққа қарай бағыттап нұсқады. Аллаһ Тағала елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол толық естуші аса жақын» - де». Сәбә: 50

Осы жақсылықтан кейін жамандық бар ма?

Осы жерде мұсылманның сынақтар мен фитналардан құтылуы мүмкін емес екеніне дәлел бар. Тіпті өте білімді, ізгі амалда, дұрыс ақидада болса да. Себебі ол адасқан жаман үгітшілерден тыныштық таппайды. Хузайфаның: «Осы жақсылықтан кейін жамандық бар ма?» - деп сұрауы да фитнаның жалғасатынына дәлел. Демек жақсылықтан кейін жамандық келетіні сөзсіз. Бұл Аллаһ Тағала өз пенделеріне жіберген сынақ-емтихандарынан болып есептеледі. Адам үнемі бір жағдайда болмайды, керісінше оған түрлі фитналар, күмандар, адасушылардың бұзық үгіттері дембе-дем жетіп тұрады. Тіпті ол жақсылықта, сау ақидада, дұрыс дінде болса да тыныштық таппайды. Сол үшін Хузайфаның «Осы жақсылықтан кейін жамандық бар ма?» – деген сұрағына Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уа сәлләм): «Иә», - деп жауап берді. Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген жақсылықтан кейін жамандық болатынына пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі хабарын берді. Бұл нәрсе сахабалар дәуірінің соңында фитналар және мұсылмандар арасындағы жаманшылықтар себепті болды. Ақиқатында оны бізге тарих айтқан нәрселер болған еді. Бұл әлбетте сол дәуір мұсылмандарына болған сынаққа жатады. Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хабар бойынша фитнаның ақыры бірнеше адасқан ағымдардың туындауына алып келді. Мысалы: Қадария, Шиға (шийт), Мұржия, Жәһмия тағы басқа. Осы оқиғалар сахабалар ғасырының соңында пайда болды.

Дегенмен жер бетінде Құран мен сахих сүннет болып тұрғанында, кез-келген фитна мен жамандық күл-талқан болары сөзсіз. Егерде Құран мен сүннетті ғұламалар қорғап алып жүрсе, адамдарға фитна мен жамандықтың қатерлігін айқындаса, Аллаһқа шүкір, дерттің емі бар. Өйткені жамандық жақсылық арқылы тосылады.

Жамандықтан кейін жақсылық бар ма? -дедім.

Ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

Ия, -деді.

Мұнда жамандықтың әр кез жалғаса бермейтіндігіне дәлел бар. Мұсылман жұбанышты Аллаһ Тағаладан күтеді. Аллаһ былай деген: «Негізінде ауыртпалықпен бірге бір женілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге оңайлық бар». Шарх: 5-6

Жұбаныштың келуі шарт. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Білгін, жеңіс сабырлықпен бірге, жұбаныш қайғымен бірге, жеңілдік қиындықпен бірге келеді». (Имам Ахмад риуяты)

Адам фитна мен жамандықтар көбейген сәтінде үміт үзбестен, өзін де, өзгені де жұбатады. Олар: «Аллаһқа шүкір, біз тура жол, айқын дін үстіндеміз. Жеңіс жақын, жамандық Аллаһтың рұқсатымен жойылады» - деп сабыр етеді. Осылайша жақсылық иелері мен ғұламаларға жұбану және өзгелерді де жұбатуы қажет. Өйткені бұл істер Аллаһтың рұқсатымен жойылып, тығырықтан шығып, жетістікке кенелері айқын. Адамдарға: «Адамдар құрдымға кетті» - деп, қобалжытудан гөрі жақсылыққа ұстамды, жеңісті күте білуге дағдыландыру керек. Себебі Аллаһ бұл дүниені адамдар арасында алма-кезек қылып, соңғы, тұрақты жеңісті тақуалар үшін арнады.

Жамандықпен фитналар қанша ұлғайғанына қарамастан Аллаһтың қалауымен жойылу жолында қала бермек. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)айтады: «Үмметімнен бір тайпа хақтын үстінде айқын тұрады, қашан Аллаһтың бұйрығы келгенге дейін, оларға тастап кеткендер де, қарсы шыққандар да зиян жеткізе алмайды.». (Бұхари Муслим риуаяты)

Аллаһқа шүкір Ислам, дін, Құран еш уақытта жойылмайды, тек пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлағаны бойынша, уәделі мерзімнің соңында Құран адамдардың көкірегінен, кітап бетінен көтеріліп, адамдар қолынан жоғалады. Бірақ бұл оқиғалар дүние тас-талқаны шығып, қиямет сағаты басталар сәтте.

Ал Құран, Сүннет, қыбла арамызда бар болса, сөзсіз жақсылықтың ортамызда қалғаны, тіпті одан адасатындар адасса да, бет бұрушылар теріс айналса да.

Әр фитнаның артынан ілесетін оның құрбандары болады. Сол фитнаны қолдап-қуаттап адасуда кететіндер, кетуі тиіс. Бірақ иман иелері аз болса да қалады. Фитна иелері адасатыны адасып, кететіні кетіп, келетіні келсе де, хақ иелері Аллаһқа сансыз шүкірлер болсын, қала бермек.

Хақ жер бетінде бар. Аллаһ Құранда айтады: «Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз». Хижр: 19

Аллаһтың осы уәдесі адамды күдер үзіп, үмітсіз қалудан сақтайды.

Кейбір адамдар жақсылықтың қайтуынан, хақтағылардың жеңіп, батылдың жоғалатынына күмәнді көзбен қарайды. Бірақ бұл уәдені Аллаһ Тағала уәде етті, расында Аллаһ Тағала уәдесін сөзсіз орындайды.

Имам Ибн Қайм айтады:

«Дін жеңіске де жетеді, сынаққа да жолығады. Бұл — Рахманның жолы, таң қалма».

Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «(Үлгі-өнеге болсын деп) және Аллаһ шынымен иман келтіргендерді білуі және араларыңнан шһидтерді теріп алуы үшін, бұл күндерді адамдар арасында ауыстырып тұрамыз. Аллаһ залымдарды сүймейді. Сонымен қатар мүміндерді тазарту және кәпірлерді жою үшін (бұл күндерді адамдар арасында ауыстырып тұрамыз) ». Али Имран: 140-141

Фитнамен сынақ болып тұруында бірнеше даналықтар бар: Мүміндерді тазарту, сабырлыққа дағдыландыру, хаққа мықты тұру, қателіктерін ескерту және Аллаһ Тағалаға тәубе етулері, бір сөзбен айтқанда мүміндерді үстем етіп, кәпір болғандарды пәс ету. Барлық мақтаулар Аллаһқа тән.

Мұсылманға ақиқат көзімен қарау керек. Болып жатқан оқиғаларға және тарихқа теріс көзқараспен, адамдардың үмітін сөндіретін назармен қаралмайды. Хадисте: «Кім адамдар құрдымға кетті десе, өзі ең құрушысы.» Басқа риуаятта: «Кім адамдар құрыды десе, өзі құртушысы» -делінген. (Муслим риуаяты.)

Адам Аллаһтың рахметінен үміт үзбейді және адамдарды да оларды тек қана Аллаһ тығырықтан шығаратынына көз жеткіздіреді.

Осы жамандықтан кейін, жақсылық бар ма? – дедім.

Ол (саллалаһу алейһи уа сәлләм):

Ия, - деді.

Бұл кез-келген қиыншылықтан құтылуға болатынына дәлел. Сондықтан Аллаһтың рахметін үміт ету керек. Расында жамандықтан кейін женілдік, одан сон жақсылық келеді.

Мұсылманның міндеті — Аллаһтан жеңісті жалықпастан үміттене күту. Сонымен қатар, шамасы келгенше хақты баяндау, өзіне ең жақын адамдардан бастап Аллаһқа шақыру, айтқан сөздеріне амал қылумен бірге ілім тарату. Күдер, үміт үздірмей: Ислам бітті, мұсылмандар жоғалды, іс аяқталды, дін жойылды тағысын-тағы айтылатын жалған хабарлар таратпау, осылар ең жаман сөздерден есептеледі.

Онда түтін бар» сөзі.

Түтін: яғни онда өзгерістер бар. Негізі жақсы болғанымен өзгеріске ұшыраған. Бұл Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хабар. Жақсылық өзгеріске ұшырап, айныған болып келеді.

«Оның түтіні не?» – дедім»

Cубхана Аллаһ! Бұл кісі өз сұрақтарында тым өткір. Аллаһ Тағала үмметтің пайдасы мен тағылымы үшін оған осыны айтқызды.

«Сүннетімді тастап, өзге сүннетпен жүретін және тура жолымнан басқа жолда болатын қауым» -деді.

Яғни, оларда өзгерістер бар. Олар мұсылмандар және мүміндер, оларда жақсылық бар. Бірақ, оларда имандарымен діндерін жоғалтпайтын дәрежедегі өзгерістері бар, бірақ (сол өзгерістерде) кемшілік бар. Сол сияқты дүние де кемшілікте. Хадисте: «Әрбір жыл өзінен әуелгісінен көрі жаманырақ болады. Сол Пайғамбарларыңа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолыққанға дейін жалғасады.» (Бухари риуаяты.)

Оларда пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) сүннетіне теріс келетін кейбір қайшылықтар бар. Олар оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура жолынан басқа жолды жол тұтады. Сүннетке теріс істерді ойлап табады, бірақ бүтіндей қарама-қайшылық емес, керісінше қайшылықтың кейбір түрі бар. Осы жерде мұсылмандарға жеңіл болып табылған қайшылықтан ескерту жасалған. Әрі пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен басқаға еруге, тіпті аз мөлшелерде болса да одан сақтану керектігін баса айтқан. Себебі пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм): «түтін» - деп айтуы, онда кемшілік пен зиянның барын білдіреді.

Міне осында мұсылман қашан Аллаһқа үлкен шірк[4] келтірмейінше немесе Исламын бұзатын нәрселердің бірімен Исламнан шықпағанша, ешкімге күпірлік үкімі берілмейтініне дәлел келген. Бірақ ол кісіде кейбір өзгерістер немесе ауытқулар бар. Ол кісі қателескен, адасқан немесе пасық адам болады. Пасықтық діннен шығармайды. Бұл істер ақида негіздерінен, яғни үлкен күнә істеушіге күпір үкімін шығарып, оған: «Кәпір» делінбейді, бірақ оның дінінде болған кемшілігі, салғырттығы немесе өзінің пасықтығы деп аталады. Бұл Хауариж және Мұғтазилялар айтатынындай «күпірлік» немесе «діннен шығушылық» деп аталмайды.

«Олардан жақсылық та, жамандық та көресің» - деді.

«Олардан жақсылық көресің», бұл сөз ол адамдарда жақсылық барына дәлел. «Олардан жамандық көресің», бұл сөз оларда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына теріс келетін жамандықтың барына дәлел. Оларда жақсылық та, жамандық та бар. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны жақсылық деп атап, мақұлдады. Бұл жақсылық кейбір кемшіліктер мен болса да, ол жақсылық бола беретініне, әрі Әһлі сүннет және жамағат ақидасында пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура жолына теріс істерінің бүтіндей барлығы күпірлік бола бермейтініне дәлел бар. Бәлкім ол қателік немесе адасушылық немесе имандағы кемшілік болады, әрі жамандық деп аталады. Жамандық әр түрлі болады: Бүтіндей жамандық, бөлшектік жамандық, жанама жамандық. Әр істі өз атауымен атау міндет.

Осы жақсылықтан кейін жамандық бар ма?— дедім.

Ия деді.

Міне сұрақ үшінші рет қайталанды. Ия, одан кейін жамандық бар, бірақ әуелгі жамандықтан көрі орасан зор. Себебі әуелгіде жақсылық та, жамандық та бар. Ал бұлар жәһаннам есіктеріне шақырушылар. Әрине адамдарға жәһаннамға келіңдер демейді, сөзді астарлап дамуға, өркендеуге, ілгерлеуге, үмметтердің жеңілдігіне келіңдер дейді. Дінге тас болып жабысып, қатып тұрып алмаңдар, деп шақырады. Бұның мағанасы: «Діндеріңді тастап, ел қатарлы жүріңдер» дегені.

Бұлар жәһаннам есігіне үгіттеушілер. Дінді тастауға, кәпірлер мінген керуенге мінуге шақырады. Бұл тозаққа шақырудың дәл өзі. Себебі тозақты Аллаһ Тағала кәпірлер үшін әзірлеген. Олар адамдарды жәһаннам тұрғындары кәпір, мүшрік, атейістер тап болған істерге шақырады. Осындай үгіттеушілер бүгінгі күнде Ислам әлемінде нендей көп. Аллаһтан өзге күш-құдірет жоқ.

Бізге олардан түбегейлі сақтану қажет. Не үшін? Өйткені олар бізді жәһаннамға шақырады. Аллаһ Тағала Құранда кәпірлер туралы: «Олар, тозаққа шақырады да, Аллаһ өз ұйғаруымен жәннатқа шақырады» -дейді. Бақара: 221

Аллаһ Тағала шайтан туралы: «Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» -деді. Фатыр: 6

Ферғауынның қол астындағы иман иелері айтады: «Ей елім! Не үшін мен сендерді құтылуға шақырамын. Сендер мені тозаққа шақырасыңдар». Ғафыр: 41

Қалайша ол оларды жәннатқа шақырады да, олар оны тозаққа шақырады?! «Әрі сендер мені Аллаһқа қарсы болуға сондай-ақ білмеген нәрсені Оған ортақ қосуға шақырасыңдар. Мен сендерді өте үстем, аса жарылқаушы Аллаһқа шақырамын». Ғафыр сүресі 42 аят.

Міне бұл жақсылыққа үгіттеушілер мен жамандыққа үгіттеушілердің арасындағы болған айырмашылық. Әлбетте жақсылыққа үгіттеушілер Аллаһқа, дініне, жәннатқа шақырады. Жамандыққа үгіттеушілер тозаққа шақырады.

Адамдарға: «тозаққа келіңдер!» - демейді. Жәннатқа келіңдер, бұл жәннат иелерінің амалдары, бұл жақсылық, алға басушылық, туралық бұл, бұл… деп, адамдарға зейнеттеп көрсетеді.

Мұсылмандарға олардан сақ болу тиіс, әсіресе олардың бүгінгі күнде көбейген кезінде. Аллаһ білуші, уақыт өте келе, олар болашақта көбейе түседі. Бүгінгі үгітшілерге, алдыңғы үгітшілерге жасалмаған мүмкіншіліктер берілген. Шайтанның азғындық жолына бекем орнығып алған. Қай орында болса да адамдарға жамандықты безендірілген, жалған, алдамшы мақсатпен, жақсы етіп көрсетіп, адамдарға тез жеткізеді. Бұл фитнаның ең шегі.

«Кім оларды қабыл алса, оны тозаққа лақтырады»

Кім оларға бағынса, оларға бойұсынса, растаса, көмек берсе олар оны тозаққа лақтырады. Енді кім оларға бағынбаса, қарсы күресіп қайшы келсе, олар оған зиян жеткізе алмайды. Аллаһ Тағала Құранда: «Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолға түспеңдер, сонда сендерді Аллаһтың жолынан айырады. Сендерге осыларды Аллаһ нұсқады. Сақтанарсыңдар» -дейді. Анғам: 153 аят.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) бұл аяттың мағынасын айқындап берген. Түзу бір сызық сызып: «Бұл Аллаһтың жолы» - деді. Сосын оңынан, солынан бірнеше сызықтар сызды да: «Бұл жолдардың әрбірінде адамдарды оған шақыратын шайтан бар,» - деді. (Имам Ахмад риуаяты.)

Бұл хадис адасқан үгітшілерді, олардың бағыт-бағдарлары мен мақсаттарын бізге толық суреттеп береді. Әлбетте тура жолға қарама-қайшы келгеннің әрбірі тозаққа жетелейтін жол.

Кім тура жолды тастаса, әлбетте ол тозаққа қарай бет алады. Тіпті оның назарында ол дамушы, ілгерлеуші, өркендеуші болса да.

«Ей, Аллаһтың елшісі, бізге оларды сипаттап бер,- дедім.»

Осы атақты сахабадан қойылған ғажайып сұрақтарды қара. Пайғамбарымызды (саллалаһу алейһи уа сәлләм) тоқтатып алып, сұрай бастады. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егежей-тегежейлі кеңінен, айқындап жауап беруде.

«Ия, біздің туыстарымыздан болған қауым. Әрі біздің тілімізде сөйлейді- деді.»

Осы ең қиын бәле! Олар бізге желімше жабысып алған, әрі өз жамағатымыздан, өз елімізден. Ал, егер шет елдерден болса, іс оңайлаған болар еді. Бірақ жұмыстың мүшкілі пәленшенің баласы, пәленшенің баласы, кейде «мен ғалыммын», «ғылыми куәліктерім бар», - деп әрбір жетістіктерін айтуы мүмкін және өз туысымыздан, біздіңтілде сөйлейді, біз сияқты арап. Тіпті олар жазғанда, сөйлегенде, лекция оқығанда, көркем әдеби тілді мықты меңгерген, шешен болуы мүмкін. Осы істерді біздің тілімізде, яғни Исламның тілімен сөйлейді.

Аллаһ Тағала Құранда: «Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың» -дейді.Мұнафиқун: 4

Олар сөзге шебер, тыңдаушыны баурап алады, әрі көркем сөзге мықты болғандықтан адамдар оларды құлақ асып тыңдайды. Ибн Омардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында шешендікте бір сиқыр түрі бар», - деген. Бухари

Ең сорақысы өзіміздің тілде сөйлеуі, егер шетел тілінде немесе парсы тілінде сөйлегенде, оларға құлақ асылмайтын еді. Әдеби көркем тіл мен шешендік сөздерді қолдану арқылы адамдардың көңілін өздеріне аудартады, міне нағыз бүлік-осы.

Хузайфа:

Ей Аллаһтың елшісі сол нәрсе маған жетіп келсе, не айтар едіңіз? -деп сұрады.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм):

Мұсылман жамағатын, әрі имамын бекем ұстасын, депжауап берді.

Бұл тұста жамандықтар мен фитна, бет бұру, құлдырау, кәпірлерге ілесу, Исламнан және оның үкімдерімен жүруден алыстау көбейген сәтте, мұсылманға не істеу керектігін баяндаған. Мұсылман оларға алданып қалмайды, керісінше мұсылман жамағатымен бірге болып, оны бекем ұстайды. Ой-пікірде, сенімде, үгіт-насихатында олардан тысқары қалып жекеленбейді. Олардың сөздеріне, жасама қылықтарына алданбайды, керісінше олардың ұстанған істеріне қарайды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Үмметім адасушылыққа бірікпейді» -деген. Ибн Мажжа Тирмизи риуаятында: «Жамағатты лазым тұтыңдар, шынында Аллаһтың қолы жамағаттың үстінде» -дейді.

Жамағат — мұсылмандардың бірігуімен әрі басшыларына бойұсынуларымен ғана болады, онсыз жамағат болмайды. Басшы — ел оны тыңдаса және оған бойұсынса ғана басшы болады. Сол үшін Аллаһ Тағала айтады: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа бойұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бойұсыныңдар…». Ниса: 59 Және айтады: «Қашан оларға аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің әмір иелеріне ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді». Ниса: 83

Міне осында фитналардан құтылуға себеп болатын істерге дәлел бар. Ол, мұсылман жамағатын және басшысын бекем ұстау. Бұл — Аллаһтың рұқсатымен фитнадан құтылатын жол. Ал кім жекеленсе, адасқан үгітшілерге ерсе, әлбетте ол құрдымға кетушілермен бірге құриды. Мұсылман жамағатын бекем ұстану әрі басшыға бойұсыну — Аллаһтың рұқсатымен фитналардан аман қалуға кепілдік береді.

Аллаһ Тағала айтады: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын». Ниса: 115

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм): «Сендерге жамағатты ұстану міндет, расында Аллаһ Тағаланың қолы жамағаттың үстінде, кім жамағаттан жекеленсе, тозақта жекеленеді» - деді. Тирмизи Тағы бір хадисінде: «Аллаһ Тағаладан тақуалық қылуға, тіпті сендерге құл әмірлік етсе де, оған құлақ салып, бойұсынуға өсиет етемін,. Шынында сендерден кім өмір сүретін болса, көптеген қайшылықтарды көреді. Сендерге менің сүннетімді және менен кейінгі тура жолға бастаушы халифалардың жолын ұстануларың міндет болады» -деді. Абу Дауд, Тирмизи, Ибн Мәжжә

Фитна мен жамандықтан өзін құтқаруды қалаған адам, мұсылман жамағаты мен басшысынан жекеленіп, шеттенбеуі керек. Керісінше олармен бірге сабыр қылуы, Аллаһтан жеңілдік келгенше, қандай қиындық болса да шыдай білуі керек. Міне фитнадан құтылу жолы — осы. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман жамағатын әрі имамын берік ұста» -деген.

Егер олардың жамағаты және басшысы болмаса ше? – дедім.

Бұл ұлы сахаба Аллаһтың елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметке өте пайдалы болған сұрақтарды алып келіп, әрі оны Аллаһтың елшісінен түсіндіріп беруін сұрауда.

Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

Сол ағымдардың барлығынан ұзақ бол,- деді.

Міне осында Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) алып келген жолға, алдыңғы өткен ізгілердің жолына, соңдай-ақ мұсылман жамағатына қарсы келген топтарды тастауға дәлел бар.

Егер мұсылман жамағаты жоғалса, ол не істейді?

Жәһәннәм есігіне шақырушы адасқан ағымдардан ұзақ болады. Егер мұсылман жамағатын тапсаң солармен бірге бол, ал егер таппасаң жалғыз бол. Жалғыз өзің қалсаң да хаққа берік бол.

Сол үшін: «Хақ үстінде болған адам жалғыз болса да, ол жамағат болады. Жамағат көпшілікпен емес, хақта болған адаммен болады» - делінген.

Талдың түбіріне тісіңмен жармассаң да, сен сол жағдайда болып, тіпті саған өлім жеткенге дейін, сол ағымдардың барлығынан ұзақ бол,- деді.

Мұнда амалдар соңына байланысты екендігіне дәлел бар. Расында кім фитналардан ұзақ болып, хақты берік ұстаса, басқа түскен сынақтарға сабыр қылған жағдайда өлсе, ол жәннәт иелерінен. Шынында кімге өлім келгенде, ол өзгеріп, ауытқып адасқандарға ерсе, әлбетте ол тозақ иелерінен болады. Бұдан Аллаһтың өзі сақтасын, өйткені одан басқа ешкімде күш-құдірет жоқ!

Міне осы, үмметтің жолына көлденең болған қатерлерді баяндаған ұлы хадис төңірегіндегі бір ауыз сөз. Онда мұсылманға фитна кездерінде міндет болатын істер баяндалған. Демек, мұсылман жамағатын, басшысын, ілгері өткен ізгілердің жолдарын берік ұстану керек. Міне осы — құтылар жол.

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның отбасына, әрі барша сахабаларға Аллаһтың игілігі және сәлемі болсын!

 

********


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 83 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)