Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

растыру сызбасы

 

22.1 Құрастыру сызбасы туралы жалпы түсінік және орыналу ережелері

 

Құрастыру сызбасын жұмыс конструкторлық құжаттар дайындау кезінде техникалық немесе нобайдык жоба негізінде жасайды.

Құрастыру сызбаларында тетікбөлшектерді ықшамдап, шартты түрде кескіндеу кең түрде қолданылады. Құрастыру сызбасын оңай әрі жылдам сызу, оқу үшін стандартқа сәйкес (МЕСТ 2.109-73) шарттылықтарды ескеріп, қолдана білу керек.

Көптеген аппараттар мен механизмдердің (вентильдер, сорғыштар, бүркігіштер) қозғалмалы, тұрқыдан шығып тұратын бөліктері – реттегіш қалқан (клапан) айналдырықтары, тығынжылдар және т.б. болады.

Құрастыру сызбаларында әр түрлі тегершікшелерді жиі кескіндеуге тура келеді. Бұл бөлшектердің пішіндерін екі көрініспен көрнекті етіп көрсетуге болады.

Қиықжиектерді, бунақтарды, жырашықтарды, тереңдетушлерді, бүрлеулерді, бедерлеулерді, шығыңқылықтарды және т.б. майда элементтерді көрсетпеуге де болады.

Құрастырылған бұйымның құрастыру сызбасындағы кескіндерде оның барлық тетікбөлшектері біріктірілген қалпында көрсетіледі. Құрастырылған бұйымның кескіндері тетікбөлшек кескіндерін салуда кездескен ережелерге сай тұрғызылады, яғни өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекцияланады. Шартты кескіндер (тілік пен қима) салудың және қолданудың мақсаттары да өзгермейді. Бірақ тілік пен қималардағы сызықтаудың ерекшеліктері бар. Тетікбөлшектерді бір-бірінен олардың сызықтарына қарап ажыратады. Көршілес тетікбөлшектерді әр түрлі бағытта сызықтау керек және сызықтаудың аралығын әр түрлі етіп алуға тура келеді.

Тұтас біліктер, өзектер, айналдырықтар, саптар, шариктер, стандартты бекітпе бұйымдар, кілектер сияқты бөлшектер ұзына бойы қималарда МЕСТ 2.305-68-ге сәйкес қиылмай бейнеленеді.

Құрастыру сызбасында да кесінділерді проекциялық байланыста орналастырады, қажет болған жағдайда қиюшы жазықтықтардың орнын үзік сызықпен жүргізіп, қарау бағытын нұсқамен көрсетеді. Қималардың, тіліктердің және қосымша көріністердің белгілерін сәйкес кескіннің үстіне жазады.

Құрастырылған бұйымға кіретін тетікбөлшектерді нөмірлейді. Оларды тіркеу ретінің нөмірі деп атайды да, шығару сызықтарының сатыларына жазады, ал шығару сызықтарының тетікбөлшек кескіндеріне барып тірелген ұшына нүкте қойылады. Шығару сызықтары және олардың сатылары тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.

Құрастыру сызбаларында тіркеу нөмірлерін оңай табу үшін шығару сызықтарының біраз сатыларын бірінің астына екіншісін сызып, баған тәріздендіріп топтастырады, ал қалғандарын горизонталь түзудің бойына орналастырады. Мысалы, 22.1 - суретте 1, 2, 3, 4 және 5 нөмірлер бағанға, ал 5, 6, және 7 нөмірлер горизонталь жолға топтастырылған.

22.1 – сурет

Тіркеу ретін көрсететін нөмірлер сызбада өсу ретімен сатыға сағат тілінің қозғалу бағытмен немесе оған қарам-қарсы бағытпен жазған дұрыс. Тетікбөлшектердің тіркеу нөмірін олар көрінетіндей болып кескінделген көріністе немесе тілікте көрсетеді.

Бекіту тетікбөлшектерінің бекітілген бір жерге ғана қатысты тобын көрсету үшін ортақ шығару сызығын жүргізуге болады. бұл жағдайда сатылар жіңішке сызықпен қолсылады. Мысалы, 22.1 – суретте бұрандама мен тығырықтың тіркеу нөмірлері (4-тет. және 5-тет.) параллель орналасқан сатыларға жазылған, сатылар бір-біріне жіңішке сызық арқылы қосылып, ортақ шығару сызығы пайдаланылған.

Тіркеу нөмірлерін сызбадағы өлшем сандарын белгілейтін цифрдан ірілеу қаріппен жазады. Егер құрастыру сызбасындағы өлшемдер 3,5 қарпімен жазылса, онда тіркеу нөмірлерін 5 қарпімен жазады. Тіркеу нөмірлерін кескіннен тыс орындарға жазып, қайталанатын нөмірлердің астына параллель орналасқан, аралары 1 мм екі сат жүргізіледі. Шығару сызықтары өзара қиылыспауы керек және олар сызықтау сызықтарына параллель болмайтындай етіп жүргізіледі. Шығару сызықтары мүмкіндігінше басқа тетікбөлшек кескіндерімен аз қиылысып, сызбадағы өлшем сызықтарымен қиылыспаулары керек.

45.1 Құрастыру сызбасының өлшемдері

Құрастыру сызбасын орындағанда мынадай негізгі өлшемдерді қояды:

габаритті, бұйымның ішкі және шеткі кескінін анықтамайтын өлшемдер;

· орнату, монтаж орнында бұйымды орналастыру өлшемдері;

· қосқыш, берілген бұйымның басқа бұйымдарымен қосылатын өлшемдер;

· бұрандалар өлшемдері;

· қажетті анықтамалық.

Құрастырылған бұйымның негізгі конструкторлық құжаты ретінде сипаттізім қабылданған.

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 311 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)