Читайте также: |
|
әдетте бұранда бөлшек материалының сыртқы қабатын жону (кетіру) жолымен жасалады. Сондай-ақ құю, сығу, домалатып таптау (накака) т.б. әдістерін пайдалануы мүмкін. Бұранданы ерекше бұранда кескіш құрал- сайманымен кесіп алады. Оларға сыртқы бұранда жасау үшін арналған ПЛАШКА (ЛЕРКА), ішкі бұранда үшін - БҰРАНДАЛАҒЫШ (метчик), түрлі бұранда үшін-бұранда кесетін КЕСКІШ, ФРЕЗ т.б. жатады. Кескіш аспаптың конструкциясы бұранданың конструкциялық элементтерінің бар болуын жэне өлшемдерін анықтайды. Бұрандасы бар бљөлшектердің жұмыс сызбаларында осы элементтерін міндетті түрде көрсету керек. Бұранданың конструкциялық элементтері 19.2-суретте келтірілген, олардың мөлшерлері МЕСТ 10549-80 бойынша үйлестірілген.
Бұранданың ІШЫҒЫП КЕТУІ (сбег резьбы) 11мен 13 (19.2, а-сурет) Бұраиданың соңгы орамдары дұрыс пішінде болмайтын учаскесі, толық профиль биіктігі біртіндеп кеміп бөлшектің тегіс бөлігіне ауысу аймағы. Ол кескіш аспаптың қармау бөлігінің бұрышы мен бұранда адымына байланысты алынады.
Бұранданың ЖЕТКІЗБЕЙ КЕСІЛУІ (недовод резьбы) 12 (19.2,б-сурет) бұранданы тақап кескенде бөлшектің таяныш беті мен бұранданың шыгып кетуі шетінің арасындагы бөлшектің бұранда кесілмей қалган учаскесі.
Бұранданың ТОЛЫҚ КЕСІЛМЕУІ (недовод резьбы) 12 (19.2, б-сурет) Буранда шыгып кетуі мен жеткізбей кесілуінен қосылатын бөлшек учаскесі. Стандарт бойынша бұранда қадамының функциясы түрінде беріледі.
ЖЫРАШЫҚ (проточка) деп бұранда кесіші шыгып кету үшін технологиялық қажетті элементті айтады (19.3-сурет). Ол сырықга сақиналы науаша, тесікте қырланган сақиналы ойық болып көрінеді.
ФАСКА с - сырыкгың не тесіктің көлбеген жиегі.
Бөлшектердің тығыз жанасуын, сыртқы түрін жақсартуын, құрастыру қолайлылыгы т.с.с. қамтамасыз ету мақсатымен орындалады.
Бұранда шекарасының сызығы
а
41) Бұйымдардың түрлері
Бұйым деп кәсіпорында жасалып шығаратын нәрселерді немесе нәрселердің тобын айтады.
МЕСТ 2.101-68 өндірістің барлық тарауларында жасалатын бұйымдардың түрлерін белгілейді. Стандарт бұйымдардың мынадай түрлерін тағайындайды:
а) тетікбөлшектер;
ә) құрастыру бірліктері;
б) кешендер;
в) жинақтар.
Бұйымдарды, олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі өндіріс бұйымдары және көмекші өндіріс бұйымдары деп екі топқа бөледі.
Негізгі өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарында жасалатын және таратуға (сатуға) арналған нәрселер жатады. Мысалы, Павлодардағы трактор зауытының негізгі өндіріс бұйымдары – трактор болса, Алматыдағы станок жасау зауытының негізгі өндіріс бұйымы – темір жонатын станоктар мен автоматтар.
Көмекші өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарының өз қажетіне керекті және негізгі бұйымдарды жасауда қолданылатын нәрселер жатады. Мысалы, штамптар, шаблондар, өлшеуіш аспаптар және т.б. осы мекемеде жасалған заттар.
Тетікбөлшек – бір атаулы және біртекті материалдан құрастыру әрекеттерін қолданбай жасалған бұйым, мысалы білік, ол металдың бір түйірінен жасалған, құйма корпус, пластмассалардан жасалған кішкене маховик, кабелдін кесіндісі, белгілі бір ұзындығы бар сым және т.б.
Құрастыру бірлігі – құрамдық бөліктері жасап шығарушы кәсіпорында құрастыру әрекеттерімен қосуға тиісті бұйым (бұрандалы қосылыстармен, тойтарумен, пісірумен, дәнекерлеумен, майырумен, желімдеумен, тігумен және басқа әдістермен). Мысалы: автомобиль, станок, телефон апараты, редуктор, пісірмелі корпус және басқалары.
Кешен – жасап шығару кәсіпорындарында өзара қосылмаған, бірақ жұмыс істеу және пайдалану орындары бірімен-бірі өзара байланысты екі және одан да артық (тетікбөлшектері екеуден артық) бұйымдар, мысалы: зауыт–автомат, телефон станциясы және т.б.
Жинақ – жасап шығарушы кәсіпорында өзара қосылмаған, жалпы көмекші мақсатта пайдалануға арналған екі және одан артық сандағы бұйымдар, мысалы: қосалқы бөлшектер тобы, аспаптар жинағы, готовальня және т.б.
Құрастыру бірліктері, кешендер және жинақтар өзгешеленген бұйымдарға жатады, себебі олар бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады. Тетікбөлшек өзгешеленбеген бұйымға жатады.
20.2 42) Конструкторлық құжаттардың түрлері
МЕСТ 2.102-68 өндірістің барлық салаларының бұйымдарына арналған конструкторлық құжаттардың түрлерін тағайындайды.
Конструкторлық құжаттар деп графикалық (мысалы: сызба, схема) және мәтіндік (мысалы сипаттізім (спецификация), техникалық шарттар, механизмның сипаттама жазуы) құжаттарды атайды.
Олардың жеке түрлері немесе бірнешеуі бұйымның құрамы мен құрылысын анықтайды және бұйымды жасап шығаруға, тексеріп алуға, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге керекті берілгендерден тұрады.
Жиі кездесетін конструкторлық құжаттардың анықтамаларын берейік.
Тетікбөлшектің сызбасы – тетікбөлшек кескіні мен оны жасап шығаруға және тексеріп алуға керекті берілгендері бар құжат.
Құрастыру сызбасы (ҚС) – бұйымның кескіні мен бұйымды құрастыруға (жасап шығаруға) және тексеріп алуға керекті берілгендері бар құжат. Сондай-ақ құрастыру сызбаларына гидро-пневмо және электр жабдықтарын орналастыру сызбалары да жатады.
Жалпы түрдің сызбасы (ЖС) – бұйымның құрылымын, оның негізгі бөліктерінің өзара әсер ету әрекеттерін анықтайтын және бұйымның қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік беретін құжат.
Габариттік сызба (ГС) – бұйымның сыртқы мөлшері, қондыру және жалғастыру өлшемдерімен берілген контурлық кескіндері болатын құжат.
Теориялық сызба (ТС) – бұйымның геометриялық тұрпатының және құрама бөліктердің координаттарын анықтайтын құжат.
Сұлба – бұйымның құрамдық бөліктері шартты түрде кескінделген немесе белгіленген және олардың арасындағы өзара байланысты көрсетілген құжат (мысалы: құрастыру бірлігінің структуралық схемасы).
Сипаттізім (спецификация) – бұйымның құрамында енетін тетікбөлшектер, құрастырылған бұйымдар және материалдар туралы негізгі мәліметтер көрсетілген құжат.
Түсіндірме хат (ТХ) – бұйымның құрылғысы мен әсерлік принципін түсіндіретін және қабылданған техникалық және техника-экономикалық шешімдерді негіздейтін құжат.
Конструкторлық құжаттарды дайындау кезеңдеріне байланысты жобалау және жұмыс құжаттары деп ажыратады.
Жобалау құжаттарына техникалық ұсыныстар, нобайдер, техникалық жобалар, ал жұмыс құжаттарына тетікбөлшек сызбалары, құрастыру сызбалары және т.б. жатады.
Конструкторлық құжаттарды орындау тәсілдеріне және пайдалану жолдарына қарай оригиналдар, түпнұсқалар, дубликаттар және көшірмелер деп ажыратады.
Оригиналдар деп олардың тұпнұсқаларын жасауға арналған құжаттарды айтады. Мысалы, тығыз қағаздарға салынған сызбалар.
Түпнұсқаларға тиісті қолдары (конструктордың, тексерушінің, бекітушінің және басқалардың) қойылған және құжаттар көшірмесін бірнеше рет қайталап түсіріп алуға жарайтын құжаттар жатады. Мысалы, мөлдірқағаздағы орындалған сызбалар.
Дубликаттар – көшірме алуға болатын, кез келген материалда орындалған, түпнұсқаны ұдайы өндірудің барабарлығын қамтамасыз ететін түпнұсқаның көшірмелері. Мысалы: мөлдірқағаздағы сызба.
Көшірмелер – түпнұсқамен барабарлығын қамтамассыз ететін әдіспен орындалған, өндірісте тікелей бұйымды жасау, пайдалану және өңдеу кезінде қолданылатын құжаттар. Мысалы, түпнұсқаның фотосуреті, сызбаның синькасы (сәуле сезгіш қағаздардың көмегімен түпнұсқадан көшіріп алынған сызбалар).
Конструкторлық құжаттарының қажетті және жеткілікті құрамын анықтағанда мыналарды ажырату керек:
· Негізгі конструкторлық құжат;
· Конструкторлық құжаттардың негізгі жиынтығы (ол бұйымға қатысты конструкторлық құжаттарды біріктіреді);
· Конструкторлық құжаттардың толық жиынтығы (ол берілген бұйымға жасалған конструкторлық құжаттарының негізгі жиынтығынан және барлық құрама бөліктеріне жасалған негізгі емес конструкторлық құжаттардан тұрады).
· Негізгі конструкторлық құжаттарға: тетікбөлшектер үшін – оның сызбасы; құрастыру бірліктері, кешендері мен жинақтары үшін – сипаттізім жатады.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 279 | Нарушение авторских прав