Читайте также: |
|
Студент білуге тиісті:
- фармакология пәні мен міндеттерін;
- дәрілік құрал, дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік түр туралы түсінікті;
- түрлі дәрілік түрлерге рецептердің жазылуын;
- дәрілік құралдардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын;
- дәрілік құралдардың басты жағымсыз және жанама әсерлерін.
істей білуі тиісті:
- дәрілік құралдардың жағымсыз және жанама әсерлерінің алдын – алу және жою;
- фармакологиялық әсерден жүйелер мен мүшелердің функцияларының өзгеруін болжай білу;
- экспериментальдік фармакологияда замани теориялық концепцияларды бағалауды.
дағдыларын меңгеруі тиісті:
- препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету жолдарын білу және оларды уыттануда пайдалана білу;
- ғылыми әдебиеттерді рефераттауды және фармакологиядан жаңа білімді өздігінен жетілдіруге дағдылануды.
2.5 Реквизитке дейінгі: физиология, биохимия, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, микробиология.
2.6 Реквизиттен кейінгі: инфекциялық аурулар, клиникалық практикаға кіріспе, эпидемиология, дәлелді медицинаның негіздері.
Пәннің қысқаша мазмұны
Фармакологияның анықтамасы, оның басқа медициналық және биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Фармакология дамуының негізгі этаптары. Қазақстан және Ресейде дамуы. Негізгі ғылыми мектептері. Жаңа дәрілік құралдардың жасалуы принциптері. Химиялық құрылым мен зттар әсерлері арасындағы байланысты зерттеу негіізінде жаңа дәрілерді синтездеу. Жалпы рецептура. Дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жекеленген ерекшеліктері. Дәрілердің жіктелуі, олардың фармакологиялық қасиеттері, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама және жағымсыз әсерлері. Дәрілк препараттармен улану және оларды жою шаралары.
Тақырыптық жоспарлары
Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав