Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншік капиталының қайтарым нормасы бойынша капитализация

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. А. өмір бойынша алынған белгілер тұқым қуалайды
  3. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  4. АДАМ АНАТОМИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
  5. азақ тілі пәні бойынша 2-деңгейге арналған тест сұрақтары
  6. Жалпы ережелер.Бөлім,парк бойынша кезекші,рота бойынша кезекші.
  7. Капитализация ставкасын есептеу

Кәсіпорын өзінің меншік қаржы қаражаттары есебімен қаржыландырылған жағдайын қарастырайық.

Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мынада. Оларды қай көзден алса да, қаржы қаражаттарын пайдаланғаны үшін төлем төлеу қажет: меншік қаражаттары үшін дивидендтер түрінде немесе қарыз қаражаттары үшін пайыздық аударымдар түрінде.

Меншік қаржы қаражаттарын келесідей түрде көрсетуге болады:

Меншік қаржы қаражаттары

 

 
 

 


Кәсіпорын меншік иесінің ақшалай салымының бір бөлігі

 

Шаруашылық қызмет жүргізу нәтижесінде пайда болатын жинақтаулар (бөлінбеген пайда+амортизация)

 

Ішкі активтердің мобилизациясы

 

Ішкі ресурстардың иобилизация сомасы:

М=А-Н К

Мұндағы,

А - жоспарланған мерзімдегі айналым активтерінің бар болуы;

Н - мерзім ішіндегі айналым активтерінің жосларланған қажеттілігі;

К - жыл ішіндегі несиелік қарыздардың өзгерісі.

Мобилизация мәні мынада: айналым қаражаттарьшың бір бөлігі негізгі қызметтен алынып, толық құрылысты қаржыландыруға жіберіледі.

Кәсіпорын капиталының құны мен капитал салымның пайдалылық нормасы

Капитал құны деп - өздерін ақтау үшін салынған жаңа капиталды салымдар алып келетін табыс.

Капитал кұны - капитал сомасынан пайыздық ставка түрінде анықталады. Инвестор болып несие беруші, кәсіпорын акционері немесе кәсіпорынның өзі бола алады. Капиталды пайдаланғаны үшін төлеу қажет және сол төлемнің өлшемі болып капиталдың қүлы болып табылады.

Демек, капитал құны - бұл альтернативті құн, яғни капиталды салудан инвесторлардың күтетін табысы.

Кәсіпорынды бағалағандағы капитал құны дисконт ставкасы қызметін аткарады. Дисконт ставкасы - бұл қайтарымның пайыздық ставкасы. Оны кәсіпорын қызмет істеу процессінде тапқан қаржы қаражаттарын алуды жоспарлайды. Кәсіпорын өзінің инвестициялық қызметін жүргізе отырып, өзінің қаржы ресурстарының тиімді салу жолдарын таба алатынына сенімді болмайды. Бірақ сол ақшасын өзінің бизнесіне салып, капитал құнына тең болатын қайтарым ала алады. Сонымен, кәсіпорын капиталының құны - бұл қызмет жасау барысында тапқан қаржы қаражаттарының салымының минималды пайдалылық нормасы. Капитал құнына мынадай факторлар әсер етеді: басқа капиталдық салымның табыстық деңгейі, аталған инвестицияның тәуекелдік деңгейі, қаржыландыру көздері. Капитал құны - альтернативтік құн болғандықтан, аталған капиталдық салымның құныбағалы қағаздар нарығының ағымдағы пайыздық қойылымының деңгейіне байланысты болып келеді. Егер кәсіпорын неғұрлым тәуекелді бизнеске капиталын салуды болжаса, онда оған соғұрлым жоғары табыстылық деңгейі қамтамасыз етілуі қажет.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорынды кірістік тәсілмен қалай бағалаймыз?

2. Кірістік тәсілдің қандай әдістерін қолданамыз?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007
  2. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001;

3. Валдайцев. С.В. Оценка бизнеса и инноваций. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997;

  1. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Инвестиционный анализ: Учебное пособие для вузово. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000;
  2. Бердникова Т.Б. Оценка ценных бумаг: Учеб.пособие. – М.: ИНФРА-М, 2003;

 

7 тақырып: Бизнесті (кәсіпорын) бағалаудағы салыстырмалы (нарықтық) тәсілдің ерекшеліктері мен мазмұны.

Лекция мақсаты: Бизнесті (кәсіпорын) бағалауда салыстырмалы (нарықтық) тәсілін игеру

Лекция сұрақтары:

1. Салалық коэффициенттер әдісі. Нарық капитал әдісі. Келісім әдісі.

2. Кәсіпорын – аналогін таңдаудың негізгі принциптері.

Лекция мазмұны:

Бұл салыстырмалы және бағаланатын жылжымайтын объектінің бірліктер өлшемі.

Бірліктер өлшемі 1ш.м. (кв.м.)1ш.м. тұрғын алаңы, 1ш.м. жалпы алаңы, 1куб.м, 1пәтер, 1га, 1 жүздік (сотка) және т.б. болуы мүмкін.

Жылжымайтын мүлік түрінің кейбіреуін табыс әкелетін баға түрінде есептейді. Мысалға, гараждарды салыстыруға болады. Табыс әкелетін бірлік бір машинаның тұрағы болып табылады.

Жылжымайтын объектілерді салыстыру үшін табыс қатынасын сату бағасына жиі қолданылады. Бұл жағдайда салыстыру объектісі болып валюталық рента мультипликатры (немесе оны басқаша жалпы түсім мультипликатры деп те атайды), немесе жалпы капитализация коэффициенті табылады.

Жалпы ренталық мультипликатор - бұл сатылу бағасы немесе потенциалды жалпы түсім, немесе нақты түсім арасындағы қарым-қатынас. Осындай және басқа да түсімдердің түрлерін қолдану олардың өсу жағдайларына байланысты анықталады.

Потенциалды жалпы түсім, яғни жылжымайтын объектіні бір жылға бағалаудан түскен қайтарым жиі қолданылады, себебі нақтылы жалгерлік төлем қойылымын анықтау жеңіл болып табылады.

Жалпы түсімді нақты есептеуге қажетті жылжымайтын объектінің толық анықтап шығару оған қарағанда қиынырақ.

Егер де бағаланатын және салыстырмалы объектінің орналасу айырмашылығы болса, онда олардың бағасы мен жалдамалы төлем ставкаларында қарастырылған деп ойластырылады, бұл жағдайда оларға түзетулер енгізілмейді.

Жалпы капитализация коэффициенті (жалпы түсім ставкасы)- ол капитализация түсімінің әдісінде қолданылатын негізгі коэффициент. Берілген коэффициентті есептеу үшін бағаланатын ақша ағымына жақын маңыздылық беретін салыстырмалы объектілер іріктеп алынады. Мұндай тәсіл бағалаушы маманға тікелей капитализация әдісін қолдана отырып болжанған пайданы бағаланатын объектінің нарықтық баға құнына айналдыруға мүмкіндік береді. Әр түрлі жылжымайтын объектілерді салыстыру үшін түрлі салыстыру бірліктері қолданылатындықтан, бағаланатын және салыстырмалы объектің бір бірлік өлшемінде анықталғаны өте маңызды.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)