Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурак. Әдеби шығарманың тілі

Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда жазушы қолданған тілдік құралдың әрқайсысының орны ерекше. Көркем шығарма тілінде кез келген тілдік құрал орынсыз қоданылмайды. Ондағы синтаксистік құрылымдар мен лексемалар, фразеологизмдер, жекелеген дыбыстар – бәрі де көркемдік идеяға қызмет етуге тартылған «желілер» қатарынан орын алады. Әр сөз зергерінің өзіне тән стилі, өзіндік сөз саптау мәнері, ой-толғау әдістері болады. Жазушының қолындағы қуатты қаруы –тіл, шұрайлы сөз десек, ол сөз халықтың тіл байлығы болып табылады. Ал көркем туынды авторының шеберлігі айтар ойын – бейнелі,мәнерлі, айқын жеткізуінде жалпыхалықтық тіл байлығынан қажетті деген тілдік құралдарды сәтті таңдап алып, керегіне жарата білуінен көрінеді. Тілдік құралдардың стильдік жүк арқалау мүмкіндігінің дәрежесі мәтіннен, оның қолданысынан айқын аңғарылады. Әр сөздің құдіретін дұрыс танып, оған көркемдеуші қызмет арту қаламгердің шеберлігіне байланысты. Әр функционалды стильдің өзіндік ерекше стильдік қабаты болады десек, көркем шығарма- дыбыстан мәтінге дейінгі аралықтан орын алатын тілдік бірліктердің стилистикалық қызметін анықтауға жағдай туғызатын бірден бір орта.Көркем шығарма тілі тілдік қолданыстың ерекше бір саласын құрайды. Көркем әдебиеттегі тілдің қолданысын, қандай қызмет атқарып тұрғандығын, тілдік қолданыстың өзгеріске түсуі мен оның себептерін ашып беретін лингвостилистикалық зерттеулер болып табылады. Көркем шығарма тілінің арқауын әдеби тіл фактілер құрайтындығы белгілі. Ендеше тілдің даму процесінде болып жатқан барлық өзгерістердің одан көрініс тауып жатуы заңды нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда көркем мәтінге жүргізілген талдау әдеби тілдің даму бағытын белгілеуге септтігін тигізеді. Бірақ көркем шығарма әдеби тілде жазылғанымен көркем шығарма тілі мен әдеби тіл арасында ерекшеліктердің болатындығын ескерген жөн. Мәселен, күнделікті қарым-қатынас жасау қажетін өтейтін әдеби тіл көркем шығармада басқа қырынан танылады. Көркем шығармада әдеби тіл бейнелі құрал ретінде жұмсалып, сол арқылы оқушы сезіміне әсер ететін эстетикалық қызмет атқарады.Мәселен, әдеби тілде нормаға жатпайтын тіл элементі көркем шығармада автордың көздеген мақсатына жету үшін қолданылып, арнайы эстетикалық қызмет атқаруы әбден мүмкін. А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, тілді қолдану дегеніміз- айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білу және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білу Б.Шалабай көркем шығарма тілінің негізгі үш белгісін былайша көрсетеді:Біріншіден, ол-өз дәуіріндегі әдеби тіл фактісі. Яғни, жалпы тілдің дыбыстық, лексикалық,грамматикалық материалдары.Өз дәуіріндегі әдеби тілден тыс,өзінше бір дүние емес,соның нормаларына,заңдылылықтарына бағынған тіл.Екіншіден,сонымен бірге,ол-әдеби тілден «тыс»,өз заңдылығы бар дүние.Жалпы тілдің көркемдік-эстетикалық талапқа сай қолданылуы негізінде одан (жалпы тілден)тікелей өсіп шыққан «үстеме»тіл.Бұл аспектіде алғанда көркем әдебиет тілінің спецификалық ерекшелігі, жалпы тілдің көркем тілге айналу жолдары мен тәсілдері сияқты үлкен проблематикалық мәселелер қаралады.Үшіншіден, «көркем әдебиет тілі» нақтылы бір көркем шығарманың тілі ретінде түсіндіріледі.Көркем әдебиет тілі «даралық стиль»категориясымен ұштасып жатады [2,94].Сонда көркем шығармада тіл көркемдік эстетикалық талапқа сай қолданылса,әр жазушы осы талаптың үрдісінен шығу үшін тілдік құралдарды өзіншепайданалады.Сөйтіп,әрқайсының өзіндік дара жазу мәнері немесе стилі қалыптасады.Басқалай айтқанда,жазушының халықтың тіл байлығын қажетіне жарата білуі,сөйлем құрау барысында сөз сұрыптауы,оларды белгілі бір тәсілмен ұйымдастыра білу сияқты мәселелер сөз зергерінің өзіндік қолтаңбасын айқындайды. «Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояу-бедері,өзіндік өсу,жетілу жолдары болады.Көркем әдебиет тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздерді «мағыналық топқа иіру»,яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты» Б.Шалабай көркем шығарма тілін үш қырынан қарастыруға болатындығын айтады:а)таза тілдік қырынан;ә)стилистикалық қырынан;б)көркемдік-эстетикалық қырынан.

9. Ішкі монолог

Қазіргі көркем прозадағы бейнелеу тәсілдерінің бірі – ішкі монолог (іштей ойлау, кейіпкердің ішінен айтатын сөзі, өзін-өзі іштей саралау, ойлау ағымы көрінісі). Ұлттық әдебиетімізде 60-80 жылдар аралығында бой көрсеткен шығармаларда қаһарман мінезін дәріптеудің еркін өсу мәселесін кеңінен өрістеудің ашық түрі әдебиетіміздегі ішкі монолог тәсілін алып келген болатын. Әбіш Кекілбаев шығармаларында баяндаушылықтан сипаттан гөрі, оқырманын психологиялық тереңдікке бойлатуға мүмкіндік береді. Осындай шығармалардың бірі «Үркер», «Елең-алаң» романдарында ішкі монолог тәсілі жоғары деңгейде суреттелген. Мысалы: романның бас кейіпкері Әбілқайыр ханның өзімен-өзінің іштей сырласу мен сөйлесу тәсілі жоғары суреттелген. Ішкі монологқа тікелей қатысты түс көру және оны жорыту тәсілі жазушының сөзге деген шеберлігін білдіреді. Әбілқайырдың Ресей патшалығына елшілік жібере отырып, ұзақ сонар күнді күтумен өткізген уақытында түс көріп, оны өзінің құрдасы Тайланға жорыттырудың өзі жазушының ішкі монолог тәсілін ауқымды қолданғанының кепілі. Бір ғана адамның ішкі көңіл-күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету тәсілі болып табылатын ішкі монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі, қарапайым монологтың қызметін атқарады, қарапайым монологтың ішкі монологтан айырмашылығы – жүйелі сөз болып келуінде. Ал, ішкі монологта жүйелілік сақтала бермейді. Ішкі монологта бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды. Жалпы ішкі монолог тәсілі – әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен дамыған, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі зор, дербес бейнелеу құралы. (Г. Пірәлиева. Ішкі монолог) Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де бар. Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі мүмкін немесе тура кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал. Г. Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне талдау жасайды.

1. Шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындайға байланысты көрінеді. Мұның өзінің 3 түрі бар. 1) Еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог. 2)Жарым-жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, «ой ағысы» (поток сознание) 3) Өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог.

2. Оқиғаға қатысатын кейіпкер монологына автордың қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты. Ішкі монологтың бұл түрінен бірінші, екінші, үшінші жақпен баяндау түрлерінің қай-қайсыда тікелей сабақтас болып келеді.Ішкі монологқа қатыстылар: түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі диалог, ой ағысы, психологиялық жағдай, көзқарас, ишара, дауыс ырғағы. Ішкі монолог арқылы кейіпкер психологиясы ашылып, мінез-құлық ерекшелігі, кейіпкердің өзіне ғана тән сипат белгілері, оның ішкі дүниесінің қыртыс-қабаттары ашылады. Кейіпкер өз ойымен өзі, адам ішіндегі адаммен яғни санамен, оймен сырласу арқылы шындыққа жол ашады.

10. Эстетика категориялары. Әдемілік теориясы.Эстетиканың категориялары дегеніміз – эстетиканың негізгі мазмұны, өмірмен байланысы, қарастырылатын түсініктері. Эстетикалық категориялар көп, бірақ ең бастылары төртеу деп көрсетіледі. Олар: әсемдік, асқақтық, трагикалық және комикалық. Эстетика категориялары пайда болып, өсіп, кейде тіпті қайтадан керексіз болып жойылып та жатады, яғни бір орында қатып қалмайды. Мыс, 20 ғ.басында эстетика категорияларын санап берудің өзі мүмкін болмады. Исталия эстетигі Б. Кроче оларды былайша тізбектеп көрсетеді: әсемдік, трагикалық, комикалық, асқақтық, патетикалық, уайымшылдық, күлкішілдік, трагикомикалық, көңілділік, зорлықшылдық, қатыгездік т.б. категорияларды көрсеткенімен, олар өмршең болмады. Заман, қоғам өзгерістеріне сай толығып отырады. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізі катег.ның бірі – сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады. Үйлесімділік – белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Сұлулық – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды. Сұлулықтың күнделікті (онтологиялық) мағынасы, ең алдымен айқындылық, реттілік болып табылады. Одан кейінгі дәуірлерде ол жарасымдылық (гармония), теңгермелік, тыныштылық болып таныла бастады. Яғни, сұлулықтың астарында реттілік категориясы, әр заттың өз орнында болуы түрінде көрініс береді. Әдемілік теориясы Германияда XVIII-XIX ғасырларда орнықты. Бұған байланысты екі көзқарас болды: Гегель көне және орта ғасыр эстетикасына сүйене отырып, «әдемілік пен шынайылық» бір деп қарастырды. Ал, Кант Гегельге дейінгі бірнеше ондаған жылдарға дейін басқаша пікірде болды. Оның пікірінше «әдемілік затқа оның формасы арқылы беріледі. Яғни, эстетиканың мазмұны мен формасы айқындалды. Ежелгі және орта ғасырларда асқақтық қасиеті орнықты. Асқақтық Э. Берк пен Канттың ойынша күштілік болып табылады. Шиллер болса, Кантты толықтыра отырып, оны адамзат дүниесімен, оның көзсіз ерліктерімен байланыстырады. Ізгілік пен жылылықтан алыс сұлулық кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге мүлдем болмайды. Өмір мен өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып сұлулық, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Асқақтық категориясы – жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория. Трагедиялық категория қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-қасірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы. Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Комедиялық деп Э. Кассирер ұғымында, өткенмен қоштасу түрін айтады. Комедиялық белгілі әлеуметтік құбылыстың, адамдар іс-әрекеті мен мәнез-құлқының, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің алдыңғы қатарлы қоғам мұратына тарихи тұоғыдан сәйкес келмеуіне мысқыл түрінде көрінеді. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кезедеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа т.б. Эстетикалық мұрат категориясы – белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басымдылық. Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым-түсінігінің жиынтығы.Кант эстетикалық эмоцияның мынадай бағалауыштық сипатын ашады: 1) олар өздері қабылдайтын затқа қатысты әрекет жағынан байланысты емес; 2) олар логикалық әрекетпен байланыссыз; 3) олар жалпылық мәнде, яғни,еркін, тура субъективтік және кездейсоқ емес; 4) заттың мағынасына емес, тек формасына ғана бағыттала отырып, ойын сипатында болады. Кант эстетикаға назар аудара отырып, өзінің алдыңғы зерттеушілерден ерекшелігі, ол сұлулықтың объективтік қасиетінен гөрі, субъективтілігіне назар аударған.

11. Эпикалық образ. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.Образ-шығармашылық ой жемісі.Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады.Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі:романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке негізделеді. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды Со-нау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады. Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл — кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысын-да, образ атаулының айрықша мағыналы, мәнді түрі де осы — реалистік образ.

Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын орбаз. Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішінде біледі. Бұл ретте эпикалық жанр оның мінез-құлқын асықпай ашып танытуға, ойын, сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу машығына дейін оқырманға жайып салады. Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байқауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Э п и к а л ы қ о бр а з — кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен қаракеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсірөсе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қандай эпикалық образды алмайық, бәрінен бұрын, біздің көз алдымызға оның сыртқы түрі, кескін-кейпі келеді: “басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай” жалтыраған, жалтұмсық, “не қылайыны жоқ” қатал сақшы — жалғыз көзбен жан біткенге “тесіле, сыздана қарайтын” Құнанбай, шуда сақалы “тағалы ат тайып жығылғандай тақыр иегінен” зырғанап шықшытына ұйлыға қалған Жұман, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.

12. Көркем бейне. Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты және өзекті мәселесі-образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ-өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз. Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы «қиялдан туған» әлемге көшеді. Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да тән болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі.Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов. Кейде оқырман күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым ретінде қабылдайтыны бар. Бұл жағдай әсіресе, әдеби бейненің өмірдегі прототипі болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым емес. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады. Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады. Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі- тура мінездеу, тағы бірі- жанама мінездеу. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беру шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі. Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады. Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет. Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болас да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис – сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Реалистік образ – нанымды образ:оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Реалистік образ – типтік образ. Өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның ғана көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан. Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді.

13. Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы. Орта ғасырда Азия, Африка, Үнді жерлерінде мұсылман мәдениеті жасалды. Мұсылман философиясыныңбастауы жалқы болған жоқ. Ол алдымен, ҮІ ғасыр соңындағы араб мәдениеті, христиан және иудистік идеялардың алмасуының нәтижесі болса, 2-ден, ислам дінінің интеллектуалды деңгейі, 3-ден, түрік тілдес ұлттық мәдениеттің қалыптасуы және жетілуімен бірлікте болды.

Орта ғасырда Сирия мәдениетінің өкілдері әлемдік өркениетте өз орнын иеленді. Сирия мемлекеті Византия мен Иранның саяси күресінен өзін алшақ ұстап, біртіндеп Шығыс пен Батыстың арасын жалғастыратын мәдени ортаға айналды. Сириялықтар арқылы арабтар антикалық ғылыми мұраларымен, әсіресе, Платон, Аристотель, Гален, Гиппократ және басқа белгілі ойшылдардың еңбектерімен танысты. Орта ғасыр этикасында діни, құдайшылық сарындар жетекші орын алды. Ислам философтары құдайға қандай да бір келбет беруге қарсы болды. Олардың ойынша, «Құдайда дене де, рух та, түр де, субстанция да жоқ. Ол бөлінбейді». Ежелгі грек ілімдерінің таралуы ғылымды өркендетіп, оның жаңаша жетілуіне әсер етті. Түркі тектес тайпалардан білім, ғылымға ұмтылған адамдар шықты. Әл-Фараби (950-1870) адамды болмыстың 4-ші сатысына жатқызады. Адамның жетістігі оның ойлау қабілетінде. Ойлану обьектісі іске асса, ол жетістік. Жетістіктен адам жетіледі, бақытқа жетеді. Мәселен Ибн-Сина (980-1037) «бірінші парасатты убстанцияны жаратты. Парасатты субстанция аспан заттарын жетілдірді. Парасатты субстанцияныңболмыс желісі сезімтал, саналы жанмен бітеді»,-дейді. Ибн Халдун (1332-1406) Тунисте, Еипетте медреседе мұсылман құқығы бойынша дәріс берген. Ол өмірге бейімделе білуге ерекше назар аударған. Оның ойынша дін ғылымы мен рәсімін игермей, адамды өмір сүру тәсіліне үйретпей, тарихты жергілікті табиғи байлықпен және мәдениетпен ұштастырмай өркениетке жетуге болмады. Ахмет Иассауи (ХІІ) ақын, ойшыл, сопылық ағымның ірі өкілі. «Диуани Хикмет» кітабында жан тазалығын, діни имандылықты, ізгілікті насихаттайды. Ахмет Иүгінеки (ХІІ-ХІІІ) «Ақиқат сыйы» кітабында адам бойындағы әр түрлі қасиеттерді саралап, білімпаздық мен надандықты, жомарттық пен сараңдықты, дос пен дұшпан туралы кеңес айтып, адамгершілікке үндейді. Осы еңбектерде және М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг» еңбектерінде жалпы адамға тән асқақ ой, кемелділік, биік әсердің көрінісі, ізгілік секілді ұғымдар кең көрініс берді.

Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиетінің тарихы, дүниетанымдық ой-көзқарасы ұлттық тарихпен тығыз байланысты. Яғни, қазақ әдебиетінің тарихын, сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің туу, қалыптасу кезеңдерңн қазақ халқының азаматтық тарихының өткен жолымен бірге алып, қарастырудың мән үлкен.

Қазақ әдебиеттану ғылымының тууындағы негізгі фактордың бірі саналатын ұлттық әдеби мұраны игерудің алғашқы қадамдары қазақ әдебиетінің арғы бастаулары болып саналатынкөне түркі жазбалары мен ескерткіштерінен басталады.

«Күлтегін» әдеби жазба есткерткішін тасқа түсіруші Иолығ тегін - өз заманының ірі идеологі, мемлекет қайраткері, тарихшы ғана емес, үлкен ақыны. Оның өз дәуіріндегі әдебиеттің үлгілерін танымдық тұрғыдан бағалап, мәдени мұраны жазуға түсіруі, ежелгі дәуірде әдеби нұсқаның болғанын дәлелдейді. Яғни, әдеби мұраны игеруге деген қадамның тұңғыш ізашарын Орхон-Енисей ескерткіштерінен көреміз. Бұл ескерткіштер осы күнде тарихы белгілі ең көне шығарма үлгілері болып табылады. Ғалым И.В.Стеблева өзінің «ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы түріктер поэзиясы» еңбегінде бұл кезеңнңғ шығармасын тұтас «поэзиялық дастандар» деп бағалайды. Ал, Қ.Өміралиев Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің ұлттық әдебиеттегі орны туралы айта келіп, «Тоныкөк», «Күлтегін», «Могилян хан»сияқты ескерткіштер жазба әдеби нұсқалар. Олар хан жарлықтары мен шежірелердің үлгі-нұсқалары негізінде жазылған көркем шығармалар»,-дейді.

Ежелгі дәуірдегі халық тарихындағы көрнекті оқиғалар туралы поэзиялық дастандар, шежірелер мен аңыздар, өлең-жырлардың сақталуының 2 түрлі жолы болған.

1-ден, фольклорлық үлгі дәрежесінде халық аузында сақталды;

2-ден, жазба ескерткіш ретінде тас кітаптарға түсу арқылы сақталды. Жазба әдеби ескерткіштер арқылы алфавит жасау сияқты аса зор мәдени, тарихи құбылыс жүзеге асты.

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің табылуы ұлттық әдебиеттану ғылымына тікелей қатысы 3 түрлі мәселенің басын ашып береді:

1-ден,

2-ден, өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениеті мен өнерінің болғанын айғақтайды;

3-ден, бұл ескерткіштер өзінің поэтикалық қуатымен, тарихи-шежірелік сипатымен, ой, мазмұн тереңдігімен көне түркі тайпаларында сөз өнерінің жоғары дамығанын көрсетті. ҮІІІ ғасырда Түрік қағанаты құлағаннан кейін, түркі тілдес тілдес тайпалардың мәдениеті, өнері, әдебиеті, тілінің өркендеген жері қазақ даласы болды. Ислам діні өркендеп, кең қолданылған руна жазуы ығыстырылды. ІХ ғасырдың соңына қарай араб мәдениеті өркендеді. Түркі тектес тайпалардан шыққан Хорезми, Әл-Фараби, Әбу Райхан, Бируни, Ибн Сина, Фирдоуси, Рабғузи, М.Қашқари, Яссауи, О.Хайям, Ж.Баласағұн секілді даналардыңғылым иелерінің көркем шығармалары мен ғылыми зерттеу еңбектерінің әдебиеттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөлі болды.

Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдардың арасынан басқа ғылым салаларымен қатар, сөз өнері туралы ғылыми түсінікті зерттеушілік тұрғыда алғаш көтерген Әл-Фараби. Оның «Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдарды классификациялау», «Аристотель еңбектеріне түсініктеме», «Өлең кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы», «Поэтика және поэтикалық ойлау», «Поэтикалық шығармалар түрі» және т.б. еңбектерде сол кездегі өнер, тіл, әдебиет мәселелері мен өлеңтану саласындағы әдеби-теориялық, әдеби-зерттеушілік ой-пікірдің биіктігін танытты.

Х-ХҮ ғасыр аралығында ХІ ғасырда өмір сүрген М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» деп аталатын сөздікте түркі тілінің грамматикалық ғылыми жүйесін жасады.

Х-ХІІ ғасырларда философиялық әрі моральдік-этикалық трактаттар Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Игүнекидің «Ақиқат сыйы», А.Яссауидің «Диуани хикмет», С.Бақырғанидің «Бақырғани кітабы» өз септіктерін қосты.

Тарихта Алтын Орда деп аталған мемлекет қалыптасты (ХІІІ), әдеби мұралар туды: «Жүсіп-Зылиха», «Мұхаббатнаме», «Оғызнаме», «Хұсрау-Шырын», «Қисса сұл әнбия», «Жұмжұма», «Гүлстан бит түрк», т.б.

Бізге жеткен М.Салихтың «Шайбанинаме», М.Х.Дулатидің «Тарихи и Рашиди», Рашид аддиннің «Жами ат тауарих», З.Бабырдың «Бабырнаме», Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресі» еңбектердің қазақ халқының ертедегі тарихын зерттеп, тануда маңызы зор.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)