Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 4. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік.

Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. C) физиологиялық, қауіпсіздік, әлеуметтік, сыйластық, өзін-өзі таныту қажеттіліктері
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  6. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  7. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?

Леуметтану» пәнінен семинарлық сабақтардың жоспары


Семинарлық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Тақырып 1. Әлеуметтану ғылым ретінде.

1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2. Әлеуметтанудың құрылымы.

3. Әлеуметтанудың қызметі.

 

Негізгі түсініктемелер мен терминдер: объект, пәні, әлеуметтік, теориялық әлеуметтану, эмпирикалық әлеуметтану, «орта деңгей теориясы», макросоциология, микросоциология, функциялар.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Әбсатаров Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

 

Бірінші сұрақ бойынша - социологияның объектісін, пәнін анықтау. Әсіресе социология пәнінің дискуссиялық проблемасына негізгі көңіл бөлу, бұл проблеманың маңыздылғын ашу керек. «Әлеуметтік» деген негізгі түсініктемені қарастыру. Әлеуметтік жағдай процестеріне мысал келтіру қажет. «Әлеуметтік», «қоғамдық» деген түсініктемелерді салыстыру.

Екінші сұраққа дайындалған кезде теориялық, эмпирикалық әлеуметтану мағынасына тоқталу, «орта деңгей теориясына» түсініктеме беру,оны ғылыми қолдануға Р. Мертонның енгізгеніне түсініктеме беру. Макро- және микроәлеуметтану деңгейлерінің айырмашылығын анықтау, оларға мысал келтіру қажет.

Үшінші сұрақ бойынша социологияның қолданбалы, болжамдық, идеологиялық, танымдылық тағы басқа қызметтеріне тоқталып кету.

 

 

Тақырып 2,3. Әлеуметтік білімнің даму тарихы.

1. Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде дамуына ықпал еткен ұғымдар.

2. ХІХ ғ. классикалық әлеуметтануы (О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс).

3. ХХ ғ. классикалық әлеуметтануы (Э.Дюркгейм, М.Вебер).

4. Қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (ХІХ ғ ІІ жарты – ХХ ғ) (Шоқан, Ыбырай, Абай, Байтұрсынов, Бөкейханов)

5. Қазіргі заманның әлеуметтануының негізгі бағыттары (құрылымдық функционализм, жанжал теориясы, интеракционализм)

 

Негізгі түсініктемелер мен терминдер: позитивизм, әлеуметтік дарвинизм, тарихтың материалистік түсінігі, социологизм, идеалдық тип.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

2. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

3. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

4. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

5. Әбсатаров Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

6. Абай. Қара сөздер. А., 2002

 

Бірінші сұрақты қарастыра отырып, әлеуметтану дербес ғылым ретінде ХІХ ғ ортасында пайда болғанын және бұл пәннің дамуына әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, дүниетанымдылық ұғымдарының ықпал еткендерін қарастыру.

Екінші-бесінші сұрақтарға дайындалғанда, «ХІХ-ХХ ғғ әлеуметтану дамуындағы негізгі бағыттар» деген оқулықтарды қаратыстыра отырып, мына кестені толтыру керек.

 

Әлеуметтік ойдың негізгі бағыттары Өкілдері Басты идеялары

 

Тақырып 4. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік.

1. Қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік таптық құрылым.

2. Әлеуметтік стратификация және стратификациялық жүйе моделі.

3. Әлеуметтік мобильділік.

 

Негізгі түсініктемелер мен терминдер: тап, әлеуметтік таптық құрылым, қабат, деффиренциация, стратификация, теңсіздік, әлеуметтік мобилділік.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

5. Габдуллина К.Г. Социология. Тараз, 1999.

 

Бірінші сұрақ бойынша кең және тар мағынада «әлеуметтік құрылым» түсініктемесін ашу. Қоғамның әлеуметтік тап құрылымына мінездеме беру және «тап» түсініктемесің қарастыру.

Екінші сұрақ бойынша «деффиренциация», «стратификация» түсініктемелерін салыстыру, «страта» түсініктемесін ашу. Стратификация негіздеріне: табыс, билік, білім, престиж түсініктеме беру. Стратификация мен теңсіздіктің қандай байланысы болатынын қарастыру. Стратификацияның батыс және шығыс модельдерінің маңыздылығын айту. Қазақстан қоғамының стратификациясы қандай?

Үшінші сұрақ бойынша «әлеуметтік мобильділік» түсініктемесін ашу және әлеуметтік мобильділіктің тік және көлденең, жеке және топтық түрлерін қарастыру.

 

Тақырып 5. Әлеуметтік өзгерістер.

1. Әлеуметтік өзгерістердің түрлері мен түсініктемелері.

2. Әлеуметтік өзгерістердің механизмдері және факторлары.

3. Әлеуметтік прогресс және әлеуметтік тұрақтылық.

 

Негізгі түсініктемелер мен терминдер: даму, әлеуметтік өзгеріс, эволюция, революция, реформа, прогресс, регресс, ғылыми техникалық прогресс, тұрақтылық, инновация.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

5. Энциклопедический социологический словарь. М.,1995.

6. Аитов Н., Бекенов К. Социология. А.,2002.

 

Бірінші сұрақ бойынша «әлеуметтік өзгерістер», «әлеуметтік даму» түсініктемелерін қарастыру және салыстыру. Қоғамдағы болып жатқан құрылымдық өзгерістер, функционалды өзгерістер, мотивациялық өзгерістер және әлеуметтік процестерге, өзгерістерге міңездеме беру. Эволюциялық және революциялық өзгерістерді салыстыру. Екінші сұрақ бойынша әлеуметтік өзгерістердің механизмдерін аша отырып әлеуметтік өзгерістердің қалай пайда болғанын айту, бұл процестерге жаңа инновацияның ролі қандай болатынын түсіндіру. Әлеуметтік өзгерістердің негізгі экономикалық, саяси, технологиялық, идеологиялық тәрізді факторларын мінездемелеу.

Үшінші сұрақ бойынша әлеуметтік прогресс түсініктемесін қарастыру, қазіргі қоғам даму бағыттарын талдау, қазіргі қоғамда прогресті дамытуға не кедергі жасайтынын анықтау. Прогресс пен тұрақтылықтың байланысы неде екенін қарастыру.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 205 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Методические рекомендации по подготовке к семинарским занятиям по философии| Тақырып 8,9. Әлеуметтік зерттеу әдістемесі, әдісі және техникасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)