Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шағынқырнауларды дайындау

Читайте также:
  1. Тоқыма өнеркәсібінде төрт түрлі негізгі бөлістер болады: шикізатгы дайындау; жіп иіру, тоқу, өндеу (әдемілеу).

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

ШАҒЫНҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Жұмыстың мақсаты: Шағынқұрылымдық талдауға арналған үлгіні дайындау әдістерін үйрену, металлографиялық микроскоп «МИМ-7»

құрылысымен танысу.

Рал - жабдықтар мен материалдар

Көміртекті болаттардың үлгілері, ажарлау-жалтырату станогы, уландыру және жууға арналған химиялық реактивтері, сүзгі қағаз, металлографиялық микроскоп “МИМ -7”.

Шағынқұрылымдық талдаудың жалпы сипаттамасы

Шағынқұрылымдық талдау әдісі деп металдар мен қорытпалардың

кұрылымын микроскоп арқылы зерттеуді айтады. Зерттелген үлгінің бақыланған құрылымын шағынқұрылым деп атайды. Шағынталдау металдар мен қорытпалардың құйылған күйінде, сондай-ақ әртүрлі жылумен өңдеу және пластикалық түрөзгеруден кейінгі құрылымы анықтауға мүмкіндік береді.

Ең алғаш рет оптикалық шағынқұрылымдық талдау әдісімен кұрылымды зерттеуді 1831 жылы П.Аносов ұсынған. Бұл әдіс қазіргі кезде металл үлгілерін зерттеу үшін және өнеркәсіптік жадығаттарын техникалық тексеру өткізу үшін кеңінен қолданылады.

Қажетті үлкейтуіне немесе күйтүрлерді болу жағдайына байланысты құрылымды зерттейтін микроскоптарда пайдалануға болады:

1) Оптикалық шағынқұрылым;

2) Ультракүлгін шағынқұрылым;

3) Электронды шағынқұрылым.

Көбінесе микроскоптың қарапайым түрі - оптикалық микроскоп кеңінен қолданылады.

Бірнеше оннан 2000-3000 есе үлкейтіп, үлгілердің құрылымын қадағалауға ақ түсті жарық мүмкіншілік береді. Бірақ жарық толқындарының дифракциясына байланысты оптикалық микроскоптың пайдалы үлкейту шегі 1500 ретті санмен шектелген, сондықтан металлографиялық микроскоп көмегімен ең кіші көлемі 0,2 мкм-ден аспайтын түйірлерді анықтауға болады.

Металдар мен қорытпаларды шағынқұрылымдық зерттеу тәсілдері келесі жұмыстардан тұрады:

а)қырнауларды дайындау(ажарлау және жалтырату)

ә) қырнауларды уландыру(құрылымды айқындау)

б)микроскоппен тәжірибелік үлгілердің құрылымын зерттеу

Шағынқырнауларды дайындау

Металдардың құрылымын зерттеу үшін шағынқырнау дайындау қажет.

Ең сипаттаушы бұйым диаметрі 10-15 мм, биіктігі 7-15 мм цилиндр немесе қыры 10-15 мм текше ойып алынады. Бұл жағдайда келесі пікірлерді ескеру қажет.

1)Құйылған бұйымның шағынқұрылымы кұйманың әртүрлі қимасында тексеріледі, өйткені әр бөлшектің әр тармағы әртүрлі жылдамдықпен суиды.

2)Пластикалық түрөзгеруге түскен бұйымның шағынқұрылымын металдың ағу бағытында, кейде оған перпендикуляр бағытта зерттейді;

3)Жылумен өңдеуден өткен бұйымдардың беттік жэне ішкі қабаттарының шағынқұрылымын анықтайды.

Әдетте қырнау технологиясы келесі қарекеттерден тұрады:

а) Қол араның немесе токарлық станоктың көмегімен қырнауды ойып алу және егеу. Қырнаудың зерттелетін беті зімпаралық шеңбер немесе егеумен жазықтықта егеледі. Құрылым өзгермеу үшін қырнаудың қыздыру температурасы 100° С - ден аспау керек;

ә) Ажарланатын шағынқырнаудың жалпақ бетін тегіс бетте орналасқан айнаға немесе айналу шеңберіне бекітілген зімпара қағазымен ажарлау керек. Ажарлауды қолмен немесе жарақтылық станокта жүргізуге болады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Первый циркуляр| Микроскоптың әртүрлі бөліктерінің жұмысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)