Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жөндеу. Таратқыш қорапты шашу.

Таратқыш қорапты шашу үшін мынадай ретті орындаңыз.

1. Таратқыш қорап пен беріліс қорабына бекітілген сомындармен бұрандаларды бұраңыз және түйіндерді ажыратыңыз. Беріліс қорабының ұяшығынан аралық біліктің табан сақинасын суырып алыңыз. Төсеніштерді ұштастырылған шеттен алыңыз.

2. Қуат тесігінің қақпағын ашыңыз.

3. Штокпен тұтқамен бірге қосқыш механизмінің қақпағын ашыңыз.

4. Бұранданы бұрап тежегіш механизмін алыңыз.

5. Артқы белдікті беріліс білігіндегі фланец сомынын бұрап фланецты шығарыңыз.

6. Таратқыш қораптағы тежегіш механизміне бекітілген бұрандаларды бұрап оны ашыңыз.

7. Алдыңғы белдікті жетек білігінен фланецті алып, осы біліктің алдыңғы мойынтірегінің қақпағын түймемен қосып алыңыз.

8. Картердегі бұрандаларды бұрап, картерді бөлшектері қақпақтың ішінде қалатындай етіп ажырату қажет. Бітеуіш пен мойынтірек стақанын қажет болмаған жағдайда алмаңыз.

6- сурет. Штоктарды соғу және ашаларды алу

9. Қосқыш штоктардың тоқтатқыш пластинасын алып, мыс балғамен штоктарды соғыңыз (6- сурет) сол уақытта одан қосқыш ашаларды шығарыңыз. Сонымен қатар ашадағы бекіткіштің серіппесімен шариктерін түсіп қалмауы үшін қолмен ұстап тұрыңыз.

7- сурет

10.Спидометрдің жетектегі тістегірішінен штуцердің тоқтатқышын алыңыз және тістегірішті штуцермен бірге суырыңыз (7- сурет)

8-сурет. Мойынтіректен тоқтатқыш сақиналарды шығару

9-сурет. Таратқыш қораптан білікті шығару

11.Аралық біліктердің және алдыңғы белдікті беріліс жетегінің мойынтіректердің қақпағын ашыңыз. Мойынтіректің тоқтатқыш сақинасын шығарыңыз (8-сурет) және біліктерді соғыңыз (9-сурет)

10-сурет. Артқы белдікті жетек білігінен мойынтіректі алу

12. Қысқыш арқылы мойынтіректерді біліктерден шығарыңыз

13. Артқы белдік жетек білігін қысыңыз. Одан май кайтарғышты, спидометрдің жетекші тістегірішін және қысқыш арқылы мойынтіректі шығарыңыз.

14. Артқы белдікті жетек білігінің артқы мойынтірегінің қақпағын ашыңыз және мойынтіректі суырып алыңыз.

15. Тұтқаның өсіндегі сомындарды бұрап, тұтқаны қысып шығарыңыз.

16. Тұтқаның кронштейнін шығарыңыз.

 

11-сурет. Қосқыш механизмін шашу.

17. Қосқыш механизмінің қақпағынан бес бітеуішті ұрыңыз.Тұтқадан штифтерді бітеуіштің түсетін жағына қарай ұрыңыз. (11-сурет.)

18. Алдыңғы белдіктің қосқыш штогін суырыңыз, шарикті бүйір жағынан шығарып, тура және төмендеткіш берілістің қосқыш штогін суырыңыз.

12-сурет. Аралық біліктегі роликтік мойынтіректен ішкі сақинаны шығару.

Бөлшектің техникалық күйіне баға беру.

 

Таратқыш қораптың барлық бөлшегін шашқаннан кейін мұқият керосинмен жуып, ауада кептіріп, қарап шығу қажет. Осыдан келесіге назар аударыңыз.

Таратқыш қораптың картері мен қақпағы. Сыртын тексеруде картер мен қақпақтың құлағында сызаттар, жарылулар мен сынықтарды мұқият тексеру, сондай-ақ саңылаудағы бұранданың жағдайына, тығыздалған беттерде жапырулар мен қылаулардың жоқтығын тексеру. Олар болған жағдайда картермен қақпақты ауыстыру қажет. Майда міндерді тазылаңыз. Есте сақтаңыз, таратқыш қораптың картері мен қақпағы бірге дайындалады сондықтан да әртүрлі таратқыш қораптарда бірін-бірі алмастыралмайды.

Тістегіріштер. Тістерінде жапырулармен жарықтар болмауы қажет. Тістердің бүйір бетінде жаншылудың іздері болмауы қажет. Отырғызылатын беті бөлшектердің ортаға келтіруін бұзатын бұзулар мен тозулар болмауы қажет. Ескі тістегірішті алмастырыңыз.

Таратқыш қораптың біліктерінде бұзылған бұрамалар болмауы қажет. Білік шлицаларының бүйір бетінде жапырулар, қылаулармен терең жаншылулар болмауы қажет. Ескі біліктерді ауыстырыңыз.

Кардандық біліктердің ернемегіндегі шлиц ойығының ені 4,645мм-ден аспауы қажет. Мойынтіректер бөлгіштерінің бұзылулары, сызаттары мен доңғалақтарының жарылулары және жүретін жолының үгітілуі сондай-ақ өстік және радиалдық саңылауларының кеңейуі болмауы қажет. Ескі мойынтіректерді алмастырасыз.

Түймелердің жұмыс бетінде сынулар, жарықтар және сызаттар болмауы қажет. Жұмыс бетінің тозу жолағы 2мм-ден аспауы қажет.Ескі түймелерді алмастырасыз.

Қосқыш ашаларда сызаттар, жарықтар және үлкен тозу болмауы қажет. Ескі бөлшектерді алмастырасыз. Қосқыш механизмінің штогі саусаққа жақсы бекітілуі қажет.

Картерді жинау

1. Жетекші білік мойынтірегінің тіреніш стақанын картердің тіренішіне дейін тығыздаңыз.

13-сурет. Роликтік мойынтіректі картерге отырғызу.

2. Роликтік мойынтіректі 6-0,5мм өлшемде ұстап тұрып картерге отырғызу (13-сурет).

3. Май ағызатын және май құятын тығындарды бұраңыз.

4. Аралық білік мойынтірек тығынын қойыңыз және жымдастырыңыз.

Қақпақты жинау.

1. Түймені қақпақтың тіренішіне дейін отырғызу.

2. Түйменің жұмыс ернеуінің қуысын литол-24 майымен толтырыңыз.

Артқы белдік жетек білігін жинау.

14-сурет. Мойынтіректі артқы белдік жетек білігіне отырғызу.

Мойынтіректі біліктің тіренішіне дейін отырғызыңыз (14-сурет.).

Аралық білікті жинау.

1.Роликті мойынтіректің сақинасын білікке отырғызыңыз.

2.Аралық белдікті қосқыш тістегірішін білік шлицасы арқылы білікте оңай қозғалуы үшін ең аз саңылауда отырғызыңыз.

3.Мойынтірек білігіндегі артқы сақиналарды тіреніш сақинаның жырашығы сыртынан жылжитындай етіп отырғызыңыз

 

15-сурет. Білік ойығындағы ернеуінен сомынның бұралуын тоқтатқыш және құрал-жабдықтың -профилі. А-тоқтайтын орын Б- құрал-жабдықтың профилі.

4. Тоқтатқыш сақинаны орнатыңыз.

16-сурет. Құрастырылған аралық білік

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 298 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Автокөтергіш| Основные термины

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)