Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

САМАЙ-ТӨМЕНП ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АРТРОЗЫ

Мұрын сүйектерінің сынықтары | ТІСТЕРДІҢ ШЫҒЫП КЕТУІ ЖӘНЕ СЫНУЫ | Төменгі жақтың шығуы | БЕТ КҮЙІКТЕРІ | Химиялық күйіктер | Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары | Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаты | ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ. СЕПСИС, МЕДИАСТЕНИТ, БЕТ ВЕНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МИ ҚАБЫҒЫ СИНУСТАРЫНЫҢ ТРОМБОФЛЕБИТІ | Шкүл нерв жүйесінің невралгиясы | Мимикалық бұлшықеттердің салдануы |


Читайте также:
  1. ЖАҚ БЕТ АЙМ АҒЫНЫҢ ҚАБЫНУ ДЕРТТЕРІ
  2. ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ. СЕПСИС, МЕДИАСТЕНИТ, БЕТ ВЕНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МИ ҚАБЫҒЫ СИНУСТАРЫНЫҢ ТРОМБОФЛЕБИТІ
  3. ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ КАБЫНУ
  4. ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ АБСЦЕСТЕРІ МЕН ФЛЕГМОНАЛАРЫ
  5. ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАР
  6. ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТУБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ
  7. ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК ҚУЫСЫНЫҢ ОДОНТОГЕНДІ

Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық жәңе эндокринопатиялық зақымдануларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бүлшықеттерінің өзгерістері де ж.ітады, Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тпіінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Осыған байланысты буынның тіндерінде инфекциясыз дегене-р.пивті өзгеріс басталады. Кейбір авторлар мүны артроз-артриттер исмесе артроздар, дегенеративті артриттер, артропатиялар, гипертрофикалық артриттер деп атайды. Склероздаушы артроздар кезінде буынның сүйек кемігінің терең және беткей бөліктерінің склероздары байқалады.

Деформациялаушы артроздар кезінде төменгі жақтың буын өсіндісінде біз тәрізді сүйек өсінділері шығып кетеді. Самай төменгі жақ буынының артрозында ауыру сезімі байқалмайды. Науқастар әдетте буындарының сықырлайтынына, таңертең буыны дұрыс қозғалмай уқалағаннан кейін түзелетіндігіне иі.нымдайды. Олар көбінесе мұндай аса мазаламайтын нәрселерге көңіл аудармай дәрігерлерге кейін қайтпайтын өзгерістер шыққан кезде келеді. Аурудың өзіне тән белгілері аталған тәртіппен келмейді. Буынның сықырлауы кейде аурудың басында болса, кейде буынның қызметі бузылған кезде пайда болады. Бул кезде төменгі кақтың төмен және екі жағына қозғалысы шектеледі. Рентген корінісі самай-төменгі жақ буынының зақымдану дәрежесіне бай-ішнысты болады. Склерозды артрозда буын саңылауының тарылғаны, буын басының деформациясы байқалса, деформациялы артрозда буын басы мен буын төмпешігінің қатты деформациясы байқалады. Буын басының қозғалысы өзгереді.

Артроздардың консервативті емі: 1. Буынға бір ай бойы түнге қарай өтпен компресс жасау; 2. Буын аймағына медициналық өтпен электрофорез жасау; 3. Парафин емі; 4. Батпақ емі. 5. Егер, процесс асқынса төменгі жақты уақьггша бекіту, содан кейін ме-ханотерапия жасау.

Буын басындағы өзгерістер қайтымсыз болғанда консервативті ем тиімсіз болса оперативті ем қолданылады.

Жарақатты деформациялы артроздың хирургиялық емінің негізгі мәселесі тек қана зақымданған буын басын алып тастау емес, сонымен қатар буынның анатомиялық біртұтастығымен, оның қызметін қалыпқа келтіру. Ең тиімді әдіс алдын ала кон-сервіленіп дайындалған өліктің төменгі жағының буын өсіндісін ортотопиялық трансплантация жасау. Себебі ол материалмен, аурудың алып тастаған өсіндісінің қурылысы мен пішіні ұқсас. Бұл операция кезінде тек буын өсіндісі ғана емес, бұлшықеттер, буын қапшығы, буын шеміршектері қоректенетін сүйық бөлетін синовиальды қабаты да қалыпқа келтіріледі. Осылармен қатар экспери-менттік жүмыстардың нәтижелері көрсеткендей (Плотников Н. А., Золотарев Ю. Б.) сыртқы қанатша ет пен буын қапшығының аллотрансплантантқа бекітілуі себептерінен оның тамырлануы жылдамдайды.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АУРУЛАРЫ| Самай-төменгі жақ буынының анкилозы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)