|
1. Тәждік қан тамырлардың тонусын жоғарылатады
2. Қан тамырларда альфа-адренорецепторларды ынталандырады
3. Жүректің жиырылу күшін төмендетеді
4. Жүректің оттегіге қажеттілігін арттырады
5. Калий каналын тежейді
Тест №94. Вазодилататорлық қасиет тән бета-адреноблокатор:
1. Пропранолол
2. Атенолол
3. Небивалол
4. Бисопролол
5. Метопролол
Тест №95. Жүректің ишемиялық ауруында триметазидин қолданылады, ретінде:
1. Қан тамырларын кеңейтетін зат
2. Кардиотоникалық зат
3. Диуретикалық зат
4. Кардиопротекторлық зат
5. Антиангиналды зат
Тест №96. Вазоспастикалық стенокардияда таңдамалы препараттарға жатады:
1. Триметазидин, изосорбид динитраты, валидол
2. Алинидин, морфин гидрохлориді, верапамил
3. Пропранолол, нитроглицерин, омнопон
4. Пармидин, никорандил, клофелин
5. Верапамил, нифедипин, дилтиазем
Тест №97. Препаратты анықтау: брадикардиялық затқа жатады, миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді, әсер ету механизмі синустық түйіннің автоматизміне тікелей тежегіш әсер етуіне байланысты, антиангинальды қасиетімен қатар антиаритмиялық әсер көрсетеді. Стенокардияны емдеу үшін қолданылады:
1. Изосорбид динитраты
2. Дилтиазем
3. Триметазидин
4. Алинидин
5. Пропранолол
Тест №98. Препаратты анықтау: миокардқа оттегінің келуін жақсартады, коронароспазмды рефлекторлы тежейді, қысқа уақыт әсер етеді, стенокардияның бірінші ұстамасын тоқтату үшін, сонымен қатар стенокардияның жеңіл түрлерінде қолданылады:
1. Верапамил
2. Валидол
3. Омнопон
4. Изосорбид динитраты
5. Нифедипин
Тест №99. Изосорбид динитраты қолданылады:
1. Стенокардия ұстамасын тоқтату үшін
2. Миокард инфарктында ауыру сезімін тоқтату үшін
3. Тромбтарды еріту үшін
4. Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін
5. Қарыншалық аритмияны тоқтату үшін
Тест №100. Изосорбид динитраты – келесі топтың антиангинальды заты:
1. Кальций каналының тежегіштері
2. Калий каналының активаторлары
3. Органикалық нитраттар
4. Брадикардиялық заттар
5. Бета - адреноблокаторлар
Тест №101. Ивабрадин:
1. Бета - адреноблокатор
2. Органикалық нитрат
3. Брадикардиялық зат
4. Калий каналының активаторы
5. Миотропты спазмолитик
Тест №102. Гликозидтік кардиотоникалық заттар:
1. Дигоксин, алинидин
2. Дигитоксин, коргликон
3. Нитроглицерин, дилтиазем
4. Добутамин, пропранолол
5. Триметазидин, никорандил
Тест №103. Іркілістік жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда жүрек гликозидтерін қолданғанда байқалады:
1. Жүректің систолалық көлемі төмендейді
2. Тахикардия дамиды
3. Ісіну азаяды
4. Диурез азаяды
5. Венозды қысым жоғарылайды
Тест №104. Жүрек гликозидтерінің оң инотропты әсерінің механизмі:
1. Натрий-калий АТФ-азы белсендіредіі
2. Жүрекке рефлекторлы әсер етеді
3. Кезбе жүйкені рефлекторлы ынталандырады
4. Жасуша мембранасының Na-K-АТФ-азасын тежейді
5. Аденилатциклазаны белсендіреді
Тест №105. Антиагреганттық активтілік тән және тәждік тамырларды кеңейтетін әсер көсететін препарат:
1. Клопидрогел
2. Дипиридамол
3. Гепарин
4. Викасол
5. Варфарин
Тест №106. Жүрек гликозидтерінің теріс хронотропты әсерінің механизмі:
1. Жүректің бета-адренорецепторларын тежейді
2. L-типті кальций каналдарын тежейді
3. Атриовентрикулярлы түйінге атропинтектес әсер көрсетеді
4. Кезбе жүйкені рефлекторлы ынталандырады
5. Аорта доғасының барорецепторларын тежейді
Тест №107. Миокард инфарктында қолданылатын тікелей антикоагулянт:
1. Атенолол
2. Дипиридамол
3. Викасол
4. Сустак
5. Фраксипарин
Тест №108. Жедел жүрек жеткіліксіздігінде таңдамалы препараттар болып табылады:
1. Холестирамин, строфантин К
2. Коргликон, добутамин
3. Пармидин, гемфиброзил
4. Токоферол ацетаты, фозиноприл
5. Пробукол, дигитоксин
Тест №109. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын жүрек гликозидтері:
1. Нифедипин, гидрохлортиазид
2. Пропранолол, спиронолактон
3. Каптоприл, добутамин
4. Дигитоксин, дигоксин
5. Лозартан, метопролол
Тест №110. Бета-адреноблокаторлардың қолданылуы:
1. Қарыншалық және қарыншаүстілік аритмияларда
2. Тек қарыншалық аритмияда
3. Тек қарыншаүстілік аритмияда
4. Атриовентрикулярлық тосқауылда
5. Брадикардияда
Тест №111. Диуретиктердің гипотензивті әсер ету механизмі:
1. Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі
2. Қан плазмасында кальцийдің төмендеуі
3. Қанда калийдің төмендеуі
4. Вегетативті ганглийдің тежелуі
5. Тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуі
Тест №112. Ловастатиннің гиполипидемиялық әсер механизмі:
1. Холестериннің сіңірілуін тежейді
2. Ағзадан өт қышқылының шығарылуын жоғарылатады
3. Холестериннің катаболизмін активтейді
4. Холестериннің синтезін тежейді
5. Қан тамырлары қабырғаларының зақымдануына кедергі жасайды
Тест №113. 3-гидрокси-3- метилглутарил коэнзим А-редуктаза ингибиторы:
1. Холестирамин
2. Гемфиброзил
3. Пармидин
4. Ловастатин
5. Никотин қышқылы
Тест №114. Қанда негізінен холестериннің деңгейін төмендететін гиполипидемиялық заттар:
1. Пармидин
2. Аскорбин қышқылы
3. Токоферол ацетаты
4. Арахиден
5. Ловастатин
Тест №115. Қанда негізінен үшглицеридтердің деңгейін төмендететін гиполипидемиялық зат:
1. Никотин қышқылы
2. Пармидин
3. Токоферол ацетаты
4. Холестирамин
5. Гемфиброзил
Тест №116. Пармидиннің атеросклерозға қарсы механизмі:
1. Қан тамырлары қабырғаларының зақымдануына кедергі жасайды
2. Холестериннің синтезін тежейді
3. Холестериннің сіңірілуін тежейді
4. Ағзадан өт қышқылының шығарылуын жоғарылатады
5. Холестериннің катаболизмін активтейді
Тест №117. Қанда холестериннің және үшглицеридтердің деңгейін төмендететін гиполипидемиялық зат:
1. Пробукол
2. Никотин қышқылы
3. Токоферол ацетаты
4. Холестирамин
5. Линетол
Тест №118. Өт қышқылының секвестранты:
1. Никотин қышқылы
2. Токоферол ацетаты
3. Пармидин
4. Арахиден
5. Холестирамин
Тест №119. Гиполипидемиялық заттар:
1. Нитроглицерин, пармидин
2. Пропранолол, верапамил
3. Гемфиброзил, холестирамин
4. Триметазидин, никорандил
5. Ловастатин, атенолол
Тест №120. Ангиопротектор:
1. Гемфиброзил
2. Пармидин
3. Аскорбин қышқылы
4. Никотин қышқылы
5. Линетол
Тест №121. Гемфиброзилдің гиполипидемиялық әсері байланысты:
1. Бауырда ТЖЛП түзілуін жоғарылатады
2. Ағзадан өт қышқылын шығару
3. Эндотелий липопротеинлипазасымен липидтердің гидролизін күшейту
4. Липопротеинлипазамен липидтердің гидролизін төмендету
5. Эндотелий жасушаларында липидтердің тотығуын азайту
Тест №122. Статиндердің уытты әсерінің негізгі көріністеріне жатады:
1. Ауыр аритмия
2. Ет тіндерінің зақымдануы (миопатия)
3. Өт тастарының пайда болуы
4. Жедел панкреатиттің дамуы
5. Асқазан ісігінің пайда болуы
Тест №123. Миокард инфарктының алдын алу үшін қолданылатын антиагрегант:
1. Гепарин
2. Фенилин
3. Стрептокиназа
4. Клопидогрел
5. Лепирудин
Тест №124. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын тіндік фибринолитик (тіндік профибринолизиннің активаторы):
1. Дипиридамол
2. Эпопростенол
3. Алтеплаза
4. Фепромарон
5. Урокиназа
Тест №125. Жаңа түзілген тромбты еріту үшін қолданылатын антикоагулянт:
1. Пентоксифиллин
2. Гепарин
3. Варфарин
4. Тиклопидин
5. Фенилин
Тест №126. Жүрек гликозидтерінің қолдануға көрсетілулері:
1. Жүрек жетіспеушілігі
2. Атриовентрикулярлы тосқауыл
3. Брадиаритмия
4. Гипертониялық ауру
5. Инфекциялық миокардит
Тест №127. Негізінен эфференттік иннервацияға әсер ететін антиаритмиялық заттар:
1. Натрий каналының тежегіштері
2. Бета – адреноблокаторлар
3. Калий каналының тежегіштері
4. Хинидинтектес заттар
5. Кальций каналының тежегіштері
Тест №128. Брадиаритмияда қолданылады:
1. Хинидин, новокаинамид
2. Лидокаин, дифенин
3. Амиодарон, верапамил
4. Дилтиазем, адреналин
5. Изадрин, атропин
Тест №129. Мембранатұрақтандырғыш антиаритмиялық заттар:
1. Гепарин, индапамид
2. Пропранолол, фуросемид
3. Изадрин, дибазол
4. Новокаинамид, хинидин
5. Адреналин, омапатрилат
Тест №130. Миокард инфарктында дамитын қарыншалық тахиаритмияда таңдамалы препарат болып табылады:
1. Верапамил
2. Хинидин
3. Дигоксин
4. Пропранолол
5. Лидокаин
Тест №131. Лидокаинге, антиаритмиялық әсермен қатар, келесі фармакологиялық әсер тән:
1. Антиангиналды
2. Кардиотоникалық
3. Жергілікті жансыздандырғыш
4. Гиполипидемиялық
5. Гипертензивті
Тест №132. Атриовентрикулярлық тосқауылда қолданылатын зат:
1. Пропранолол
2. Верапамил
3. Изадрин
4. Лидокаин
5. Дифенин
Тест №133. Дифенин, антиаритмиялық әсерімен қатар, көрсетеді:
1. Антигипертензивті әсер
2. Антиангиналды әсер
3. Эпилепсияға қарсы әсер
4. Паркинсонға қарсы әсер
5. Қабынуға қарсы әсер
Тест №134. Бета адреноблокаторлар стенокардияда қолданылады, себебі:
1. Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді
2. Миокард жасушаларының ишемияға төзімділігін жоғарылатады
3. Миокардқа оттегінің келуін төмендетеді
4. Кардиопротекторлық әсер көрсетеді
5. Анальгетикалық әсер тән
Тест №135. Препаратты анықтау. Қалқанша безі гормонының синтетикалық аналогы, левотироксиннен 3-4 есе белсенді, гипотиреоидты команы емдеуде жұптастырылған ем үшін қолданылады. Орын басушы ем үшін ұсынылмайды, себебі жартылай шығарылу кезеңі қысқа:
1. Левотироксин
2. Калий перхлораты
3. Мерказолил
4. Тиреокомб
5. Трийодтиронин
Тест №136. Препаратты анықтау. Құрамында трийодтиронині, левотироксині, калий йодиді бар жұптастырылған препарат:
1. Мерказолил
2. Тиреокомб
3. Глибенкламид
4. Актрапид
5. Акарбоза
Тест №137. Тиреотомның құрамына кіреді:
1. Мерказолил + калий перхлораты
2. Тиреокомб + глибенкламид
3. Трийодтиронин + левотироксин
4. Актрапид + калий йодиді
5. Акарбоза + глимеперид
Тест №138. Гипотиреозда қолданылады:
1. Преднизолон, левотироксин
2. Трийодтиронин гидрохлориді, глимеперид
3. Левотироксин, тиреокомб
4. Мерказолил, калий перхлораты
5. Метформин, тиреотом
Тест №139. Гипотиреозда орын басушы ем үшін қолданылатын таңдамалы препарат:
1. Левотироксин
2. Мерказолил
3. Калий перхлораты
4. Глимепирид
5. Пиоглитазон
Тест №140. Медикаментозды гипотиреозды (мерказолилдің зобогенді әсері) емдеу үшін қолданылады:
1. Калий перхлораты
2. Глибенкламид
3. Триамцинолон
4. Левотироксин
5. Дексаметазон
Тест №141. Трийодтиронин гидрохлориді балалар практикасында қолданылады:
1. Гипертиреоидизм
2. Микседема
3. Қант диабеті
4. Кретинизм
5. Анемия
Тест №142. Сурфактанттың синтезін жоғарылататын тиреоидты гормондар препараты:
1. Мерказолил
2. Калий перхлораты
3. Глимеперид
4. Трийодтиронин гидрохлориді
5. Пиоглитазон
Тест №143. Мерказолилдің антитиреоидты әсер механизмі:
1. Гипофизде тиреотропты гормонның өндірілуін тежейді
2. Қалқанша безінде тиреоидты гормонның өндірілуін тежейді
3. Қалқанша безінің фолликулаларын бұзады
4. Қалқанша безімен йодтың сіңірілуін бұзады
5. Жасуша мембранасындағы рецепторлармен байланысу
Тест №144. Әсері қысқа инсулин препараты:
1. Протафан
2. Актрапид
3. Глибенкламид
4. Метформин
5. Акарбоза
Тест №145. Орташа ұзақтықта әсер ететін инсулин препараты:
1. Пиоглитазон
2. Гликлазид
3. Глимепирид
4. Протафан
5. Актрапид
Тест №146. Ұзақ әсер ететін инсулин препараттары:
1. Тиреокомб, ультратард
2. Левотироксин, метформин
3. Перхлорат калия, хумулин
4. Глибенкламид, актрапид
5. Хумулин, ультратард
Тест №147. Молекула құрамында фтор атомы бар глюкокортикоидтар:
1. Преднизолон, гидрокортизон
2. Триамцинолон, кортизон
3. Дексаметазон, триамцинолон
4. Метилпреднизолон, дексаметазон
5. Беклометазон, гидрокортизон
Тест №148.Ащы ішектің проксималды бөлігінде полисахаридтердің ыдырауын төмендететін a – глюкозидазаның ингибиторы:
1. Метформин
2. Пиоглитазон
3.Акарбоза
4. Тирекомб
5. Актрапид
Тест №149. Гипогликемиялық заттар – сульфонилмочевина туындылары:
1. Глимепирид, глибенкламид
2. Пиоглитазон, протафан
3. Глюкагон, метформин
4. Акарбоза, гликлазид
5. Хумулин – регуляр, актрапид
Тест №150.Сульфонилмочевина туындыларының IIұрпағы:
1. Метформин
2. Глимепирид
3. Гликлазид
4. Акарбоза
5. Протафан
Тест №151.Сульфонилмочевина туындыларының IIIұрпағы:
1. Преднизолон
2. Глюкагон
3. Актрапид
4. Митотан
5. Глимепирид
Тест №152. Гипогликемиялық әсермен қатар, метформинге келесі фармакологиялық әсер тән:
1. Антиангиналды
2. Антитиреоидты
3. Анорексигенді
4. Гипертензивті
5. Гипотензивті
Тест №153. Тіндердің инсулинге тұрақтылығын төмендететін гипогликемиялық зат:
1. Гидрокортизон ацетаты
2. Триамцинолон
3. Глимепирид
4. Пиоглитазон
5. Метформин
Тест №154. Қан сарысуында холестериннің, триглицеридтердің деңгейін төмендететін гипогликемиялық зат:
1. Глюкагон
2. Спиронолактон
3. Преднизолон
4. Пиоглитазон
5. Метформин
Тест №155. Сульфанилмочевина туындысына жататын гипогликемиялық зат:
1. Метформин
2. Протафан
3. Акарбоза
4. Глипизид
5. Розиглитазон
Тест №156. Гликлазидтің негізгі фармакологиялық әсерлері:
1. Гипергликемиялық, антиангиналды
2. Гипогликемиялық, антиагреганттық
3. Гипергликемиялық, анорексигендік
4. Гипертензивті, антитиреоидты
5. Гипогликемиялық, гипотензивті
Тест №157. Гипотиреоидты комада таңдамалы препарат болып табылады:
1. Левотироксин
2. Мерказолил
3. Калий перхлораты
4. Трийодтиронин гидрохлориді
5. Тиреокомб
Тест №158. Минералокортикоидтар препараты:
1. Митотан
2. Аминоглютетимид
3. Спиронолактон
4. Дезоксикортикостерон ацетаты
5. Преднизолон
Тест №159. Минералокортикоидтардың қолдануға көрсетілулері:
1. Аддисон ауруы, миастения
2. Қант диабеті, гипертониялық ауру
3. Гипертиреоидизм, стенокардия
4. Базедов ауруы, кретинизм
5. Микседема, бронхиалды демікпе
Тест 160. Минералокортикоидтар қарсы көрсетіледі:
1. Миастения
2. Артериялық гипотензия
3. Артериялық гипертензия
4. Аддисон ауруы
5. Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
Тест №161. Минералокортикоидтардың антагонисті болып табылады:
1. Спиронолактон
2. Гидрокортизон ацетаты
3. Преднизолон
4. Дексаметазон
5. Триамцинолон
Тест №162. Глюкокортикоидтық гормондар белсенділігі тән препараттарға жатады:
1. Гидрокортизон, преднизолон
2. Дезоксикортикостерон, глюкагон
3. Акарбоза, инсулин
4. Триамцинолон, пиоглитазон
5. Митотан, глимепирид
Тест №163. Глюкокортикоидтар келесі жағдайларда кең қолданылады:
1. Гипертониялық ауру, коллагеноздар
2. Коллагеноздар, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
3. Аллергиялық аурулар, стенокардия
4. Микседема, гипертониялық ауру
5. Қант диабеті, семіру
Тест №164. Глюкокортикоид – табиғи гормонның аналогы:
1. Дексаметазон
2. Аминоглютетимид
3. Гидрокортизон
4. Триамцинолон
5. Митотан
Тест №165.Глюкагонға гипергликемиялық әсермен қатар келесі әсер тән:
1. Антиангиналды
2. Антитиреоидты
3. Гипертензивті
4. Гипотензивті
5. Кардиотоникалық
Тест №166. Глюкокортикоидтардың фторланған синтетикалық туындысы:
1. Дексаметазон
2. Трийодтиронин гидрохлориді
3. Преднизолон
4. Дезоксикортикостерон ацетаты
5. Митотан
Тест №167. Жергілікті қолданылатын глюкокортикоидтар:
1. Преднизолон, актрапид
2. Триамцинолон, протафан
3. Дексаметазон, глибенкламид
4. Синафлан, флуметазон пивалаты
5. Дексаметазон, преднизолон
Тест №168. Жүйелік әсер көрсететін глюкокортикоидтар:
1. Мерказолил, гликлазид
2. Флуметазон пивалаты, тиреотом
3. Преднизолон, триамцинолон
4. Синафлан, калий перхлораты
5. Митотан, глибенкламид
Тест №169. Орташа ұзақтықта әсер ететін глюкокортикоид:
1. Аминоглютетимид
2. Дезоксикортикостерон ацетаты
3. Дексаметазон
4. Преднизолон
5. Триамцинолон
Тест №170. Ұзақ әсер ететін глюкокортикоид:
1. Триамцинолон
2. Митотан
3. Гидрокортизон ацетаты
4. Дексаметазон
5. Флудрокортизон
Тест №171. Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсер механизмі:
1. Фосфолипазы А2 белсенділігін төмендетеді
2. Циклооксигеназаның белсенділігін төмендетеді
3. Т-лимфоциттердің пролиферациясын тежейді
4. Т-лимфоциттердің цитотоксикалық қасиетін төмендетеді
5. Қан тамырлары қабырғаларының адреналин мен норадреналинге сезімталдығын жоғарылатады
Тест №172. Глюкокортикоидтардың иммунодепрессивті әсер механизмі:
1. Адренорецепторлардың сезімталдығын қалпына келтіреді
2. Интерферондардың өндірілуін күшейтеді
3. Т-лимфоциттердің пролиферациясын тежейді
4. Простагландиндердің, лейкотриендердің, ТАФ синтезін күшейтеді
5. Кининнің және бактериалды токсиннің белсенділігін төмендетеді
Тест №173. Препаратты анықтау: глюкокортикоид, қабынуға қарсы зат ретінде гидрокортизоннан 5 есе белсенді, минералокортикоидты қасиеті жоқ. Жанама әсерлері – ауыр миопатиялар, депрессивті жағдайлар.
1. Митотан
2. Дексаметазон
3. Триамцинолон
4. Флудрокортизон
5. Преднизолон
Тест №174. Препаратты анықтау: стериодты құрылымды синтетикалық препарат, 17 а-этинил-тестостерон туындысы, гипофизарлы гонадотропты гормонның бөлінуін тежейді. Үлкен мөлшерде біршама андрогендік және анаболикалық әсерлер көрсетеді.
1. Дезоксикортикостерон ацетаты
2. Аминоглютетимид
3. Спиронолактон
4. Даназол
5. Триамциналон
Тест №175. Пульс-терапия:
1. Глюкокортикостероидтардың жоғарғы мөлшерін қысқа уақытқа тағайындау
2. Орташа ұзақтықта әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау
3. Қысқа уақыт әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау
4. Физиологиялық мөлшерін циркадианды ритмді ескере отырып тағайындау
5. Глюкокортикостероидтарды орташа мөлшерде ұзақ уақыт тағайындау
Тест №176. Бүйрек үсті безі гормондарының синтезін тежейді:
1. Дексаметазон
2. Преднизолон
3. Митотан
4. Спиронолактон
5. Триамцинолон
Тест №177. Кортикостероидтардың, эстрогендердің және андрогендердің синтезін тежейді:
1. Гидрокортизон ацетаты
2. Митотан
3. Аминоглютетимид
4. Адреналин гидрохлориді
5. Флудрокортизон
Тест №178. Глюкокортикостероидтарды ұзақ уақыт қолданғанда дамитын ОЖЖ бұзылыстары:
1. Ұйқышылдық, ұйқының құрылымының бұзылыстары
2. Жалпы әлсіздік, адинамия
3. Бастың ауыруы, бастың айналуы
4. Жоғары қозғыштық, эйфория
5. Депрессия, көрудің бұзылыстары
Тест №179. Эритропоэзды ынталандыратын препарат:
1. Тиклопидин
2. Циклофосфан
3. Феррум Лек
4. Миелосан
5. Меркаптопурин
Тест №180. Гипохромды анемияда таңдамалы препараттар болып табылады:
1. Темір лактаты, темір фумараты
2. Цианокобаламин, шала тотыққан темір сульфаты
3. Ферковен, фолий қышқылы
4. Эпоэтин альфа, викасол
5. Аминокапрон қышқылы, контрикал
Тест №181. Гиперхромды анемияда таңдамалы препараттар болып табылады:
1. Цианокобаламин, темір хлориді
2. Кальций хлориді, мальтофер
3. Цианокобаламин, фолий қышқылы
4. Фибриноген, темір лактаты
5. Темір фумараты, эпоэтин альфа
Тест №182. Антианемиялық заттар:
1. Цианокобаламин, ферковен
2. Феррум лек, викасол
3. Тромбин, дипиридамол
4. Фолий қышқылы, гепарин
5. Аскорбин қышқылы, варфарин
Тест №183. Темір препараттарына жатады:
1. Темір фумараты, ферковен
2. Серотонинадипинаты, викасол
3. Тромбин, ферроградумет
4. Аскорбин қышқылы, ферковен
5. Феррум лек, кальций глюконаты
Тест №184. Энтералды қолданылатын темір препараттары:
1. Миелосан, метотрексат
2. Ферроплекс, гемофер
3. Феррум-лек, цисплатин
4. Ферковен, хлорбутин
5. Фолий қышқылы, кармустин
Тест №185. Анемияда қолданылатын жұптастырылған препараттар:
1. Коамид, эпоэтин альфа
2. Ферро-градумет, фолий қышқылы
3. Ферковен, цианокобаламин
4. Ферроплекс, ферамид
5. Коамид, кальций хлориді
Тест №186. Құрамында темір сульфаты, мукопротеаза ферменті және аскорбин қышқылы бар жұптастырылған темір препараты:
1. Тардиферон
2. Темір лактаты
3. Цианокобаламин
4. Феррум - лек
5. Ферковен
Тест №187. Гипохромды анемияда қолданылатын әсері ұзартылған темір препараты:
1. Темір хлориді
2. Шала тотыққан темір сульфаты
3. Ферроградумет
4. Эпоэтин альфа
5. Тардиферон
Тест №188. Викасол:
1. Антикоагулянт
2. Антиагрегант
3. Жүйелік коагулянт
4. Жергілікті коагулянт
5. Агрегант
Тест №189. Радикулитте, полиневритте және ОЖЖ қызметі бұзылыстарында оң әсер ететін антианемиялық зат:
1. Темір фумараты
2. Феррум - лек
3. Цианокобаламин
4. Темір лактаты
5. Ферроградумет
Тест №190. Адам эритропоэтинінің рекомбинантты препараты:
1. Цианокобаламин
2. Темір лактаты
3. Ферковен
4. Аскорбин қышқылы
5. Эпоэтин альфа
Тест №191. Кейбір созылмалы ауруларда дамитын анемияны емдеу үшін қолданылатын дәрілік зат:
1. Цианокобаламин
2. Миелосан
3. Кармустин
4. Эпоэтин альфа
5. Коамид
Тест №192. Ферковенмен уланғанда байқалады:
1. Ульцерогенді әсер, қанталау
2. Беттің қызаруы, белде ауыру сезімі
3. Диарея, аллергиялық реакциялар
4. Тісте қара жолақтың пайда болуы, диарея
5. Невриттер, тітіркендіргіш әсер
Тест №193. Үш валентті темірді екі валенттіге тотықтыратын витаминдік препарат:
1. Цианокобаламин
2. Темір лактаты
3. Фолий қышқылы
4. Аскорбин қышқылы
5. Эритропоэтин
Тест №194. Препаратты анықтау: парентералды енгізуге арналған кешенді темір препараты, құрамында темір сахараты және кобальт глюконаты кіреді. Гипохромды анемияда қолданылады.
1. Коамид
2. Шала тотыққан темір сульфаты
3. Ферковен
4. Эпоэтин альфа
5. Меркаптопурин
Тест №195. Геморрагиялық синдромда қолданылатын заттар:
1. Гепарин, фраксипарин, варфарин
2. Кальций хлориді, фибринолизин, стрептокиназа
3. Фепромарон, фенилин, стрептодеказа
4. Викасол, гепарин, адроксон
5. Кальций глюконаты, серотонин адипинаты, викасол
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тест №77. Дипиридамол | | | Тест №196. Агрегант |