Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Программисттің функциялары

Читайте также:
  1. Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.

Дістемелік нұсқау

Функция дегеніміз - өзінің атауы бар және өз нәтижесіне ие бола алатын инструкциялар тізімі. Функцияның мәні (нәтижесі) атаумен байланысты, сондықтан функцияның атын өрнектерді көрсеткенде қолдануға болады.

Функциямен жұмыс істегенде келесі әрекеттерді есте сақтау керек:

· функцияға мәліметтерді беру үшін тек қана параметрлерді қалдануға болады (глобальды айнымалылар, яғни функцияда сипатталмаған айнымалыларды қолдану ұсынылмайды);

· орындалатын функция инструкцияларының арасында функцияның мәнін меншіктейтін функция міндетті түрде болуы керек.

· Функцияны шақыру инструкциясындағы әр бір фактылы параметрдің (константаның немесе айнымалының) типі функцияны сипаттау кезінде көрсетілген формальды параметрдің типімен сәйкес болуы керек;

· функцияны сипаттау инструкциясындағы формальды параметрдң алдында var сөзі болмаса, онда функцияны шақыру кезінде формальды параметр ретінде тиісті типті константаны немесе айнымалыны қолдануға болады. Егер var сөзі көрсетілген болса, онда формальды параметр болып тек қана айнымалы болады.

Turbo Pascal-да функциның 3 түрі бар:

1. стандартты функциялар;

2. программисттің функциялары;

3. кітапханалық функциялары.

Стандартты функциялар

Программаларды құру кезінде дайын функцяларды қолдануға болады. Олар, келесі кестеде көрсетілген:

Функция Мәні
abs(n) n абсолюттік мәні
sqrt(n) n квадраттық түбірі
sqr(n) n квадрат
sin(n) синус n
cos(n) косинус n
arctan(n) арктангенс n
exp(n) экспонента n
ln(n) натуралды логорифм n
round(n) n ең жақын бүтін
trunc(n) n бүтін бөлігі
frac(n) бүтін сан ретінде көрсетілген, нақты n түбір бөлігі
int(n) бүтін сан ретінде көрсетілген, бүтін n түбір бөлігі

 

Мысалы, sqrt(n), n санының квадраттық түбірі есептейді. Функциямен есептелген мәні оның атымен, яғни sqrt байланысты. Сондықтан, программада n санының квадраттық түбірін есептеу және оны y айнымалысына меншіктеу үшін келесідей өрнекті жазған жеткілікті: y:=sqrt(n).

Функция инструкцияларына өту процесі функцияны шақыру деп аталады. Функция инструкциясынан программа инструкциясына өту процесі функциядан қайтару деп аталады. Жалпы түрде функцияны шақыру келесідей жазылады:

Айнымалы:=функция(параметрлер)

мұндағы, а йнымалы – функциямен есептелген мәнді меншіктейтін айнымалының аты;

функция – функцияның аты, мәні айнымалыға меншіктеледі;

параметрлер – функция мәнін есептеу үшін қолданылатын параметрлер тізімі. Параметр ретінде программаның айнымалыларын немесе өрнектерді қолданады.

Стандартты функцияларды қолдану мысалдары:

Y:=abs(x);

N:=trunk(n/100);

X:=-b-sqrt(d);

 

Программисттің функциялары

Программист өзінің меншікті фукциясын құра алады. Мысалы, factor деп аталған, факториалды есептейтін функцияны сипаттауға болады. Негізгі программаның керек болған кезінде, y:=factor(x) өрнегін жазу жеткілікті болады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 49 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теорії походження фізичної культури.| Исходные данные

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)