Читайте также: |
|
Каз
$$$001
Төмендегілердің қайсысы газды гангренаның арнайы емес алдын-алу шарасы болып табылады?
А) Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
В) Массивті антибактериальді ем
С) Гангрена қарсы сарысу енгізу
D) Иммуномодуляторлар енгізу
Е) Дезинтоксикациялық ем
{Дұрыс жауабы }=В
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Қандай заттардың бөлінуімен жара үрдісінің бірінші фазасында тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін олардың кеңеюі байланысты?
A) Лактатдегидрогеназа;
B) Сілтілі фосфатаза;
C) Қышқыл фосфатаза;
D) Гистамин, серотонин;
E) Қышқыл РНКаза;
{Дұрыс жауабы }=D
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
25 жастағы ер адам емханадағы хирургқа оң жақтағы қолтық аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының жоғарлауына шағымданды. Ауырғанына 3 тәулік болды. Ауруды еш нарсемен байланыстырмайды. Тексергенде: оң жақ қолтық аймағында көлемі 2,0х1,5 см гиперемиясы және жұмсақ аймағы бар, қатты ауырсынған ісік байқалған. Науқастағы қандай дивгноз анағұрлым ықтимал?
A) Флегмона;
B) Карбункул;
C) Гидраденит;
D) Лимфаденит;
E) Лимфангоит;
{Дұрыс жауабы }=С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
Науқас Л. 51 жаста, қабылдау бөліміне түсер алдында мас күйінде 6 сағат бойы ашық тереземен ұйықтап қалған. 2 күннен кейін жоғары температура, кеуде торындағы ауру сезімі, жөтел пайда болды. 3 аптадан кейін жөтел кезінде науқаста іріңді, жағымсыз иісті қақырық бөлінген. Науқаста анағұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?
А) Сол өкпе рагі ыдыраумен
В) Сол өкпе абсцессі
С) Жедел трахеобронхит
D) Экссудативті плеврит
E) Сол жақты пневмония
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$005
Науқас Р. 49 жаста, хирургиялық инфекция бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 2 аптада нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 110 соғу 1 мин. ТЖ 28 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-26,6х109, эритроциттер-3,5х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-51. Кеуде қуысының 2 проекциялы рентгенограммадасынан кейін анықталған: оң жақтан ауа және 5 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
А) Пиопневмоторакс оң жақтан
В) Іріңді плеврит оң жақтан
С) Оң өкпе абсцессі
D) Оң өкпе гангренасы
E) Спонтанды пневмоторакс
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
Науқас С., 16 жаста, жаңып жатқан үйден қашқанда оң жамбас-сан буыны аймағын соғып алған. 2 аптадан кейін келген. Тексергенде: ісік, домбығу, оң жамбас-сан буыны контурының тегістелуі. Пальпация кезінде оң жамбас-сан буынында қатты ауырсыну. Буын қозғалысы ауру сезімінен шектелген. Рентгенограммада: оң ортан жіліктің жоғарғы 1/3-де көптеген деструкция ошақтары. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Жас өспірімдік остеомиелит
B) Жедел гематогенді остеомиелит
C) Созылмалы сүйектік остеомиелит
D) Созылмалы гематогенді остеомиелит
E) Терезелік сынық
{Дұрыс жауабы }=В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$007
34 жастағы әйел М., қабылдау бөліміне хирургқа, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 апта болған. Осы жағдайын суық тиюмен байланыстырады. Жағдайының нашарлауы 4 тәулік бойы. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 100/70, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 24 рет 1 мин. Тынысы қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-19,0х109, эритроциттер-3,0х1012,гемоглобин-90г/л, СОЭ-39. Қандай зерттеу әдісі бүл жағдайда диагнозды анықтау үшін алдыңғы кезекте?
А) Кеуде қуысының КТ- сы;
В) Жедел торокаскопия;
С) Кеуде қуысының УДЗ- сы;
D) Кеуде қуысының рентгенографиясы;
E) Плевра ішкілік пункциясы
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$008
Науқас Т. 57 жаста, қабылдау бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 4 күнде нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 100 соғу 1 мин. ТЖ 26 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-29,0х109, эритроциттер-3,0х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-49. Рентгенограммада оң жақ ортаңғы бөлігінде сұйықтық көрсеткіші бар қараюы байқалған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
А) Жедел трахеобронхит;
В) Бронхоэктатикалық ауру;
С) Абсцестелген пневмония;
D) Жедел вирусті инфекция;
E) Сол өкпенің туберкулезі;
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$009
Ер адам А., 65 жаста, қабылдау бөліміне оң сан аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздік, температураның 38-390С дейін көтерілуі, кешкілік дененің қалтырауы. Аптаа бойына жағдайының нашарлауы. Анамнезінен: үш апта бұрын жұмыста оң сан жарақатын алды. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 аймағының айқын ісінуі, гиперемия, ауру сезімі. АД 100/60, пульс 98/1 мин., ЧД 24/1 мин., қандағы лейкоциттер саны 19,7х109, ПТИ 89 %, МНО 1,2. Оң санның флегмонасы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қандай асқыну науқастағы клиникалық көріністерге сәйкес келеді?
А) Ауыр сепсис;
В) Септикалық шок;
С) Гемокоагуляциялық синдром;
D) Полиорганды жетіспеушілік;
E) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$0010
Ер адам 57 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда ауыстырылды. Бес күн бұрын науқас ашы ішек жыртылуы мен жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128/1 мин, тыныс алу жиілігі 36/1 мин., дененің жоғарғы бөлімінде айқын цианоз. Науқастың жағдайы неге байланысты ауыр?
A) Септикалық шок;
B) Респираторлы синдром;
C) Интоксикациялық синдром;
D) Ішектің операциядан кейінгі парезі;
E) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0011
Науқас Е., 76 жаста, реанимация бөлімшесінде 11 тәулік жатыр. Науқас сигма тәрізді ішектің ісігіне байланысты операция жасалған. Қазіргі уақытта науқастың клиникасы абдоминальды сепсисты көрсетеді. Науқас цефепим, амикацин және метрогил алған. Антибиотиктерді ауыстыру керек. Осы жағдайда ең тиімді қандай антибактериальды ем қолдану керек?
A) Цефепима дозасын максималды көтеру;
B) Цефтриаксон және метрогил тағайындау;
C) Цефазолин және гентамицинге ауыстыру;
D) Монотерапияда цифлоксацин тағайындау;
+E) Монотерапияда меропенем тағайындау;
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0012
Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, айқын интоксикация белгілерімен, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін түсті. Диагнозы: Қант диабеті, 2 тип, ауыр ағымы. Диабеттік табан, нейроишемиялық түрі, зақымдану деңгейі 5 ылғалды ган грена түрінде. Кезекші дәрігер оң аяқ басы мен балтырдың ортаңғы 1/3-нің ылғалды ганренасын анықтады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
А) Гемосорбция сеансын жүргізу
В) Аяқтың біріншілік ампутациясын жасау
С) Қосарланған антибактериальді терапия тағайындау
D) Некрэктомия жасау және лазеротерапия сеансын жүргізу
Е) Озонотерапия сеансын жүргізіп және антисептикпен өндеу
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Хирургические инфекции. Ерюхин И.А., Гельфанд Б.Р., Шляпников С.А., 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
Каз
$$$001
Курвуазье синдромы қай ауруға тән?
А) Жедел холецистит;
В) Бауыр гемангиомасы;
С) Созылмалы панкреатит;
D) Ұйқы безінің кистасы;
Е) Ұйқы безі басының ісігі;
{Дұрыс жауабы }=Е
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды?
А) Жоғарғы шажырқай венасының;
В) Көкбауыр венасының;
С) Кіндік венасының;
D) Бауыр венасының;
Е) Қақпа венасының;
{Дұрыс жауабы }=D
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы науқаста операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және теріде бөртпелер пайда болды. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
А) Асқазанның ойық жарасының тесілуі;
В) Жедел паразитарлы гепатит;
С) Торсылдақтың жарылуы;
D) Торсылдақтың іріңдеуі;
Е) Пирогенді реакциясы;
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
Науқас М. 47 жаста, емханадағы хирург дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар бар. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Асқазан обыры;
B) Бауыр циррозы;
C) Ойық жара ауруы;
D) Ұйқы безі обыры;
E) Созылмалы панкреатит;
{Дұрыс жауабы }=В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$005
Науқас К., 42 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, жедел ауырсыну сезімі байқалады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
А) Шонданай-тік ішектік абсцесс;
B) Шатаралық теріасты абсцесс;
С) Жамбас-тік ішектік абсцесс;
D) Ретроанальді абсцесс;
E) Шырышасты абсцесс;
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
Науқас Л. 67 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданды. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте?
А) Аноскопия;
В) Колоноскопия;
С) Ирригоскопия;
D) Рентгенография;
Е) Ректороманоскопия;
{Дұрыс жауабы }=Е
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$007
Науқас М. 76 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданды. Анамнезінен ауырғанына 4 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29%. Науқаста қандай болжам диагнозы анағұрлым ықтимал?
А) Аппендикулярлы инфильтрат;
В) Меккел дивертикулының қабынуы;
С) Тоқ ішектің бұралуы;
D) Соқыр ішек обыры;
Е) Ішек инвагинациясы;
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$008
23 жасар әйелде күйзелістен кейін дисфагия, тамақ ішкеннен кейін төс артындағы ауру сезімі, лоқсу пайда болды. Анамнезінен: 3 ай ауырған. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Өңеш обыры;
B) Кардия ахалазиясы;
C) Өңеш дивертикулы;
D) Диафрагма жарығы;
E) Гастроэзофагеальді ауру;
{Дұрыс жауабы }=В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$009
Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы науқас П. 38,0 С дейін дене температурасының жоғарлауына, оң мықы аймағының тартып ауруына, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас сұйық нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 4 жыл болды, бірнеше рет амбулаторлы емделген. Перитонеальді симптом дар оң. Қан анализінде: - лейкоцитоз 11,2 дейін, таяқша ядролы нейтрофилдер - 26%, ЭТЖ - 22 мм/ч, эозинофилдер - 0. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Крон ауруы;
B) Жедел аппендицит;
C) Жедел гастроэнтерит;
D) Бейспецификалық жаралы колит;
E) Шажырқай тамырларының тромбозы;
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0010
Науқас К. 37 жаста, мас болғанда 1 түйір етті шайнамай жұтып қойған. Өңештің жоғарғы 1/3-дегі бөгде зат (түйір ет) эзофагоскопия кезінде бөлшектеу әдісімен алынды. Келесі күні науқаста жоғарғы температура, жұтқанда ауру сезімі байқалды. Қарап тексергенде: мойын аймағында ісік, қатты ауру сезімі, тері асты крепитация, АҚ 100/60, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 20 рет 1 мин. Қан анализінде: лейкоциттер-17,5х109. Науқастағы осы жағдай немен шақырылған?
A) Эзофагитпен;
B) Кардиоспазммен;
C) Өңештің зақымымен;
D) Кеудеаралық эмфиземасымен;
E) Шараптың суррогаттарымен улану;
{Дұрыс жауабы }=С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургия пищевода. Руководство для врачей. Черноусов А.Ф., Богопольский П.М., Курбанов Ф.С. 2000г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0011
44 жастағы әйел емханадағы хирургқа өңештің күйіктен кейінгі тарылуы клиникасымен жатқызылды. Анамнезінде 1-жыл бұрын суицид болған. Науқасқа бұрын буждау жасаған. Түскен кезде 18 кг азып сусызданған. Осы жағдайда қандай іс шаралар қолдану орынды?
А) Хирургиялық емдеуге жолдау
В) Тағамдық клизмалар тағайындау;
С) Күндізгі стационарда ем қабылдауды тағайындау;
D) Өңешті қайта буждау;
Е) Сұйық - бөлшекті тамақтануды тағайындау;
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0012
Науқас И., 56 жаста емханадағы хирургқа диспансерлік қаралуға келді. Дәрігер қарағанда кіндіктен жоғары іштің ортаңғы сызығы бойынша өлшемі 5,0х6,0 см болатын жұмсақ-эластикалық түзілісті анықтады. Анамнезінен түзілістің пайда болғанына 5 жыл болған, бірақ соңғы кезде үлкейе түскен, ауру сезімі жоқ. Дәрігер іштің ақ сызығының жарығы деген болжам диагноз қойды. Осы жағдайда сіздің іс- әрекетіңіз?
А) Колоноскопия тағайындау;
В) Бандаж тағуды ұсыну;
С) Жарықты алып тастау операциясына жолдау;
D) Ультрадыбыстық зерттеу тағайындау;
Е) Клизманы және қайталама қаралуды тағайындау;
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0013
Әйел 58 жаста, тиретоксикалық жемсау себебінен струмэктомия опреациясы жасалды. Операциядан кейінгі 2 тәулікте науқаста келесі симптомдар пайда болды: тахикардия 1 минутта 150 соғуға дейін, аритмия, 390С дейін температура, тахипноэ, бет терісінің гиперемиясы. Науқас мазасыз, қорқыныш сезініп тұр. Төмендегілердің қайсысы осындай жағдайға алып келген себепке жатады?
A) Ауалы эмболия;
B) Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз;
C) Операциядан кейінгі тетания;
D) Жараның іріңді-қабыну асқынуы;
E) Трахеомаляция;
{Дұрыс жауабы }=В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0014
Науқас К., 48 жаста, көктамыр бөліміне оң балтырдың тері асты веналарының жедел тромбофлебиті себебінен жатқызылды. 5 тәулік бойы консервативті терапия жасалды. Ем барысында қабыну үрдісі өршіді, оң санында ауру сезімі, тері гиперемиясы, үлкен тері асты венасының бойымен санның төменгі және ортаңғы 1/3 ауру сезімі мен тығызданулар пайда болды. Осы жағдайда қандай ем түрі анағұрлым орынды?
A) Линтон операциясы;
B) Шұғыл тромбоэмболэктомия;
C) Троянов-Тренделенбург операциясы;
D) Антикоагулянтты терапияны жалғастыру;
E) Компресспен эластикалық бинт таңу;
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0015
Науқас М., 55 жаста,көктамыр бөлімшесіне сол жақ балтыр мен санның веналарының варикозды кеңеюімен жолданған. Анамнезінен: ауру 10 жыл бұрын болған терең веналар флеботромбозынан кейін дамыған. Қарап тексергенде: балтырдың медиальді бетінде өлшемдері 6,0х5,5см трофикалық жара бар. Флебографияда –санның, балтырдың терең веналары реканализацияланған. Осы жағдайда қандай операцияны жасау анағұрлым орынды?
A) Троянов-Тренделенбург операциясы;
B) Жарада некрэктомия жасау;
C) Нарат операциясын жасау;
D) Тромбоэмболэктомия жасау;
E) Линтон операциясын жасау;
{Дұрыс жауабы }=Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0016
Ер адам, 78 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа оң жақ қабырға астының тұйықталған ауру сезіміне, тері жабындысының сарғаюына шағымданды. ЭРХПГ жүргізген кезде науқаста терминальды бөлікте 4 см ге дейін созылған холедох анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі ең тиімдірек болып табылады?
A) Холедохты сыртқы дренаждау;
B) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;
C) Супрадуоденалды холедоходуоденоанастомоз;
D) Панкреатодуоденалды резекциясы;
E) Гепатикоеюноанастомоз;
{Дұрыс жауабы }=С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов). Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0017
Науқас В., 78 жаста, хирургиялық бөлімшеге клиникаға механикалық сарғаюмен түсті. Анамнезінен: 2 апта бойы ауырған. Зерттеу барысында механикалық сарғаюдың себебі үлкен дуоденальды емізік аймағында қысылған тастың бар екендігі анықталды. Осы жағдайда емнің қай түрін қолданған тиімді болып табылады?
A) Дуоденотомия жасау арқылы тасты алып тастап, ішекті тігу;
B) Супрадуоденалды холедоходуоденоанастомоз салу;
C) Ру- ілмегіне холедохоэнтероанастомоз салу;
D) Эндоскопиялық папиллотомия жасау және тасты алып тастау
E) Дуоденотомия, тасты алып тастау, Пиковский бойынша дренаждау
{Дұрыс жауабы }=D
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости./ Под.ред. В.С. Савельева.-М.,2004г)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0018
Науқас Т., 65 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен кезде бауыры ұлғайғандығы анықталды, тері жабындысының сарғаюы байқалады. УДЗ гепатоспленомегалия, іш қуысында бос сұйықтық анықталды. 18 сағаттан соң науқаста үлкен көлемде асқазаннан қан кетті. Дәрігер ЭФГДС жүргізді. Бұл кезде өңештің бөлігінде көк тамырдың 8-9 мм ге дейін ұлғайғандығын анықтады. Көкшіл дақпен жабылған, қан ағу байқалады. Блейкмор зонды орнатылды. Қан ағу тоқтады. Науқаста қан кетудің қайталануын болдырмау үшін сіздің ары қарайғы іс- әрекетіңіз?
А) Дицинон, викасолды тамыр ішіне енгізу;
В) Пропранолол және контролок тамыр ішіне енгізу;
С) Асқазан зонды арқылы нутрикомпенгізу;
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 216 | Нарушение авторских прав