Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

B. Мондор



+C. Мейо-Робсон

D. Кач

E. Грот

8. Ұйқы безінің қабыну синдромына тән емес симптом:

A. Шоффар

+B. Василенко

C. Дежарден

D. Мейо-Робсон

E. Гротт

9. Созылмалы панкреатит өршуіне тән белгіні атаңыз:

A. іш өтуі, мелена

+B. іш өтуі, ауырсынуы, креаторея, стеаторея

C. іш өтуі, кебуі, копрограммада лейкоциттер болады

D. іш ауруы, құсу, іш қатуы

E. кіші дәретте қан болуы

10. Бауыр аурулары бар науқастарда бауырлық иістің шығуы неге байланысты?

А. эстроген алмасуының бұзылуына

B. холестерин алмасуының бұзылуына

C. пигмент алмасуының бұзылуына

D. қан ұю факторларының азаюына

+E. амин қышқылдары мен ароматты көмірсу алмасуының бұзылуына

11. Қай жағдайға өт қапшығының ұлғаюы тән емес?

А. өт қапшығының эмпиемасына

B. жалпы өт жолының қатерлі ісігіне

+C. созылмалы холециститке

D. өт қапшығының шеменіне (водянка)

E. өт жолдарының таспен бітелуіне

12. Ішті қарағанда патологиялық перистальтиканың болуы қай жағдайға сипатты емес:

А. ішектің қатерлі ісігіне

+B. асқазан қалытқысының тарылуына

C. ішектің кистасына

D. ішектің стриктурасына

E. ішектің салдануына

13. Ас қорыту жүйесінің патологиясында флюктуация тәсілімен нені анықтайды?

А. метеоризмді

+B. асцитті

C. іш қуысында кистаның бар-жоқтығын

D. пилоростенозды

E.ішектің перистальтикасын

14. Бауыр-жасушалық жетіспеушілік синдромы кезінде қанда қандай ферменттің мөлшері төмендейді?

A. аспарагиндік аминотрансферазаның (AST)

B. аланиндік аминотрансферазаның (ALT)

C. сілтілі фосфатазаның

D. лактатдегидрогеназаның

+E. қандағы холинэстеразаның

15. Бауыр астылық сарғаюға мынадан басқалары тән:

A. қанда жалпы билирубин жоғарылаған

B. қанда байланысқан билирубин жоғарылаған

+C. несепте билирубин жоқ

D. уробилин несепте жоқ

E. стеркобилин нәжісте жоқ

 

III-вариант

1. Төс сүйегінің төменгі жағында қыжыл сезімінің болуы неге байланысты?

А. өңештегі Рh-тың сілтілі болуына

В. өңештің төменгі сфинктрінің тонусы жоғарылауына

С. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне

+D. асқазан сөлінің өңешке өтуіне

E. өттің өңешке өтуіне

2. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру қай жағдайға тән?

А. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне

+В. пилоростеноздың нәтижесінде ас қазанда тағамның ұзақ уақыт тұрып қалуына

С. өттің өңешке өтуіне

D. асқазан сөлінің гиперсекрециясына

E. асқазан сөлінің өңешке өтуіне

3. Асқазанның секреторлық қызметі туралы қорытынды беріңіз: базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 0,9 мэкв/сағ., гистаминмен жасалған субмаксимальді қоздырудан кейін 4,0 мэкв/сағ.

A. қалыпты

B. жоғарылаған

C. күрт жоғарылаған

+D. төмен

E. күрт төмендеген

4. Диспепсияның дискинезиялық вариантындағы шағымдарға жат-пайды:

A. асқазанда толып тұрғандай сезім

B. ауырлық сезім

C. лоқсу

D. тез тойыну

+E. антацидтер қабылдағаннан кейін басылатын ауырсыну

5. Жара ауруының қандай асқынуында кеш «шалпыл дыбысы» және эпигастрий аймағында күшейген перистальтика байқалады?

A. қан кету

B. тесілу

C. пенетрация

+D. калтқының стенозы

E. малигнизация

6. Жедел панкреатиті бар науқасты қарағанда Мондор симптомының оң мәнді болуы неге байланысты?

А. ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылуына

+В. интоксикацияның ауыр болуы мен ұйқы безіндегі капилляростазға

С. ұйқы безі капсуласының керілуіне

D. ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметінің бұзылуына

E. ішектің секрециялық қызметінің бұзылуына

7. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметінің жетіспеушілігінде қанның биохимиялық анализінде не анықталады?

А. гиперхолестеринемия

B. АлТ және АсТ деңгейлерінің жоғарылауы

C. гипербилирубинемия

+D. гипергликемия

E. α-амилазаның жоғарылауы

8. Ұйқы безінің зкзокринді жетіспеушілігінің ІI-кезенінің белгілері:

A. жасырын кезеңі, ферменттер көп мөлшерде керек болғанда ғана білінеді

+B. іш өту, стеаторея, креаторея, амилорея

C. тұрақты іш қату, полидипсия

D. кахексия, гиповитаминоз, ағзалардағы дистрофиялық өзгерістер

E. асцит, гипопротеинемия, қан кету

9. Созылмалы панкреатитпен сырқат науқастарда метеоризм дамуы байланысты:

A. ісінген ұйқы безі басының 12-елі ішекті басуы

B. тоқтаусыз жиі құсумен

C. панкреаздық гормондар тапшығымен

+D. ұйқы безінің ферменттік жетіспеушілігімен

E. ұйқы безінің инкреторлық қызметінің төмендеуімен

10. Бауыр және өт жолдарының патологиясында қанның биохимиялық анализінде әсіресе нені анықтайды?

А.мочевина, креатинин, индикан, АЛТ

B. катехоламиндер, глюкоза, инсулин

C. α амилаза, липаза, трипсин, АСТ

D. креатинфосфокиназа, тропонин, миоглобин, АЛТ, АСТ

+E. жалпы белок және оның фракциялары, билирубин, АЛТ және АСТ

11. Бауыр өт жолдарының ауруларында терінің қышуы неге байланысты?

А. холестерин алмасуының бұзылуына

B. темір алмасуының бұзылуына

C. глюкоза алмасуының бұзылуына

D. қанда эстрогендердің мөлшері көбеюіне

+E. қанда өт қышқылдарының мөлшері көбеюіне

12. Асқазан қалтқысының пальпациясын қай жерде жүргізеді?

А. l. umbilico-iliacae dextrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында

+В. қабырға доғаларының төменгі қырларын қосатын көлденең сызық, іштің ақ сызығы және оң жақ қабырға доғасымен құрылған үшбұрыштың бисектрисасына перпендикуляр түсіргенде, осы сызықтың үстіне жасалады

С. l. umbilico-iliacae sinistrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында

D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 2-3 см жоғары

E іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндікдің деңгейінде

13. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды тексергенде эпигастрий аймағында кеш (тамақтан 5-6 сағаттан кейін) шалпыл шуының анықталуы неге тән?

А. гастритке

В. метеоризмге

+С. пилоростенозға

D. асқазанның жарасына

E. асцитке

14. Сарғаюдың қай түрінде қанда несеппен шығатын билирубин жоғарылайды, несепте уробилиноидтар анықталмайды, нәжісте стеркобилиноген болмайды?

A. бауырлық

+B. бауыр астылық

C. бауыр үстілік

D. барлық түрлерінде

E. «жалған» сарғаюда

15. Сарғаюдың қай түріне келесі зерттеу нәтижелері тән: қанда: жалпы билирубин 109,5 мкмоль/л; байланысқан билирубин 92,4 мкмоль/л; байланыспаған билирубин 17,1 мкмоль/л. Несепте: билирубинге реакция оң мәнді, уробилин жоқ. Нәжісте стеркобилин жоқ.

A. гемолитикалық

B. паренхиматозды

+C. механикалық

D. барлық түрлерінде

E. жалған сарғаюға

IV-вариант

1. Диареяға сипатты:

А. нәжістің цилиндр пішінді болуы

B. нәжістің 48 сағаттан астам уақытта бөлінуі

C. “қой құмалағы” пішінде бөлінуі

D. ішек бұлшық етінің тонусы төмендеуінен

+E. сұйық немесе қоймалжың нәжіс, тәуілігіне 2-3 рет немесе оданда жиі

2. Қай патологияда «толу дефекті» рентгенологиялық белгісі анықталады?

A. жедел гастрит

B. созылмалы гастрит

+C. асқазан ісігі

D. асқазан ойық жарасы

E. колит

3. Ректороманоскопия әдісімен қандай ішектің патологиясын анықтауға болады?

A. аш ішектің

B. тоқ ішектің өрлеме бөлігінің

C. көлденең ішектің

D. тоқ ішектің төмендеме бөлігінің

+E. тік және сигма тәрізді ішектің

4. Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді:

A. бейтарап майлардың

B. май қышқылдарының

+C. бұлшық ет талшықтарының

D. стеркобилиннің

E. крахмалдың

5. Ас қазанның пилорикалық бөлігінің жарасы кезінде ауырсынудың орны:

A. семсер тәрізді өскіннің астында

B. эпигастрийде ортанғы сызықтың сол жағында

+C. эпигастрийде ортанғы сызықтың оң жағында

D. төс артында

E. сол жақ қабырға асты аймағында

6. Дежарден нүктесіндегі ауырсынуды қай жерде анықтайды?

+А. кіндікті оң жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары

В. кіндік пен сол жақ қабырға доғасының ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында

С. кіндікті сол жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары

D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 2 см жоғары

E. сол жақ төс-бұғана-емізікті бұлшық ет аяқшаларының арасында

7. Ұйқы безінің ауруларына биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер тән?

А. тимол және сулема сынамаларының оң болуы

В. билирубин, γ-глютамил транспептидазаның жоғарылауы

С. АЛТ және АСТ деңгейлерінің жоғарылауы

+D. α амилаза, липаза, трипсин ферменттерінің жоғарылауы

E. холестерин, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы

8. Губергриц аймағындағы ауырсыну қай мүшенің зақымдануын білдіреді?

A. ұйқы безінің басы

B. өт қапшығы

C. оң екі елі ішек пиязшығының

D. асқазан денесі

+E. ұйқы безінің денесі

9. Ұйқы безінің зкзокринді жетіспеушілігінің ІIІ-кезенінің белгілері:

A. жасырын кезеңі, ферменттер көп мөлшерде керек болғанда ғана білінеді

B. іш өту, стеаторея, креаторея, амилорея

C. тұрақты іш қату, полидипсия

+D. кахексия, гиповитаминоз, ағзалардағы дистрофиялық өзгерістер

E. асцит, гипопротеинеми, қан кету

10. Бауыр аурулары бар науқастарда ксантоматозды өзгерістердің болуы мынаған байланысты:

+А. холестерин алмасуының бұзылуына

B. билирубин алмасуының бұзылуына

C. эстроген алмасуының бұзылуына

D. глюкоза алмасуының бұзылуына

E. мыс алмасуының бұзылуына

11.Бауыр өт жолдарының ауруларында Георгиевский-Мюсси (френикус) симптомын қай жерде анықтайды?

А. кіндікті оң жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары

В. қолдың қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылау арқылы

С. өт қапшығының проекциясында

D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 4 см жоғары

+E. оң жақ төс-бұғана-емізікті бұлшық ет аяқшаларының арасында

12. Іш аймағын перкуссиялағанда тұйық дыбыстың болуы қай жағдайға тән?

А. ішекте газдың көбеюіне

B. ішек перистальтикасының жойылуына

+C. іш қуысында сұйықтық жиналуына

D. ішек перистальтикасының күшеюіне

E. іш қатуға

13. Іштің аускультациясында ішек шуының естілмеуі нені дәлелдейді?

А. кардия сфинктерінің жетіспеушілігін

B. асқазан қалытқысының тарылуын

+C. ішектің парезін

D. созылмалы гастритті

E. жедел энтеритті

14. Сарғаюдың қай түрінде қанда бос және байланысқан билирубин жоғарылайды, несепте билирубин және уробилиноидтар анықталады; нәжісте стеркоби­линоген азаяды?

+A.бауырлық

B. бауыр астылық

C. бауыр үстілік

D. барлық түрлерінде

E. «жалған» сарғаюда

15. Портальды гипертензия белгілері:

+A. асцит

B. тіл бүртіктерінің атрофиясы

C. сарғаю

D. алақан эритемасы

E. тамақ ішкеннен кейін лоқсу

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)