Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

тапсырма



Читайте также:
  1. БАӨЖ тапсырмаларын орындау кестесі
  2. Блок 3, тапсырма № 12
  3. Блок 3, тапсырма № 14
  4. Блок 3, тапсырма № 2
  5. Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
  6. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
  7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Қадам Орындалуы
1. Клиникалық синдромдарды ажырату Ангинозды, солқарыншалық жетіспеушілік; кардиомегалия
2. Қанның және зәрдің жалпы клиникалық анализдерін талдау ЖҚА: қалыпты ЖЗА: қалыпты
3. Қанның биохимиялық анализін талдау қалыпты
4. ЭКГ және Эхо-КГ талдау ЭКГ: сол қарыншаның және қарыншааралық перденің гипертрофия белгілері; Эхо-КГ: сол қарынша және қарыншааралық перде миокардының қалыңдауы; сол қарынша қуысының кішіреюі; айдау фракциясының жоғарылауы
5. Қорытынды Гипертрофиялық кардиомиопатия

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

ЭКГ тіркеу ережесі және техникасы

Қадам Орындалуы
  Электрокардиографты дайындау Аспаптың дұрыс қосылғанын тексерді, электродтарға гель жақты.
  Аяқ-қолдарына электродтарды дұрыс қою Оң қолға қызыл электрод қойды, сол қолға – сары, сол аяққа – жасыл, оң аяққа – қара.
  Кеуде клеткасына электродтарды дұрыс қою Электрод V 1 - 4 қабырғааралыққа төстің оң жақ қырында; электрод V2 – 4 қабырғааралыққа төстің сол жақ қырында; V3 электрод – V2 және V4 қосатын сызықтың ортасына; электрод V4 – 5 қабырғааралыққа сол жақ бұғанаортаңғы сызығына; электрод V5 –сол жақ 5 қабырғааралыққа алдыңғы қолтық асты сызығына; электрод V6 – сол жақ 5 қабырғааралыққа ортаңғы қолтық асты сызығына.
  Қажетті ретін сақтай отырып, ЭКГ тіркеу Тіркеудің қажетті жылдамдығын және милливольтты таңдады, содан кейін ЭКГ стандартты тіркемелерде, содан кейін – кеуде тіркемелерде, әр тіркемеде жүрек жиырылу циклі 4-тен кем болмауын ескере отырып, тіркеді.
  ЭКГ-зерттеудің нәтижелерін жазу ЭКГ тіркеп болғаннан кейін қағазға науқастың аты-жөнін, жасын, зертеу жүргізген күнді жазды.

 

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Спирометрия жүргізу ережесі және техникасы

Қадам Орындалуы
  Іс-әрекеттің диагностикалық маңызын және ұзақтығын науқасқа түсіндіру. Спирометрия жүргізуге дайындалу. Спирометрия – ауырсынусыз, инвазивті емес зерттеу әдісі, бірнеше минут ішінде сыртқы тыныс қызметінің бұзылуын және оның дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Спирометрді қосу, мундштукты спиртпен өңдеу. Науқас туралы деректерді енгізу (аты-жөні, туған күні, жынысы, жасы, бойы және салмағы).
  Науқасқа зерттеу алгоритмін түсіндіру. Науқасқа дұрыс тыныс алу ережесін үйрету. Мұрнын қысқышпен жабу, мундштукты ернімен толық қамту, тек түтікке ғана дем шығару. Бұйрық бергенде бірнеше рет жай тыныс алып және тыныс шығарып, содан кейін терең тыныс алып, тез ұзақ тыныс шығару керек.
  Науқас алгоритмге сәйкес демалады. Бірнеше рет жай тыныс алып және тыныс шығарып, содан кейін терең тыныс алып, дабыл шыққанаға дейін тез ұзақ тыныс шығарады
  Зерттеуді 3 рет қайталау және дұрыс орындалуын бағалау. Ең жақсы нәтижені таңдап алып, оны басып шығару Осылай үш рет қайталайды. Ең жақсы нәтижені таңдап аламыз. Зерттеу нәтижесін басып шығарамыз.
  Спирографияның нәтижесін талдау, алынған деректерді «ағын-көлем» графикалық қисығы бойынша бағалау. №1 қорытынды: сыртқы тыныс қызметінің аралас типті бұзылуы өте айқын дәрежесі. №2 қорытынды: сыртқы тыныс қызметінің өте айқын рестрикциялық тиіпті және аздаған айқындылықтағы обструкциялық типті бұзылуы. Бронхолитикпен сынама оң (+ОФВ1 = 14%). №3 қорытынды: сыртқы тыныс қызметінің аздаған дәрежнлі рестрикциялық типті бұзылуы. №4 қорытынды: сыртқы тыныс қызметінің өте айқын дәрежелі аралас типті бұзылуы. №5 қорытынды: сыртқы тыныс қызметінің өте айқын дәрежелі рестрикциялық типті және аздаған айқындылық дәрежесіндегі обструкциялық типті бұзылуы.
   
   
   
     
   
   

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Асқазанды зонд арқылы шаю ережесі және техникасы

Қадам Орындалуы
  Асқазанды зонд арқылы шаюға дайындалу Науқасқа клеенкалы алжапқыш кигізді, орындыққа отырғызды; зонд енгізітін ұзындықты өлшеді, қолғап киді
  Асқазан зондын өңешке енгізу Ауызкергішті басын сәл шалқайта отырып, азу тістердің арасына салды; оң қолмен тілдің түбіріне зондтың шетін орналастырды; науқасқа мұрын арқылы терең дем алуын өтінді де зондты өңешке қарай белгіленген жерге дейін енгізді (науқастың бойынан минус 100)
  Воронкаға сұйықтық құйып, асқазанды шаю Воронка жалғады және оны науқастың тізе деңгейіне дейін түсірді; асқазан сөлі шыққанға дейін күтті; воронканы тізе деңгейінде ұстап тұрып, оған 1,0 л жуық су құйды; воронканы жайдап жоғары көтерді; су воронканың саңылауына дейін жеткенде, воронканы түсіріп, ішіндегісін ыдысқа құйды.
  Іс-әрекетті жалғастыру Осы әрекеттерді таза шайынды су шыққанған дейін қайталады.
  Болғаннан кейін аспаптарды залалсыздандыратын ерітінділермен өңдеу Болғаннан кейін воронканы алды, зондты шығарды және оларды залалсыздандыратын ерітіндіге салды

 

 

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Көк тамырлық инъекциялар жасау ережесі және техникасы

Қадам Орындалуы
  Инъекция жасауға дайындалу Шприцке дәрі алды; науқасты отырғазды; шынтағына клеенкамен қапталған жастықша қойды; иығының ортаңғы үштен бір бөлігіне резеңке бұрау салды, науқасқа жұдырығымен жұмыс істеуін өтінді; саусағымен неғұрлым жақсы толған көк тамырды анықтады; иненің канюлясын сұқ саусағымен ұстай отырып, шприцті алды
  Инъекция жасайтын жердегі теріні тесу Шынтақ бүгісіндегі теріні сол қолымен тартты. Иненің ұшын жоғары қаратып, көк тамырға параллель бағыттай отырып, иненің 1/3 бөлігін тері астына енгізді
  Көк тамырды тесу Сол қолмен көк тамырды ұстай отырып, иненің бағытын аздап өзгертіп, «бос кеңістікке түскендей» сезінумен көк тамырды тесті, иненің поршенін қан пайда болғанға дейін өзіне қарай сәл тартып, иненің көк тамырда тұрғанына көз жеткізді
  Көк тамырлық инъекция жасау Бұрауды шешті, оң қолмен инені ұстап тұрып, сол қолмен поршенге итере отырып, дәріні енгізді; шприцте 0,5 мл ерітінді қалтырды
  Инъекция жасаған жерді өңдеу Инъекция жасаған жерге спирте матырылған мақтаны басты; инені шығарды және науқастың қолын бүгуін өтінді.

 

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Дефибрилляция жүргізу ережесі және техникасы

Қадам Орындалуы
  Электроимпульсті терапияға көрсетілімді анықтау. Дефибрилляторды дайындау. Мониторға қарап, жүрек қызметін (аритмияның түрі) және гемодинамиканы (АҚҚ және ЖСЖ) бағалады. Аспаптың дұрыс қосылғанын тексерді, тоққа қосты, электродтарға гель жақты
  Зарядтың стартты мөлшерін жинау Зарядтың стартты 50 Дж қуатын дефибриллятордың қара тетігіне басу арқылы, мониторда қажетті қуат шығып, дыбыс дабылы естілгенге дейін жинады
  Электродтарды Apex және Sternum нүктелеріне қою Электродтарды Apex (V қабырғааралықта сол жақ бұғанаортаңғы сызығы мен сол жақ алдыңғы қолтық асты сызығы арасына жүрек ұшы соққы орналасқан жерге) және Sternum (оң жақ парастернальды сызыққа II-III қабырғааралық деңгейіне) нүктелеріне қойды.
  Электроимпульсті терапия (разряд) жүргізу Аспаптың қызыл тетігіне бас арқылы электроимпульсті терапия жүргізді (разряд)
  Жүргізілген электроимпульсті терапияның нәтижелілігін бағалау. Заряд мөлшерін біртіндеп көтерумен дефибрилляцияны қайталау. Жүргізілген электроимпульсті терапияның нәтижесін бағалау. Жүргізілген электроимпульсті терапияның нәтижелілігін монитордағы ырғақ сипатына қарап бағалады: синусты ырғақ қалпына келді. Дефибрилляцияны зарядтың қуатын 100 және 150 дж. дейін біртіндеп көтере отырып, қайталау. Жүргізілген электроимпульсті терапияның нәтижелілігін монитордағы ақпаратқа қарап бағалады (синусты ырғақтың пайда болуы).

 

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Жүрек-өкпелік реанимация жүргізу ережесі және техникасы

Қадам Орындалуы
  Науқастың реакциясын бағалау. Жедел жәрдем шақыру. Дұрыс орналасу Ұйқы артериясында пульсті тексерді, мұрнына айнаны жақындатты. Қан айналуы мен тыныс шығарудың жоқтығына көз жеткізді. Жедел жәрдем шақырды. Муляждің сол жағына тұрды.
  Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Басын артқа қарай шалқайтып, аспирацияны болдырмау үшін, бір жағына қарай бұрды, аузын құсық қалдықтарынан, бөгде заттардан тазартты.
  Сафардың үш әрекетін орындау. «Ауыздан ауызға» әдістемесі бойынша 2 рет дем салу. Басын артқа қарай мейлінше шалқайтты, иегін жоғары көтерді, мұрнын қысты. Муляждың басын мойын тұсында шалқайтты, астыңғы жкақ сүйегін тартты, мұрнын жауып, аузын ашты, сүлгі қойды. Науқастың аузын толық қамту арқылы, қажетті тереңдікті және жиілікті сақтай отырып, «ауыздан ауызға» дем салды (әр тыныс циклдерінің арасы 5 секунд болуы керек, яғни – минутына 12 цикл). Өкпенің жасанды вентиляциясының нәтижелілігін бағлау мақсатында кеуде клеткасының қиымылын қадағалап отырды.
  Төске басу күшін және жиілігін сақтай отырып, жүрекке тікелей емес массаж жасау. Ортаңғы сызық бойымен төстің төменгі үштен бір бөлігіне семсер тәрізді өсіндінің төске бекіген жерінен 2 көлденең саусақ жоғары алақандарын бірінің үстіне бірін параллель қойды; қолдарын шынтақ буынында жазды. Қажетті жиілікті (минутына 80 - 100 рет) және төске басу күшін (төстің омыртқаға қарай 4-6 см тереңдікке дейін жайлап басу керек) сақтай отырып жүрекке тікелей емес массаж жасады. Әрбір компрессия және декомпрессия қатынасы 1: 1, компрессиялар жиілігі – минутына 100 рет болуы керек; компрессиялар арасында массаж жасаушының қолы науқастың төсінде тұрады.
  Жүрек-өкпелік реанимацияны жалғастыру. Монитордағы деректер бойынша реанимациялық шаралардың нәтижелілігін бағалау. Вентиляцияның минуттық көлемі 3,5-9,0 л/мин; Вентиляция жиілігі – 3-6 л/мин; Компрессиялар жиілігі – 90-110/мин; Компрессиялар тереңдігі – 40-50 мм; Компрессиялар арасы - <10 сек

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)