Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экстази

Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Нашақорлық

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.

Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді.Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.

Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.

Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:

аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.

Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.

Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.

 

 

Өміріңді мәнді өткіз бос қылма,

Арақ пенен темекіні дос қылма.

Нашақордың үлгі етсең істерін

Адам емес болғаның ол бос тұлға.

 

Нашақорлық аздырады сананы,

Жек көрсетіп жақының мен ағаны.

Осы тектес жамандыққа жолама

Сыйласаңдар сені тапқан анады.

Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін Ей адамдар,аулақ болғын жаманнан, Ұрынсаң егер құр қаларсың бұл жалғаннан, Жамандыққа бет бұрмай, таза жүрсең, Жақсылар да табылады тек жаныңнан. Бұл әлемде лас істің көп қой түрі, Барлығы да адамды күйдірір тірі. Соның бірі нашақорлық жанды жеген, Жақсы мейлі жаманды да қылған жынды. Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін, Қаларсың жалғыз әлемде,қызығын көрмей өмірдің, Өзің көрген азапты өзгелерге көрсетпе, Ата-анаңды ойлағын,олардың бұзба өмірін. Арын сатқан аңқауларға ермегін, Бетке ұста еліңнің ұлы ерлерін. Солардай сен бола алсаң айбынды Ата-анаң мен мақтанышы еліңнің. Бірақ рет қана тәуекелдің зардабы, Өміріңнің мәңгі өшпес сортаңы. Одан кейін еш ойлантпас,қиналтып, Сол нәрсенің бойыңды арбап алғаны. Ол әкетер сені де үйір қылып, Құтылып көрші сен одан болсаң жүйрік. Жан-дүниең өртеніп кететіндей, Бір сәт оны қабылдамай тартсаң күйік. Түсінбеймін,осыларды біле тұра, Адамдар неге үйір бұл құрғырға. Бұларсыз-ақ өмір сүріп болмас па еді, Өміріңді бүлдірмегін,жүргін таза! Адамның ең қымбаты-бұл өмірі, Ал денсаулық өміріңнің бір бөлігі. Сол нәрсені жоғалтсаң өміріңнің, Құрығаны ақырғы түп тамыры. Наша деген адамның осал тұсы, Нашақордың белгілі ғой сау шықпасы. Әлән білмей, мұндай жолға түскен жанның, Әлдеқашан бастан ұшқан бақыт құсы. Осы жерде айтып берсем бір мысалды, Бір жанұя басында болған жайды. Бәлкім мұны оқыған ерен жастар, Ақыл санап,үйренер біраз үлгі. Болыпты бір жанұя баяғыда, Бірлігі мен берекесі сай жараса. Оларды көрген жанның есі кетіп, Қалады екен бірлігіне таң-тамаша. Отбасының тірегі әкесі екен, Ал анасы отбасына жылу берген. Олардың жалғыз ғана ұлы болды, Ата-ананың сүйеніші бола білген. Осылайша бақытты күндер өтті, Жылдар зулап дөңгелеп өте берді. Әкесі жұмысынан оралады, Айдың нұры бөлеген сәтті күні. Әкесі кіріп келді шат көңілмен, Ал баласы қарсы алды оны есіктен. Жайғасып отырды да дастарханға, Сөз бастады әкесі қуанышпен. «Дайындай бер сүйіншіңді арнап маған, Мен бүгін көтерілдім жұмысымнан» Осы сөзді ести сала қуанышпен, Дереу ұлы ұшып тұрды өз орнынан: «Әке,маған алып берші көп ойыншық» Деді әкеге қуанышты жүзі күліп. Әйелі де қуаныштан жарылардай, Күйеуіне мақтау айтты көңілденіп. Келесі күннен бастап отбасында, Туғандай болып еді күн жаңаша. Бастықсынған әкесінің сиқымына, Әйелі мен баласы да таң-тамаша. Күнді өткізіп,айлар,жылдар зымырайды, Әкесі өзін ең бақытты жан санайды. Бір күндері әкенің жұмысына Ұйымдасқан топ өкілдері көз тастайды. Белгілі ғой бастықтардың өз жайы, Арқасы мықтының ғана бар бағы. Жаңа бастықты орнынан түсірмек боп, Әлгі топ пайдаланды жемқорлықты. Бір күні әлгі адамдар келеді оған, Болған істің барлығын да жоспарлаған. «Егер сен өз орныңда қалғың келсе, Бізбен бірге жұмыс істе»-деп қолқа салған. «Ал егер келіспесең бұл сөзіме, Өкінетін боласың бұл ісіңе. Ал менімен қызметтес болсаң егер, Пайдасы мол тиетін бір өзіңе» Бұл сөзге ол құлақ түріп тұра қалды, Көзін төмен жіберіп,көп ойланды. Ақырында бір шешімге келе алмай, «Ойлануға уақыт бер»-деп сұрады. Мұнан кейін ол бәрін ойға салды, Алдын ойлап,артын да абайлады. Кенет оны бір шайтан түрткендей боп, Орнынан түрегеліп тұра қалды. Ойындағы шешіммен ол әлгілерге, Қас қаққанша шыдамай жетіп барды. Барды да олардың қарсы алдында, Өзінің келісетінін айтып салды. Құдай –ау қандай шайтан қаққан бұны, Байлыққа қызыққаны не қылғаны. Бұл іспенен түбінде сорлы болып, Өз түбіне жетерін ойланбады. Сол бір күннен бастап ол көп өзгерді, Болды үйіне әрдайым кеш келетін. Ал әйелі сұраса міз қақпастан, «Шаршадым»-деп өтірікті төңкеретін. Байланысып адамдармен арам ойлы, Ойланбады қандай жолға түскендігін. Бас қаңғырып,саралауды тіпті қойды Құрдымға қалай өзінің кеткендігін. Селтеңдеп байлық қуып жүргенінде, Пайдаланды бір күні өзі сол нашаны. Ұмытты ең баққыты күндерін де, Байлық көксеп,қазған орға түсіп қалды. Ал енді барлық билік құзғындарда, Әлгі аңқауды ұқсатты кей құлдарға. Сол нәрсесіз өзі де күн көре алмас, Енді ұстап бере алмас ешбір жанға. Құмарлықпен сол жолға кіріп кетті, Одан аман шыға алмасы анық еді. Бұл пәлеге қу басы ұшырасымен, Отбасын да зор қайғыға душар етті. Кеш батып,қас қарайып түнергенде, Үйіне келеді екен әрбір күнде. Тұнжырап қабақ түскен,бас салбырап, Бара сап құлайды екен бір төсекке. Уайымдаған сорлы әйелі күйеуіне, Оны сүйеп апарады өз төсегіне. Жайластырып жатқызып жатқанында, Көзі түсті бір нәрсеге қалтасында. Алып қарап еді әйелі оны ашып, Кенеттен кетті оның түрі қашып. Есінен танардай боп қалтырады, Ақша менен инені тауып алып. Сонда қайда бұлардың бірліктері, Қайда кеткен бұрынғы тірліктері. Байлықсыз-ақ бақытты өмір кешкен, Осындай ма құрғырдың бай біткені. Осыдан соң жатып қалды төсек тартып, Ал күйеуі,ұқсамайды жүргенге күйік тартып. Керісінше, сол салғырт,жынды кейпі, Келмейтін де болды үйіне жүгін артып. Мұндай іспен айналысқан надандардың, Белгілі көп уақытқа ұзамасы. Өз өмірін өзі құртқан бұл жындының, Бір күні темір тордан шықты басы. Мұны естіген әйелі күйік тартып, Сол жатқан төсегінде жан тапсырды. Ал олардан сорлаған жалғыз тұяқ, Тентіреп екі ортада жетім қалды. Көрдіңдерме адамдар бұл лас жолдың, Адамның өміріне қастандығын. Ондай жолмен мал тауып,байығанша, Өз наныңды еңбекпен адал тапқын!
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/2018-sau_adam.html

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Есірткі түрлері| ЖАН АЗДЫРМА, ЖЕТКІНШЕК.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)