Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мазмұны

Читайте также:
  1. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
  2. Тақырып. Сарапшының қорытындысы: құрылысы және мазмұны

Маусым. Baq.kz – Бүгін нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күні. 1987 жылдың 7 -желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында мүше мемлекеттердің есірткіден азат халықаралық қоғам құру жөніндегі алған міндеттерін орындау мақсатында 26-маусымды халықаралық нашақорлықпен күрес күні ретінде атап өту жөнінде шешім қабылданған болатын.

Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Алайда, ол шекараны білмейді, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, өзіне және жанындағыларға бақытсыздық алып келеді.
Ұзақ уақыт бойы нашақорлық мәселесі жабулы қазан күйінде қалып келді, ол туралы айтылмады. Қазір барлығы ол туралы біледі, бірақ әлі бұл өткір тақырып болып қалуда. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы–оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттың жұмылуы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл құбылыстың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты, ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы екенін барлығы мойындайды.
БҰҰ нашақорлық және қылмыс басқармасының бағасына сәйкес, есірткі пайдаланушылардың саны 200 млн. адам, ол бүкіл жер шарының 3,4% немесе 15 жас және одан жоғары халықтың 4,7% құрайды. Қазіргі таңда 160 млн. жуық адам каннабистік есірткі пайдаланушылар тобында, 42 млн. САР (олардың ішінен 8 млн, экстази) және 14 млн. артығы кокаин, 15 млн. азы-апиынды пайдаланады (олардың ішінен 10 млн. героин). Және оны тұтынушылар үлесі жылма-жыл артуда.
Елімізде өткен жылы нашақорлыққа байланысты 9 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, 20 тоннадан астам есірткі айналымнан алынған. Жалпы өткен жылы сондай-ақ есірткіні мөлшерден артық қолданған 211 адамның көз жұмғаны да анықталып отыр. Қазақстанда нашақорлық дертіне шалдыққан 52 мыңнан астам адамның 60 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтардан тұрады.

 

НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮРЕС

 

Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Есірткіге байланысты қылмыстарды бір сөзбен наркобизнез немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы күресуде және ешбір ел халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде.

Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біздің республикамызға есірткі бизнесімен күресу үшін қаражат бөлуде, өйткені көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Батыс Азия, Ауғанстан елдерінен Ресейге, одан әрі Батыс Еуропаға асырылатын есірткілер еліміздің кең даласын өтіп шығуда. Оның өзі біздің аймағымызға есірткінің контрабандалық транзиттік жолмен өтетіндігіне байланысты «Жібек Жолы» деген атауды іліп отыр. Бірақ бұл арнайы қызметкерлердің іс қимылдары ойдағыдай еместігін білдірмейді, өйткені бір ғана Ұлттық Қауіпсіздік органдарының есірткі бизнесімен күрес саласындағы жетістіктерін айтсақ таңғаларлықтай.

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қол жеткізген нәтижелері, көбінесе халықаралық есірткі бизнесімен күрес саласындағы шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуінің арқасында. Мәселен, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің және Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі құралдарының контрабандалық тасымалымен айналысатын трансұлттық есірткі қоғамдастығының қылмыстық қызметін анықтау және жолын кесу мақсатында «Стрела» деген шартты атаумен көп бағыттағы операция өткізілді. Операция кезеңдерінің бірін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан тарапынан Өзбекстан-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша халықаралық бақылаудағы героиннің 70 кг-нан астам ірі партиясын жеткізу қамтамасыз етілді. Осындай, есірткі бизнесіне қарсы Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізген күрес шараларының қатарына, Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырған Сафари операциясын жатқызуға болады, бұл операцияның нәтижесінде Нигериялық азаматтардан тұратын есірткілік топ ұсталып, тиісті жазасын алған болатын. Есірткі тасымалдаушылардың негізгі каналы ТМД елдерінің шекарасынан өтетіндігіне байланысты Қазақстан, Тәжікстан және Ресей ішкі істер министрліктері жыл сайын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды контрабандалық жеткізудің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып отырады. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге және дайындауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметтерін анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын «МАК» жедел-профилактикалық операциялар жүргізіледі.Үстіміздегі жылдың 25 мамырынан бастап 15 қыркүйегіне дейін «МАК-2009» Жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында 363 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық анықталды. Есірткі заттарын өткізетін 19 нүкте жойылып, есірткі заттарының заңсыз айналысы саласындағы жасаған қылмыс бойынша 79 адам ұсталды.

Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін «Барьер», «Көбік», «Трасса», «Допинг», «Арна», «Тосқауыл» және «Игла» профилактикалық сипаттағы республикалық операцияларымен қатар, Ішкі Істер Министрлігі және Кеден Бақылау Комитеті бірлесе отырып Қазақстан аумағында «Канал» атты халықаралық операциясын өткізуді ұйымдастыратын еді. Бұл операция Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін, ал осы жылдан бастап есірткіге қарсы «Канал» профилактикалық операциясы тұрақты жұмыс істейтін жобаға айналды.

Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында айта келе, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының тиісті нормаларының тиімділігін нығайту мәселесін де қозғап кету керек. Қазіргі уақытта республикамызда әрекет ететін заңнама әр дайым заңсыз есірткі айналымының экономикалық аспектілерін есепке ала бермейді. Есірткі қылмыстарының экономикалық базасын кесу, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін жасау мақсатында пайдаланатын қаражат құралдарын және өзге де материалдық құндылықтарын алу арқылы жүзеге асыру қажет. Мұндай алулар заңда белгіленген тәртіппен есірткімен заңсыз әрекет жасаған, кінәлі деп танылған тұлғаның мүлкін тәркілеу ұғымымен ұштады. ТМД елдерінің есірткіге қарсы заңнамалары, осы бағыттағы заңсыз әрекеттеріне жаза түрінде мүлікті тәркілеу, кең қолданатындығымен ерекшеленеді. Ал біздің республикамыздың Қылмыстық кодексінің халық денсаулығына және адамгершілікке қылмыстар тарауында көзделген кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық кодекстің 261 б., 262 б.2т., 263 б., 264 б, жазаның тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана емес, жалпы тәркілеудің қосымша жаза ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын.

Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі –жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл аз бөлуде. Баршамызға мәлім, қазіргі кезде кез-келген ақпаратты, соның ішінде есірткіге байланысты мағлұматтарды интернет желілерінен, теледидардан және сол секілді телекоммуникация құралдарынан алуға болады. Тіпті, қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеп қаңғудың немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді, өйткені интернетті ашып қалсаң болғаны, содан есірткі, көкнәр сататындар және сол есірткіні өзің үйіңде қалай жасауға болатыны туралы ақпараттар тізбектеп шыға келеді. Есірткіні үйде жасау мүмкіндігі фактілері қазір расталып отыр. Санаға әсер ететін синтетикалық есірткілік құрал жасап шығарумен және олардың рецептерін жасаумен айналысатындар, айталық «химиктер», аталмыш есірткілерді өндірумен қатар жаңа рецептерді арнайы веб сайттарға орналастырып та үлгеруде. Олардың ізіне түсу өте қиын, әлемдік телекоммуникациялы желі химиктер үшін жасырынуға қолайлы болып отыр.

Алайда «жаман айтпай-жақсы жоқ» дегендей, бүгінгі таңда мемлекет басшысының қолдауымен жастар арасында таралған есірткі дертінің алдын-алуда бірнеше акциялар жүргізіледі. Үлгі ретінде келесі акцияларды айтуға болады: «Біз – салауатты өмір салты үшін!», «Мен өмірді қалаймын», «Дені сау университеттер», «Есірткіге жол жоқ!» және т.б. Осы іс-шараларға мыңнан астам оқушылар, студенттер және жұмыс істейтін жастар үлесін қосуда.

Балалар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартып, бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмыстары жалғасып келеді.

Қорытындылай келсем, жоғарыда айтқанымдай есірткіге қарсы талай-талай күрес шаралары жүргізілгенімен, нәтижесі сонда-да көңілден шығатындай емес, өйткені біз есірткіге қарсы күресеміз дейміз де, оған тамаша жарнама жасаймыз. Дегенімен, қол түсірудің керегі емес, Қазақстан Республикасы Басшылығының жүргізетін есірткі пайдаланушылар мен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес, республикамыздың әр облысында қоғамның салауаттылығы үшін қолдан келген амалдарды қарастырып, бар күшімен еңбектенетін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеттері және құқық қорғау органдары жұмыстануда. Мен, олардың өз қызметтерін дұрыс атқаратындығына және аянбай қызмет ететіндігіне күмәнім жоқ.

 

Маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған 30 маусым 2011 жылы аудан орталығы Кеген селосында өткен акция

Недоступен ни однин перевод.

 

 

Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні 1988 жылдан, ал Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес 1987 жылдан бастап аталып келеді.Бүгінде бұл шаралардың еліміз ұшін маңызы зор. Себебі, Қазақстанда нашақорлықтың таралуы және қолдану проблемасы кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өте қауіпті жағдай тудырып отыр.Ал, темекі мәселесіне келетін болсақ, әлемде жыл сайын темекі шегуден туындайтын өкпе ісігінен, жүрек және басқа аурулардан 5,4 миллион адам көз жұмады екен.

Егер қазірден бастап зиянды кеселдің алдын алмаса, 2030 жылға әлемде жыл сайын 8 миллионға жуық адам көз жұмып отыруы мүмкін.

 

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, темекі өнімдерін қолдану салдарынан әлемде күн сайын 13 мыңнан астам адам көз жұмады екен.

Тек, Қазақстанның өзінде бұл көрсеткіш күн сайын 70 адамға жеткен. Өкініштісі, олардың басым бөлігі 35-69 жас аралығындағы азаматтар.

Темекінің зияндылығы жөнінде аз айтылып жатқан жоқ. Кей адамдардың темекі шегудің денсаулыққа зияны жоқ деп есептеуі онымен күресуге үлкен тосқауыл болып отыр.

Бұл проблема тек мамандардың ғана емес, жалпы қоғамның проблемасы. Сондықтан, темекімен бірігіп күресуіміз керек.

Ал, нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық мәселеге айналды. Соңғы мәліметтер бойынша, әрбір нашақор «қар көшкіні» сияқтыжыл сайын өз қатарларына 13-15 адамды қамтиды екен.

Нашақорлар ВИЧ-инфекциясын жұқтыр-удың негізгі себебі болуда.
Нашақорлық мәселесі мемлекеттік билік органдарымен қатар халықтың да назарында үнемі болуының маңызы бар.

Қазақстанда нашақорлықты жеңу бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

-есірткілерді еліміздің аумағына жасырын әкелуді болдырмау;

-есірткілерді таратуға және қолдануға тыйым салу;

-есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу.

Қауіпті кеселмен халық болып күресетін кез жетті. Бүгінгі шараның маңызы мен мақсаты осы

Акцияға Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Хамзиев Мұхтар Қуанышұлы, «Салауат медика биологиялық институты» қоғамдық бірлестігінің маманы Иембердиева Нұрғайша, Аудандық «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ, аудандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі, аудандық аурухана, мекеме қызметкерлері, аудан мектептерінен мектеп әкімшілігі, психологтар, өзін -өзі тану пәнінің мұғалімдері қатынасты.

 

Нашақорлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Героин шығаратын орталықтар

Экстазидың моллекуллалық құрылысы

Нашақорлық -наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Мазмұны

[жасыру]

· 1 Есірткі түрлері

· 2 Анықтама

· 3 Токсикомания

· 4 Марихуана

· 5 Героин

· 6 Кокаин

· 7 Экстази

· 8 Нашақорлық

· 9 Сілтемелер

· 10 Дереккөздер


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Голоса из наружности| Есірткі түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)