Читайте также: |
|
1. «Аяз би» ертегісіндегі бас кейіпкердің есімін табыңыз. A) Мадан. B) Зәрлі хан. C) Жаман. D) Кендебай. E) Жүсіп. |
2. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз. A) Ақындар айтысы. B) Жар-жар айтысы. C) Жұмбақ айтысы. D) Жануарлар мен адам айтысы. E) Бәдік айтысы. |
3. Махамбеттің ағасын атаңыз. A) Қарауылқожа. B) Баймағамбет. C) Бимағанбет. D) Өтеміс. E) Бекмағамбет. |
4. Ы.Алтынсариннің қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсету идеясын ұстанған туындысын белгілеңіз. A) «Кел, балалар, оқылық!». B) «Өнер-білім бар жұрттар». C) «Өзен». D) «Азған елдің хандары». E) «Залым төреге». |
5. Төрт бөлім, қырық жеті тараудан тұратын С.Сейфуллиннің шығармасын белгілеңіз. A) «Жемістер». B) «Альбатрос». C) «Қызыл ат». D) «Аққудың айырылуы». E) «Көкшетау». |
6. С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасындағы кейіпкерлердің бірін табыңыз. A) Асқар. B) Тұтқыш. C) Қамар. D) Ботагөз. E) Жамал. |
7. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз. A) Табиғат көркін суреттеу. B) Оқиғаның болған жерін көрсету. C) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі. D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу. E) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау. |
8. Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз. A) Сұлтанмұрат. B) Төреаға. C) Ергеш. D) Анатай. E) Еркінбек. |
9. Ә.Нұрпейісовтің романын табыңыз. A) “Жолдастар”. B) “Қарағанды”. C) “Дауылдан кейін”. D) “Сырдария”. E) “Қан мен тер”. |
10. Қорқыт ата кітабының неше нұсқасы сақталғанын белгілеңіз. A) Төрт. B) Бір. C) Бес. D) Үш. E) Екі. |
11. Алпамыстың жау қолына түсуіне себеп болған жағдайды көрсетіңіз. A) Оның жаралануы. B) Өнерпаздығы. C) Қаракөзайымның ғашық болуы. D) Мыстан кемпірдің айласы. E) Жаудың күштілігі. |
12. Лиро-эпос кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен безетінін табыңыз. A) Қыз Жібек. B) Ақжүніс. C) Баян сұлу. D) Гүлбаршын. E) Айман, Шолпан. |
13. Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессіз сөз бастама,- деген ғибратты сөз Асан қайғының қай шығармасынан алынғанын белгілеңіз. A) ²Қырында киік жайлаған². B) ²Көлде жүрген қоңыр қаз². C) ²Еділ бол да, Жайық бол². D) ²Айналасын жер тұтқан². E) ²Есті көрсең кем деме². |
14. Абылай ханның тұсында өмір сүріп, оған толғауларын арнаған жырауды табыңыз. A) Бұқар. B) Мұрын. C) Үмбетей. D) Ақтамберді. E) Шалкиіз. |
15. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз. A) XIX ғ. B) XVIII ғ. C) XIV ғ. D) XVII ғ. E) XVI ғ. |
16. ²Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім²,- деген пікірдің авторын белгілеңіз. A) А.Байтұрсынов. B) А.Құнанбаев. C) М.Әуезов. D) Ш.Уәлиханов. E) Ы.Алтынсарин. |
17. С.Торайғыровтың туған жерін табыңыз. A) Қарағанды облысы. B) Көкшетау облысы. C) Ақтөбе облысы. D) Алматы облысы. E) Шығыс Қазақстан облысы. |
18. І.Жансүгіров қай өлеңінде терме үлгісін пайдаланғанын белгілеңіз. A) «Ала бие». B) «Әншіге». C) «Бұлт». D) «Оқимын». E) «Ұлы күнде». |
19. “Оянған өлке” романындағы бір-бірімен бақталас қазақ байларын белгілеңіз. A) Бұланбай мен Сүгірәлі. B) Омар мен Күреңкөз. C) Жұман мен Игілік. D) Омар мен Жұман. E) Игілік пен Сандыбай. |
20. Әл-Фараби шығармасын анықтаңыз. A) ²Ақылдың мәні туралы², ²Философияны оқу үшін не білу керек?². B) ²Гулистан бит-турки². C) ²Хибатул хақайық², ²Тарихи Рашиди². D) ²Диуани лұғат ат-түрік². E) ²Ақылдың сыйы², ²Қыпшақ шежіресі². |
21. Доспамбет жыраудың қай жерде туғанын табыңыз. A) Ақтау. B) Атырау. C) Ақтөбе. D) Азау. E) Астрахань. |
22. Еркін жатқан қайран ел, Дәулетің бейне шалқар көл… Енді келіп қамалдың Орыс салған қамалға…- деген өлең шумағының авторын табыңыз. A) Бұқар жырау. B) Дулат. C) Асан қайғы. D) Шортанбай. E) Ақтамберді. |
23. 1852 жылы Шоқан Уәлиханов И.Н.Березинмен кімнің көмегі арқылы танысқанын табыңыз. A) Потанин. B) Достоевский. C) Майков. D) Костылецкий. E) Черняев. |
24. М.Әуезовтің аудармасын табыңыз: A) “Қилы заман”. B) “Хан Кене”. C) “Абай”. D) “Асауға тұсау”. E) “Түнгі сарын”. |
25. Дулат Исабековтің туған жерін табыңыз. A) Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы. B) Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы. C) Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы. D) Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы. E) Семей облысы Аягөз ауданы. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 762 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ | | | АҒЫЛШЫН ТІЛІ |