|
Гепаринді тромбоздардың емдеуі мен профилактикасында қолданады. Оның әсерінің механизмін көрсетіңіз: Интитромбин 3 активаторы
Гиперлипопротеинемия I типті науқастардың қансарысуы «сүт» түсті болады, қансарысуын 4°С –де сақтаған кезде оның беткейінде май жентектері пайда болады. Науқас қанындағы бұл құбылыстың себебін көрсетіңіз: ТАГ жиналуы (хиломикрондар)
Гиперлипопротеинемия I типті науқастардың қансарысуы «сүт» түсті болады, қансарысуын 4°С –де сақтаған кезде оның беткейінде май жентектері пайда болады. Бұл ауру кезінде қай фермент жетіспеушілігі байқалады: Липопротеинлипаза
Гиперлипопротеинемия I типті науқастардың қансарысуы «сүт» түсті болады, қансарысуын 4°С –де сақтаған кезде оның беткейінде май жентектері пайда болады. Бұл ауру кезінде ақауы болатын ферменттің активаторын көрсетіңіз: Гепарин
Гиперпаратиреоидизм – бұл негізіне паратгормон гиперөндірілімі жатқызылатын ауру. Науқаста бұлшықет әлсіздігі, остеопороз және сүйектерінің деформациясы, бүйректерінде тастар түзілісі байқалады. Бұл науқастағы аталған симптомдардың себептері неде? Паратгормон остеокластарды белсендіреді,сүйек құрамында минерал қанға түседі кальций жоғарлайды
Гиповитаминоз В1 алкоголизммен ауыратын науқастарда жиі байқалады және тағам қабылдау бұзылуының нәтижесі болып табылады (олар 50% калорияны спирттің тотығуынан алады). В1 витамині тапшылығы симптомы – бұл жүйке жүйесі қызметінің бұзылысы, психоз, есте сақтаудың жоғалуы (Вернике-Корсаков синдромы). Бұл синдром кезінде қай ферменттердің тапшылығы байқалатынын анықтаңыз: Пируватдекарбоксилаза, α-КГ-дегидрогеназа
Гиповитаминоз В1 алкоголизммен ауыратын науқастарда жиі байқалады және тағам қабылдау бұзылуының нәтижесі болып табылады (олар 50% калорияны спирттің тотығуынан алады). В1 витамині тапшылығы симптомы – бұл жүйке жүйесі қызметінің бұзылысы, психоз, есте сақтаудың жоғалуы (Вернике-Корсаков синдромы). Бұл синдром дамуының механизмін көрсетіңіз: Бауырда В1 витаминінің активтенуі бұзылады
Гипотиреозды пациентке құрамында тироксині бар ем қабылдауды тағайындайды. Емдеу басталған соң 3 айдан кейін қанындағы тиреотропин деңгейі аздап төмендеген. Дәрігер неге бұл науқасқа тироксин дозасын жоғарлатуды ұсынған? Тироксиннің адекватты дозасы кері байланыс теориясы бойынша ТТГ өндірілуін біршама басады
Грипп вирусы карбамоилфосфатсинтетаза I ферментінің синтезін бұзатыны белгілі. Бұл кезде балаларда құсу, бас айналуы, тырысу, естен тану мүмкіндігі байқалады. Аталған симптомдарды дамытатын заттар мен биохимиялық үдерістерді көрсетіңіз: Мочевина түзілуінің орнитиндік циклі
Дикумарол, К витаминінің құрылымдық аналогы, өткен ғасырдың басында кеміргіштерді жоюға арналған у ретінде қолданылған. Дикумаролдың улы әсерінің негізіне не жатқызылады? Қан ұю жүйесі бәсеңдейді.қан кету дамиды
Еәрестенің қанындағы тікелей емес билирубиннің мөлшері жоғарлаған, нәжісі интенсивті боялған (уробилиннің мөлшері жоғарлаған). Зәрде билирубин анықталмаған. Нәрестеде сарыаурудың қай түрі? Гемолиттік
Емдеуші препараттар лидаза және ронидаза құрамында гиалуронидаза ферменті болады. Оны қолданудың көрсеткіштері күю мен операциядан кейінгі тыртықтар, қабыну үдерістері мен жарақаттардан кейінгі буындардың қиын қозғалыстары, ұлпа жабысулары (спайка). Бұл препараттардың әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз: ГАГ ыдыратады
Ер адамда, 42 жаста, алкогольді аздап қабылдайтын, стеаторея (қорытылмаған майлардың нәжіс құрамында шығарылуы) анықталған. Стеатореяның мүмкін себептерін көрсетіңіз: Алкогольдық панкреатиттен болатын липаза тапшылығы
Еркек, 63 жаста, жарақатпунктіне (травмпункт) жамбасы сынуы бойынша күмәнді түсті. Пациенттің айтуы бойынша: ол тайып жығылған. Ұйқысыздыққа, қолдары мен аяқтарының шаншуы мен жансыздануына, кейде тырысуы болатынына, жүрек соғысының жиілеуіне, қызылиегінің ауырсынуына, соңғы 2 айда 4 тіс жоғалтқанына шағымданған. Бастапқы диагноз: остеопороз. Бұл аурудың негізіне не жатқызылады: Са тапшылығы
Жануарлардың слекейінен протеиназалардың ингибиторларын бөліп алады және оларды дәрілік препараттар алу үшін қолданады. Олар фармацевтикалық фирмалардан «Трасилол», «Контрикал», «Гордокс» атауларымен шығарылады. Слекейдегі протеаза ингибиторларының қызметін түсіндіреді: Бактериоцидтік әсер көрсетеді,микроб протеаза қызметін басады
Жануарлардың слекейінен протеиназалардың ингибиторларын бөліп алады және оларды дәрілік препараттар алу үшін қолданады. Олар фармацевтикалық фирмалардан «Трасилол», «Контрикал», «Гордокс» атауларымен шығарылады. Бұл пррепараттар қандай ауруларды емдеуде қолданылады және олар қай фермент қызметін ингибирлейді: Трипсин,хемотрипсин басады
Жаңа туған нәрестенің зәрі ауада қараятыны байқалған. Бұл аурудың себебін көрсетіңіз: Гомогентизин қышқылының оксидаза ферменті болмағанда
Жаңа туған нәрестенің зәрі ауада қараятыны байқалған. Бұл аурудың дамуын жеткіліксіздігі туындататын ферментті көрсетіңіз: Гомогентізін оксидазасы
Жаңа туған нәрестенің зәрі ауада қараятыны байқалған. Нәрестенің қандай зат болғанын көрсетіңіз: Алкаптонурия.Зат:Гомогентизин қышқылы,Фермент:Оксидаза
Жас адам, боди-бюлдингпен айналысады, Интернет мәліметтерінен пестицид 2,4-динитрофенол «жақсы» майды жоюшы екенін және бұлшықеттің визуальды рельефін жақсартатын білген. Ол оны көрсетілім жарыстары алдында қолдануға шешім қабылдайды. Бірақ, бұл заттың аздаған дозасын қабылдаған соң кенеттен бұлшықет әлсізденуі мен дене температурасы жоғарлағанын байқап дәрігерге суық тиді деп шағымданып қаралған. Жас адамдағы симптомдар себебін және оның салдарларын түсіндіріңіз: Энерготапшылығы жүрек бұлшық етінің ыдырауына және өлімге алып келеді
Жасанды қоректендірудегі нәрестеде В6 витаминінің тапшылығы кезінде жүйке жүйесінің зақымдалуы мүмкін. В6 витаминінің жүйке жүйесі қызметіндегі ролін көрсетіңіз: В6 витаминінің декорбаксилденуінен нитромедиаторлар түзілуі
Жатырдағы плазминогеннің концентрациясы басқа ұлпалармен салыстырғанда жоғары. Жатыр мен қуық безіне операция кезінде қандай асқынулар туындауы мүмкін? Қан кету
Жұқпалы аурулар бөліміне жедел вирустық гепатитке күмәнді науқас түскен. Науқастың терісі және шырышты қабықшалары айқын сарғайған, қанында тікелей және тікелей емес билирубин мөлшері жоғарлаған, зәрінде тікелей билирубин анықталады, зәр мен нәжістегі өт пигменттерінің мөлшері азайған. Пациенттегі байқалған сарыауру түрін анықтаңыз: Паренхиматозды
Жүйелік склеродермия — бұл коллагеннің синтезі жоғарлайтын, тері және ішкі мүшелердің фиброзы дамитын ауру. Бұл ауру кезінде зәрде коллагеннің интенсивті алмасуын қай компонент байқатады: Гидросипролин,оксипролин
Жүйелік склеродермия — бұл коллагеннің синтезі жоғарлайтын, тері және ішкі мүшелердің фиброзы дамитын ауру. Склеродермияны емдеу үшін преднизолон қолданылады. Склеродермия терапиясының әсерін бақылауға арналған биохимиялық тестті таңдаңыз: Зәрде оксипро емдегенде
Зәрдің тәуліктік көлемі 4,5 л, салыстырмалы тығыздығы 1004 (қалыптысы 1020). Зәрінде глюкоза анықталмаған, кетондық денелер жоқ. Анализ нәтижелері қай ауру белгілеріне сәйкес келеді? Қантсыз диабет
Кейбір дәрілік заттар, мысалы, барбитураттар, диклофенак, эстрогендер аминолевулинатсинтаза мен аминолевулинатдегидратазаның индукторы болып табылады. Неге бұл препараттарды қабылдау кейбір науқастарда жүйке-психикалық бұзылыстарды және терінің ультра-күлгін сәулеленуге сезімталдығын жоғарлатады? Порфирин жиналады
Кейбір жұқпалы ауруларда бірінші ретті гиперпротеинемия байқалады. Неге бұл жағдайларда плазманың жалпы белоктарының концентрациясы жоғарлайды? В лимфациттер арқылы гамма глобулин түзілуінің жоғарлауы
Клиникаға 6-айлық бала сүтпен қоректендірген соң диарея болуымен қабылданды. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттылық тесті жүргізілді. Науқасқа, ашқарында суға ерітілген 50 г лактоза берілді. Әрбір 30, 60 және 90 мин сайын қанындағы глюкоза концентрациясын анықтады. Қандағы глюкоза концентрациясы жоғарламаған. Алынған нәтижелердің себептерін келтіріңіз және оларды негіздеңіз: глюкоза өзгермейді, лактоза ыдырамайды лактазаның туа біткен тапшылығы
Кока-кола, фанта, сыра қабылдағаннан кейін слекей рН-ы 5,5-ке жетеді. Слекейдің қалыпты рН-ын көрсетіңіз: 7,5-6,5
Кока-кола, фанта, сыра қабылдағаннан кейін слекей рН-ы 5,5-ке жетеді. Бұл рН шамасында эмаль құрылымында қандай өзгерістер болады: Деминералдену,кариес дамиды
Көптеген патогендік микроағзалар (ірің инфекциялары мен газды гангрена қоздырғыштары) құрамында фермент гиалуронидаза болады. Инфекция кезінде бұл ферменттің әсері мен салдарларымеханизмін көрсетіңіз: Жасуша аралық матриксті ыдыратады,сондықтан микроұлпаларға өтеді
Қанда кортизолдың жоғарлауы кезіндегі остеопороз дамуының механизмін көрсетіңіз: Коллагеннің бірінші типі мен кальций байланыстырушы белоктың синтезі төмендейді
Қант диабетті науқасқа инсулин инъекциясы тағайындалған. Бірақ оң әсер байқалмайды, қанындағы глюкоза концентрациясы жоғары қалпында қалған. Емдеудің бұл нәтижесінің себебін түсіндіріңіз: Инсулиндік рецептор азайған
Қант диабеті бар науқастың зәрінде кетондық денелердің пайда болу механизмін түсіндіріңіз: Инсулин жетіспеушілігі, сонлықтан липолиз жоғарылайды және липидтердің β-тотығуы жүреді
Қант диабетімен ұзақ ауыратын адамдарда ацидоз дамиды. Қандағы рН ауытқуын қай заттың концентрациясының жоғарлауы туындатады: Ацетосірке қышқылының
Қуық безіндегі плазминогеннің концентрациясы басқа ұлпалармен салыстырғанда жоғары. Жатыр мен қуық безіне операция кезінде қандай асқынулар туындауы мүмкін?
Леша-Найхан синдромы бар науқастарда гиперурикемияныңауыр формасы байқалады. Оларда тофустар мен зәр шығару жолдарында ураттық тастар түзіледі және нақты неврологиялық ауытқушылықтар болады. Аталған ауру қай ферменттің белсенділігі жоғалуымен байланысты: Гипоксантингуанин фосфорибозил трансфераза
Майда буындарындағы өткір ауырсынуларға шағымданған пациент қабылданған клиникада подагра диагнозы қойылды және емдеуге аллапуринол тағайындалды. Науқастың жағдайын аллапуринол қалай жеңілдетеді: Ксантиноксидаза ферментін тежейді, ол несеп қышқылының концентрациясын төмендетеді
Метионин аминоқышқылы инсульт кезінде, шашыранды склероз кезінде, бас-ми жарақаты кезінде нейротропты әсерлі дәрілік препарат ретінде қолданылады. Метионин әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Ол фосфолипидтер синтезін стимулдейді, сондықтан ол мембранотропты әсер көрсетеді
Метотрексат – фоль қышқылының құрылымдық аналогы, ісікке қарсы әсерлі препарат және клиникада кең қолданылады. Ол пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер синтезі жылдамдығын баяулатады, тез өсуші жасушалардың өсуі мен көбеюін тежейді. Бірақ, бұл препараттың жанама әсері тамырлардағы тромбоз болып табылады. Метотрексаттың жанама әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Фоль қышқылының тапшылығы тромбоциттердің агрегациясын стимулдейтін гомоцистеиннің жиналып қалуына алып келеді (гипергомоцистеинемия)
Метотрексат ісікке қарсы әсерлі препарат және клиникада кең қолданылады. Ол пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер синтезі жылдамдығын баяулатады, тез өсуші жасушалардың өсуі мен көбеюін тежейді. Метотрексаттың цитостатикалық әсерінің механизмін көрсетіңіз: Метотрексат фоль қышқылының құрылымдық аналогы болып табылады
Миокард инфарктісі диагнозын қою үшін зертханалық тестті қолдануға болады. Жедел миокард инфарктісі кезінде қолданатын ең сезімтал және спецификалық тестті таңдаңыз: Тропонин Т
Мырыштың тапшылығы қант диабеті дамуына әкеледі. Неге? Мырыш инсулин молекуласын тұқрақтандырып оның қанда болу механизмі жатады
НАДФ-оксидаза ферментінің тұқымқуалаушы жетіспеушілігі кезінде созылмалы гранулематоз байқалады. Фагоцитозда бұл фермент қандай роль атқарады? Оттектің активті формалары жоғарлайды
Натрий нитритімен улану кезінде (сапасыз шұжықтар) тұншығу, лоқсу, сананың тұмандауы приступтері дамиды. Нитриттер қанды уландыратыны белгілі. Нитриттердің уландырушы әсерінің механизмін көрсетіңіз: F2-F3 айналады метагемоглобин
Науқас баланың зәрінде фенилпируваттың жоғары мөлшері анықталған (практикада қалыпты жағдайда болмайды). Қанындағы фенилаланиннің мөлшері 35 мг/дл (қалыпта 1,5 мг/дл жуық) тең болған. Аурудың атын және ақаулы ферментті атаңыз: Фенилкетонурия.Фенилаланингидрокцилаза
Науқас бас ауруы мен артериялық қысымның жоғарлауына шағымданып қабылданған. Зерттеу кезінде бүйректің бір артериясында ісік анықталған. Осындай науқастарда гипертония неге дамиды? Рининнің бөлінуін стимулдейді
Науқас ревматоидтық полиартритті емдеу үшін, преднизолонды - кортизолдың құрылымдық аналогы, қабылдаған. Жақсару жағдайын сезген науқас преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатқан. Оның жағдайы көп кешікпей-ақ кенет нашарлаған. Зерттеу кезінде қанындағы глюкоза концентрациясы төмендегені, артериялық қысым төмендегені, зәріндегі 17-кетостероид мөлшері азайғаны анықталды. Науқастың преднизолонды тоқтатқан соң денсаулығы неге нашарлаған? Эндогенді кортизолдің өндірілуінің төмендеуі
Науқасқа жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы) диагнозы қойылған. Науқастағы қан ұюының жоғарлауы анықталды. Панкреатит кезіндегі тромбоздың себебін көрсетіңіз: Тромбиннің аналогы болатын қандағы трипсин деңгейінің жоғарылауы
Науқасқа созылмалы жүрек қызметі жетіспеушілігі диагнозы қойылды. Науқасқа қажетті тағам құрамы бойынша қандай ұсыныс беріледі? Тұз мөлшерін шектеу
Науқасқа созылмалы панкретит (ұйқы безінің қабынуы және қызметінің жетіспеушілігі) диагнозы қойылды. Панкретит кезінде өткізетін ең спецификалық биохимиялық тестті көрсетіңіз: Қандағы амилазаның активтілігі
Науқасқа созылмалы панкретит (ұйқы безінің қабынуы және қызметінің жетіспеушілігі) диагнозы қойылды. Науқасқа қажетті тағам құрамы бойынша қандай ұсыныс беріледі? Жеңіл қорытылатын көмірсуларды шектеу қажет
Науқаста, 40 жас, өттің онекі елі ішекке түсуі ұзақ мерзімді бұзылған. Зерттеу кезінде қанкету жоғарлауы, тромб түзілу мерзімі ұзарғаны анықталған. Бұл науқастың гемостаз жүйесі қызметі бұзылуының себебін көрсетіңіз: Холестаз кезінде ішекте К витаминінің сіңірілуі бұзылады
Науқаста, 40 жас, өттің онекі елі ішекке түсуі ұзақ мерзімді бұзылған. Зерттеу кезінде терінің құрғауы, ксеростомия, дәм сезудің төмендеуі анықталады. Бұл өзгерістердің себебін көрсетіңіз: Холестаз кезінде ішекте А витаминінің сіңірілуі бұзылады
Науқастан глюкозурия анықталған, қандағы глюкоза концентрациясы 11 ммоль/л. С-пептидтің мөлшері қалыптан төмен. Аталған мәліметтерге сәйкес келетін ауруды көрсетіңіз: Инсулин тәуелді қант диабеті
Науқасты зерттеген кезде гипертензия, қанындағы калий концентрациясы төмендегені анықталған. Ренин активтілігі төмен, қан плазмасындағы альдостерон деңгейі қалыптан жоғары. Компьютерлік томографиямен зерттеген кезде сол жақтағы бүйрекүстілерде ісік анықталған. Ауруды атаңыз: Гиперальдестеронизм немесе Кон ауруы
Науқастың зәрінде глюкоза анықталған, қанындағы глюкоза концентрациясы 11 ммоль/л (қалыптысы 3,5-5,5 ммоль/л) болған. С-пептидтің мөлшері қалыптан төмен. Аталған мәліметтер қай ауруға сәйкес келеді? Инсулинге тәуелді қант диабеті
Науқастың зәрінде глюкоза анықталған, қанындағы глюкоза концентрациясы 11 ммоль/л (қалыпта 3,5-5,5 ммоль/л) болған. С-пептидтің мөлшері қалыптан төмен. Аталған мәліметтер қай ауруға сәйкес келеді? Қант диабеті
Науқастың қаны мен зәрін биохимиялық зерттеген кезде анықталды: зәрдегі мочевина концентрациясы 180 ммоль/тәул, қанындағы - 2,0 ммоль/л (қалыпты жағдайда қандағы мөлшері 3,5-9,0 ммоль/л, зәрдегісі 330-580 ммоль/тәул.). Аталған патологияның себебін түсіндіріңіз: Бауыр циррозы
Нәрестелердегі сарыауруды емдеу және алдын алу үшін фенобарбиталды қолданады. Фенобарбиталды дәрілік препарат ретінде қолдану неге негізделген? Фенобарбитал цитохром Р450-нің индукторы.Сондықтан билирубин тотығуы жоғары
Орнитиндік циклдің тұқымқуалаушы бұзылысы бар пациенттер белоктық тағамдарды қабылдаудан қашады. Оларда лоқсу, енжарлық (маужырау), тырысып талуы және ақыл ес кемуі болатындықтан. Аталған симптомдардың себебін көрсетіңіз: Аммиактың жоғарлауы
Пациент окулистке автомобилді түнгі мезгілде, негізінен қараңғыда жүргізгенде қиындық болатыны туралы шағымданған. Күндіз жақсы көреді. Тағам қабылдауы мезгілсіз, анамнезінде - панкреатит. Аталған симптомдарды қай витаминнің тапшылығы дамытуы мүмкін: А витаминің гиповитаминозы
Пациентте пируваткарбоксилазаның генетикалық ақауы анықталған. Бұл ферменттің катализдейтін реакциясы мен оның тапшылығы салдарларын көрсетіңіз: Пируватты оксалоацетаттқа айналдыру, глюконеогенезді тежеу, сондықтан 2 сағат сайын аштық сезім туады
Пациентті зертханалық тексеру кезіндегі, ашқарындағы, қанындағы глюкозаның концентрациясы 6,5 ммоль/л (қалыптағысы 3,5-5,5 ммоль/л), қанттық жүктемеден кейін 2 сағаттан соң 10,3 ммоль/л, қанында мочевина мен кортизолдың мөлшері жоғарлаған. Май қышқылдары мен кетондық денелердің мөлшері қалыпты шектерде. 17-кетостероидтардың тәуліктік экскрециясы 45 мг (қалыптағысы 5-15 мг/тәул.). Аталған мәліметтер қандай ауруға сәйкес келеді? Иценко-Кушинко ауруы гипертицизм
Пациентті зертханалық тексеру кезіндегі, ашқарындағы, қанындағы глюкозаның концентрациясы 6,5 ммоль/л (қалыптағысы 3,5-5,5 ммоль/л), қанттық жүктемеден кейін 2 сағаттан соң 10,3 ммоль/л, қанында мочевина мен кортизолдың мөлшері жоғарлаған. Май қышқылдары мен кетондық денелердің мөлшері қалыпты шектерде. 17-кетостероидтардың тәуліктік экскрециясы 45 мг (қалыптағысы 5-15 мг/тәул.). Аталған мәліметтер қандай ауруға сәйкес келеді? Гиперкортицизм
Подаграмен ұзақ ауыратын адамдарда ацидоз дамиды. Қандағы рН ауытқуын қай заттың концентрациясының жоғарлауы туындатады: Зәр қышқылы
Протеин С-ның тұқым қуалаушы жетіспеушілігінде веноздық тромбоз және өкпе эмболиясы дамуы мүмкін. Гемостазда белсенді протеин С қандай роль атқарады? Ол антикоагулент,сондықтан 8 және 5 факторді тежейді
Солтүстік теңізі балықтары майларын гиперхолестеролемиямен және тромб түзіуінің жоғары тәуекелі бар науқастардың қабылдауына ұсынылады. Бұл ем-дәмнің антиатерогендік әсерін түсіндіріңіз: балық майы құрамындағы полиқанықпаған ұзын тізбекті май қышқылдары тромбоциттерге антиагрегациялақ әсер етуге қабілетті болып табылады
Спортпен интенсивті айналысатын адамдарда жаттығудан кейін ацидоз дамиды. Қандағы рН ауытқуын қай заттың концентрациясының жоғарлауы туындатады: Сүт қышқылы
Сүйек ұлпасының коллагендік емес белоктарының бірі – остеокальцин. Оның құрамында аминоқышқыл γ-карбоксиглутамин қышқылының (γ-Глу) қалдығы болады. Ол қалыпты минералдену үдерісін қамтамассыз етеді. Белок құрамында бұл аминоқышқыл қалдығы қалай пайда болады (оны атқаратын фермент пен оның кофакторын көрсетіңіз): КоЕ-γ-карбоксиглутаминаза К витамині тәуелді
Терісінің, склерасының, шырышты қабаттарының айқын сарғаюы бар науқастың зәрі қоңыр сыра түсті және нәжісі ашық түсті. Қанында билирубин мөлешрі жоғарлаған және зәрінде билирубин анықталған. Науқаста сарыаурудың қай типі? Обтурациялық немесе механикалық
Толық құрамды бағалы тағам алатын және жиі түрде күнге шығарылатын балада рахит белгісі байқалған. Қандағы кальций деңгейі қалыптан төмен деңгейде. Рахиттің мүмкін себептерін көрсетіңіз: 1-гидроксилаза
Тұқымқуалаушы аргининосукцинурия ауруы кезінде аргининосукцинаттың бүйректер арқылы тәуліктік экскрециясы 3 г жетеді (қалыпта ол болмайды). Бұл аурудың мүмкін себептерін көрсетіңіз: Аргинин сукцинатлипаза ферментінің жетіспеушілігінен
Тұқымқуалаушы оротацидурия кезінде зәрмен 1,5 г дейін оротат шығарылады. Бұл аурудың дамуын жеткіліксіздігі туындататын ферментті көрсетіңіз: Ортатфосфорибозилтрансфераза
Ұзақ және күшті жылаған нәрестенің зәрінде кетондық денелердің пайда болуы механизмін түсіндіріңіз: бұлшықеттің интенсивті жиырылуы липидтердің β-тотығуының белсенуіне әкеледі
Хирургиялық және стоматологиялық құралдарды стерилдеу үшін булы, газды стерилизаторларды, ультра-күлгін сәулелендіруді қолданады. Бактерия белоктарына аталған факторлар әсер еткен кезде оларда бұзылмайтын байланыс түрін көрсетіңіз: Денетурация,пептидтік
Цирроз кезінде, бауырдың уланып зақымдалуы кезінде, созылмалы алкоголизм кезінде метионин аминоқышқылы липотропты әсерлі (бауырдағы майдың артық мөлшерін бөліп шығарады) дәрілік препарат ретінде қолданылады. Метиониннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз: Ол май қышқылдарын митохондрияға тасымалдағышы – карнитиннің синтезіне қатысады
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 539 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
VII. Гидравлический расчет оборудования и трубопроводов. | | | Этот мир придуман не мной От составителя |