Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу жылы

Читайте также:
  1. Оқу жылы 1 страница
  2. Оқу жылы 2 страница
  3. Оқу жылы 3 страница
  4. Оқу жылы 4 страница

Интерндердiң қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляцияның сценарийі

оқу жылы

Клиникалық жағдай: «12 елі ішек ойық жарасының атипиялық перфорациясының диагностикасы»

Ситуациясы: Сіз – хирургияның қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жедел жәрдем бригадасымен 34 жасар У. науқас жеткізілді.

Ø Науқастың анамнезін жинаңыз және жалпы қарап тексеріңіз;

Ø Лабораторлық көрсеткіштердің интерпретациясын жасаңыз;

Ø Құрсақ қуысы рентгенографиясының интерпретациясын жасаңыз;

Ø Диагноз қойыңыз;

Ø Емдеу тактикасын анықтаңыз;

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Ойық жарасы бар науқасты сұрастыру және физикалық зерттеу;

Ø Аурудың клиникалық диагностикасы;

Ø ЖҚА, ЖЗӘ интерпретациялау;

Ø Құрсақ қуысы рентгенографиясының нәтижесін интерпретациялау;

Ø Ажырату диагностикасын жүргізу;

Ø Емдеу тактикасын анықтау;

 

«12 елі ішек ойық жарасының атипиялық перфорациясының диагностикасы»

бойынша клиникалық жағдайды

Бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Баға (балл)
Дұрыс орындады Ескертумен орындады Орындаған жоқ
  Шағымын, анамнезін толық жинады. Сұрақтарды дұрыс қойды 2,0 1,0  
  Қарап тексеру: жалпы қарау – тері жамылғыларының боз екенін, мәжбүрлі қалыпта екенін анықтады. 1,0 0,5  
  АҚ өлшеді, пульс пен ТЖ санады. 1,0 0,5  
  Объективті қарап тексерді: перкуссия жасап – бауыр тұйықтығы анықталмайтынын анықтады. 1,0 0,5  
  Іш аускультациясы –ішек перистальтикасының әлсіз екенін анықтады. 1,0 0,5  
  Іш пальпациясын жасады – қатты ауру сезімі, дефанс 1,0 0,5  
  Алдын ала болжама диагноз қойды: он екі елі ішектің ойық жарасы? Перитонит 2,0 1,0  
  Тік ішекті зерттеп тексерді 1,0 0,5  
  Зерттеу жоспарын тағайындады: ЖҚА, ЖЗА, құрсақ қуысының рентгенографиясы, ЭФГДС 2,0 1,0  
  Лабораториялық нәтижелерді интерпретациялады. 1,0 0,5  
  Құрсақ қуысы рентгенограммасын интерпретациялады. 1,0 0,5  
  ЭФГДС жасау керектігін айтты 1,0 0,5  
  Клиникалық диагноз қойды және оны дәлелдеді: он екі елі ішектің жасырынған перфоративті ойық жарасы. Перитонит. 2,0 1,0  
  Әрі қарайғы тактикасын дұрыс анықтады және негіздеді – жалпы наркозбен жедел лапаротомия 1,0 0,5  
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас жасай алды, уайымын баса алды, отаға келісімін алды 2,0 1,0  
ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ      

Стандартталған актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Ер адам, 34 жасар,бойы 180 см, салмағы 76 кг.

Шағымдары: іштегі ауру сезімі, құсу, температурасының жоғарылауы. Оң қырымен, аяғын бүгіп, ыңсырап жатыр.

 

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақтың қойылуы Жауабы
Шағымын сұрау Сізді не мазалап тұр? Іштегі ауру сезімі, жүрек айну, құсу, температурасының жоғарылауы
Ауру сезімінің басталу сипатын, интенсивтілігін, орнын анықтау Ауру сезімі кенет басталды ма, әлде біртіндеп пайда болды ма? Ауру сезімі тұрақты ма? Іштің дәл қай жері ауырып тұр? Ауру сезімі кенет пайда болды, оң қабырға асты және асқазан аймағында ауырады, ауру сезімі тұрақты, әлі басылған жоқ.
Ауру сезімінің ұзақтығы Іштегі ауру сезімі қашаннан бері мазалайды? 12 сағаттай болды
Ауру сезімі немен шақырылған Ауру сезімінің пайда болуын немен байланыстырасыз?   Білмеймін, соңғы 7 сағатта тамақ ішпедім. 1 аптадан бері асқазан аймағында тұрақты сыздаған ауру сезімі мазалап жүрген.
Құсудың сипаты мен неше рет болғанын анықтау Құсу қашан пайда болды, не құстыңыз, неше рет болды?   Құсу ауру сезімінен кейін 1 рет болды.  
Ауру анамнезі   Қалай ауырып қалғаныңызды толық айтып беріңізші Алдымен асқазан аймағы қатты ауырды, содан терлеп кеттім. 1 сағаттан кейін басылды, 3 сағаттан кейін оң жақ ішім және бүйірім ауырды, әлі басылған жоқ
Соңғы аптада өзіңізді қалай сезіндіңіз? Түнде ішім ауыратын, бірақ қатты емес. Тамақ ішкеннен кейін басылатын. Но-шпа іштім
Дәрігерге қаралдыңыз ба? 5 сағат бұрын жедел жәрдем шақырдым. Ол кезде ауру сезімі басылды содан мені үйге жіберді
Өмір анамнезі Немен ауырдыңыз, диспансерлік бақылауда тұрасыз ба? Жоқ
Туысқандарыңызда он екі елі ішек ойық жарасы болды ма? Иә, ағамда болған, ота жасалынған
Асқазаныңызды тексерттіңіз бе? Жоқ
Боткинмен ауырғансыз ба? Жағымсыз әдеттеріңіз бар ма? Жоқ Кейде ішемін, 20 жастан темекі шегемін
  Аллергияңыз бар ма? Жоқ

Объективті: Тері жамылғысы боз, тер басқан. Ес-түсі анық, сұрақтарға біркелкі жауап береді. Науқас аяғын ішіне тартып, оң бүйіріне жатуға тырысады. АҚ 100\70, ЖСЖ – 90, ТЖ – 18. Іші тартылған, бүкіл іш аймағы ауру сезімді, алдыңғы құрсақ қабырғасы айқын қатайған, перкуссия кезінде бауыр тұйықтығы дұрыс анықталмайды. Аускультация кезінде: ішек перистальтикасы әлсіз.

Per rectum: Тік ішектің артқы қабырғасы салбырамаған, қарағанда ауру сезімсіз. Қолғаптағы нәжіс түсі қалыпты.

Зерттеу нәтижелері:

1. ЖҚА: гемоглобин -124 г/л, эритроциттер – 4,8*1012/л, гематокрит - 42%, лейкоциттер – 10,5х109/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ.

2. ЖЗА: түсі сарғыш, мөлдір, меншікті салмағы – 1022, белок – жоқ, зәр диастазасы – 32 Б.

3. Құрсақ қуысының рентгенографиясы: диафрагма күмбезінің астында бос газ жоқ, сондықтан газ инсуфляциясы жасалған.

:

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Объем оказания услуг, требования к оказываемым услугам| Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)