Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арағанды – 2013 ж.

Читайте также:
  1. арағанды – 2013 ж.

ММУ Ф 4/3-04/02

Ж. 14 маусымындағы№6 НХ

 

Арағанды мемлекеттік медицина университеті

Азақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы: XX ғасыр әлеуметтануы.

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Пән: «Әлеуметтану»

Курс: 2

Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат

 

 

арағанды – 2013 ж.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

 

Хаттама №_____ «_____»__________2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

 

· Тақырыбы: XX ғасыр әлеуметтануы.

 

 

  1. Т. Парсонстың әлеуметтануы.
  2. Р. Мертонның әлеуметтануы.
  3. П. Сорокиннің әлеуметтануы.
  4. XX ғасырдағы қазақ әлеуметтанушылары.

 

XX ғасырдағы әлеуметтану - әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болады. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алумен сипатталады.

Бұл дәуір XX ғасырдың 20 – шы жылдарынан бастап, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінде үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең 20 – жылардың 40 – шы жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады; екінші кезең – 40 – шы жылдың екінші жартысынан 60 – шы жылдың аяғына дейін созылады. Бұл уақытта, керсінше, теориялық - әдістемелік әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтеріледі. Үшініш кезең – 70 – жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтануымен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда болды.

Әлеуметтанудың XX ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады.

Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізді, осылардың негізінде арнаулы әдістерді қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе, т.б.) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20 – 30 – жылдарда АҚШ – та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф – Кетле (Франко – бельгиялық статист), Чарльз Буд (Англия), Уильям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.

Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайта көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында дұрыс жауап берілмеді.

Бұл мәселелрді дұрыс шешуге американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.

Талкотт Парсонстың (1902 – 1979 ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс - әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды функциональды талдау («структурно – функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болды. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынандай. Қандай да бір әлеуметтік іс - әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.

Т. Парсонстің пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін - өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтары, іс - әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс - әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болады.

«Әлеуметтік іс - әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шыңдықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір – бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (лейтмотив) болады. Ол әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағыдай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалдық талдау» бағытталған.

Т. Парсонс құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жетілуне басты назар аударды. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасады.

Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірі әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910 ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлуеметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады.

Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып Р. Мертон әлеуметтік құбылыстардың қоғамда әлеуметтік тәртіпті сақтау және оны қолдау функциясын емес, керсінше, оларды дисфункциасына, яғни әлеуметтік құбылыстардың қоғам құрылымындағы әлеуметтік зорлық – зомбылықты, шиеленісті олардан туатын қарама – қарсы қайшылықты көрсетуге баса көңіл аударды. «ортаңғы деңгей» теориясы бір жағынан әлеуметтік фактілердің үлкен топтарын қорытындаудың нәтижесі болды. Екінші жағынан, жалпы әлеуметтанудың кейбір жақтарын одан әрі нақтылап түсіндірудің құралы болды.

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889 – 1968 жж.) 1922 жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ – та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағаның байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік статификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобельдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы қоғамның әлеуметтік құрылымы мен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамдық құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтері бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институтарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобельдікке қандай әсерлері бар екенің зерттеді.

П. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болшағын түсіндірді. Оның бұл жөніңде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік – мәдени динмика, екіншісі, - қоғамның тұтастық тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл – парасаттық (рационалды), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде, ақал – парсатқа, ақылға жендіру арқылы, үшіншісінде интуицияның (яғни жорамалдап сенудің) басым болу арқылы іске асырлады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.

П. Сорокиннің әлеуметтік мәдениет тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтаудың әрекеті, талабы болады. Қоғамның бірігу тұрпаты туралы тұжырымдамасында П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60 – шы жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізігі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдарымен жүйелерінің арасындағы байланыс қатынастарды және адамзат қоғамның талап – тілегне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлерімен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым – қатынастардың, әдіс – тәсілдерін жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын – қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әр уақытта бірігу бағытына қарай атап көрсетті.

Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құнарлы – шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрәі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптаса келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстын жұмысшы – шаруа табынан, алдыңғы қатарлы интеллигенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұларалық дау – дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей өкіметіне, жергілікті хандарға байларға қарсы әлденеше стихиялық еруіл – көтерістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық әлеуметтік – саяси ой – пікірлер қалыптаса бастады.

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық – саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уалиханов (1835 – 1865 ж.ж.), Әлихан Бөкейханов (1870 – 1937 ж.ж.), Ахмет Байтұрсынов (1873 – 1937 ж.ж.), т.б. оқымыстылар болды.

Шоқан Уәлиханов әлеуметтік ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой – пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына үйрету идеясын жақтаған адам.

Ш. Уәлихановтың қоғамдық - әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «О мусльманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеяларымен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан – жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер – білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.

Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы мақаласында / жазбаларында/ ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған.

Патша үкіметі Сібірдегі қазақтардың билігін заң жүзінде өзінің қолына алуды мақсат етті. Осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысы болған 1860 – шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш. Уәлиханов жақсы хабардар еді. Халықтын әдет – ғұрыпын, дәстүрін жақсы білетін ол реформаны дайындаған обылыстық басқарманы халық тағдырына немқұрайдылығы үшін сынға алады, халыққа тиімді өзгерістерді талап етеді. Атап айтқанда, біріншіден, Ш. Уәлиханов өз халқының өзіндік ерекшелігін ескеру реформа дайындау барысында ерекше маңызды фактор екенін айтады. Ш. Уәлиханов осы сот реформасы жайындағы хатында қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез – құлқына сәйкестендірілуі қажеттігін терең талдап қорытты. Ш. Уәлиханов әдет – ғұрыпты өте жақсы білген, билердің сотындағы кейбір жайыттар бітімгершілік /мировой/ сотқа қарағанда, әділдікке әлдеқайда жақын деп көрсетті. Мысалы, би болу үшін халық болуы керектігі, бидің билігі ұнамаған адамның екіншісі бидің төрелігіне жүгінуге құқы барлығын және тағы басқа фактілерге сүйене отырып, Шоқан осы кезеңде билер сотын сақтау керек, деген тұжырымға келеді. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатты қолданып отырғанына ол үзілді – кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің I Думасының депутаты. «Алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «Алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси - әлеуметтік қызметтер атқарады.

Ә. Бөкейхан басқарған Қазақ кадеттерінің бағдарламалық міндеттері көптеген мәселе бойынша орыс кадеттерінен айырмашылықтары болды. Біріншіден, Ә. Бөкейхан қоғамдық - әлеуметтік қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті, екіншіден, ол ұлттық мәселелерді шешуде де әлдеқайда терең ойлап ілгері кетті.

Сөйтіп, Ә. Бөкейхан қазақ халқын алдыңғы қатарлы Ресей, онан әрі Еуропа мәдениетінің деңгейіне жеткізу мәселесін қойды. Қазақ халқының Ресей империясына бағыныштылығы оны ұдайы толғандырады. Осымен бірге қазақ халқының ру, жүздер арасындағы өзара дау – дамайлары мен жанжалдардың толастамай отырғандығы, ескі рулық тайпалық, феодалдық қатынастардың үзілмегендігінен надандық, қараңғылық, сауатсыздықтың, т.б. орын алуы оның жанына жай таптырмады. Тығырықтан шығудың жолы – халықты ағарту, білімге тарту деп түсінді.

Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Оның «Сібір темір жолы аудандарының экономикалық зерттеу материалдары» 1904 – ші жылы Ташкентте жарияланды. 1914 –ші жылы Бөкейхан социал – демократиялық паритяның құрылтайына қатысып, онда Ресей мемлекеттік депутаты А. Ф. Кененскиймен кездеседі. Ә. Бөкейхан Батыс Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалады.

Ә. Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде көп келелі ой – пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Ә. Бөкейханның пікір бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі ірі оқымысты – ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол еңбек жолын ағартушылықтан бастады. Алдымен қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп - би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды.

А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. 1902 – ші жылдан бастап ашылған «ауыл мектебі» деп аталатын үш жылдық бастауыш оқу орнының өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын, кейбір пәндердің тілі қазақша болғанымен, оны оқытуға арналған, ресми түрде қабылданған кесте жоқ болатын, әр мұғалім өз ыңғайына қарай орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ оқығандарды қазақ даласында оқу – ағарту ісінің дұрыс жолға қойылуын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашулары керектігін, оқудың ана тілінде жүргізілуін үкіметтен талап етеді.

Көп ұзамай (1912 ж. тұңғыш әліппе жазғаннан кейін) А. Байтұрсынов қазақ балаларына қазақ тілін тереңдетіп оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Тіл құралы» деп аталған бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1 бөлімі 1915 – ші жылдан, морфологияға арналған II бөлімі 1914 – ші жылдан бастап 1927 – 1928 – жылдарға дейін 6-7 басылым көрінді.

Сөйтіп ана тіліміздегі ғылым саласы – қазақ лингвистикасы 1917 – ші жылғы Қазан революиясынан бұрын, өткен XX ғасырдың 10 – ыншы жылдарынан бастап қалыптасты және оның ірге тасын қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. Қазақ лингвистерінің бұл күнде аға буыны болып отырған тобының білім – ғылымдағы алғашқы ұстазы А. Байтұрсынов болғандығы, бірқатары Ташкенттегі Қазақ Халық Ағарту Институтында, Алматыдағы ҚазПИ – да, қазіргі АМУ – де дәрістерін тыңдап, тікелей шәкірті болғандықтары ақиқат. Екіншіден, ол – араб кестесіне негізделген қазақ жазуының реформаторы. А. Байтұрсынов жасаған жаңа араб жазуы күні бүгінге дейін қолданылып келеді: Қытай Халық Республикасындағы, Ауғаныстандағы, Ирандағы қазақ бауырлар сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы әріптің қазақ тіліне лайықталған түрімен шығарады.

Үшіншіден, А. Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, тұңғыш лингвист – ғалым. Ол – қазақ лингвистикалық терминдерінің авторы.

А. Байтұрсынов 1917 – ші жылғы Ақпан революциясын, монархияны құлатып, халықтарға азаттық әкелді деп шын көңілмен қарсы алды. Осы азаттықты нығайту саясатымен патшаның қол астында болған әр халықтың өз ішінде бас қосып, бірігу, ол үшін құрылтайларын өткізу әрекеттері қолға алынады. А. Байтұрсынов сол құрылтайды ұйымдастйрушылардың бірі болды. Қазақ ішінде саяси партия құру жөнінде тұңғыш рет мәселе оыс құрылтайда көтерілді. Петроградта өтетін мұсылмандар құрылтайына – Құрылтай жиналысында осы партияның делегаттары сайлауы керектігі айтылды.

«Қазақ» газеті осы мақсатты орындау үшін Қазақстанның түпкір – түпкіріндегі ұлт комитеттерінің басын құрап, партия етіп, оған «Алаш» деп ат қойып, делегаттар сайлау науқанына кірісу керектігін жазды.

Бұл газеттің 1917 – ші жылдың 21 қарашасындағы санында жаңадан құрылған «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаны жасап, қол қойған алты адамның бірі А. Байтұрсынов еді.

«Алаш» - 1917 – ші жылдың орта тұсында құрылып, 1920 – жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі плптформасы ұлттық даму, ұлттық тең құқықтық үшін күрес болса, бұл идея сол теңдікке оқу – білім, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан А. Байтұрсыновты елеңдетпей тұра алмады.

А. Байтұрсынов «Алашқа» қызмет ете жүріп, өзге партиялардың да көздейтін мақсаттарына, ұстанған бағыттарына үңілді. «Алаш» партиясының Қазан төңкерісінен кейінгі ұстаған автономи – ұлтшыл платформасы қазақ қоғамының әрі қарайғы дамуына қол емес екенін түсінеді. А. Байтұрсынов халық ағарту комиссары, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі лауазымдарын атқара жүріп, Қазақстанда автономиялық мемлекет құру ісіне, жаңа әлеуметтік қатынастар орнату ісіне зор үлес қосты. Оның қазақтың автономиялық мемлекетін құруды қалай түсінетінін 1920 – шы жылдың 17 мамырында Ленинге жазған хатынан анық көреміз. Онда ол, біріншіден, қазақ өлкесін басқаруға халықтың күйін жақсы білетін, халық сенетін адал коммунист қазақтардан қою керектігін дұрыс дейді; екіншіден, аралас ұлт өкілдерінен тұратын аймақтарды басқару орындарында езілген ұлт өкілдері кемінде үштен екісін құру керек дейді; үшіншіден, қазақ өлкесінің шаруашылық – экономикалық мекемелерін басқару ортақтандырылуына немесе ортақтандырылмауына қарай ешбір бөліске түспей немесе басқа губерниялар мен обылыстарға бағындырылмай қазақтардың қолында болуға тиісті; төртіншіден, қазақ коммунистері мен интнллигенциясының барлық саяси – мәдени жұмысы кеңес социалистік шаруашылық саясатына негізделіп, жүргізілу керек, бесіншіден, Қазақстанды, оның астанасы Орынбормен біріктіріп басқаратын әскери округ құру; алтыншыдан, қалалардағы әскери гарнизондар міндетті түрде қазақтардан болу керек; Ахмет Байтұрсынов шын мәніндегі автономия осылай болу керек деп түйген еді. Әрине, оның ұсыныстары іске асу былай тұрсын, тіпті Қазақстан Одақтас Республика болғанда да оның мемлекет ретінде егемендігі болмады. Қазақ қоғамының дамуы мешеулеп қала берді. Осындай қоғам дамуындағы келеңсіздікті (кемшіліктерді) сынағаны үшін А. Байтұрсынов абақтыға жабылып, 1937 – ші жылы атылып кетті.

 

· Иллюстративті құрал: -

· Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 236 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Защита от коррозии| МАМАРДАШВИЛИ МЕРАБ КОНСТАНТИНОВИЧ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)