Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОСКЭ станциясы

Балаға пикфлоуметрия жүргізу | Балалар аурулар кафедрасы | Нәрестенің шартсыз (туа пайда болған) рефлекстеріне баға беру |


Балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

ОСКЭ станциясы

Өкпенің аускультациясы (14 жас)

Тапсырма: Өкпенің аускультациясын жүргізіп оған қорытынды жасаңыз.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
1. Алдыңғы жағынан симметриялық түрде аускультация жүргізу Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Науқастың (маникеннің) алдыңғы оң жағынан тұруы керек. Аускультацияны жүргізу: 1) өкпенің ұшының аумағынан оңға, солға; ортанғы бұғана сызығы бойымен: 2) екінші қабырға аралық аумағынан оңға, солға; 3) үшінші қабырға аралық аумағынан оңға, солға; 4) төртінші қабырға аралық аумағынан оңға; 5) бесінші қабырға аралық аумағынан оңға; 6) алтыншы қабырға аралық аумағынан оңға;
2. Бүйір аймақтардың симметриялық бөлімдерін де аускультацияны жүргізу   Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Алдыңғы аускультациядағыдай (дәрігерге ыңғайлы болу үшін, аздап сол жаққа жылжуға рұқсат етіледі). Қолтық асты ортаңғы сызығы бойымен аускультацияны жүргізу: 1) алтыншы қабырға деңгейі оңға, солға; 2) жетінші қабырға деңгейі оңға, солға;
  Арқа жағынан, симметриялы түрде аускультация жүргізу Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Науқастың (манекеннің) арқасының сол жағынан тұруы керек. Аускультацияны жүргізу: 1) жауырын үсті аймағынан солға, оңға; паравертебральді сызық бойы мен(омыртқа жотасы маңынан) жауырын аралық аймағынан: 2) үшінші қабырға деңгейі солға, оңға; 3) бесінші қабырға деңгейі солға, оңға; жауырын астының аймақтан жауырын сызығы бойымен: 4) жетінші қабырға деңгейі солға, оңға; 5) сегізінші қабырға деңгейі солға, оңға;
4. «Еркін» аускультация жүргізу Классикалық түрден тыс «еркін» аускультация жүргізу (мақсаты: қосымша тыныстың шуларды нақты, дәлірек анықтау).
5. Тыныс алу жиілігін есептеу   Фонедоскопты тыныс шу аймағына қойып 1 минуттағы тыныс алу жиілігін есептеу. Алынған нәтижені айту.
6. Тынысты анықтап, оған сипаттама беру Талдау жасау: Өкпенің барлық аймақтарында әлсіз (немесе везикулярлы) тыныс.
7. Шуларды анықтап, оған сипаттама беру Талдау жасау: Өқпенің барлық аймақтарында құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі (немесе сырылдар жоқ).
8. Қорытынды жасау Бронхообструктивті синдромның аускультативті көрінісі (сау өкпелердің аускультативті көрінісі)

 

 

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 96 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осмотр молочНОЙ ЖЕЛЕЗЫ| АПГАР шкаласы бойынша баға беру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)