Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

$22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои) , ауа жетпеу 9 страница



A)Лазолван, теплое питье

 

Әйел адам, 62 жаста, шамалы жарақаттан кейін пайда болған оң жақ аяқ басының бірінші саусағының дымқыл гангренасы көріністерімен хирургиялық бөлімге түсті. Объективті: тері мен шарашты қабықтардың құрғақтығы, бетінің гиперемиясы. Айқын семіздік, көз көруінің төмендеуі, варикозды аурудың белгілері. Анасы мен апасында қантты диабет. Ашқарындық гликемия 6,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз қандай?

A)2 типті қантты диабет макроангиопатиямен

 

Әйел адам42жаста 25жылдай бронх демікпесімен ауырады,тұншығу ұстамасын басу үшін тек сальбутамол қолданады. Соңғы кезде тұншығу ұстамасы күнде 2-3 рет түнгі уақытта. Қандай емдеу тактикасы тиімді?

A)беклазон эко жеңіл тыныс 250 мкг 3 рет күніне қосу

 

Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде мүмкіндігінше қолдануға тиімді препараттар тобы болып табылады:

A)5-аминосалицил қышқылының препараттары

 

Әйел, 45 жаста, 20 жыл жүйелі қызыл жегімен ауырады. Глюкокортикостероидты, антикоагулянтты терапия, цитостатиктерді қабылдайды. Қан анализінде: Нв-95 г/л, эритроциттер – 3,0х1012/л, лейкоцит-7,2 х 109/л, ЭТЖ - 42 мм/сағ. Зәр анализінде: белок – 2,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру алаңында, эритроцит – 8-9 көру алаңында, оксалаттар көп мөлшерде. Коагулограмма қалыпты.Микрогематурияның мүмкін болатын себебі қандай:

A)Аурудың белсенділігі

 

Әйел, жүктіліктің 18 аптасы, қол басы буындарының бір сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысына, әлсіздікке, субфебрильді температураға шағымданады. 6 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарағанда: II-IV саусақтардың проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі. Неғұрлым тиімді тактика:



A)Преднизолон

 

Әйелдер кеңесіне жүкті әйел келді, 6 жыл көлемінде қант диабетімен зардап шегеді, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді периодты түрдегі ауырсынуға шағымданды. Жүктілік 28-29 апта.14 БІР инсулин алады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ -80 рет мин. АҚҚ-110/60 мм сын. бағ. Қандағы қант -10 ммоль/л, зәрдегі қант - 0,5%.Жүкті әйелді босандыру кезеңінде қандай тактика дұрыс?

A)қарапайым инсулинге ауысу

 

Жағдайды анықтаңыз: науқас кейде өзінің ешқандай мақсатсыз және қажеттіліксіз бір жаққа кетіп қалғысы келетіндігін айтады. Ол қалауы оған көптеген жағымсыз жайттарға алып келді, бірақ оған қарамастан өз қалауын айтып қоймайды:

A)Дромомания

 

Жағдайды анықтаңыз: науқас мазасыз, байланысқа толық шықпайды, қоршаған ортада бағыты бұзылған. Төсектен тез тұрып, жастық астынан бірдеңе іздейді, төсектің астына қарайды, төсекті ақтарады, қолымен қабырғадан бірдеңе іздейді, қиялындағы жәндіктерді ұстағысы келеді. Жан- жағына қорқынышпен қарайды, біреумен сөйлесіп отырғандай болады. Жетекші синдромды ата:

A)Делириозді

 

Жалған галлюцинацияға тән:

A)Ойдан шығарып алған обьектіні айқын қабылдау

 

Жаңадан анықталған өкпе туберкулезі, жағындысы оң деген диагноз бойынша 35 жастағыМ. деген науқас әйел тубдиспансерде 5 ай емделді. Қарқынды фазасының 2 айынан кейін жағынды теріс нәтиже берді, содан соң науқас әйел әрі қарай емделмеді. 3 ай үзілістен кейін тубдиспансерге қайта келді. Тексерілгенде – жағынды теріс нәтиже берді. Науқастың типін анықтаңыз:

A)режимді бұзу

 

Жас өспірім 16 жаста әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:тері қабаты бозарған, бөрткен, қызыл иектері ісінген, қанаған, тығыз жақ асты, жақ үсті, мойын, бұлшықетасты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: эритроциттер – 1,8 млн; Hв-56 г/л; ЦП – 0,93; лейкоцит -2,6 мың; бластты жасушалар – 68%,тромбоцит – 30 мың; ЭТЖ- 50 мм/сағ. Нейролейкемияны диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісі тиімдірек?

A)Люмбальды пункция

 

Жас өспірім 19 жаста жалпы әлсіздікке, ұйқышылдыққа, буын сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Қарап тексергенде: бозаруға, бөрітпеге, жақ асты, жак үсті, мойын, мойын асты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ бойынша – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: гемоглобин -87 г/л; эритроцид-3.0 млн; лейкоцит – 25 мың; бласты жасушалар -47%; сегменттаяқшалар – 29%; лимфацит 18%; моноцит -6%; тромбоцит – 110 мың; ЭТЖ – 45 мм/сағ. Қандай зерттеу әдісі нақты диагноз қою үшін тиімдірек?

A)Суйек миының жасушаларын иммунофенотиптеу

 

Жасанды активты иммунитет ненің салдарынан дамиды:

A)Егуден кейін

 

Жасанды активты иммунитет ненің салдарынан дамиды:

A)Егуден кейін

 

Жасөспірім 16 жаста ЖРВИ басынан өткізгеннен кейін 2 аптадан соң арықтауға, аузының құрғауы мен шөлдеуге, зәрдің жиі бөлінуіне шағымданды.Терісі мен тілі құрғақ. Аш қарынға гликемия 18,7 және 19,6 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1030. Науқасқа қандай емдеу тактикасын жүргізген дұрыс?

A)инсулинотерапия 0,3 ед/кг салмағына есебіне

 

Жасөспірім 16 жаста. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде интенсивтілігі орташа, диаметрі 2,5 см, контуры айқын емес, өкпе түбіріне қарай бағытталған, созылыңқы формалы қарайған фокус анықталады, синустары бос. Микроскопиялық қақырықта ТМБ табылған жоқ. ЖҚА: гемоглобин 126 г/л, лейкоциттер 9,4х109/л,Тя 5 %, Ся 64%, эозинофилдер 5%, моноциттер 4%, лимфоциттер 22%, ЭТЖ 18 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

A)Инфильтративті туберкулез

 

Жедел бактериоьасымалдаушылықтың шарты мерзімдері:

A)3- айға дейін;

 

Жедел бактериоьасымалдаушылықтың шарты мерзімдері:

A)3- айға дейін;

 

Жедел жәрдеммен 64 жастағы қантты диабетпен сырқаттанған науқас жеткізілді. Бірнеше күн бойы бірнеше рет құсу, көп мөлшерде сұйық нәжіс болып, құрысу мен естен тану байқалған. Қарағанда II дәрежелі кома, қарашықтары ұлғайған, көз алмалары жұмсақ, ошақтық белгілер жоқ. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. ТАЖ- 21, ЖСС- 98 рет мин., АҚ - 70/ 40 мм с.б. Гликемия - 35ммоль/л. Қанның жалпы анализінде- қаны қоюланған. Осы команың дамуында төмендегі патогенездік механизм маңызды:

A)Сусыздану

 

Жедел жүрек жеткіліксіздігінде негізгі емдік шара ретінде қолданылмайды:

A)дезинтоксикациялық терапия

 

Жедел лейкоз диагнозын дәл анықтауға қандай міндетті зерттеу әдісі қажет?

A)Сүйек миының пункциясы

 

Жедел лейкозбен ауырытын науқаста жұлын сұйықтығында лейкемиялық (бластты) жасуша анықталды. Нейролейкозды интратекальды емдеу үшін кандай препарат тиімдірек?

A)Метотрексат

 

Жедел лейкозбен науқаста «7+3», 2 курс терапиясынан кейі гемограммада бластты жасушалар жоқ, миелограммада - 10 %. Науқаста лейкоздың қай сатысы:

A)бірінші реттік резистенттілік

 

Жедел лимфобласты лейкозбен күдікті науқасқа бластты жасушалардың мембранасын иммунофенотиптеу жүргізгенде келесі антигендер анықталды: CD 19+ CD 20+CD 21+CD 79+. Науқаста жедел лимфобласты лейкоздың қандай нұсқасы?

A)В – жасушалық

 

Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің клиникалық көріністері болып табылады:

A)Ентігу

 

ЖИА-жедел трансмуральды алдыңғы қалқаның миокард инфарктісі диагнозы бар науқаста жиі қарыншалық экстрасистолиялар дамыды. Тез арада енгізу керек:

A)кордарон

 

Жиі салқын тиюмен ауратын 19 жастағы қыз баланы ентігу, жөтел, периодты түрде қан түкіру; физикалық күшпен байланысты бас айналу мен есінен тану мазалайды. Қарағанда: акроцианоз, төмен тамақтанулы, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма). ЭХОКГ-да: өкпе гипертензиясының 2 дәрежесі. Науқасқа гепарин қолданылатын базисті терапия тағайындалды. Антикоагулянтты терапияны бақылауда қандай көрсеткіш ең ақпаратты болып табылады:

A)Активтелген жартылай тромбопластинді уақыт

 

Жильбер синдромның негізгі лабораторлы көрсеткіші қандай//

A)Қан анализінде байланыспаған билирубин мөлшерінің жоғарылауы//

 

Жігіт 18 жаста, анамнезінде бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін бет аймагында, денесінде ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында. Сіздің диагнозыныз:

A)Жедел гломерулонефрит

 

Жоғарғы сезімталдыққа келесі реакциялар жатады:

A)Анафилактикалық шок

 

Жоғарғы сезімталдыққа келесі реакциялар жатады:

A)Анафилактикалық шок

 

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:

A)Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау Кардиоспецификалық /

 

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Метил-преднизолонмен пульс-терапия

 

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас алдағы уақытта ритуксимабпен жүргізілетін ем қабылдауы керек. Бірақ биологиялық терапия тағайындалғанға дейін ол тұмауға қарсы вакцинация жасатқысы келеді. Қандай вакцина таңдайсыз?

A)Ең төмен мөлшерде реактогенді деп саналатын қосалқы жеке (субединичный) вакцина

 

Жүрек дефибрилляциясына негізгі көрсеткіш?

A)ЭКГде жүрек фибрилляциясының тіркелуі

 

Жүрек ұшындағы функционалды диастолалық Кумбс шуының себебі неде:

A)Дилатациялық кардиомиопатия

 

Жүректің радиожиілікті абляция жүргізген кезде науқаста Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасымен толық атриовентрикулярлы блокада дамыды. Осы ырғақ бұзылысын жою үшін қандай тактиканы қолдану керек:

A)кардиостимулятор орнату

 

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Диуретиктер

 

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, қарыншалар дилатациясы, жыпылық аритмиясы, шоқырақ ырғағы және іркілісті сырылдар анықталған науқастарды емдеу бағдарламасында неғұрлым тиімді тағайындау:

A)Жүрек гликозидтері

 

Жүректің ревматизмдің ауруы, стеноз басымдылығымен жұптасқан митральді ақау, ЖШ ФКII (NYH/ диагнозымен ем қабылдап жатқан науқаста кенеттен тұншығу, аз мөлшердегі шырышты қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Обьективті: ортопноэ, ТАЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды майда көпіршікті ылғалды сырылдар, ЖСЖ 120 рет мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ. Дамыған асқыну:

A)Өкпе шемені

 

Жүректің созылмалы шамасыздығы ФК ІІІ (ЖШ 2/ жыбыр аритмиясымен біріккен кездегі ІІІ деңгейлі емдік жоспарды таңдаңыз:

A)ААФ ингибиторлары + гликозидтер + ілмектік диуретиктер + спиронолактон

 

Жүректің тоқтауында мына дәрілер қосындысы қолданылады:

A)адреналин, атропин, гидрокарбонат натрия, кальция хлорид

 

Жүрекшенің фибрилляциясы және жүрек қуысындағы тромбозбен асқынған жүрек қуыстарының айқын дилятациясы бар 44 жасар ер адамға төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?

A)Варфарин

 

Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек?

A)12 сағатта

 

Жұқпалы ауруға күдіктенгенде СЭС-на қандай құжат жіберіледі?

A)Шұғыл хабарлама

 

Жұқпалы науқас туралы шұғыл хабарламаны жіберу керек?

A)санэпидбақылаудың өңірлік орталығына

 

Жұлын-милық сұйықтық түссіз, мөлдір,қысымы 250 мм су.бағ., Панди реакциясы +++, ақуыз 0,96 г/л, лимфоциттар есебінен цитоз 786*10*6/л. Сұйықтықтың бұл өзгерісі қай ауруды сипаттайды:

A)серозды менингит

 

Жұмысқа орналасу кезінде және жыл сайын міндетті түрде туберкулезді табу үшін флюрографиялық зерттеуден (тегін) өтетін адамдардыњ тізімі:

A)Науқастарды емдеумен, оларға қызмет көрсетумен және тамақтандырумен байланысты емдеу-профилактикалық мекемелерініњ қызметкерлері;

 

Жұмысқа орналасу кезінде және жыл сайын міндетті түрде туберкулезді табу үшін флюрографиялық зерттеуден (тегін) өтетін адамдардыњ тізімі:

A)Науқастарды емдеумен, оларға қызмет көрсетумен және тамақтандырумен байланысты емдеу-профилактикалық мекемелерініњ қызметкерлері;

 

З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A)Коронарография

 

Иллюзия, галюцинация қандай бұзылуларға жатады?

A)Қабылдау

 

Инфекциялық процесс дегеніміз:

A)Микро- және макроорганизмнің өзара ара қатынасы

 

Инфекциялық процесс дегеніміз:

A)Микро- және макроорганизмнің өзара ара қатынасы

 

Инфекциялық стационардың қабылдау бөлмесіне бір уақытта: вирусты гепатит, іш сүзегі, күл ауруы, тағамнан улану жұқпасы диагноздарымен төрт науқас түседі. Қабылдау бөлмесінде науқастарды қабылдауда қандай құжатнама қолданылады?

A)Науқастарды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама

 

Инфекциялық эндокардиттің үлкен Duke-критерийіне қайсысы жатады:

A)Регургитацияның жаңа шуылының пайда болуы

 

Инфильтративті туберкулез диагностикасында қолдану тиімді емес...

A)бронхография

 

Инфильтративті туберкулез диагностикасында қолдану тиімді емес...

A)бронхография

 

Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомияны өткерген жас әйелді жалпы әлсіздік, айқын шаршағыштық, тәбетінің жоғалуы, жүрек айну және естен тану мазалайды. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚҚ - 70/40 мм сб.б. Қанда: эритр-3,5 млн., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/с, аш қарынға гликемия – 2,0 ммоль/л. Келтірілген препараттардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

A)Преднизолон

 

Иценко-Кушинг синдромы кезінде жоғарылайды:

A)Глюкокортикоидтар

 

Ірі ошақты миокард инфарктысы бойынша емдеуде жатқан 68 - жастағы әйелде 3-ші аптада кеуде торшасындағы ауру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының жеделдеу сатысы. Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

A)Глюкокортикостероидтарды

 

Іш сүзегі диагнозымен науқастың ауыруыдың 19-күні қатты әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу пайда болған, дене қызуы 35,5оС, өңі солғын, тамыр соғысы әлсіз, минутына 120 рет, нәжісі қара. Науқаста қандай асқыну дамыған?

A)Ішектегі қан кету

 

Ішімдікті үнемі үлкен дозада қабылдағанда мыналарға алып келеді:

A)Бауырда метаболизм төмендеуі

 

Ішімік және алкоголизммен күресу жұмысына кірмейтін нысанды атаңыз:

A)Әлеуметтік

 

К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу:

A)АСЛ-О, АСГ

 

К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A)қысқа әсерлі инсулин

 

К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A)Преднизолон

 

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A)Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II Жүрек демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі

 

Каким бактериоскопическим методом исследования мокроты чаще можно обнаружить МБТ у больных очаговым туберкулезом?

A)люменисцентная микроскопия

 

Какой феномен иммунитета лежит в основе туберкулинодиагностики?

A)ГЧЗТ

 

Кандинский-Клерамбо синдромы құрылымына не кіреді?

A)Жалған галлюцинация

 

Кардиогенді өкпе ісінуін емдегенде нитратар қандай мақсатпен қолданылады:

A)жүректің оң бөлігіне қан келуді азайту

 

Кардиологиялық бөлімшеге 50 жастағы ер адам кеуде артындағы өте күшті ауыру сезімімен шағымданып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз. Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГде: жедел коронарлық қан айналым бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия диагностикаланды. Ырғақ бұзылысын қалыпқа келтіру мақсатымен жедел жәрдем бригадасында изоптин құйылды, бірақ ырғақ қалыпқа келмеді.Изоптиннен басқа АВ-реципрокты тахикардияны жоюға көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдау дәріліріне БАРЫНША МҮМКІН жатады:

A)Аденозин

 

Кардиологиялық бөлімшеге 76 жастағы ер адам ангинозды ұстамамен жеткізілді. ЭКГде ST сегментінің III aVF депрессиясы анықталды. Екі реттік тексеру барысында тропонин теріс. Төменде аталған тағайындаулардың қайсысы инфаркт миокарды және өлімнің жоғарылау қатеріне алып келуі БАРЫНША ықтимал?

A)Антикоагулянттар

 

Катаральды және іріңді бронхиттің дифференциальды диагностикасына ең ақпаратты болып табылады:

A)Қақырықты жалпы талдау

 

Кейде орындықтан тұрып, бөлмеде баяу қозғалады. Сұрақтарға жауап бермейді. Патологиялық жағдайдан шыққаннан кейін айтып берді. «оны және балаларын», «бөтен» адамдар басқа қалаға алып кетіп, «хирургтер» қолын, аяғын «басын кесіп» балаларын бөліп тастаған. Содан кейін «мейірімді» достары келіп оларды жабыстырған. Осындай жағдайында болғанда, қайда екенін білген жоқ. Палатаны қинау бөлмесі деп, ауруханны ертегі қаласы ретінде қабылдайды.

A)Онейроид

 

Келесі ауруға күдіктенгенде тердің электролитті құрамын, сілекейдегі натрийдің деңгейін тексереді және альдестеронмен сынама жүргізіледі:

A)Муковисцидозға

 

Келесі белгілер жиынтығы қандай ауруға тән: аурудың басталуы біртіндеп, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дененің қызуы 39-40°С-қа дейін көтерілгені анықталған (5 күн ішінде), сылбырлық, тері жабынының бозаруы, іштегі көп емес розеола бөртпесі. Тамыр соғысы минутына 82 (дене қызуы 39,5°С болған кезде), іші кепкен, бауыр мен талақ үлкейген, Падалка белгісі оң.

A)Іш сүзегі

 

Келесі қан анализ нәтижелері алынды: натрий 150 ммоль/л, калий 4,1 ммоль/л, эрит-р 4,5*10/12, гемоглобин 150г/л. Су-электролитініњ бұзылудың типі қандай:

A)гипертоникалық дегидратация

 

Кемақылдылықтың түрін атаңыз: науқас 42 жаста, гипертония. ¤ткен өмірдегі оқиғаларды есінде жақсы сақтаған, соңғы 2-3 жылда болған оқиғалар нашар сақталған. Қазіргі болған жайытты қиын есінде сақтайды. Балалар туралы фильм көргенде жылайды. Әңгімелескенде себепсіз жылап отырып күле салады, мейірімді күйден қатерлі күйге ауысып кетеді. ¤мірлік қиындықтарға тез беріледі, жақындары мен туыстарымен ақылдасады. Күнделікті жұмысы мен нашар істей бастаған көп қателеседі, ескертуге критикалы қарайды, қателіктерін түзеткісі келеді.

A)Лакунарлы тамырлы деменция

 

Кеуде артындағы қарқынды аурыру ұстамасымен 69 жастағы әйелде морфин енгізген кезде тыныс алу орталығының әлсіреу белгілері пайда болды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізу БАРЫНША тиімді?


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>