Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

$22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои) , ауа жетпеу 4 страница



A)Эуфиллин

 

39 жастағы әйел әлсіздікке, бас айналуына, аузының құрғауына, жүрегі айнуына шағымданады. «Жедел жәрдем көмегі» қызметкерлері науқастың тырысуын, есін жоғалтуын тіркеген. Сіңір рефлекстері жоғарылаған, қарашығы тарылған, пульсі жиілеген. Қан қысымы төмендеген. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызарып, ісінген. Седативті мақсатта препараттарды қабылдаған, бірақ қандай дәрі ішкенін көрсете алмайды. Төменде берілген препараттардың ішінен қайсысын көп мөлшерде қабылдаған:

A)аминозинді

 

40 жастағы ер адам. Анасаркаға дейін массивті ісінулер анықталады, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖЗА: протеинурия 4 г/тәу, эр. 2 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

A)Нефротикалық синдром

 

40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған. Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс?

A)Ацикловир

 

40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған. Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс?



A)Ацикловир

 

40 жастағы науқас әйел, БСА 5 сатысы. Науқаста полиурия, АҚҚ180/100 мм.с.б., көзге көрінетін ісінулер жоқ. Биохимиялық қан анализінде: креатинин 540 мкмоль/л, К, Na көрсеткіштері қалыпты. ЖЗА: белок – 1,5 г/с. Диуретиктер және нормодипин қабылдау фонында АҚҚ 120/75мм с.б. дейін түсті. Аз белокты емдәмде. БАТ- на дайындау кезеңінде қандай ем тағайындаған дұрыс?

A)АҚҚ және креатинин бақылай отырып, эритропоэтин және ААФ тежегіштері

 

40 жастағы науқас әйелді бір жыл бойы АҚ 220/ 120 мм с.б. дейін тұрақты көтерілуі, басының ауыруы, аяқтардың кезеңді күрт әлсіздігі, тырысулар, полиурия, жүрек тұсында ауырсыну ұстамалары мазалауда. ААФ ингибиторлары мен гипотиазид әсер етпеген. Компьютерлік томографияда – оң жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A)Кон синдромы

 

40 жастағы науқас ІІІ дәрежелі үсу белгілерімен түсті. Объективті: тежелген, бозғылт. Терісі «мәрмәр», акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. Пульс жіп тәрізді, аритмиялы. АҚҚ 85/55 мм с.б.б. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: қан ұю уақыты4 мин, тромбоциттер 430 мың, фибриноген-4,1 г/л, этанол және протаминсульфатты тесттер оң. Фибрин деградациясы өнімдерінің және антитромбина III деңгейі жоғарылаған. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Гепарин + жаңа мұздатылған плазма

 

40 жастағы науқас, ауызының, көзінің құрғауына, көздеріндегі «құм» сезіміне, құрғақ жөтелге, аяқтарында майда нүктелі бөртпелердің пайда болуына, құлақ маңы және жақ асты сілекей бездерінің ісініп ауырсынуына шағымданады. Тексеру барысында лимфоаденопатия және гепатомегалия анықталды. ҚБА: жалпы белок - 85г/ л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, РФ 1:120. қанның иммундық тексеруінде (ИИК) криоглобулинемия. Сиалография: көлемі 1,5 мм сиалоэктазалар. Қолдануға тиімді дәрмек:

A)Ритуксимаб

 

40 жастағы науқасты ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. Объективті: өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, жүрек ұшында – систолалық шу; жыпылық аритмиясы, тахисистолалық форма. ЭхоКГ: сол қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі- 8,2. Айдау фракциясы-21%. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Перифериялық вазодилататорлар

 

41 жастағы науқас «бронхтық астма» диагнозымен қаралады, темекі шекпейді, жиі ентігуге, түнгі уақытта болатын ұстамаға шағымданады. Сыртқы тыныс алу параметрі ФТШК (ПСВ<60%). Бронхиальді астманың ауырлық дәрежесін анықтаңыз:

A)Ауыр дәрежелі персистирленген

 

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түйені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы айқын интоксикация белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-80/50 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильтраттар анықталады. Гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

A)Көк тамырға тұзды ерітіндерді еңгізу

 

42 жастағы науқас инфекциялық эндокардит өткізгенен кейін бінеше айдан бері қызба, қалтырау, терлеу, денеде «көгерулер» пайда болған. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, оң этанолдық тест. БАРЫНША мүмкін диагноз:

A)Созылмалы ағымды ТШҚҰ (ДВ/-синдрома

 

43 жастағы ер адам іс сапардың барысында қонақ үйдің кондицонері және жуынатын бөлмесі бар бөлмеде тұрған. Сапардан келген күннен кейін ертеңгі күні фебрильді қызба, айқын интоксикация, жөтел, диарея лейкоцитоз лимфоцитопениямен бірге пайда болған. Осы көрсеткіштердің өзгерістерін тудырған нақты қоздырғыш болуы мүмкін:

A)легионелла

 

43 жастағы әйел салмағының жоғарылауы, терісінің құрғауы, сөйлеудің қиындауын байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Объективтi: бойы - 168см, салмағы-92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, тiлінің қырында тiстер ізі таңбаланған. Жүрек үндері әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм.с.б. Қанда: эритроциттер - 3,5 миллион, гемоглобин - 75 г/л, лейкоциттер - 4, 5 мың, ЭТЖ - 13 мм/с. Қанда қант - 3, 5 ммоль/л. Сары су ақуыздарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Қандай дәрілік топты тағайындау БАРЫНША тиімді?

A)Тиреоидты препараттарды

 

43 жастағы әйел салмағының жоғарылауын, терісінің құрғауын, сөйлеудің қиындауын, аменореяны, есіне сақтау қабілетінің төмендеуін байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Об-тi: бойы - 168см, салмағы 92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісінген, тiлінің қырында тiстер ізі таңбаланған. Жүрек тондары әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм сын.бағ. Қанда: эр. 3,5х1012 /л, Hв 75 г/л, лейк. 4, 5 х109 /л, ЭТЖ - 13 мм/сағ. Қанда глюкоза 3,5 ммоль/л. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған. Барынша тиімді ем тағайынданыз:

A)Тиреоидты препараттарды

 

43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:

A)Саңырауқұлақ

 

43 жастағы науқасты дене қызуының 38,5С дейін көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, аз өнімді жөтел мазалайды. Объективті: жартайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: екі жақ өкпеде инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігі анықталған. Көлемді антибактериялық терапия нәтижесіз болған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A)Глюкокортикостероидтар

 

44 жасар әйел адам, дәрігер акушер-гинеколог 20 жылдық жұмыс өтілімен, тексерілуде гепатит маркерлеріне ИФА-да анықталды: HBsAg – әлсіз оң, anti HBs – теріс, anti HBc IgM – теріс, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. Anti HCV – оң. Соңғы уақытта әлсіздікке, кезеңді түрде пайда болатын буындардағы ауыру сезіміне, кейде балтырында пайда болатын бөртпеге (эритематозды, кеткеннен кейін орнында қалатын гиперпигментация ошақтарымен) шағымданады. Биохимия: билирубин – 8,6 мкмоль/л, АЛТ –0,49 ммоль/л, АСТ – 0,24 ммоль/л. Төмендегі нәтижелердің қайсысы ең дұрыс?

A)Созылмалы гепатит В C

 

44 жасар науқас ауыр ағымды бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Преднизолон 30 мг тәулігіне, беклометазон дипропионаты 600 мкг/тәул және сальметерол қабылдайды. Сальбутамолда қажеттілік – күніне 3-4 рет, тұншығу ұстамасы аздаған физикалық жүктеме кезінде пайда болады, өткір иістер, шаң, температура өзгерістері теріс әсер көрсетеді. Сонымен қатар, науқаста созылмалы гастрит, артериалды гипертензия 2 деңгей, қауіп тобы 3, ДМИ – 32. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

A)Беклометазонды флюнисолид немесе будесонидпен ауыстыру

 

44 жастағы әйел, сарғаюға, әлсіздікке, жүрек қағуына, дене температурасының 37,8°С – қа дейін көтерілуіне шағымданады. Қарағанда: аздаған спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер - 28‰, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тура билирубин 15 мкмоль/л, Кумбстың тура сынамасы оң. Қандай препаратты тағайындаған дұрыс және себебі:

A)Глюкокортикоидтар, себебі эритроциттер антигендеріне антитела түзіледі

 

44 жастағы науқас жүрек қағуына, қол треморы, ентігуге шағымданады. Объективті: есі анық, қалқанша безі ұлғайған. Өкпесінде тынысы барлық бөлііктерінде естіледі, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 140 рет минутына, АҚ 100/70 мм. сын.бағ. Қабылдау бөлімі дәрігері тиреотоксикалық криз диагнозын қойды. Кризді тоқтату үшін таңдау препаратын көрсетіңіз:

A)пропроналол

 

45 жастағы ер адам 37,9 гр. қызбаға, қалтырауға, жүрек маңындағы ауырлық сезіміне, жөтелге, даусының қарлығуына және басының, бұлшықеттерінің ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда алдыңғы кеуде торының ісінуі анықталады. Жүрек ұшы пальпацияланбайды. Жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек тондары бәсең. Рентгенологиялық: жүрек талиясы «тегістелген». Эхокардиограммада сол қарыншаның артқы қабырғасында 1,5 см эхонегативті кеңістік анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал?

A)Экссудативті перикардит

 

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофильдері-4%, сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттер – 6%, моноциттер -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A)Түйнеме, терілік түрі

 

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофильдері-4%, сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттер – 6%, моноциттер -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A)Түйнеме, терілік түрі

 

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. Екі апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбетінің жоғалуы, буындарының ауыруы байқалған. 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр пальпациялағанда сезілмейді. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәр шығару төмендеген, зәрі қоңыр түсті. Науқаста қандай асқынудың дамуы ең ықтимал?

A)Бауыр жедел энцефалопатиясы

 

45 жастағы ер адам соңғы айларда 15-20 минуттан кейін өздігінен басылатын, кеуде артындағы ауыру сезімдерінен ояна бастады. Ауыру сезімі кезінде ЭКГда кеуде әкетілерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Эргометринмен сынама жүргізілгенде оң нәтиже анықталды. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау осы дертте БАРЫНША мүмкін патогенетикалық маңызды?

A)Кальций антагонистері

 

45 жастағы әйелде АҚ - 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты жоғарлауы, бұлшықеттердің әлсіздігі, тырысулар, зәр шығаруының жиілеуі байқалады. Бұл симптомдар жыл бойы мазалаған. КТ – сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A)Верошпиронды

 

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, по поводу которой постоянно принимает протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі:

A)Нәжісті бактериялогиялық зерттеу

 

45 жастағы науқас әйел АҚ 200/110 мм с.б. дейін үнемі көтерілуіне, бұлшық еттік әлсіздікке, тырысуларға, жиі зәр шығаруға шағымданады. Бұл симптомдар бір жыл бойы мазалауда. Компьютерлік томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A)Верошпирон

 

45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A)Верошпирон

 

45 жастағы науқасты 10 жыл бойы жұтынудың кезеңді бұзылуы, әсіресе қатты тамақты жұтудың қиындауы, мазалайды. Жұтынуды жеңілдету мақсатында тамақтану кезінде денесін артқа қарай шалқайтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, құсуға, физикалық күштемеге байланыссыз пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A)Нифедипин

 

46 жасар ер адамда лидокаин инъекциясынан кейін сол қолға берілетін жүрек аймағында ауыру сезімі, кенет әлсіздік, бас айналу дамыды. Тері жабындылары боз, ылғалды, науқас бетінде қорқыныш. Пульсі жіп тәрізді (нитевидный), түзу емес, жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес, өкпесінде – бәсеңдеген тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар. Науқаста қандай патологияға күдіктенуге болады?

A)Анафилактикалық шоктың кардиалды түрі

 

46 жасар науқас жыл сайын жаз мезгілінде түшкіру, мұрыннан кілегей сұйықтықтың бөлінуі, көздерінің қызаруы, қышынуы және жасаурауы байқалады. Осы жылдың тамыз айында алғаш рет түңгі мезгілде тұншығу, қала сыртына барғанда күшейетін ұстама тәрізді жөтел байқалды. Қарап тексергенде ринорея, беттің домбығу, коньюктиваның гиперемиясы, өкпеде барлық аймақтарда ысқырықты құрғақ сырылдар, тыныс шығару ұзарған, экспирациялық ентігу байқалады. Ремиссия кезінде емнің ең тиімдісі:

A)Аллергенспецификалық иммунотерапия

 

46 жастағы әйел ауыр жағдайда ентігумен, көбікті, қызғылт қақрықты жөтелмен жеткізілді, қозған күйде, ортопноэ жағдайында. Өкпе үстінің барлық аймақтарында түрлі калибрлі, ылғалды сырылдар естілді, тыныс жиілігі 38 мин. Жүрек тондары тұйық, тахикардия 128 мин. АҚ 230 120 мм сын. бағ. Дамыған асқыну:

A)Өкпе шемені

 

46 жастағы науқас 30 жылдан бері бронхэктаз ауруымен ауырады. Соңғы екі жылда ісінулер, АҚ айқын жоғарлауы қосылған. Жалпы жағдайы ауыр емес. Зәрде: айқын протеинурия анықталады. Қосымша тағайындалатын препарат:

A)колхицин

 

47 жастағы ер адам, ауруының 4-ші күні қаралды. Шағымдары: дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, бастың ауыруы, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склерасының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ-140 с 1 мин. АҚҚ-120/80 мм.с.б. Тонометрді шешкенде манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A)Эпидемиялық бөртпе сүзегі

 

47 жастағы ер кісі, жұмыстан келісімен шаршағанына шағымданған. Диванға жатқан бойынша ұйықтап қалған. Анамнезінде: 5 жыл көлемінде қант диабетімен ауырып, инсулин қабылдайды. Бір сағаттан кейін әйелі күйеуінің бетінің бозарғанын, тер тамшыларын, шынайы ұйқы емес екенін байқаған. Берілген жағдайда қайсы емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

A)30 мл 40% глюкоза ертіндісін к/т ағызып, енгізу

 

47 жастағы әйел адам тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын, асқазан тұсындағы сыздап ауыру сезіміне; әсіресе таң ертеңгісінгі ауызға қышқыл келуге; оң жақ қабырға астындағы ауырлау және жайсыздық сезіміне, іш қатуға шағымданады. ФГДС да: асқазанның антральді бөлігіндегі кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бірен саран эрозиялар; асқазан қуысында – шырыш пен өт; шыға берісі аңырайған. Уреазды сынама – теріс. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады?

A)Урсодезоксихол қышқылы

 

47 жастағы әйел қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрек қағуға шағымданып түсті. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы қабаты бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары көп түседі, тахикардия минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.с.б. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағат, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог: жатыр миомасы, 12 апта. Хирургиялық жолмен емдеу ұсынылды. Аталғандардың қайсысы науқасты жүргізу тактикасының ең тиімдісі болып табылады:

A)Темір препараттарын парентералды енгізу

 

48 жастағы әйел адам, балтыр бұлшық еттеріндегі қатты ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауыруына, белдің ауыруына. Жедел ауырған. Анамнезінде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 39,9ºС. Денесі мен қолдарында аздаған петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A)Лептоспироз

 

48 жастағы науқас инфекциялық эндокардитке байланысты ауруханада емделуде. Фебрильді лихорадка мазалағанына бір апта болған, қолқалық жіті жетіспеушілік барысында жүрек қызметінің шамасыздық белгілері үдей түскен, қақпақщадағы вегетациялар өлшемі 10 мм-ден көп жоғарылаған, өкпе артериясының ұсақ тамырларының тромбоэмболиясы дамыған. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Операция жасау

 

48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A)Созылмалы іріңді бронхит

 

49 жастағы ер адам созылмалы алкоголизммен ауырады. Соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі, метеоризм, нәжістің бұзылысы дамыған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 6 кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс:


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>