Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері. 6 страница



-ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

-көздің қарашығы максималды кеңееді, жарыққы реакциясы болмайды;

-толық арефлексия.

Реанимация- ағзаны тірілту, тіршіліктің маңызды – өмірлік қызметтерін қалпына келтіру, ең алдымен тыныс алу мен қан айналымын- ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету үшін.

1. Тірілту шаралары кешіктірілмей басталуы қажет.

2. Аман алып қалудың бастапқы іс-әрекеті, оқиға болған жерге байланысты емес, барлық жерде бірдей жүргізіледі, бұл жерде екі міндетті әдісті орындау маңызды:

- зардап шегушіні көлденең, қатты жерге жатқызыңыз. Жұмсақ жерде орындау жеткілікті әсер бермейді, өйткені жұмсақ жер құтқарушының қимылымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;

- кеуде торын киімнен босатыңыз, белдігін босатыңыз;

3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі

кезеңдерден тұрады:

А ережесі: Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.

Вережесі: Өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы “Ауызданауызға”немесе “ауызданмұрынға” тыныс алуды жасанды қолдау.

С ережесі: Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

А ЕРЕЖЕСІ.Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.

Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі-тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады.Ең жиі себеп-науқастың ес-түссіз жағдайында жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тілі түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ-сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабылеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі де дем алғанда қақпақша сияқты бөгет жасайды.

Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық массасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту қажет:



-зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусағымен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;

- ауызын ашыңыз;

- алмалы-салмалы протездерін алыңыз;

- оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала (орамал, сүлгі, мата) орап алып немесе электросорғышпен мұқият тазартыңыз(жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады).

- Зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беріп, кеуде торы экскурсиясына қарап тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

 

ІІ. САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін-реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қоып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.

2.Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін- саусақтардың ұштарын иек астына орналастырып көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. І-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, ІІ-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусақтармен төменгі жақ сүйегін бекітіңіз.Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз.Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайында тұрады.

3.Ауызды ашыңыз:зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

Бұл әдістердің барлығы ауыз құысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.

В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы.

Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусызыдқты қамтамасыз ету қажет.

2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын естумен қабылдау.

3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.

Өкпенің жасанды вентиляциясын “ауыздан-ауызға” жасау әдісі.

Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне еңгізу.

Қолдану көрсетілімдері:клиникалық өлім (Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

-бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

-осы қолдың үлкен І және сұқ ІІ саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

- екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

-терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басн қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарыруы болады. Кеуде торы көтерілуң қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.

 

Өкпенің жасанды вентиляциясы

“ауыздан-мұрынға” жасау әдісі

 

-зардап шегушінің маңдайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз, зардап шегушінің ауызы жабылады;

-терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.

Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша несеме “жедел жәрдем беру ” машинасы келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.

 

С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау.

Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысында қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зардап шегушінің шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

2. Оның қысып тұрған киімін шешіңіз, жүрек аймағын босатыныз;

3. Реаниматор зардап шегушінің қырына тұрады.

4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлы қойыңыз.

5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырңыз.

6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек- қолдарыңыз “ұшып бара жатқан құстың қанатындай” қалыпта болады.

7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, 5-6см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп қатты басыңыз.

9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.

 

Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы керек. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.

Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.

Егердереанимацияны 1 адамжүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргңзеді.

Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 15 компрессия жасалады.

Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:

Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:

- Ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады;

- Көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді;

- Тыныс алуы қалпына келеді;

- Терісінің түсі жақсарады.

Әрбір 2 минутсайын –ұйқыартериясындатамырсоғудыжәнекөзқарашығыныңреакциясынбақылайды.

Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.

Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қалпына келмейді.Зардап шегушінің орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету; көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.

Егердебарлықәдісдұрысорындалса, бірақ қан айналымның жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеру-цианоз кетпейді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі. Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістері дұрыс орындалмаған, не кешіккен, реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.

Биологиялық өлім-бұл ағзаның тіршілік қызметтерінің қайтарылмайтын тоқтауы.

Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде биологиялық өлім басталады.

-апноэ-тыныс алудың толық тоқталуы

-асистолия-қан айналымның тоқталуы

-ес-түсі жоқ (кома)

-көздің мүйзгек қабығы бұлдырлайды және құрғайды;

-“мысық көз” белгісі;

-дене қызуы төмендейді;

-өлік дақтары пайда болады;

-өлік сіресіп қатады.

 

 

Стандарт.

Өлікті жайғастыру ережелері

Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті жіберуге дайындау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.

Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама бланкілерін.

 

Іс-әрекет алгоритмі

1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына өлген күнін, уақытын тіркейді.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында б.т.

4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.

5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.

6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың мед.картасына тіркеңіз.

7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.

8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.

9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың мед.карта номерын жазыңыз.

10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.

11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция бөлімшесіне хабарлаңыз.

12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.

13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді, дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.

14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.

 

Ескерту:

- ПАБ –ге өлікті 2 сағаттан кейін апарады;

- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер анықтап, клиникалық диагнозын,

себептерін көрсетіп анықтама береді;

-Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе опрециядан кейінгі дренаждары, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.

 

 

Стандарт.

Өлікті жайғастыру ережелері

Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті жіберуге дайындау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.

Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама бланкілерін.

 

Іс-әрекет алгоритмі

1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына өлген күнін, уақытын тіркейді.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында б.т.

4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.

5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.

6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың мед.картасына тіркеңіз.

7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.

8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.

9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың мед.карта номерын жазыңыз.

10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.

11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция бөлімшесіне хабарлаңыз.

12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.

13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді, дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.

14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.

 

Ескерту:

- ПАБ –ге өлікті 2 сағаттан кейін апарады;

- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер анықтап, клиникалық диагнозын,

себептерін көрсетіп анықтама береді;

-Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе опрециядан кейінгі дренаждары, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.

 

 

Стандарт

Бүйрек коликасы жағдайындағы жедел көмек.

 

Мақсаты: аурусиндромынбасу.

Дайындаңыз: тонометр, фонендоскоп, жылытқыш, заласыздандырылған: бірретқолданатыншприцтер, мақташариктері, 70% этилспирті, бұрама, қолғап, дез. ерітіндегіпинцет, лоток, дәрілікзаттар: 5мл баралгинер-сі, 1мл 0,1%атропинер-сі, 1мл 1-2%промедолер-сі, 1мл 0,2%платифилинер-сі, 2-4мл 2%но-шпаер-сі, 1-2мл морфиннемесепромедол.

Іс-әрекет:

1. Пациенттіфизикалықжәнепсихикалықтыныштықпенқамтамасызету.

2. Жылытқышберу (бел, ішаймағына)

3. 5мл баралгинер-сінкөктамырғаеңгізу.

4. 1мл 0,1%атропинер-сін 1мл 1-2%промедолер-сіменқосатеріастынаеңгізу.

5. 1мл 0,2% платифилин ер-сінтеріастынаеңгізу.

6. 2-4мл 2% но-шпа ер-сінбұлшықеткееңгізу.

7. Егер осы орындағанманипуляциярданнәтижеболмаса, 10-15 минуттанкейіннаркотиктердіеңгізу: 1-2мл морфин немесепромедолтеріастына.

8. Пациенттіңжағдайынқадағалау.

9. Хирургиялықнемесеурологиялықбөлімшеге госпитализацияжүргізу.

 

Ескерту: жылытупроцедураларыменнаркотикалықанальгетиктерді, ішқуысыныңмүшелерініңжеделхирургиялықпатологиясыболмағанжағдайдағанақолданылады.

 

 

 

 

Стандарт

Наркотикалық заттар мен улану кезіндегі жедел көмек.

 

Мақсаты: улызаттыңағзағаенуінтоқтату, улызаттардыағзаданшығару.

Дайындаңыз: тонометр, фонендоскоп, оттегі баллоны, маска, дәкесалфеткасы, леген, клеенка, су, залалсыздандырылғанасқазанзонді, оймыш, залалсыздандырылған: бірретқолданатыншприцтер, мақташариктері, 70% этил спирті, бұрама, қолғап, дез. ерітіндегі пинцет, лоток, дәрілікзаттар: 4-6 мл 20% кофеин ер-сі, физиологиялық ер-ді, 2мл кордиамин ер-сі, 4мл. 0,05%налоксон ер-сі, 400мл 5 % глюкоза ер-сі, 400мл реополиглюкин ер-сі, 300мл 4% натрий гидрокарбонат ер-сі.

Ісәрекет:

1. Асқазандыжуу.

2. Ылғалдаңғаноттегіберу.

3. 4-6 мл 20% кофеинер-сінфизиологиялықерітіндіменқосакөктамырғаағызыпеңгізу.

4. 2млкордиаминер-сін көктамырғаағызыпеңгізу.

5. Антидот еңгізу: 4мл. 0,05%налоксон ер-сінтынысалуықалпынакелгеншееңгізу.

6. 400мл 5 % глюкоза ер-сінкөктамырғатамшылатыпеңгізу.

7. 400мл реополиглюкин ер-сінкөктамырғатамшылатыпеңгізу.

8. 300мл 4% натрий гидрокарбонат ер-сінкөктамырғатамшылатыпеңгізу.

9. Токсикологиялықбөлімшесінежедел госпитализацияжүргізу.

10. Қырыменземблгежатқызыптасымалдау.

 

Ескерту: Налоксоннан нәтиже болмаса өкпенің жасанды вентиляциясын ӨЖВ жүргізу.

 

 

 

Стандарт

Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек

 

Мақсаты: Тыныс алу мен қанайналым жүйесіндегі жедел бұзылыстрады тоқтату,қанайналымға дәрілік аллергеннің түсуін тоқтату,өмірілк маңызды функцияларды қамтамасыз ету.

Дайындаңыз: оттегі баллоны,маска,дәкелі салфетка,тонометр,фонендоскоп,стерильді: бір рет қолданылатын шприц,мақталы шариктер,70 % эти спирті,бұрама,қолғап,дезерітінділегі пинцет,лоток,дәрілік препараттар:0,1%-0,5 мл адреналин,90-120 мг преднизолон,0,9% натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі,2,0 мл 2% супрастин немесе тавегил ерітіндісі, 10 мл- 10% кальций хлорид ерітіндісі, 2,0 мл лазикс.

Іс-әрекет:

1.Аллергенмен қатынасты тоқтату.Аллергиялық реакция шақыратын,жәндік тістесе немесе дәрі енгізілсе,қатынаста болған жерден жоғарырақ жгут салу.(егер шаққан болса немесе иньекция аяқ пен қолға тараса).Егер шаққан жер дененің басқа аймағында болса,онда суық компресс қою керек.

2.Аяқ жағын көтеру.

3.Ылғалды оттегі беру.

4.Тері астына 0,1%-0,5 мл адреналин енгізу.

5.10,0 мл 0,9% натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен қоса көктамырға ағызып 90-120 мг преднизолон енгізу.

6.2,0 мл 2% тавегил немесе супрастиннің ерітіндісін бұлшықертке енгізу.

7.10 мл-10 % калций хлорид ерітіндісін көктамырға ағызып енгізу.

8.10,0 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен қоса көктамырға ағызып 2,0 мл лазикс енгізу.

9.Стационардың реанимациялық бөлімшесіне тезарада госпитализация жүргізу.

 

 

 

 

Стандарт

Асқазаннан қан кетудегі жедел көмек

 

Мақсаты: Қан кетуді тоқтату.

Дайындаңыз: тонометр,фонендоскоп,мұзды мұйық,стерильді:: бір рет қолданылатын шприц,мақталы шариктер,70 % этил спирті,бұрама,қолғап,дезерітінділегі пинцет,лоток,дәрілік препараттар: 10 мл- 10% кальций хлорид ерітіндісі, 4 мл викасол,2-4 мл 12,5% дицинон ерітіндісі,50 мл 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісі

Іс-әрекеттері:

1.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.

2.Науқастың бас жағын жоғары етіп жатқызу.

3.Эпигастрий аймағына мұзды мұйық қою.

4.10 мл- 10% кальций хлорид ерітіндісін көктамырға енгізу.

5.4 мл викасол ерітіндісін бұлшықетке енгізу.

6.50 мл 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісін көктамырға тамшылатып немесе 2-4 мл 12,5% дицинон ерітіндісін көктамырға енгіземіз.

7.Науқастың жағдайын бақылау (пулсін,АҚ өлшеу)

8.Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау.

9.Науқастың басын көтеріп,зембілге жатқызып тасымалдау.

 

 

 

 

Стандарт

Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 436 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>