Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері. 3 страница



Пациентке ішегінде суды 5-10 минут (мүмкіндігіне қарай) ұстауын сұраңыз, унитазға пациентті отырғызыңыз.

 

 

Стандарт

Сифондық клизма қою әдісі.

Мақсаты: Тоқ ішекті нәжістен, удан, токсиннен, шырыштан бірнеше рет жуу арқылы босату, сонымен қатар ішектің түйінделуін анықтау.

Көрсеткіштері: тазалау клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда, ішекке операция жасар алдында, ішек түйінделуіне күмән болған жағдайда, ішкі улануларда.

Кері көрсеткіштері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі, ас қорыту жүйесі мүшелеріне операция жасалғаннан соңғы алғашқы күндер, тік ішектің қабынуы, жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз).

Әзірлеу керек: залалсыздандырылған қолғап, сифондық клизмаға арналған жүйе (жуан асқазан зонды резеңке түтікшемен шыны түтікше арқылы жалғастырылған), лоток, стерилді вазелин, 1 литрлік оймыш, 10-12 литр су 20-25С, 1 литрлік ожау, клеенка, жаялық,салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

· Пациенттің аты-жөнін анықтап, іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

· Қолыңызды гигиеналық тәсілмен жуып, қолғап, фартук киіңіз.

· Пациенттің астына клеенка және жаялық төсеңіз, клеенканың бір шеті салбырап шараға тиіп тұру керек;

· Пациентті сол қырынан жатқызып, аяғын тізеден бүгіп ішіне тартқызыңыз.

· Зондтың ұшына стерилді вазелин майын жағыңыз, құйрығын сол қолымен ашып, зондтың бір ұшын ішекке 30 – 40см енгізіңіз.

· Түтікшеге жалғастырылған оймышты алып, жамбас деңгейінде ұстап тұрып суға толтырыңыз;

· Оймышты көтер, су оймыштың жіңішкерген жеріне жеткен кезде суды шараға төгіп, осылай су тазарғанша бір неше рет қайталаңыз;

· Оймышты алып, түтікшенің бір ұшын шараға 10-20 минуттай салып қойыңыз;

· Резеңке түтікшені тік ішектен шығарып алыңыз;

· Қолданған құралдарды ҚКЖҚ ға салыңыз.

· Қолыңызды гигиеналық тәсілмен өңдеңіз.

· Пациентті палатаға әкеліп, төсегіне жатқызыңыз



 

Стандарт.

Жел шығару түтікшесін қою әдісі.

 

Мақсаты: жел шығару.

Көрсеткіштері: метеоризм;

Кері көрсеткіштері:

асқазаннан немесе ішектен қан кету;

тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі;

қан ағатын геморрой;

 

Әзірлеу керек: фартук, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтікше, клеенка, жаялық, стерилді вазелин майын, дәрет ыдысы, стерилді дәкеден жасалған салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

 

Іс алгоритмі:

· Пациентің аты-жөнін анықтап, іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

· Қолыңызды гигиеналық тәсілмен жуып, қолғап, фартук киіңіз.

· Пациентті жекелендіріңіз немесе шымылдық қойыңыз;

· Пациенттің астына клеенка және жаялық төсеңіз;

· Пациентті сол қырынан жатқызып, аяғын тізеден бүгіп ішіне тартқызыңыз.

· Жел шығаратын түтікшеге стерилді вазелин майын жағыңыз.

· Пациенттің құйрығын сол қолмен ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені бірінші кіндікке қарай 3-4см, сонан соң сегізкөзге қатарластыра айналдыра отырып 20-30см тереңдікке енгізіңіз.

· Сыртқы ұшын ішіне су құйылған дәрет ыдысына салып қойыңыз.

· Жел шығаратын түтікшені 1 сағаттан соң шығарып алыңыз.

· Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіп, қажет болса вазелинмен майлаңыз.

· Қолданған құралдарды ҚКЖҚға тастаңыз.

· Қолыңызды жуыңыз.

 

Ескерту:

Егер жел шықпаса, онда 2-3 сағаттан соң тәулігіне 2-3 рет қайталауға болады.

Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз

 

 

Жылытқыш қою әдісі.

Мақсаты:дененің қыздыратын бөлігін қанмен толтыруын күшейту, жергілікті жылытқыш әсер.

Көрсеткіштері: қызбаның бірінші және үшінші кезеңі, инъекциядан кейінгі инфильтрат, радикулит, онекі елі ішекті зондтау, жарақаттанудың 2-тәүлігі, невриттер, невралгия.

Керікөрсеткіштері:қабынудың жедел кезеңдері және ішқуысы аурулары, қанкету, ісіктер, жарақаттанғаннан кейінгі бірінші тәулік, теріжабын дысының бұзылыстары, инфекциялаңған жаралар.

Асқынулар: күю, терінің пигментациясы.

Жылытқыш қойылатын жерлер: инфильтрат аумағы, бел аймағы, балтыр бұлшықет аймағы, оң жақ қабырғ аасты аймағы.

Әзірлеукерек:резеңке жылытқыш, 60°-70°С 1,5 - 2литрсу, орамал, дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш, сутермометрі.

Ісәрекеттері:

1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Жылытқышқа 2/3 көлемде дайындаған ыстық суды 60°-70°Сқұйыңыз;

3. Жылытқыштан ауаны басып тұрып шығарыңыз, суды жылытқыштың мойнына дейін жеткізіп тығынын жабыңыз;

4. Жылытқышты аударып герметикалығын тексеріп, орамалмен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты орамалмен ораңыз;

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз (өңдеу).

7. Жылытқышты дененің қыздыратын аймағына қойып, оны суығанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты алып, суын төгіңіз;

9. Пациентті терісін қараңыз (жылытқышқойылғанжердеаздағанқызаруболуыкерек).

10. Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, үстін жабыңыз

11. Жылытқышты дез.ерітінді малыңған сүрткішпен 15 минут аралығында 2 ретсүртіңіз (өңдеу). 12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы бөлінген жерде сақтаңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Жылытқышты жиі және ұзақ уақыт қолданғанда күюдің, қызарудың алдын алу үшін жылытқыш қоятын жерді вазелин немесе маймен сүртіңіз.

 

 

Стандарт

Мұзды мұйық қою әдісі.

Мақсаты: тамырларды тарылтады, ұзақ жергілікті салқындату әсері.

Көрсеткіштері: іш қуысының жедел қабыну процестері, ішкі қан кетулер, соғылулар, жарақаттар(алғашқы тәуліктерде), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Кері көрсеткіштері: коллапс, шок, іштегі түйіліп ауру сезімі.

Асқынулары: жергілікті салқын тию.

Әзірлеу керек: мұзды мұйық, мұз түйіршіктері, орамал, дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

Іс әрекеттері:

1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Мұзды мұйықтың тығынын ашып, оның 2/3 көлемін мұз түйіршіктерімен толтырыңыз.

3. Мұзды мұйықтан ауаны шығарып, тығынын жабыңыз.

4. Мұзды мұйықты орамалмен ораңыз;

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

6. Мұзды мұйықты 10 минутқа 15 минут аралығымен 5-7 см-ге бастан жоғары іліңіз және мұзды мұйықты 15-20 минутқа 30 минут аралығымен белгіленген жерге қойыңыз.Уақытты тіркеңіз.

7. Мұйықтағы суды мұздың еруіне қарай төгіп, мұзбен толтырып отырыңыз;

8. Мұзды мұйықты алып, ішіндегі суды және қалған мұзды төгіңіз.

9. Пациентке тыныштықпен ыңғайлы жағдай жасаңыз.

10. Мұзды мұйықты дез. ертіндіге малынған сүрткішпен екі рет, 15 минут аралығымен сүртіңіз;

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: жалпы уақыты үзілістерімен қоса екі сағаттан аспау керек.

 

 

Стандарт

Қыша қою әдісі.

 

Мақсаты: жылыту маңайының қан тамырларын тітіркендіру және кеңейту, қан айналуды жақсарту, қабынуға қарсы, ауру сезімін азайту.

Көрсеткіштері: тыныс алу жолдарының қабыну процестері (фарингит, трахеит, бронхит, плевриттер, пневмония), гипертониялық криз, стенокардия, миозиттер, невралгия, остеохондроз.

Кері көрсеткіштері: қыша қоятын орындағы терінің жарақаты мен аурулары; өкпеден қан кету;

қышаға терінің сезімталдығы; дене қызуының көтерілуі; қатерлі ісіктер; өкпе туберкулезі;

Қоятын жерлері: шүйде, балтыр бұлшықеттері, жүрек тұсы, төстің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы, жауырын асты.

Асқынулар: терінің күйып қалуы, пигментациясы.

Әзірле: қыша қағаздары, лоток, жылы су (40°-45°), орамал, салфеткалар, дәкелер, көрпе.

Іс әрекеттері:

1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз;

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қыша қағазының қолдануға жарамдылығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек);

4. Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз, қыша қоятын жерді анықтаңыз, науқастың терісін мұқият тексеріңіз;

5. Қыша қағазын лотоктағы жылы суға (40°-45°) 10-15 сек. малып, денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз (терінің жоғары сезімталдығы байқалса қышаның астына салфетка қойыңыз);

6. Пациенттің үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз;

7. Қыша қағаздарын 5-10 минуттан кейін алыңыз (терінің күю сезімі пайда болса, тері қызыру тиіс);

8. Терісін жылы суға малынған дәкемен сүртіңіз, қыша қалдықтары қалмауы керек.

9. Құрғақ орамалмен сүртіңіз.

10. Пациентті жылы жауып 30-40 мин. жатқызыңыз;

11. Қолды жуып құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- Қышаны тек қана жарақаттанбаған жерге қойыңыз.

- Сүт бездеріне, омыртқа тұсына, қалдарының үстіне қоюға болмайды.

- Емізулі балаларға 5-7 мин. Терісінің қызаруына дейін ғана қойылады.

 

 

 

Стандарт

Ыстық ылғал компресін қою әдісі.

Мақсаты: емдік, қабынуға қарсы, сіңіру және ауруды басу үшін.

Көрсеткіштері: мигрень, коллапс, ішектердің, өт жолдарының спастикалық ауруы, бронхиалды астма, буындар мен бұлшықеттердің ауруы кезінде.

Әзірлеу керек: ыстық суы (50-60°С) бар ыдыс, су термометрі, салфетка, клеенка, мақта, сүлгі.

Іс алгоритмі:

1. Науқасқа процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз;

2. Тері жабындысының компрес қоятын жерлерін қараңыз;

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;

4. 8 қабаттап оралған салфетканы ыстық суға салыңыз, алып сығыңыз;

5. Сулы салфетканы денеге 5-10 минутқа қойыңыз;

6. Салфектаның сыртына клеенка жауып, үстіне қалың жүн мата жабыңыз;

7. Компрес суығанша қолмен ұстап тұрып, суыған соң ауыстырып тұрыңыз;

8. Компресті алып, денесін құрғақ сүлгімен сүртіңіз;

9. Науқасты үстін жабыңыз;

10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

 

Ескерту: клеенкаға жылытқыш немесе қалың жүн матасын қоюға болады.

 

 

 

Стандарт

Тері ішіне егу әдісі.

 

Мақсаты: Диагностикалық.

Көрсеткіштері: диагностика үшін: туберкулез (Манту сынамасы, Пирке), бруцеллез, аллергиялық сынамалар жүргізу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, үстіртін анетезия жүргізу.

Кері көрсеткіштері: тері асты-май жасұынығың ісінуі және инъекция орнындағы терілік аурулар.

Асқынулар: инфильтрат.

Анатомиялық егу орындары: білектің ішкі бетінің, ортаңғы бөлігі.

Әзірле: стерильді бір рет қолданылатын 1 мл. шприц 15 мм. инесімен, мақта түйіршіктері, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, спирт 70%, ҚКЖҚ.

Іс алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Науқасты жатқызу немесе отырғызып, білегінің ішкі бетін жоғары қаратып орналастырыңыз.

3. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

4. Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.

5. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.

6. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз) Спирттің толық кепкенін күтіңіз.

7. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап; V саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарымен инъекция орнынның терісін тартыңыз.

9. Иненің кесігін жоғары қаратып, теріге паралельді (5° бұрышымен) ине кесігі жабылғанға дейінгі тереңдікке енгізіңіз (иненің ұшы терінің мүйізді қабатынан көрініп тұратындай еңгізіледі).

Оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап бекітіңіз.

10.Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.

11.Егер инъекция дұрыс жасалған болса, инъекция орнында 2-4 мм диаметрлі (лимон қабы тәрізді) түйін пайда болады.

12.Инені канюласынан ұстап тез шығарыңыз(3-ші мақта түйіршігі спиртке малынбаған, залалсыздандырылған б.т.)

13. Шприцті ҚКЖҚ-на салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ-на салыңыз.

15. Қолды жуып, кептіріңіз.

16. Науқасқа инъекция орнына 1-2сағат аралығында су тигізуге болмайтынын ескертіп айтыңыз.

 

 

Стандарт

Тері астына егу әдісі.

Мақсаты: емдік - дәрілік заттарды тері асты - майлы жасұнығына енгізу, жергілікті ауырсынуды басу.

Көрсеткіштер: дәрігердің тағайындауы.

Кері көрсеткіштері: дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасұнығының кез-келген зақымдалуы.

Асқынулары: инфильтрат, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, вирусты гепатит, ЖҚТБ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Анатомиялық орындары: иықтың сыртқы жоғарғы бетінің 1/3 бөлігі, санның алдыңғы ортаңғы 1/3 бөлігі, іш қуысының алдыңғы бүйір үсті, жауырын асты аймағы (сирек).

Әзірле: стерильді бір рет қолданылатын 1-2 мл. шприц 20 мм. инесімен, стерильді мақта түйіршіктері, қолғап, дәрілік заттар; 70%этиль спирті, ҚКЖҚ.

Іс алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріп, дәрілік зат туралы ақпараттандырып, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

3. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

4. Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.

5. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.

6. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын (Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ жойыңыз).

7. Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз.

8. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап; V саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

9. Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін үш бұрыштап жиырыңыз.

10. Оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап, 2/3 ұзындығын терінің жиырылған жеріне 45° бұрышымен енгізіңіз.

11. Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.

12. Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз.

13. Инені канюласынан ұстап, тез шығарыңыз.

14. Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз.

15. Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз.

16. Қолды жуып, кептіріңіз.

17. Науқастың қал-жағдайын сұраңыз.

 

 

Стандарт

Бұлшық етке егу әдісі.

Мақсаты: емдік - дәрілік затты бұлшық етке енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Кері көрсеткіштері: Бұлшық ет ұлпасының атрофиясы, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасунықтарының кез-келген зақымданулары, дәрілік заттарға аллергиялық реакция.

Анатомиялық егу орындары: жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы, санның алдыңғы-бүйір беткейінің үштен бір бөлігі, иықтың сыртқы беткейінің жоғары үштен бір бөлігі.

Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, ауалы, майлы эмболия, абсцесс, инфильтрат, вирусты гепатит, ЖҚТБ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок.

Әзірле: стерильді мақта түйіршіктері, 5-10 мл. бір рет қолданатын шприц, 40-60 мм. инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, этиль спирті 70%, ҚКЖҚ.

Іс алгоритмі:

1. Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз.

2. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесу: жамбасқа инъекция жасаса - ішімен немесе бір қырына; санына - арқасымен жатып, тізесін аздап бүккен немесе отырып; иыққа - жатып немесе отырған қалыпта.

4. Инъекция орнын киімнен босатуға көмектесіңіз.

5. Инъекция орнын анықтаңыз (жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы).

6. Инъекция орнын пальпациялап көріп, түйіндер мен қатаюлардың жоқтығына көз жеткізіңіз.

7. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

8. Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.

9. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.

10. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз). Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз.

11. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың V саусағымен иненің канюлясын ұстап; ІІ саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

12. Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз.

13. Инені жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына (90° бұрышымен ұстап) еңгізіңіз, иненің 0,5 см.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс.

14. Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.

15. Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз.

16. Инені канюласынан ұстап, тез шығарып алыңыз.

17. Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз.

18. Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз.

19. Қолды жуып, кептіріңіз.

 

 

Стандарт

Бұлшық етке егу әдісі.

Бициллинді егу ерекшелігі.

 

Мақсаты: емдік - дәрілік затты бұлшық етке енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Кері көрсеткіштері: Бұлшық ет ұлпасының атрофиясы, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасунықтарының кез-келген зақымданулары, дәрілік заттарға аллергиялық реакция.

Анатомиялық егу орындары: жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы, санның алдыңғы-бүйір беткейінің үштен бір бөлігі.

Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, ауалы, майлы эмболия, абсцесс, инфильтрат, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок.

Әзірле: стерильді мақта түйіршіктері, 5-10 мл. бір рет қолданатын шприц, 40-60 мм. инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар,этиль спирті 70%, ҚКЖҚ.

Іс алгоритмі:

· Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысңыз.

· Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз.

· Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесіңіз: жамбасқа инъекция жасаса - ішімен немесе бір қырына, санына - арқасымен жатып, тізесін аздап бүккен немесе отырып, иыққа - жатып немесе отырған қалыпта.

· Инъекция орнын киімнен босатыңыз.

· Инъекция орнын анықтаңыз (жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы).

· Инъекция орнын пальпациялап көріп, түйіндер мен қатаюлардың жоқтығына көз жеткізіңіз.

· Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

· Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.

· Бициллинді қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіңіз.

· Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 536 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>