Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері. 4 страница



· Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеп: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз). Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз.

· Оң қолға шприцті алып: оң қолдың V саусағымен иненің канюлясын ұстап; ІІ саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

· Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз.

· Инені жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына (90° бұрышымен ұстап) еңгізіңіз, иненің 0,5 см.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс.

· Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізіңіз.

· Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.

· Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз.

· Инені канюласынан ұстап, тез шығарыңыз.

· Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз.

· Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.

· Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз.

· Қолды жуып, кептіріңіз.

 

 

Ескерту:

Бициллин -1 – пенициллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, суда жақсы ерімейді.

Бициллин қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіледі. Бициллинді еріткен кезде суспензия пайда болады. Инъекция орнында дәрілік депо пайда болып, одан дәрі ұзақ уақыт қанға өтіп тұрады.

Бициллин тек бұлшық етке егіледі. Әсіресе сан бұлшық етке салған тиімді: жүрген кезде қанның циркуляциясы жақсарады, бұл дәрінің қанға сорылуын күшейтеді.

Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек. Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.



 

 

 

Стандарт

Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктері.

 

Мақсаты: емдік - дәрілік затты бұлшық етке енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Кері көрсеткіштері: Бұлшық ет ұлпасының атрофиясы, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасунықтарының кез-келген зақымданулары, дәрілік заттарға аллергиялық реакция.

Анатомиялық егу орындары: жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы; санның алдыңғы-бүйір беткейінің үштен бір бөлігі; иықтың сыртқы беткейінің жоғары үштен бір бөлігі.

Асқынулар: иненің сынуы; жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, ауалы, майлы эмболия; абсцесс; инфильтрат; вирусты гепатит; ЖҚТБ; аллергиялық реакция; анафилактикалық шок.

Әзірле: стерильді: мақта түйіршіктері, 5-10 мл. бір рет қолданатын шприц, 40-60 мм. инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар; этиль спирті 70%; ҚКЖҚ.

Іс алгоритмі:

· Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;

· Науқастың аты жөнін анықтау, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;

· Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесіңіз: жамбасқа инъекция жасаса - ішімен немесе бір қырына; санына - арқасымен жатып, тізесін аздап бүккен немесе отырып; иыққа - жатып немесе отырған қалыпта;

· Инъекция орнын киімнен босату көмектесіңіз;.

· Инъекция орнын анықтаңыз (жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы);

· Инъекция орнын пальпациялап көріп, түйіндер мен қатаюлардың жоқтығына көз жеткізіңіз;

· Қолды гигиеналық деңгейд өңдеңіз;

· Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз;

· Енгізуден алдын майлы ерітінділерді су моншасында 35-38 ºС дейін жылытыңыз;

· Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті қабына салып қойыңыз.

· Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеу: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз). Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз;

· Оң қолға шприцті алып: оң қолдың V саусағымен иненің канюлясын ұстап; ІІ саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

· Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз.

· Инені жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына (90° бұрышымен ұстап) еңгізіңіз, иненің 0,5 см.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс.

· Шприцтің поршенін өзіңізге қарай тартып иненің тамырға түспегеніне көз жеткізіңіз;

· Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз;.

· Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз;.

· Инені канюласынан ұстап, тез шығарыңыз;.

· Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз;.

· Инъекциядан соң инъекция орнына жылытқыш қойыңыз;

· Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз;.

· Қолды жуып, кептіріңіз.

 

 

 

Стандарт.

Инсулинді енгізу ерекшелігі

 

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету.

Жабдықталу: инсулині бар флакон (1 мл-де 40 ЕД, 80 ЕД немесе 100 ЕД), этиль спирті 70%, стерильді астауша, пинцет, мақта шариктері, инсулинді шприц.

Мейірбике іс-әрекеті:

· Пациенттің аты жөнін анықтап, іс шарамен таныстырып, келісімін алыңыз;

· Пациенті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

· Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, стерильді қолғап кию.

· Инсулинның мерзімін, жарамдығын көріңіз;

· Флаконды су моншасында 36-37 ºС жылытыңыз;

· Флакон қаңылтыр қақпағының ортаңғы бөлігін ашып, резеңке тығынын 2 рет спиртпен өңдеп, спирттің кебуін күтіңіз (спирттің инсулин ерітіндіге түсуі инактивацияға алып келеді);

· Инсулин шприцінің сақтау мерзімін тексеріп, асептика ережесін сақтап ашыңыз;

· Қажет дозадағы инсулинді шприцке алыңыз (қосымша 1-2 ЕД артық алынады, ол ауа шығарғанда дәрінің дозасы азайып кетпеуі үшін);

· Инъекция орнын спиртке малынған 2 мақта тампонымен өңдеңіз. Спирттің кебуін күтіңіз.

· Теріні сол қолдың 1-2 –ші саусақтарымен алып, 30-45 ºС бұрыш астында инені егеміз. (Тері асты май қабаты қалың болса, инені 90 ºС бұрыш астында салуға болады)

· Сол қолды босатып, инсулинді жәй жіберу.

· Құрғақ стерильді мақта тампонын инъекция орнына қойып инені шығарып алу.

· Науқасты тамақтандыру.

· Шприц, мақта тампондары, қолғапты Б тобы, ҚКЖҚға тастау.

· Қолыңызды жуыңыз.

 

 

 

Стандарт.

Ампуладан және флаконнан дәрілік затты алу.

 

Мақсаты: Дәрілік затты парентеральды жолмен енгізу.

Әзірле: бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, ампуладағы дәрілік зат, флакондағы ерітінді, пинцет, ҚКЖҚ.

Іс алгаритімі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз;

2. Бір рет қолданылатын шприцтің сақтау мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз;

3. Дәрігердің тағайындалуы бойынша дәрілік затты алып, атын, мөлшерін, сақтау мерзімін тексеріңіз;

4. Ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен залалсыздандырып, кескішпен кесіп, дәке салфеткасымен өзіңізден сыртқа қаратып сындырыңыз;

5. Асептика ережесін сақтап, краф-пакеттің ішінде шприцті құрастырыңыз;

6. Ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;

7. Инені ампулаға кіргізіңіз, шприцке керек мөлшерде ерітіндіні сорыңыз;

8. Иненің қалпағын кигізіп ауаны шығарыңыз;

9. Егуге дайын болған шприцті стерильді лотокқа салыңыз.

 

 

Стандарт.

Жылытқыш компресін қою әдісі.

 

Мақсаты: емдік сақсатпен: қабынуға қарсы, ауруды басу үшін.

Көрсеткіштері: егуден кейін болатын асқынулар, буындар мен бұлшықет ауруы.

Әзірлеу керек: лоток, сегіз қабат оралған салфетка, клеенка, 40% этиль спирті.

І әрекет:

1. Науқастың аты жөнін анықтап, емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз;

2. Тері жабындысының компрес қоятын орнын тексеріңыз;

3. Қолды жуыңыз;

4. Сегіз қабат оралған салфетканы 40% этиль спиртіне батырып, сығып алыңыз;

5. Салфетканы ем жасайтын орынға 1-2 сағатқа қойыңыз

6. Салфетканың сыртына клеенка жауып, үстін жылы жабыңыз;

7. Уақыты өткеннен кейін компресті алып, денесін құрғақ сүлгімен сүртіңіз;

8. Науқастың үстін жылы жабыңыз;

9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

 

Стандарт.

Көктамырға егу жасау техникасы.

 

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.

Анатомиялық орындары: бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры.

шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры, табанның беткі көк тамыры.

Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20мл шприц, залалсыздырылған лоток, 70% этиль спирті, мақта тампондары, дәке салфеткасы, дәрілік заттар, резеңке бұрама, жастықша.

Іс алгаритімі:

1. Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;

2. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;

3. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

4. Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;

5. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

6. Ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен залалсыздандырып, кешкішпен кесіп, дәке салфеткасымен өзіңізден сыртқа қаратып сындырыңыз;

7. Асептика ережесін сақтап, краф-пакеттің ішінде шприцті құрастырыңыз;

8. Ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;

9. Инені ампулаға кіргізіңіз, шприцке керек мөлшерде ерітіндіні сорыңыз;

10. Иненің қалпағын кигізіп ауаны шығарып, инесін ауыстырып, стерильді лотокқа салыңыз;

11. Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;

12. Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;

13. Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

14. Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;

15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды шприцтің целиндіріне орналастырыңыз;

16. Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;

17. Шприцті тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содан соң көк тамырға кіргізіңіз;

18. Сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар екеніне көз жеткізіңіз;

19. Бұраманы босатып, дәрілік затты тамырға енгізіңіз;

20. Егу орнына үшінші мақта тампонын басып, тамырдан инені шығарасыз;

21. Науқастың қолын шынтақ иініне қысып ұстауын сұраңыз;

22. Қолданылған шприцті, мақта тампондарын, қолғапты ҚКЖҚға тастайсыз;

23. Қолыңызды жуыңыз.

Ескерту.

Болуы мүмкін асқынулар: гематома, ауа эмболиясы, қабыну процесі, аллергиялық реакция.

 

 

 

Стандарт.

Көктамыр арқылы парентеральды тамақтандыру техникасы.

 

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік тамақтандыру мақсатпен енгізу.

Анатомиялық орындары: бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры.

шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры, табанның беткі көк тамыры.

Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20мл шприц, залалсыздырылған лоток, 70% этиль спирті, мақта тампондары, дәке салфеткасы, дәрілік заттар, резеңке бұрама, жастықша.

Іс алгаритімі:

1. Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;

2. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;

3. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

4. Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;

5. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

6. Ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен залалсыздандырып, кешкішпен кесіп, дәке салфеткасымен өзіңізден сыртқа қаратып сындырыңыз;

7. Асептика ережесін сақтап, краф-пакеттің ішінде шприцті құрастырыңыз;

8. Ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;

9. Инені ампулаға кіргізіңіз, шприцке керек мөлшерде ерітіндіні сорыңыз;

10. Иненің қалпағын кигізіп ауаны шығарып, инесін ауыстырып, стерильді лотокқа салыңыз;

11. Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;

12. Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;

13. Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

14. Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;

15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды шприцтің целиндіріне орналастырыңыз;

16. Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;

17. Шприцті тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содон соң көк тамырға кіргізіңіз;

18. Сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар екеніне көз жеткізіңіз;

19. Бұраманы босатып, дәрілік затты тамырға енгізіңіз;

20. Егу орнына үшінші мақта тампонын басып, тамырдан инені шығарасыз;

21. Науқастың қолын шынтақ иініне қысып ұстауын сұраңыз;

22. Қолданылған шприцті, мақта тампондарын, қолғапты ҚКЖҚға тастайсыз;

23. Қолыңызды жуыңыз.

Ескерту.

Парентеральды тамақтандыру үшін қолданылатын дәрілік заттар:

5%глюкоза ерітіндісі, белок препараттары, дәрумендер, минералды тұздар. Дәрілік заттардың температурасы:37-38,тамшылау жылдамдығы 30минут ішінде 10-20тамшы.

 

 

 

Стандарт.

Қанды тексеріске күре тамырдан вакумм тәсілімен алу.

 

Мақсаты: Диагностикалық.

Көрсеткіштері: Дәрігердің нұсақауы бойынша.

Анатомиялық егу орындары: Шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі күре тамыры.

Әзірле: Резеңке бұрама, жастықша, залалсыздырылған мақта тампондары, 70%этиль спирті, арнайы пробиркалар, жабық вакумм жүйесі.

Іс әрекеті:

· Пациенттің аты жөнін анықтаңыз;

· Пациентке тәңертең аш қарында қан алатынынын алдын ала ескертіп, келісімін алыңыз;

· Арнайы пробирканың сыртына пациенттің аты жөнін жазып, лабараторияға арналған жолдаманы дайындаңыз;

· Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз;

· Қолды гигиеналық тәсілмен өңдеп, қолғап киіңіз;

· Вакумм жүйесін алып тексеріңіз; сақтау мерзімін, бүтіндігін, қаптамасын ашыңыз;

· Вакумм жүйесінің инесін алып ақ түсті сақтандыру қалпағынан босатыңыз;

· Инені арнайы ине ұстайтынға салып, түбіне дейін бұраңыз;

· Пациенттің білек тұсын ашып, астына жастықша салыңыз;

· Иықтың 2\3 орта бөлігіне резеңке бұрамамен ілмегін төмен тартып байлаңыз;

· Тамырдың соғу ырғағын тексеріңіз;

· Пациентке саусақтарыңызды жұмып ашып жұмыс істеуін сұраңыз, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

· Білек тұсын 70% этиль спиртіне батырылған залалсыздырылған мақта тампонымен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін иньекция орнын өңдеңіз;

· Үшінші залалсыздырылған мақта тампонын 4-5 саусақ арасына орналастырыңыз;

· Сол қолдың екінші саусағымен көк тамырды бекітіп ұстаңыз;

· Иненің қиылысын жоғарыға қаратып, бұрыштап ұстап әуелі теріні, сосын көк тамырды тесіңіз.

· Егер көк тамырға түссеніз иненің канюласында қан көрінеді;

· Резеңке бұрауды шешіп, пациентке жұмған қолыңызды ашуды сұраңыз;.

· Вакумм жүйесінің ине ұстағышының қарама қарсы жағына арнайы пробирканы жалғаңыз;

· Вакумм жүйесінің пробиркасы қажет мөлшерде қанды сорып алады;

· Еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;

· Пробирканы жайлап, оңды солды ырғап, қанды араластырып, штативке қойыңыз;

· Пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;

· Қолданылған мақта тампондарын, вакумм жүйесін ҚКЖҚша салыңыз;

· Қолғапты шешіп ҚКЖҚша салыңыз;

· Қолыңызды жуыңыз.

 

Ескерту: Алынған анализді бір сағат ішінде лабараторияға жеткізу.

 

 

 

Стандарт.

Көк тамырға тамшылатып құю.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен көктамырға құю.

Анатомиялық орындары: бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры,

шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры, табанның беткі көк тамыры.

Әзірле: Резеңке бұрама, жастықша, лоток, залалсыздырылған мақта тампондары, дәкеден жасалған салфетка, 70%этиль спирті, бір рет қолданылатын система жүйесі,

Іс әрекеті:

1. Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;

2. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;

3. Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз;

4. Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;

5. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

6. Флаконның алюминий қалпағының орта бөлігін ашып, спиртке батырылған мақта тампонымен екі қайтара өңдеңіз;

7. Асептика ережесін сақтап, система жүйесін құрастырыңыз;

8. Система жүйесінің инесінің қалпағын кигізіп ауаны шығарыңыз;

9. Ұзындығы 4-5 см лейкопластырь әзірлеңіз;

10. Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;

11. Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;

12. Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

13. Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;

14. Система жүйесінің инесін оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып ұстаңыз;

15. Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;

16. Система жүйесін тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содон соң көк тамырға кіргізіңіз;

17. Бұраманы босатып, система жүйесінің қысқышын жайлап ашып, дәрілік затты тамшылай жіберіңіз;

18. Инфузия кезінде науқастың жағдайын қадағалаңыз;

19. Ем шара аяқталғаннан кейін системадағы зажимды жауып, спиртке малынған мақта тампонын инъекция орнына қойып, инені тамырдан алып шығыңыз;

20. Науқастың қолын шынтақ иініне қысып ұстауын сұраңыз;

21. Қолданылған система жүйесін, мақта тампондарын, қолғапты ҚКЖҚға тастайсыз;

22. Қолыңызды жуыңыз.

 

Ескерту. Болуы мүмкін асқынулар: гематома, ауа эмболиясы, қабыну процесі, аллергиялық реакция.

 

 

Стандарт.

Көктамырға венозды катетер қою техникасы.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.

Анестезия кезінде венаға сенімді түсу.

Анатомиялық орындары: шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры.

Әзірле: Бір рет қолданылатын венозды катетер, залалсыздырылған лоток, 70% этиль спирті, мақта тампондары, дәке салфеткасы, дәрілік заттар, резеңке бұрама, лейкопластырь,жастықша.

Іс алгаритімі:

1. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз;

2. Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз;

3. Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;

4. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

5. Ине енгізетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;

6. Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;

7. Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

8. Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 561 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>