Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері. 1 страница



 

Стандарт

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде мейірбикенің бір міндеті болып санитарлық эпидемияға қарсы режимді сақтауды қадағалау саналды. Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (еденді жуу, жиһаздарды, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу немесе дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізеді.

Жиыстыру жүргізуге қолданылатын құралдар міндетті түрде таңбаланған болуы керек және оларды бөлек сақтап, тағайындауына байланысты қолдану керек. Палаталар және басқа да бөлмелер мен кабинеттерде ошақты жиыстыру арнайы кестемен кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Егу және таңба бөлмелерінде ошақты жиыстыру жұмасына бір рет өткізіледі. Ерекше режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (операция жасайтын бөлме, таңба және егу бөлмелерінде) кесте бойынша кварц немесе бактериоцидты лампалар қосылуы керек.

Дезинфекция дегеніміз қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою.

Дезинфекцияның түрлері:

Сақтандыру дезинфекциясы аурухана ішінде инфекцияны болдырмау үшін жүргізіледі

Ошақты дезинфекция екі түрге бөлінеді:

Ошақты күнделікті - ол инфекция ошағы бар жерде, науқас жатқан жерде және барлық емдеу сақтау бөлмелерінде күніне екі реттен кем жүргізілмейді.Дезинфекцияны рұқсат етілген жуу және химиялық ертінділермен инструкциясы бойынша жүргізеді. Ертінді құйылған ыдыстар белгіленген болу керек, онда ертіндінің аты, концентрациясы, дайындаған күні жазылып тұру керек. Ертінділер арнайы, бөлек бөлмеде сақталады. Жиыстыруға қолданылатын құралдар белгіленген болу керек.

Ошақты ақырғы – ол бір рет науқас тәуір болып үйіне шыққанда, қайтыс болғанда немесе жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылғанда жасалады. Оның мақсаты инфекциялық ошақты аурудың қоздырғыштарынан мүлдем жою үшін.

Дезинфекцияның әдістері: Механикалық, физикалық, химиялық және құрастырма деп төрт түрге бөлінеді.



1) Механикалық дезинфекцияға жатады:

- бөлмені және бөлмедегі құралдарды ылғалды жиыстыру

- төсек - орынды қағып – сілку

- бөлменің шаңын тазалау пылесос арқылы, сылау, сырлау

- қолды жуу

2) Физикалық дезинфекция:

- күннің сәулесін қолдану

- ультрофиолеттік сәулелерді қолдану

- ыстық өтектеу, күйдіру

- қоқыстарды, керек емес құралдарды өртеу

- қайнату

- пастерлеу

Физикалық әдіс ең қауіпсіз, ең қолайлы әдіс.

Химиялық әдіс:

Емдеу сауықтыру мекемелерінде осы әдіспен жұмыс істегенде науқаспен немесе биоматериалмен қатынаста болған құралдарды толық химиялық ертінділерге батыру керек. Егер науқаспен қатынаста болмаса онда ол заттарды осы ертінділерге батырылған салфеткалармен немесе мәрлімен екі рет сүрту кеерек. Емдеу сауықтыру мекемелерінде тек қана Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің департаментінде госсанэпиднадзор рұқсат етілген химиялық ертінділермен жұмыс істеледі.

Құрастырма әдісінде дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі:

паровоздушный – ылғалды ауамен 110 градус температурада, қысымы 0,5 атм., экспозициясы 20 мин.

Пароформалинды – 0,5 атм., температурасы 90 градус, экспозиция 30 мин.

Залалсыздандыру.

Қазіргі медициналық қызмет көрсететін емдеу сауықтыру мекемелерінде САН ПиН 90100176 бұйрығы бойынша медициналық құрал - жабдықтарды дезинфекциялау және стерилездендіру (залалсыздандыру) әдістері, құралдары, тәртібі қолданылады, ол кейіннен №404 бұйрығымен толықтырылған. Бұл құжаттар барлық емдеу және сауықтыру мекемелерінде міндетті түрде қолданылуы керек.

Залалсыздандыруға барлық жарамен, қанмен және егулерде қатынаста болған медициналық құралдар жіберіледі.

Асептика туралы түсінік – инфекцияны жараға, науқастың организміне түсірмеу үшін қолданылатын шаралар. Ол үшін науқаспен қатынаста болған құрал-жабдықтардың бәрін дезинфекциялау қажет.

Стерилиздендіру (залалсыздандыру) – физикалық факторлардың әсерімен және химиялық препараттарды қолдану арқылы қоздрғыштарды және олардың спораларын жою.

Стерилизендіру әдістері:

- термикалық әдіс (ыстық температура арқылы);

ультрофиолетті сәулелерді қолдану (таңба, егу, операция жасайтын бөлмелерді);

-ультродыбысты стерилиздендіру;

-инфра қызыл сәулелермен стерилиздендіру;

Стерилиздендірудің химиялық әдісі полиэтиленнен жасалған құралдарды, жасанды дем алдыру аппаратын, әртүрлі эндоскоптарды дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізіледі;

газбен стерилиздендіру;

Клиникалық тәжірибеде көбіне термикалық әдіс жиі қолданылады: автоклавта және құрғақ ауа шкафында. Медициналық құралдарды залалсыздандыру емдеу сауықтыру мекемелерінде орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Автоклавта стерилиздендіру режимі

1-ші режим 132 С, қысымы 2 атм, уақыты 20 минут Бірінші режим (негізгі) бойынша бөз бен мәрліден жасалған таңба материалдары, киім, төсек, әйнек және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріледі.

2-ші режим 120 С, қысымы 1 атм., уақыты 45 минут Екінші режим (щадящий) бойынша резеңке, латекс, полимерлерден жасалған заттар стерилиздендіріледі

Бумен стерилиздендірілетін заттар алдымен крафт-пакеттерге немесе бикстерге салынады САН ПиН 90100176 бұйрығына сәйкес. Стерилиздендірілген заттардың залалсыздығы крафт-пакеттерде 3 тәулік сақталады.

Құрғақ ауа шкафында стерилиздендіру

180 градуста 60 минут Бұл әдіспен әйнектен және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріледі.

 

 

 

Стандарт

Қабылдау бөлімшесі. Пациентті стационарға қабылдау.

Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіштері: науқастың стационарға түсу кезіндегі: салмақ жеткіліксіздігін, семіздікті, жасырын ісіктерді анықтау, салмақ динамикасын бақылау, ем жүргізу кезінде анықталған ісіктер;

Кері көрсеткіштері: жағдайы ауыр науқастар, төсек режимы.

Әзірлеу керек: едендік таразы, ауру тарихы, қолғап, 30х30смстерильді клеенка, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, жайманы өңдеуге арналған сүрткіш, ҚКЖҚ.

Ісәрекеттері:

1.Пациенттің аты-жөнін анықтап, салмақ динамикасының ерекшеліктері мен таныстырыңыз және жүргізілетін іс шараны түсіндіріңіз.

2.Салмақ өлшеуді күнделікті бір уақытта жүргізіңіз.(таңертең, ашқарынға).

3.Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

4.Таразының көрсеткіші нольдік деңгейде тұру керек.

5.Пациенттен жай қимылмен таразының ортасына тұруын сұраңыз (аяқ киімін шешіп), іш киіммен.

6.Таразыдағы көрсеткішті шкала бойынша тіркеңіз.

7.Температуралық параққа алынған нәтижені енгізініз (ф-004у), пациентке алынған нәтижені айтыңыз.

8. Пациентке абайлап таразыдан түсуіне көмектесіңіз.

9. Таразыны дез ерітіндіге малынған сүрткішпен 2 рет 15 минут аралығымен өңдеңіз.

10.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

Ескерту;

-салмақтыөлшеуқуықтыжәнеішектібосатқаннанкейінжүргізіледі.

 


 

Стандарт.

Пациенттің бойын өлшеу.

Мақсаты: -пациенттің физикалық дамуын бағалау.

Көрсеткіштері: пациентті алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, пациентті стационарға қабылдау.

Әзірлеу керек: бой өлшегіш, дезинфекцияланған клеенка 30*30см, қолғап, өңдеуге арналған шүберектер, дез.ертіндісібар ыдыс, ҚКЖҚ.

Іс әрекеттері:

1. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз;

2. Пациенттің аты-жөнін анықтап, іс шарамен таныстырып, келісімін алыңыз;

3. Өзіңіз бой өлшегіштің бір жағынан тұрып, планканы пациенттің бойынан жоғары көтеріңіз;

4. Пациентті бой өлшегіштің үстіне тік тұрғызыңыз: өкшесі, жамбасы, жауырыны планкаға тиіп тұруы керек;

5. Планканы пациенттің басына түсіреміз (көзінің қиығы мен құлақтың ұшы бір деңгейде болуы керек);

6. Пациентті бой өлшегіштен түсуін сұраймыз;

7. Шкала бойынша бойын белгілеңіз;

8. Пациентті бойының көрсеткішімен таныстырыңыз;

9. Көрсеткіштерін тіркеймыз;

10. Бой өлшегішті дез. ертіндіге батырылған шүберекпен 2 рет 15мин. аралығымен сүртіңіз;

11. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

 

 

 

 

Стандарт

Жағдайы ауыр сырқаттың төсек орын ауыстыру.

Мақсаты: науқастың ыңғайлы жағдайға жатқызу.

Көрсеткіштері: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, ойылудың алдын алу, төсек орынның ластануы.

Әзірле: таза төсек орын жиынтығы, кір төсек-жабдыққа арналған клеенка қап, қолғап.

 

I – ші тәсіл (бұл тәсіл қатаң төсек тәртібінде жатқан пациенттерге аунауға рұқсат болғанда пайдаланылады).

 

Іс әрекеттері:

1. Пациентің аты-жөнін анықтап, іс-әрекет мақсатын түсіндіріп келісімін аламыз.

2. Қолды жуып, қолғап киіңіз;

3. Таза ақ жайманы ұзынынан ортасына дейін ораңыз.

4. Науқастың басын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.

5. Жайманың шеттерін матрас астынан шығарамыз.

6. Пациентті төсектің шетіне бір қырындатып,ығыстырыңыз.

7. Кір ақ жайманы ұзынынан пациентке қарай ораңыз.

8. Оның орнына таза ақ жайманы төсеңіз.

9. Пациентті алдымен арқасына, сонан соң екінші қырына таза жаймаға аунатыңыз.

10. Кереуеттің екінші жағынан кір ақжайманы алып, таза ақжайманы тегістеп жайыңыз.

11. Жайма шеттерін матрастың астына жийнаймыз.

12. Пациентті арқасына жатқызып, басына таза тысты жастық салыңыз.

13. Пациентті көрпемен жабыңыз.

14. Кір жайманы арнайы қапқа салып шаруа-медбикесіне береміз.

15. Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреміз.

16. Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

 

 

 

 

Стандарт

Жағдайы ауыр сырқаттың төсек орын ауыстыру.

Мақсаты: науқасты ыңғайлы жағдайға жатқызу.

Көрсеткіштері: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, ойылудың алдын алу, төсек орынның ластануы.

Әзірле: таза төсек орын жиынтығы, кір төсек-жабдыққа арналған клеенка қап, қолғап.

ІI – ші тәсіл (көлденең тәсіл қатаң төсек тәртібінде жатқан немесе ессіз жатқан пациенттерге пайдаланылады, екі медбике орындайды).

Іс әрекеттері:

1. Пациентің аты-жөнін анықтап, іс-әрекет мақсатын түсіндіріп келісімін аламыз.

2. Қолды жуып, қолғап киіңіз;

3. Таза ақ жайманы көлденең ортасына дейін бинт сияқты ораңыз.

4. Абайлап пациенттің денесінің жоғарғы жағын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.

5. Кір ақ жайманы бас жағынан белдемеге қарай орап, босаған орынға таза ақ жайманы төсеңіз.

6. Таза жаймаға жастықты салып, пациентті жатқызыңыз.

7. Пациенттің жамбасын, аяқ жағын көтеріп, кірлеңген жайманы алып тастап, таза жайманы дұрыстап жайыңыз.

8. Пациенттің аяқ жағын түсіріп жайманың шеттерін матрац астына жіберіңіз, пациентті көрпемен жабыңыз.

9. Кір жайманы арнайы қапқа салып шаруа-медбикесіне береміз.

10. Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреміз.

11. Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

 

 

 

 

Стандарт

Іш киімді ауыстыру.

Мақсаты: пациенттің жеке гигиенасын сақтау.

Көрсеткіштері: ішкиімнің кірлеуі, терлеу.

Асқынуы: науқастың төсектен құлауы, жалпы жағдайының нашарлауы, медбикенің қолдарынынан пайда болатын тері қабаттарының жарақаттануы, жұқпаландыру.

Дайындаңыз: таза іш киім, кір іш киімге арналған клеенка кабы.

Іс-әрекет:

1. Пациенттің аты-жөнін анықтап, жүргізілетін іс шаранының мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

3. Сол қолыңызды пациенттің арқасының астына қойыңыз.

4. Пациенттің денесінің жоғарғы жағын көтеріңіз.

5. Кір жейденің шетін жинап, абайлап қолтық астына, желкесіне дейін шиыршықтаңыз.

6. Пациентті ұстап, кір жейдесін бас жағынан шешіңіз.

7. Пациентті жастыққа жатқызып, жейдені қолдарынан босатыңыз (егер бір қолы жарақаттаңған болса, жейдені алдымен сау қолынан шығарыңыз, содан кейін жарақаттаңған қолынан)

8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигіземіз.(бір қолы жарақаттаңған болса – алдымен ауру қолына, содан кейін сау қолға кигіземіз)

9. Жейдені басынан кигізіп, арқасын түсіріңіз.

10. Пациентті жастыққа жатқызып, жейденің кеуде жағын түсіреміз.

11. Кір жейдені клеенка қабына саламыз.

12. Қолымызды жуып, кептіреміз.

13. Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

 

 

 

Стандарт

Көзді күту іс әрекеттері.

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау үшін, ауыр жағдайдағы науқастардың таңертеңгі көздерін жуу, дәрілік заттарды тамызу.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, көздің былшықтануы.

Әзірле: стерильді дәке тампондар, лоток, пинцет, ундинкалар, көз жуатын стакан, 1:2000 фурациллин ертіндісі, вазелин майы, мензуркалар, физиологиялық ертінді,пипеткалар, қолғаптар, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс,ҚКЖҚ.

Іс әрекеттері:

1. Пациенттің аты-жөнін анықтап,іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Көзді қарап, жағдайын бағалаңыз.

3. Пациентті Фаулер қалпына отырғызыңыз.

4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.

5. Бір мензуркаға стерильді вазелин майын, екіншісіне фурациллин ерітіндісін құйыңыз.

6. Пинцетпен дәкеден жасалған стерильді тампонды вазелин майына малып, сәл сығып дайындаңыз.

7. Тампонды оң қолға алып, көз қабағының сырт жағынан ішіне қарай сүртеміз, іріңді қабыршықтарды жұмсартып тазалаңыз.

8. Құрғақ стерильді тампонмен осы бағытта сүртіңіз, қалған қабыршықтарды аламыз.

9. Стерильді дәкелі тампонды фурациллин ерітіндісіне батырып алып, тура сол бағытта сүртіп шығыңыз.

10. 4-5 рет қайталап жаңа таза тампондармен сүртіңіз, іріңді қатпары кеткенше.

11. Көз бұрышынан іріңді бөлінді аққан жағдайда: сол қолыңыздың 1-2 ші саусағымен көзді ашып, оң қолмен ундинка немесе пипеткамен конюктивальді қуысты физиологиялық ерітіндімен шайыңыз.

12. Екінші көзді осы әдіспен өңдеңіз

13. Қолдаңған қолғап, тампондарды ҚКЖҚ-қа, пинцет, мензурка, пипетканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа саламыз.

14. Қолды жуып, кептіреміз.

 

Ескерту: бір тампонды екі көзге қолдануға болмайды, бір көздің инфекциясы екінші көзге берілуі мүмкін.

 

 

 

Стандарт

Мұрын қуысын күту іс әрекеттері.

 

Мақсаты: жекебасгигиенасы, мұрынмендемалу бұзылуын алдын алу, дәрілікзаттардытамызу.

Көрсеткіштері: жағдайыауыржәнеәлсізпациенттер, мұрынқуысынан шырышты қабатының бөліністері, қабыршықтардың болуы.

Әзірле: стерильді: мақта турундалары, мензурка, пинцет, вазелиннемесеөсімдікмайы, лоток, қолғап, дезинфекциялықерітіндісібарыдыс, ҚКЖҚ.

Іс әрекеттері:

1. Пациентке түсіндіру, келісімін алу.

2. Гигиеналық деңгейде қолды жуу, қолғап кию

3. Пациентті Фаулер жағдайына келтыріңіз, басын сәл шалқайтыңыз.

4. Сол қолдың 4 саусағын пациенттің маңдайына қойып, үлкен саусақпен мұрын ұшын көтеріп, мұрынқуысынан шырышты қабатының бөліністерін, қабыршықтарын көріңіз.

5. Мақта турундасын мұрын қуысына жаймен айналдыра кіргізіңіз, ол мұрындағы шырышты бөліндіні алып шығады.

6. Мензуркаға стерильды вазелин майын құйыңыз, ол мұрын куысындағы қабыршықтарды жібітеді.

7. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майына малып, мензурканың шетіне сәл сығыңыз.

8. Оң қолыңызға турунданы алып, жаймен айналдыра мұрын қуысына кіргізіп, 2-3 минутқа қалдырыңыз (қабыршықтар болса).

9. Турунданы мұрын қуысынан айналдыра шығарамыз қатқан заттар алынады.

10. Екінші мұрын қуысын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.

11. Қолғаптышешіңіз.

12. Қолдаңған қолғап, турундаларды ҚКЖҚ-қа жоямыз, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа саламыз.

12. Қолды жуып, кептіріңіз.

13. Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

 

Рис.5.10. Закапыва­ние капель в нос.


 

 

Стандарт

Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.

 

Мақсаты: Жеке бас гигиенасын сақтау және стоматиттің алдын алу.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, қызба кезінде, қатаң төсек тартып жатқан пациенттер.

Әзірле: стерильді 2 лоток, 2 пинцет, ауызкергішті, тілұстағышты, дәке салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприцы, мензуркалар, вазелин, антисептикалық ерітінді, сүлгі, 1 стақансу, қолданған материалға арналған лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ҚКЖҚ.

Іс әрекеттері:

1. Пациентке түсіндіру, келісімін алу.

2. Ауыз қуысын, қызыл иегін, тілді қарау.

3. Антисептикалық ерітіндіні мензуркаға құю.

4. Фаулер қалпына жатқызу.

5. Пациенттің басын бір жағына бұрамыз, мойыны мен кеудесін сүлгімен жабамыз, иегінің астына лоток қоямыз.

6. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап кию.

7. Пациентке тістенуін сұраймыз, егер тіс протезы болса алып қоямыз.

8. Пациенттің ұртын шпательмен итеріп, әрбір тісін, қызыл иегін антисептикалық ерітіндіге малыңған тампондармен өңдеңіз (азу тістерден бастап күрек тіске қарай).

9. Екінші жағын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.

10. Осы әдіспен сол жақтан бастап ауыз қуысының ішкі жағын түгел өңдеңіз.

11. Стерильді дәкемен тілді орап, сол қолымызбен тіл ұстағышпен абайлап сыртқа шығарамыз, шпательге дәкені орап,

сырқаттың тілінің түбінен ұшына қарай барлық жағын сүртеміз.

12. Дәкені антисептикалық ерітіндімен сулап, паценттің тілін түбінен ұшына қарай сүртеміз.

13. Шпатель, пинцет, тіл ұстағышты арнайы лотокқа саламыз.

14. Пациентке ауызын шаюға көмектесеміз, немесе алмұрт тәрізді баллонмен, Жане щприцымен су жіберіп шаямыз. Шпательмен ұртын ашып тұрып сол жағынан бастап қысыммен ауызын шаямыз.

15.Ауыз айналасындағы суды құрғақ салфеткамен сүртіңіз, шпательмен салфеткаға вазелинды алып ерініне жағыңыз.

16.Құралдарды дез- ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәке, салфетка, тампон, қолғаптарды ҚКЖҚ-қа салыңыз.

17.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып кептіріңіз.

 

Ескерту!

-ауыр сырқаттардың ауыздарын қысыммен шаюға тиым салынады, тыныс алу жолдарына су кеткен жағдайда, сырқат тұншығып кенеттен қайтыс болуы мүмкін.

- ауыр сырқаттардың ауыз қуысын күніне екі рет антисептикалық ерітіндімен сүрту қажет.

-еріндері жарылған жағдайда ауыз кергіш қолданбайды.

 

 

Стандарт

Құлақты күту іс әрекеттері.

 

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурулардың алдын-алу, жиналған құлық құлақтың есту қаблетін төмендетпеу үшін, дәрі тамызу.

Көрсеткіштері: сырқаттың ауыр жағдайы және есту жолында құлықтың болуы.

Қарсы көрсеткіші: құлақ қабынулары.

Әзірле: стерильді: лоток, пипетка, пинцет, мензурка, мақта турундалары, салфеткалар, қолғап, 3% сутегі асқын тотығы, сабынды су ерітіндісі, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ҚКЖҚ.

Іс әрекеттері:

1. Пациентке түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап кию.

3. Сабынды суы бар ыдыс дайындау.

4. Пациенттің басын, өңдейтін құлағының қарама-қарсы жағына еңкейтеңіз, лоток тосыңыз.

5. Құлақ қалқанын алдымен жылы сабынды суға малыңған салфеткамен, сосын құрғақ салфеткамен сүртіңіз.

6. Стерильді мензуркаға сутегі асқын тотығын (Т 36°-37°) құйыңыз.

7. Сутегі асқын тотығына малыңған мақта турундасын пинцетпен оң қолыңызға алып, сол қолмен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, 1 см дейін 2-3 минутқа еңгізіңіз.

8. Құрғақ турунданы жайлап айландыра есту жолына 2-3 минутқа 1 см дейін еңгіземіз.

9. Турунданы жаймен айналдырып шығарыңыз, сыртқы есту жолын құлықтан тазартады.

10. Екінші құлағын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.

11. Қолғапты шешіңіз.

12. Қолданған қолғапты, салфетканы, турунданы ҚКЖҚ-на жойыңыз, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 1738 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.044 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>