Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері. 5 страница



9. Венозды катетердің сақтау мерзімін тексеріп, краф пакетінен босатыңыз;

10. Венозды катетерді оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды венозды катетдің қанатына орналастырыңыз;

11. Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;

12. Венозды катетерді тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содон соң көк тамырға кіргізіңіз;

13. Венозды катетердің мандренасын толық шығарар алдында конюляның ұшы жағынан тамырды қысады;

14. Сол қолдың саусақтарын босатып, катетердің метал мандренасын полимерден жасалған катетерден шығарыңыз;

15. Бұраманы босатып, катетрге тамшылау жүйесін жалғастырыңыз;

16. Венозды катетерді стерильді таңғышпен бекітіңіз;

17. Ем шара біткеннен кейін, катетерді физиологиялық ерітіндімен жуып, катетердің қақпағын жабыңыз;

18. Қолыңызды жуыңыз.

Ескерту.

 

· Инфекцияланды деген қаупі бар қақпақпен жұмыс жасамаңыз, қақпақты жиі ауыстырған жөн.

· Антибиотик, глюкоза ерітіндісін және қан препараттарын қолданғаннан кейін катетерді физиологиялық ерітіндімен шаю керек.

· Тромбоздың алдын алу және катетердің дұрыс жұмыс жасауы үшін, әрбір инфузия арасында катетерді физиологиялық ерітіндімен жуу керек.

· Физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін гепариндінген ерітінді еңгізу керек.

 

 

Стандарт.

Артериялық қысымды өлшеу.

 

Әзірле: тонометр, фонендоскоп, дене қызу парағы, 70% спирт, мақта шариктері.

Іс әрекеттері:

· Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

· Пациенттің қолын жазып, алақанын жоғары қаратыңыз;

· Пациенттің иығына, шынтақтан 2-3см жоғары, арасына 1 саусақ сиятындай етіп манжетті ораңыз;

· Монометрдің стрелкасы «0» белгісінде болуы керек,

· Саусақпен тамыр соғысын тауып, сол жерге фонендоскопты қойыңыз;

· Грушаның тиегін жауып, манжетке біртіндеп тамыр соғысы жоғалғанша ауа жіберіңіз + 20-30мм сн.бағ. ауа қосыңыз;

· Грушаның тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз;



· Монометрге қарап отырып, тамыр соғысы пайда болған санды анықтаңыз, ол систолдық жоғарғы қысым болады;

· Ауаны одан әрі жайлап шығара отырып, тамыр соғысы тоқтаған санды анықтаңыз, ол диастолдық төменгі қысым болады.

· Манжеттегі қалған ауаны түгелімен шығарыңыз;

· 5 минут өткесін қайталап өлшеңіз;

· Манжетті шешіңіз;

· Артериялық қысымның көрсеткіштерін белгілеңіз;

· Пациентті көрсеткіштерімен таныстырыңыз;

· Фонендоскоптың басын 2 рет қайталап спиртпен сүртіңіз;

 

 

 

 

 

Стандарт.

Оттегін беру жолдары

1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.

Мақсаты: гипоксияны азайту.

Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары.

Әзірлеу керек: Бобров аппараты, дистилденген су немесе 96% спирт, лоток, мұрын катетері, вазелин майы, шпатель, бинт, лейкопластырь.

Іс алгоритмі:

1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қолыңды жуып, қолғап киіңіз.

3. Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз, шыны ыдыстың 2/3

бөлігіне дистилденген су (ылғалдандыру үшін) немесе спирт

(өкпе ісінуінде көпіршікті басу үшін)

4.Мұрын катетерін алып, енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз

(құлақ ұшынан мұрынға дейін, шамамен 15см).

5. Катетердің ұшына вазелин майын жағып, белгіленген жерге

дейін енгізіңіз.

6. Пациенттің аузын ашып, тілдің түбін шпательмен басып

қарағанда катетердің бір ұшы көрініп тұру керек.

7. Катетердің сыртқы бөлігін лейкопластырмен бекіту.

8. Катетерді Бобров аппаратына жалғап, оттегін беру жылдамдығын

қадағалау.

9. Пациенттің жағдайын бақылап отыру.

10. Катетерді алып, қолданған құралдарды дезинфекциялау.

 

2) Оттегін жастықша арқылы беру.

Мақсаты: ұлпалардағы оттегі мөлшерін көбейту.

Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары, газбен

улану т.б. жедел жәрдем көрсету үшін.

Әзірлеу керек: Оттегі жастықшасы, мундштук, дәкеден жасалған салфеткалар.

Іс алгоритмі:

1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Жастықшаны оттегі баллонынан оттегіне толтырыңыз: қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жастықшаға жалғанған түтікшені редукторға жалғап, ең алдымен түтікшенің вентильін, сосын баллонның вентильін ашып жастықшаны оттегіне толтыр, венильдерді жап.

3. Жастықшаның түтікшесіне мундштукты жалғастырыңыз;

4. Мундштукты ылғалды салфеткамен орап, науқастың аузына басып беріңіз;

5. Оттегін беру жылдамдығын қадағалаңыз (минутына 4-5 л);

6. Жастықшаны басып, бір бұрышынан орап отырыңыз, оттегі жақсы бару үшін.

7. Жастықшадан мундштукты бөлектеп алып, дезинфекциялаңыз:

 

 

 

Стандарт.

Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.

Мақсаты: пульстің синхрондығын, жиілігін, ырғағын, толуын, қуатын және көлемін анықтау.

Көсреткіші: организмнің функционалдық жағдайына баға беру.

Әзірлеу керек: сағат, секундомер, дене қызу парағы, қалам.

Іс алгоритмі:

· Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз;

· Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

· Қолдарыңыздың саусақтарын пациенттің қолының білезік буынына қойыңыз;

· 2,3,4 саусақтарыңызды сәулелі артерияның бойына қойып, сәуле сүйегіне басыңыз, пульсті тауып, оң және сол қолдың пульсін салыстырыңыз;

· Қалыпты жағдайда екі жақта бірдей болады, бұл пульстің синхрондығы..

· Пульс толқындарының 1 минуттағы санын анықтау – пульстің жиілігі деп аталады.

· Қалыпты жағдайда пульс саны минутына 60-80 рет.

· Пульстің жиі соғуы тахикардия, ал сирек соғуы брадикардия деп аталады;

· Әр пульс толқындарының арасындағы интервалды анықтау - пульстің ырғағы деп аталады. Бұл интервал бірдей болса пульстің ырғағы дұрыс болғаны, ал әр толқынның арасындағы интервал бірдей болмаса ырғағы дұрыс емес немесе аритмия деп аталады.

· Пуьстің толуын анықтау, ол пульс толқындарын тудыратын артериялардың қанға толуымен сипатталады. Толық немесе толық емес деп бөлінеді;

· Пульстің қуаты - қан тамырының соғуын тоқтату үшін жұмсалатын күш арқылы анықталады, әрі ол қан қысымымен де байланысты. Оның түрлері қатты және жұмсақ.

· Пульстің көлемі - пульстің қуатымен және толуымен байланысты. Толуы мен қуаты жақсы пульсті – үлкен пульс, толуы мен қуаты нашар пульсті кіші немесе «жіп тәрізді» пульс деп атайды

· Пульсті дене қызу парағына графикалық белгілеңіз;

 

 

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіліеді. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабаттың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және иньекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалмаған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттерінде жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және иньекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмекьерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізеді.

Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандыруға материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді.

1 кезең – зарарсыздандыру

2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту

3 кезең – залалсыздандыру

І кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз:

- Зарарсыздандыру ерітіндісін

- Қақпақты екі ыдысты, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісне сәйкес

- Құралдарды қаннан және басқада биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған 1 ші ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен

- Медицинада тағайындалған 2 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен

- Бирканы

- Арнайы киімді

- Лотоктар

- Пайданланылған медицинада тағайындалған заттарды

Іс-әрекет алгоритмі:

- арнайы киімді киіңіз: халат,маска, қолғап.

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз

- Ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даялау сағаты, мейірбикенің қолы

1 ші ыдыста:

- Пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз

- Медицинада тағайындалған құралдардың каналын 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз:

2 ші ыдыста:

- Медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз

- Оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарасыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз:

- Ыдысты қақпакпен жабыңыз:

- Зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге белгі жазыңыз:

- Зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарасыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз:

- 2 ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ереітіндісіне 0,5 минут бойы жууыңыз:

- Медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жууыңыз:

- Қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз:

- Медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз:

 

ІІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу.

Заласыздандыру алдындағы тазарту орталық заласыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау: медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді баөылауды жүргізу:

Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ереітндісі бар ыдысты, сағатты, дәке тампондарын, тазартылған суы бар лоток,жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышыт, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты Лотос, Айна. 27,5 пайыздық сутегі асқын тотығы.

Іс-әрекет алгоритмі

1. Халатты, дем пердені, қолғапты киіңіз:

2. Жуушы ерітіндінің құрамы 20-25 градусқа ысытыңыз

 

Жуушы ерітіндінің құрамы

Компонеттің аттары

Ерітіндіні даярлауға арналған компоненттердің мөлшері

Қолданылуы

Жуушы зат Лотос, Айна

Ауыз суы

5 грамм

1 литр

Қолмен тазартқанда қолданылады

Сутегі асқын тотығының ерітіндісі 27,5 пайыздық

17 литр

Механикаландырылған және қолмен

Жуушы зат Лотос, Айна

Ауыз суы

5 грамм

1 литр

Тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу ультрадыбысты пайдалану)

 

3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз:

4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен тазартыңыз:

5. Лотоққа салыңыз

6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз:

7. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасына бақылауды жүргізіңіз:

8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмышы реактивін пайдалану мерзімі даярланғаннан кейін 2 сағат)

9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықтар жанасқан жерлеріне)

10. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз:

11. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.

 

Азопирам байқауының нәтижесі

Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

 

Көк - күлгін түске

Заттарда жасырын қан қалса

Күрең – қоңыр түске

Заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

Қызғылт түске

Заттарда жуушы зат қалдағы қалса

 

Реакция оң болса,егер де боялу болса 1 минуттан кейін

Боялу кештетіп болатын болса, онда ол есептелінбейді 1 минуттан кейін.

Қанға реакция оң болса, онда тазартылған барлық топ заттар өңдеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезден бастап.

Синтетикалық уушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтардағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды судан шайқатылған кезден бастап.

Байқау теріс болса, реактивтің түсі өзгермейді.

12. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен заласыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз:

13. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы хууыңыз.

14. Ыстық ауа шкафында t-85 градус ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

 

ІІІ кезең Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік жәе кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын – алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

Бұйымдардың материалына байланысты залалсыздандырдың әдісі мен тәртібі таңдалады.

1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз:

2. Залалсыздандыруға химияық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

- Автоклавта – t - 120 ͦ С, + 2 ͦ С, 0,1 атм 15 минут; Т- 132 ͦ С, - 2 ͦ С, 2 атм 20 минут

- Ыстық ауа шкафында Т – 160 ͦ С, 150 минут, Т – 180 ͦ С 60 минут

4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

5. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайдан сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

7. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.

 

 

Бронхиалды демікпе кезіндегі жедел көмек

Мақсаты: Бронхоспазмнің басылуы

Ресурстары: қалта ингаляторы, бронхолитикпен небулайзер, оттегі баллоны, бір реттік шприцтер, жүйелер көктамырға дәрілерді ташшылатып енгізуге, мақта тампондары, 70 пайыздық этиль спирті, дез.ерітіндідегі пинцет, кленкалы валик, дәрілік заттар: преднизалон 120-180 мг, гепарин 5000-10000 бірлік, бронхолитиктер (беротек, бередуал, сальбутамол), 0,9 % натрий хлориді.

Іс- әрекет алгоритмі

1. Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қастамасыз ету.

2. Ыңғайлы қалып алуға көмектесу

3. Қысып тұрған киімдерін босату

4. Қалта ингаляторын қолдану

5. Бронхолитикпен небулайзер қолдану (сальбутамол).

6. Бетперде арқылы ылғал оттегі беру

7. 2,4 %эуфиллинді – 10 мл көктамыр арқылы жайлап 5-7 минут енгізу.

8. к/т арқылы 90-120 мг преднизалон енгізу

9. к/т арқылы 500 мл 0,9 % натрий хлоридін тамшылатып енгізу.

10. к/т арқылы 5000-10000 бірлік гепарин енгізу.

11. Науқас жағдайын бақылап отыру – пульс, АҚ, ТАЖ, бөліністерді бақылау.

12. Науқасты реанимация бөлімшесіне жатқызу немесе интенсивті терапия палатасына жатқызу.

13. Зембілде отырғызған немесе жатқан күйінде басын көтеріп тасымалдау.

 

 

Өкпелік қан кетудегі жедел көмек.

Мақсаты: қан кетуді тоқтату.

Ресурстары: мұзды мұйық, танометр, фонендоскоп, стерильді; бір реттік шприцтер, к/т дәрілік заттарды енгізуге жүйелер, мақта шариктері, 70 % этиль спирті, жгут, қолғаптар, дез.ерітіндідегі пинцет, кленкалы валик, лоток, дәрілік заттар; 1-2 мл 12,5 % дицинон ерітіндісі, 10 мл 1 % кальций хлориді, 100 мл 5 % аминокапрон қышқылы, 1 мл 1 % викасол ерітіндісі.

 

Іс – әрекет алгоритмі

1. Науқасты тыныштандыру, жартылай отыруға көмектесу, тұруға,сөйлеуге тыйым салу.

2. Кеуде торына мұзды мұйық немесе мұзды компресс қою.

3. Науқасқа ішуге суық сұйықтық беру; ас тұзы ерітіндісін (1 стакан суға 1 ас қасық ас тұзын), крапива тұнбасын.

4. К/т немесе бұлшықетке 1-2 мл 12,5 % дицинон ерітіндісін енгізу.

5. К/т 10 мл 1 % кальций хлорид ерітіндісін

6. К/т 100 мл 5 % аминокапрон қышқылын тамшылатып енгізу

7. Бұлшықетке 1-2 мл 1% викасол ерітіндісін енгізу

8. Хирургиялық бөлімшеге жатқызу

9. Зембілде жартылай отырған күйінде тасымалдау.

 

 

 

Стандарт

Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі.

Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.

Өлім үстіндегі жағдайорганизмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериалдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі зат алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.

Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім актык жағдайына жатады-бұл өмір мен өлім арасында шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірінің сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

-мәнгіру;

-есі щатасқан

-артериалдық қысым 60мм с.б. деңгейіне дейін және одан да төмен болып кенеттен төмендейді;

-шеткерлі артериалды тамыр соғудың толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

-тыныс алу жиі, үстірт;

-ентігу (тахипноэ-тыныс алу жиі)

-терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

 

Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс-бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай.Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алудың тоқталуымен сипатталады.

Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундтан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Жанталасужағдайы-тураөлімалдындаболатынорганизмніңбейімделуреакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.

Жанталасу жағдайы-(симптомдар жиынтығы):

-тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

-ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген көз қарашығы кеңейген;

-жүректің жиырылуы жиіленеді;

-артериалды қысым 20-40 мм с.б.дейін төмендейді;

-шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артерияларда кенеттен әлсірейді;

-жалпы тонустың құрысуы;

-дене қызуы төмендейді;

-еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру;

Клиникалық өлім-бұл қайтарымды жағдай, ағзаның бірнеше минут бойы (5-6мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышары қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.

Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анаэробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы-қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас ми жасушаларының қабылеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі де, кенеттен есінен айырылады.

Клиникалық өлімнің белгілері:

-есі болмайды;

-тыныс алу тоқтайды;

-терісі бозарады, сұрланады, көгереді;


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 371 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>