Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы-Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты 4 страница



Қамыс тақталарын дайындау және олардың қолданылуы- Қамыстан жасалған жылуоқшаулағыш материалдың бірі қамыстыбетон плитасы. Қамыс бұл- тақташаланып (плита) орналастырылатын, қамыс сабақтарының мырышпен қапталған сым темірмен қысып нығыздалған жылуоқшаулағыш материал. Плитаның орыналасуына қарай қамыстыбетонды плиталары екі түрде болады:а) сабақтарды көлденен орналастыру;б) сабақтарды тігінен орналастыру.Қамыстыбетон плиталары:П-1 2400-550-30,П-2 2600-950-50,П-3 2800-1150-1500-70-100,Плитаның салмағы, кг/м3-175-250,Ылғалдылық 18%,Иілу кезіндегі беріктік шегі 5 кг/м3 шамасы,Жылу өткiзгiштiктiң есептiк коэффициентi 0, 05—0, 08 ккал/м . құмның көлемдiк салмағы 1550 кг/м3-тан кем болмау тиiс;құрамында фракция бойынша саздар мен шаі тозаңдардың мөлшері салмағымен алғанда 5%, оларды сумен шаю арқалы анықтайды.көлемінің өсуі ісінуге сынаған кезде 5%-дан кем болмауы, ал кұмның дәндік құрылымы 5 тен 10 мм өлшемде 10%,-дан аспауы керек;Ерітінділер қамыстыбетон бұйымдарын жасау үшін қажетті марка мен тисті жылжымалылық жақсарту үшін қолданылады.Гипстің өзіндік қасиеттерін жақсарту үшін гипс 1:1 портландцемент қосымша қосады.Стандартты конус СтройЦНИЛ бойынша ерітінді араласпасының шөгуі 100-120 мм шамасымен сипатталады.Ерітінді дайындауда су мөлшері «Технических условий на бетонные и железобетонные работы» сай болу керек. Өндіріс тәсілін таңдау: Қамысты қамыстыбетон жасау алдында сумен дымқылдату керек, бұл қамыстан жасалған бұйымдардың шөгуі кезінде сызаттарды болдырмайды. Ірі блоктар мен плиталардың жасалуы, көлденең жағдайда виброалаңда келесідей кезекпен өндіріледі.1.Виброалаңға орнатылған қалыпқа саз ерітіндісін, әктас қамырымен немесе гипс ерітіндісін жағады, кейін оған қалындығы 2-2,5 см қорғаныс қабатын түзуі үшін цемент ерітіндісін құяды.2.Қалыпқа қамысты орналастырғаннан кейін оны бортты торлы қақпақтармен жабады.Қақпақтың торының өзектерi қамыстың сабақтарына қарама-қарсыорналасуы керек, себебі дiрiлдi алаңында ерiтiндіні қосқанда қамыстың шашылып кетуінен ұстап тұрады. 3. Ерітіндіні ұстап тұратын қақпақтарға беріліп, сол қақпақтар ерітінді дірілдің әсерінен шашырап кетуінен кедергілік көрсетеді.Борттың төменгі бөлігіндегі қақпақтардың бір бөлігі ағаш қалыптан жасалған, сол қалып ішкі қақпақтардың тығыз тірелуін қамтамасыз етеді. Ерітінді ағып кетпес үшін қақпақтың қабырғалары ағаш қалыпқа тығыз орналасу керек.Қалыпта орналасқан қамыс сабақтарына ерітіндіні арнайы торлы қақпақтар арқылы төгеді. 4.Ерітіндіні қақпақтарға берілгеннен кейін 1-1,5 мин вибрацияланады. 5. Пiшiннен дiрiл аяқталысымен торлы қақпақтарды алып бұйымның бетiн ерiтiндiмен тегiстейдi.Қамыстан жасалған бұйымдарды бетон қатуы кезіндегідей күтім көрсетеді.Яғни ыстық күндері оған су шашыратып күннен қорғайды.Қалыпты жағдайда сыртқы орта әсеріне және цементтің қатуына байланысты қамысбетонды бұйым 8-72 сағаттан соң сыңақтар жүргізіле береді.Қоймадан қамыс өндіріске автомашинамен диаметрі 35-40 см бумада және ұзындығы 3,5-6 м болып келеді. Содан кейін арнайы жабдықталған платформада тар жолмен дайындау бөлімшесіне тасымалданады, сол жерде бұйымға сәйкес өлшемде кеседі.Кесілгеннен соң қамыс арнай жабдықталған вагонетка-платформаға 35-40 см бумада жайғастырылады.Бауларды инвентарлы кесілген баулармен байланады.Бауланған қамыстарды тар бойлық бойынша цехтарға тасымалдайды, ол жерде оларды арнайы ванналарда жібітеді. Жібітудің ұзақтығы тәжірибелі жолмен анықталады. Жібітіліп болған бауланған қамыстарды ваннадан шығарып алады да, еңісті таратқыш столға жібереді, ол жерде қамыстағы артық су қайтадан ваннаға ағып кетеді. Кейін қалыпты жағдайда немесе жасанды кептіру камераларда кептіріледі.Кептіру циклі келесідей кезеңдерден тұрады: қалыптап болған бұйымдарды ұстау тем­пературасы15-20°2,5-3 сағ. камерада бұйымды қыздыру температурасы80-90° 3-4.қаныққан булы ортада изотермиялық қыздыру 4-6 бұйымды суыту 50°.Бұйымдарды булап болғаннан кейін қалыпты булау камерасынан алып бөлшектеп саралайды.Дайын бұйым қоймаға тасымалданады, ал қалыптарды жуып, майлап келесі қалыптағанға дайындайды.



Құрылыс материалдарының негізгі физико-механикалық қасиеттерін көрсететін өлшем бірліктерді жазыңыз тығыздығы кг/м3; г/см3; жылуөткізгіштігі Вт/м*С; ылғалдылығы %; сусіңіргіштігі %; беріктігі кг күш/м2;

П\п

Материалдар атаулары

Тығыздығы, кг\ м3

Кеуектік шегі, %

Жылу өтк.коэф.

Вт\ (м*С)

Нағыз

орташа

   
 

Бетон: ауыр,

Жеңіл

Ұялы бетон

 

1600-2500

1200-1800

500-100

61,5

1,0-1,2

0,20-0,75

0,07-0,29

 

Құрыш

7800-7950

7800-7850

   
 

Кірпіш: кәдімгі

Қуысты

2600-2700

2600-2700

1600-1900

1300-1450

37-42

0,75-0,81

0,40-0,45

 

Керамзит

2500-2600

150-800

 

0,06-0,14

 

Табиғитас: гранит

2650-2700

2600-2650

1-1,5

2,6-2,8

 

Құм

2500-2600

1500-1700

30-40

 
 

Шыны: терезілік

Көбікті шыны

 

150-600

85-88

0,5-1,0

0,042-0,076

 

Қарағай

1550-1600

400-600

46-85

0,19-0,2

 

Минералдық мақта

2400-2500

75-150

 

0,04-0,048

 

Полимерлік материалдар: шыны

Пластина

мипора

 

10-20

 

0,5

0,04-0,05

 

Минералды мақта және оның негізіндегі бұйымдарМинералды мақта – құрылысышыны тәріздес жіңішке талшықтардан тұратын борпылдақ материал. Минералды мақтаның түсі ақ, ашық сұр, жасылдау, қоңыр, қара қоңыр болуы мүмкін. Минералды мақтаның жоғары жылудоғарғыштық қасиеттері құрылысында коп мөлшерде кеуектердің болуымен сипатталады: кеуектілігі 95-96 %. Кеуектердің өлшемдері мен көлемі талшықтардың тығыздалу дәрежесі мен диаметріне тәуелді болады. Мақта талшықтарының диаметрі 1-10 мкм-ге дейін ауытқиды. Минералды мақтадан жасалатын бұйымдар: даналы – плиталар, цилиндрлер, жартыцилиндрлер, сегменттер; орамалы – тігілген және синтетикалық тұтқыр негізіндегі төсемелер; жіп түріндегі – жіптер, жгуттар; сусымалы – гранулданған мақта болып жіктеледі. Минералды мақтадан жасалатын бұйымдар өндірісінде тұтқыр ретінде көбінесе органикалық тұтқырлар қолданылады.

Минералдық мақта бұйымдарын алу технологиясы және олардың түрлері.- Мақтаға ортадан байланыстырғыш жіберу арқылы ортадан тепкіш-үрлеу әдісімен балқыманы өңдеу.( 1-балқыма жіберетін желоб, 2-байланыстырғыш жіберетін құбыр, 3-ыстық суды алып кететін қорап, 4-шарикті подшипник, 5-құбырлы вал, 6-таратқыш табақша, 7-байланыстырғышты себетін воронка, 8-сальник, 9-набивка, 10-таратқыш табақшаның ішкі бөлігі, 11-саңылау, 12-шығыршықты үрлеу қондырғысы.) Минералды талшықты алудың ортадан тепкіш-урлеу әдісінің технологиясы. ( 1-бөлетін табақша, 2-вагранка, 3-балқыма, 4-бағыттаушы арық, 5-тасымалдаушы вал, 6-үрлегіш сақина. ) Минералды талшықты алудың ортадан тепкіш-фильерлі-урлеу әдісінің технологиясы( 1-пештің фидері, 2-қоректендіргіш, 3-газды ауалы араласпа, 4-бөлгіш, 5-фильерлі табақша,6-талшықтар, 7-талшықты отырғызу камерасының шахтасы, 8-жанып кету сақиналы камерасы, 9-шпиндель, 10-балқыма ағыны. ) Фильерлі-үрлеу әдісі ( 1-пештің фидері, 2-фильерлі пластина, 3-балқыма ағыны, 4-талшықты отырғызу камерасының диффузоры, 5-үрлегіш құрылғы .)

Минералдық мақта бұйымдарын алу технологиясы және олардың түрлері. Минералды мақта өндірісінің технологиялық схемасы. Шикізат:Базальт,Әктас,Доломит,Кірпіш сынықтары.Шикізат материалдарын дайындау (кептіру, ұсақтау, дозалау),Шикізатты балқыту, балқыма алу,Минералды балқыманы талшықтарға өңдеу (төрт валкалы центрифуга),Мақта талшықтарының шөгуі (талшық шөгу камерасы), Минералды мақтаны қалыптау(гафрирлі пресстегіш),Жылулық өңдеу (полимеризациялау камерасы),Кесу (тік және көлденең кескіштер),Қаптау.

Минералдық мақта өндіруге арналған шикізаттық материалдар және минералдық мақтаның қасиеттері. - Минералды мақта өндірісінде әр түрлі табиғи шикізатты пайдаланады: тау жыныстары және өндіріс қалдықтарын (металлургия және домна шлактары, силикатты және сазды кірпіш сынықтары, күйгенжыныстар, керамзит және цемент өндірісінің шаң-тозаңы және т.б.). Минералды мақта өндірісіне қажетті шикізат өте арзан және көп кездеседі, сондықтан одан алынған бұйымдарды көп көлемде пайдаланады. Минералды мақта өндірісінде шөгінді, магмалық және метаморфты тау жыныстарын қолданады. Солардың ішінде көп тарағаны шөгінді тау жыныстарына сазды және карбонатты тау жыныстары жатады. Минералды мақта өндірісінде шикізат ретінде магмалық жыныстар да: базальт, габбро, гранит, диабаз, диорит, сиенитті пайдалануға болады. Бұл жыныстардың көбісі қышқыл болып табылады. Бұларда кремнезем мөлшері 45-тен 75% дейін барады. Керекті тұтқырлыққа ие балқыма алуды қамтамасыз ететін кейбір жыныстарда темір тотығы мен сілтілі металдардың мөлшері көп болады.

Минералдық мақтаны пайдалану аясы- Битумды тұтқырлар негізіндегі минералды мақтадан жасалған материалдар құрылыс конструкцияларын және өндірістік қондырғыларды оқшаулауда қолданылады. Тұрғын үй құрылысында плиталарды қоршау конструкцияларында жылудоғарғыш материал ретінде қолданады.

Отқа төзімді жылуоқшаулағыш материалдар- Технологиялық аппаратураларды, жылулық құралғылар мен құбыр желілерін жылудан оқшаулау үшін пайдаланылатын жылуоқшаулағыш материалдар пайдаланылуда (900-16500С және жоғары) жоғары температурада болуы керек.Жоғары температуралы жылуоқшаулағыш материалдарға пайдаланылатын шикізат түрімен, кеуек түзу және жылумен өңдеу әдісімен, функционалды тағайындалуымен ерекшеленетін материалдар жатады. Оларға керамикалық жылуоқшаулағыш материалдар, құрамында асбесті бар жылуоқшаулағыш материалдар және талшық негізінде алынатын отқа төзімді талшықтар мен бұйымдар жатады. Керамикалық жылудоғарғыш бұйымдарды блок, кірпіш, қабықша (скорлупа) және сегмент түрінде қалыптау, кептіру және күйдіру жолымен алады. Керамикалық жылудоғарғыш бүйымдардың қасиеттері мен өндіру әдістері құрылыс керамикасының қасиеттерімен және дайындау әдістерімен ұқсастықтары бар. Бірақ құрылыс керамикасына қарағанда екеуінің арасында бұл бұйымдардың жоғары кеуектілігінен шығатын айырмашылық бар. Мысалы, қабырғалық керамикалық бұйымдардың кеуектілігі 20-30%-ға дейін (көлемі бойынша) шекте, ал жылу оқшаулағыш керамикалық бұйымдардың – 55-75% және одан жоғары болады.Керамикалық жылуоқшаулағыш бұйымдардың жоғары кеуектілігі олардың орташа тығыздығының аз, беріктігі мен жылуөткізгіштігінің төмендігімен анықталады. Негізгі шикізат түріне байланысты керамикалық жылуоқшаулағыш бұйымдар келесідей болуы мүмкін: диатомитті, өндірісі үшін шикізаты диатомит немесе трепел болып табылады; вермикулитті, сазды байланыстырғыш пен ісінген вермикулиттен алынатын; перлитт і, негізгі шикізаты ісінген перлит және сазды байланыстырғыш жеңіл салмақтағы отқа төзімді, кварцит пен отқа төзімді саздан алынады.Керамикалық жылуоқшаулағыш бұйымдарды қолданудағы шектік температура күйдіру температурасынан асып кетпеу керек, әдетте ол 800-9000С тең болады.Жылуоқшаулағыш кірпіштердің өлшемдері пеш конструкциялары мен қалау кезіндегі тігістері байланыстыру ыңғайлы болу үшін құрылыс және отқа төзімді кірпіштердің өлшемдерімен тура келеді, мм: ұзындығы 250 және 230, ені 123 және 113, қалыңдығы 65 және 40. Құбырларды оқшаулауға арналған қабықша мен сегменттердің ұзындығы 330 мм және қалыңдығы 50 ден 80мм болады.Энергетикалық құралдар мен құбыржелілерін жылудан оқшаулауға арналған басқа материалдарға қарағанда керамикалық жылуоқшаулағыш материалдардың температураға төзімділігі, суға төзімділігі және беріктігінің жоғары мәнде болуы олардың негізгі артықшылықтары.Жылу оқшаулағыш материалдар кәсіпорындары керамикалық диатомитті (трепелді) бұйымдарда жоғары кеуекті құрылым жасау үшін жанып кететін қоспалар әдісі мен көбік түзу әдісін қолданады.Құрамында асбесті бар жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың негізгі шикізаты хризотил-асбест болып табылады. Асбест негізінде сусымалы (ұнтақ тәрізді) материалдар, сонымен қатар орамалы және даналы материалдар, картон, плитка, қабықша және сегмент түріндегі бұйымдар дайындайды.Құрамына байланысты асбесті материалдарды тек асбест талшықтарынан тұратын асбесті және құрамында асбесті бар деп бөледі. Асбесті картон - хризотильді асбест негізінде алынатын отқа төзімді жылу оқшаулағыш материал. Картон алу үшін бастапқы материалы 4-5 сұрыптағы асбест (65%), каолин (30%) және крахмал (5%) болып табылады. Асбесті бауды кәсіпорындық жабдықтар мен құбыр желілерінің бетін келесі температурада: құрамында органикалық талшықтар болғанда-2000С –қа дейін, олар жоқ болғанда -5000С –қа дейін жылудан оқшаулау үшін пайдаланады. Асбестімагнезиалды ұнтақты 3500С–қа дейінгі температурада өнеркәсіптік жабдықтардың бетін жылудан оқшаулау үшін қолданады. Оны майдаланған асбесті магнийдің сулы көмір қышқылтұзымен араластыру арқылы алады. Ньювель алу үшін магнезияны ұнтақтап және 15% асбестпен араластырады. Бұл жылуоқшаулағыш материалды тек сепкіш оқшаулағыш түрінде қолданылатын ұнтақ түрінде ғана емес, сондай-ақ мастик, плита, қабықша және сегмент дайындау үшін де шығарады. Қалыптан шығарылған және кептірілген бұйымдардың тығыздығы 350 кг/м3 дейін, 500С кезде жылу өткізгіштігі -0,08Вт/(м 0С) және майысу кезіндегі беріктік шегі – 0,15МПа кем емес. Совелитті материалдар мен бұйымдарды өнеркәсіптік жабдықтар мен құбыр желілерін 5000С –қа дейінгі температурада жылудан оқшаулау үшін пайдаланады. Олар каустикалық доломит пен асбесті қайта өңдеу арқылы алынатын магний мен кальцийдің жеңіл көмірқышқыл тұзынан тұрады. Совелит өндірісі үшін әдетте 5-6 сұрыптағы асбесті пайдаланады. Совелитті өндіру технологиясы келесі операциялардан тұрады: асбесті тарқату, оны каустикалық магнезитпен араластыру және қайнату ыдыстарында массаны пісіру. Алынған массаны сүзгіден өткізеді, сүзгіленген масса шамамен 70-75% ылғалдылықтағы паста тәрізді болады, оны мастикті жылуоқшаулағыш конструкцияларды монтаждау үшін немесе плитка, қабықша, сегменттерді қалыптау үшін пайдалануға болады.Жоғары температуралы бейорганикалық мақтасы бар («каолинді», «фламузер» және т.б) композициялар кеңінен таралуда. Электрдогалы пештен каолинді құрамдағы шихтадан алынатын балқымадан 1100-12500С қолданылатын каолинді талшық дайындайды. Оның құрамында 98%-ға дейін SiO2 және Al2O3 болады. Масса бойынша бұл екі тотықтар қатынасы шамамен 1:0,8 құрайды. Құрамында (масса,%): Al2O3 47-51 және СаО 47-43 алюмокальцийлі минералды мақта, сонымен қатар SiO2 40-45, Al2O3 12-11 және СаО 43-33 құрамдағы кремнеземды-алюмокальцийлі мақтасы 840-9000С –та пайдалану үшін жарамды. Алюмокальцийлі минералды мақта балқымасын электрдоғалы пеште, сондай-ақ 5000С жоғары температурада жұмыс жасайтын минералмақталы вагранкада алуға болады.

Пенополивинилхлоридті жылуоқшаулағыш материалдар поливинилхлоридті пенопласт поливинилхлорид және газтүзгіштер негізіндегі жеңіл материал. Қатты және эластикті болып өндіріледі.

Пенополиуретанды жылуоқшаулағыш материалдар пенополиуритан бұл балқымайтын термоактивті ұялы құрылымға ие пластмасса. Бұл мат көлемінің тек 3% ғана қатты мат алып жатыр, қаңқа және қабырға түзеді. Бұл кристалдық құрылым матға механикалықберіктік береді. Қалған 97 көлемі кеуектер, фторхлорметанмен газымен толтырылған, жылуөткізгіштігі өте төмен. 90-95 тұйық кеуектер.Құрылыста қабырға, шатыр, еден, жабын, іргетас, құбыр, мұздай қондырғыларды қолданылады. Шашыратқыш пенополиуретанды изоляция гидроизоляцияны, энергия экономиясын, ұзақмерзімділікті, жоғары беріктікті, құр матқа жақсы адгезияны,химиялық төзімділікаяз жылу төзімділік, жеңіл салмақ қамтамасыз етеді.

Перлитті бұйымдар өндірісінің схемасы – шикізат қоймасы,майдалау,фракцияға бөлу,әр фракцияны бункерлерге жіктеу,қуттылықтары бар аралық бункерлеу

Полимер түрі, функционалдық тағайындалуы бойынша топтастыру- Физикалық құрылымы бойынша газға толтырылған пластмассалар 3 топқа бөлінуі мүмкін: ұялы немесе көбікті (пенопласт), кеуекті (поропласт) және балауызды (сотопласт). Полимер негізіндегі пенопласт пен сотопласт жылуоқшаулағыш қана емес, сонымен қатар конструктивті материалдар болып табылады (15 б қараңыз).Пластмассадан жасалған жылуоқшаулағыш материалдар қолдану түріне байланысты дайындау үшін полимер келесідей болып бөлінеді: полистиролды- суспензиялық (моншақтық) немесе эмульсиялы полистирол негізіндегі кеуекті пластмассалар; поливинилхлоридті - поливинилхлорид негізіндегі кеуекті пластмасса; фенолды –формальдегид негізіндегі кеуекті пластмасса.Полимердің кеуектенуі (поризациялануы) қарқынды түрде газ бөлетін және майдаланған полимерді қыздырғанда күбіндіретін арнайы заттарды пайдаланумен негізделген. Мұндай күбіндіретін заттар қатты, сұйық және газтүрінде болуы мүмкін. Практикалық маңызы көбірек қатты көбіктендіретін заттарға ыдырағанда СО2 және NHg бөлетін натрий және аммоний бикарбонаттары, карбонаттар жатады. Сұйық көбіктендіретін заттарға бензол, бензолдың жеңіл фракциясы, спирт және т.б. жатады.Газ түріндегі көбіктендіретін заттарға ауа, азот, көмірқышқыл газ, аммиак жатады. Кеуекті пластмассаларға созымдылық қасиет беру үшін полимерге пластификаторлар: фосфаттар, фталаттар және басқаларды енгізеді.Кеуекті және ұялы пластмассаларды екі әдіспен өндіруге болады: прессті және прессіз.Кеуекті пластмассаларды прессті әдіспен дайындау кезінде газтүзгіштегі және басқа да қоспадағы майда ұнтақталған полимер ұнтағы 15-16МПа қысымда жаншылады (престеледі), содан соң алынған үстемені (әдетте 2-2,5кг) көбіктендіреді, нәтижесінде ұялы құрылымды материал алынады.Кеуекті пластмассаны прессіз әдіспен дайындағанда газтүзгіш қоспадағы, қатайтқыш және басқа компоненттердегі полимерді сәйкес температураға дейін формаларда қыздырады. Қыздырғаннан полимер балқиды, газтүзгіш ыдырайды және бөлініп шыққан газ полимерді көбіктендіреді. Біркелкі орналасқан майда кеуектердегі ұялы құрылымдағы материал пайда болады.Пластмассадан жасалған жылуоқшаулағыщ материалдардан кең тарағаны полистиролды поропласт, мипора және басқалар. Полистиролды поропласт-қабатты панельдерде өте тамаша жылытқыш, алюминий, асбестоцемент және шыныпластикпен жақсы үйлеседі. Мұздатқыш кәсіпорындарында оқшаулағыш материал ретінде, кеме құрылысында және вагон құрылысында қабырғаларды құрылыста үйдің төбесін оқшаулау үшін кеңінен қолданылады.Бисер (суспензиялы) полистиролдан дайындалған полистиролды поропласт бұл өзара жабысқан майда ұяшықты сфералы бөліктерден тұратын материал. Бөліктер арасында әр түрлі өлшемдегі қуыстар бар.Полистиролды поропластың бағалы қасиеті оның төмен тығыздығы және аз жылуөткізгіштігі. Полистиролды поропласты плита немесе фасонды бұйымдар түрінде шығарады, оны 60кг/м3 тығыздықта, 10% қысқанда беріктігі - 0,25 МПа дейін, жылуөткізгіштігі - 0,03—0,04 Вт/(м-°С) етіп өндіреді. Көбінесе 1200х1000х х100(50) мм өлшемдегі плиталар көп тараған. Полиуретанды поропласты ғимараттардың қоршағыш конструкцияларын және өнеркәсіптік жабдықтардың, 1000С дейінгі температурада құбыржелілерінің бетін жылудан оқшаулау үшін қолданылады. Оны кеуектүзгіш және басқа қоспаларды ендіру арқылы полиэфирлі полимерден алады. Полиэфирлі полимер - көп атомды спирттің (гликоль, глицерин, пентаэритрит) және негізінен екінегізді қышқыл –фталды, малеинді және т.б. конденсаттарының көмегімен алынатын жасанды полимердің үлкен бір тобы. Мипора - мочевинді-формальдегидті полимер негізінде алынатын кеуекті материал. Мипора өндірісі үшін шикізаты болып мочевинді-формальдегидті полимер және сульфонафтенді қышқылдың (Петров байланысуы) 10 пайыздық ерітіндісі, сонымен қатар оттан қорғайтын қоспалар (фосфорқышқылды аммоний ерітіндісінің 20% концентрациясы) болып табылады. Мипораны өнеркәсіптік құрал-жабдықтардағы құрылыс конструкцияларын және 70°С -ға дейінгі температурадағы құбыр желілерін жылудан оқшаулау үшін пайдаланады.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>