Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы-Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты 2 страница



Балқыманы талшықтарға өңдеу тәсілдері. - Завод жағдайында балқыманы минералды талшыққа айналдыру тәсілдері: урлеу, ортадан тебу, фильерлік, ортадан тебу - фильерлік, фильерлік-үрлеу, ортадан тебу – фильерлік – үрлеу тәсілдері арқылы жүзеге асрылады. Үрлеу тәсілі – бұл тәсілде балқыманы сұйық ағын вагранкадан немесе фидерлі ванналы пештің тесігінен тамшылап ағады су буымен немесе газ қысымы мен әрекеттеседі. Ортадан тебу тәсілі силикатты балқыманың ағындарының минералды мақтаның талшықтарына айналдыру үшін ортадан тепкіш күшті қолданады. фильерлі-үрлеу тәсілі, мұнда фильердің кішкентай тесіктерінен тамшылайтын балқыманың жіңішке ағындары (диаметрі 3 мм дейін) энергиятасымалдағыштың легімен үрленеді. ортадан тебу-үрлеу тәсіліде бар, мұнда бірденнен ортадан тепкіш центрифуга әсерлеседі және газды немесе булы ағындағы кинетикалық энергияда талшық түзеді.

Декоративті – акустикалық материалдарды алу технологиясы, қасиеттері, пайдалануы; Декоративті – акустикалық материалдар дыбыс жұтқыш мат негізіндегі панельдерді қазіргі уақытта әр түрлі геометриялық формалардыа өндіреді. Бояулармен өңдеу арқылы сәнді етеді. Бояу мат беткі қабатына шашырату не жағу арқылы жүзеге асады. Бояуға қойылатын талап бояу кепкенде беткі қабатында қабыршықтар пайда болмауы. Материал үшін рұқсат етілген қалыңдық 200мм. Өлшемі стандартты 1200*600 мм панельдерде суреттер жасалынады.

Дыбыс жұтқыш материалдар бұл материалдар қажетті дыбыс жұту мақсатында ғим уйм-дің ішкі қаптауға тағайындалған. Дыбыс жұтқыш мат шағылған (отраженных) дыбыс толқын энергиясын төмендетеді, дыбыстық алаңды жағымды өзгертеді. Мат жоғары кеуекті болуы тиіс. Жылуиз мат-да тұйық кеуектер болуы тиімді болса, дыбыс из мат-да тұйық емес өлшемі бойынша кіші болуы мүмкін. Бұл талап дыбыс толқындарының материалдан өтуі кезінде ол кеуектердегі ауаны тербелісті қимылға алып келеді де үлкен кеуектерге қарағанда майда кеуектер қарсыласады. Ауаның қозғалысы төмендейді, қажалудың нәтижесінде механикалық энергияның бөлігі жылу энергиясына айналады.Дыбысты жұту сипатына қарай дыбыс жұтқыш мат-р: панельді мат мен констр(фанерадан, қатты ағаш талшықты плиталардан, дыбыс өтпейтін маталар (ткань) панельдер), қатты қаңқалы кеуекті (пенобетон, газды шыны), серпімді қаңқалы кеуекті (минералды, базальтты, мақталы(хлопковая) мақта) болып бөлінеді. Дыбыс жұтқыш матға дыбыс жұту коэф 100 гц жиілікте 0,4 кем емес мат жатады.



Дыбыс жұтқыш сылақтар -Ісінген перлит жеңіл бетондар үшін толтырғыш ретінде қолданғанда, керамзит пен аглопориттен сапасы жағынан төмен емес. Перлитті құмды гистіперлитті және цементтіперлитті әрлегіш ерітінділерге толтырғыш ретінде қолданамыз. Мұндай ерітінділерді жылу оқшаулағыш және дыбысоқшаулағыш жабын ретінде қолданамыз. Гипстіперлитті штукатурканың жылу өткізгіштік коэффициентті 0,15 ккал/м*сағ*град, ал дыбысоқшаулағыш коэффициенті 0,5 дыбыс жиілігі 600 – 800 гц болғанда.

Дыбыс оқшаулағыш материалдар -Дыбыс оқшаулағыш ретінде арнайы акустикалық шыны мақталы плиталар шығарылады, олардың беткі арнайы әрленген. Шыны мақта мен бұйымнан дыбыс нашар өтеді және оны жақсы доғарады. Сондықтан оларды дыбыс оқшауларын және дыбыс оқшаулағышты-төсеніш материалы ретінде қолданады. Кейбір шыны мақта түрлерінің дыбыс өткізгіштік қасиетін жоғарлату үшін оларды арнайы өңдеуден өткізеді.Шыны мақтадан жасалынған бұйымдардың дыбыс доғару коэфиценті негізінен келесілерге байланысты.а) дыбыстың ауытқу жиілігіне;б) талшықтың орташа диаметрі көлемдік массасына;в) материалдар қабатының қалыңдығы мен оларлң ара қашықтығы;Бұларға әсер ететін факторлар келесілер:а) дыбыс оқшаулау коэфицентіне ауытқу жиілігі жоғарылағандаДыбыс жиілігі Гц......... 128 256 512 1024 2048 4096 Дыбыс оқшаулау коэфиценті 0,12 0,58 0,71 0,72 0,68 б) дыбыс оқшаулау коэфиценті материалдық көлемдік массасы жоғарылайды, талшық диаметрі ұлғайған сайын төмендейді.

Дыбыс оқшаулағыш материалдардың құрылымы құрылымы бойынша дыбыс оқшаулағыш мат: кеуекті-ұялы (ұялы бетон, перлит); кеуекті – губкалы (резина, пенопласт, күбінген полиэтилен); кеуекті – талшықты (мақта). Бұл мат қысу көлеміне байланысты: жұмсақ, жартылай қатты, қатты(жесткий), тығыз (твердый) қаңқаға ие болады.

Дыбыстың мәні және оның түрлері Дыбыс – газ, сұйық және қатты денелерде механикалық тербелістерден туындайтын және осы денелерде таралатын серпімді толқындар. Дыбыс v – жиілікпен, І – интенсивтілікпен және р - дыбыстық қысыммен сипатталады. Дыбыс толқындарының таралу жылдамдығы серпімділік қасиеттерімен, температураға және дыбыс тарайтын орта тығыздығына байланысты. Мысалы дыбыстық толқындардың тыныш 20С ауада таралуы 343 м/с қа тең, ал болатта 5000, бетонда 4000 м/с қа тең.

Жергілікті шикізаттар және өндіріс қалдықтары негізіндегі жылу оқшаулағышты торф тақталар- Ағаш талшықты тақталарды қоршағыш конструкцияларды жылу- және дыбыстан оқшаулау үшін қолданады. Оларды тарқатылған ағаш немесе басқа өсімдік талшықтарынан –жұмысқа жарамсыз ағаштан, орман шаруашылығы кәсіпорындарының, зығыр, сабан, қамыс, мақта қалдықтарынан дайындайды. Ағаш қалдықтарынан алынатын ағаш талшықты тақталар кең тараған. Оқшаулағыш ағашталшықты тақталардың ұзындығы – 1200—3000 мм, ені -1200—1600 мм және қалыңдығы 8—25 мм, тығыздығы - 250 кг/м3, майысу кезіндегі беріктік шегі - 1,2 МПа, жылуөткізгіштігі – 0,07 Вт/ (м°С) кем емес.Оқшаулағыштармен бірге боялған немесе беті боялуға дайындалған оқшаулағыш-әрлегіш плиталар қолданылады. Қамысты плиталар немесе қамышитті III кластағы ғимараттардағы қоршағыш конструкцияларды жылудан оқшаулау үшін, аз этажды тұрғын үйлер құрылысында, кішкене өндірістік қора-қопсыларда, ауылшаруашылық құрылыстарында қолданылады. Бұл қамыс бұтақтарынан престелген, сосын мырышталған болат сымдармен байланған тақта түріндегі жылуоқшаулағыш материал. Қамысты тақталарды дайындау үшін диаметрі 7-15 мм болатын бір жылдық дамып жетілген бұтақтарды пайдаланады. Бұтақтарды күзгі-қысқы кезеңдерде дайындайды. Тақталарды арнайы престерде престейді.Шымтезекті жылуоқшаулағыш бұйымдарды тақта, қабықша және сегмент түрінде дайындайды және III кластағы ғимараттардағы қоршағыш конструкцияларды және өндірістік жабдықтар мен 60 +100°С-қа дейінгі температурада құбыр желілерінің беттерін жылудан оқшаулау үшін қолданады. Өндірісі үшін шикізаты болып пресстеу жолымен сапалы бұйым алуға қолайлы талшықты құрылымдағы аз ыдыраған (бұзылған) беттік шымтезек болып табылады. Тақталарды 1000x500x30 мм өлшемде металл қалыптарда 120-1500С температурада престеу жолымен дайындайды. Шымтезекті массаның бастапқы ылғалдылығына байланысты тақтаны дайындаудың 2 әдісі бар: ылғал (ылғалдылығы 90-95%) және құрғақ (ылғалдылығы 65 % жуық).Ылғалды әдісте артық ылғал престеу кезеңінде шымтезекті массадан майда металлды торлар арқылы сығылады. Құрғақ әдісте мұндай торлар мен қылыптар қойылмайды. Шымтезекті оқшаулағыш тақталар тығыздығы бойынша M l70 және 220 кг/м3 майысу кезіндегі беріктік шегі -0,3 МПа, құрғақ күйіндегі жылуөткізгіштігі – 0,06 Вт/ (м-°С), ылғалдылығы – 15% кем емес.Цементті-фибролитті тақталар бұл – портландцемент, су және ағаш талшықтардың қатқан араласпасынан алынған жылуоқшаулағыш материал. Ағаш түктері фибролитте армирлейтін қаңқа ролін атқарады. Сыртқы түрі бойынша ұзындығы 500мм дейін, ені – жүқа ағаш жоңқалары 4—7 мм, қалыңдығы – 0,25—0,5 мм жұқа ағаш жоңқаларын қылқан жапырақты жыныстарындағы жарамсыз ағаштардан арнайы ағашты талшықтандыратын құралда дайындайды. Түктерді алдымен кептіреді, минералдандырғыштармен (хлорлы кальций, сұйық шыны) қанықтырады және ылғалды әдіс бойынша цемент қамырымен араластырады немесе құрғақ әдіс бойынша цементпен (ағаш түктері себіледі немесе цементпен бүркемеленеді) түрлі типтегі араластырғыш машинада араластырылады.Мұнда ағаш түктерінің цементпен біркелкі бүркемеленгенін қадағалап отыру керек. Тақталарды 2 әдіспен қалыптайды: пресстеу және конвейерде, ол жерде фибролитті үздіксіз қозғалыстағы лента түрінде қалыптайды, сосын жеке плиталарға (темірбетонды бұйымдарды вибропрокат тәрізді) кеседі. Плиталарды престеу кезінде жылуоқшаулағыш фибролит үшін меншікті қысымды 0,1 МПа-ға дейін, ал конструктивті үшін - 0,4 МПа –ға дейін етіп алады. Қалыпталып болғаннан соң тақталарды 24 сағ бойы 30—35°С температурада булайды.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі- Жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі – бұл әдіс жоғарғы кеуекті керамикалық кірпіш өндірісінде пайдаланылатын әдіс, мұнда массаны күйдіру кезінде арнайы жанғыш органикалық қоспалар қосылады. Жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі – бұл әдісте массаны дайындағанда оның арасына жанғыш қоспаларды қосады. Күйдіру кезінде бір уақытта газтүзу немесе массаның кеуектеріне СО, СО2, СН4 газдарының қысымында пайда болатын кеуектердің кеңейтілуі иілгіштік күйінде болады. Мұны ең бастысы ұялы шыны, отқа төзімді жеңілсалмақты керамикалық материалдар алу кезінде қолданылады.Жанғыш қоспа ретінде опилка, лигнин, кокс, термоантрацит, сажа, көмір, графитті пайдалануға болады.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: кеуекті толтырғыштар енгізу әдісі- Кеуекті толтырғыштарды енгізу әдісі – бұл әдісте физикалық процесс жүреді, мұндағы материалдардың көп бөлігін тығыздығы жоғары материалдардан тығыздығы төмен материалдарға ауысуы. Бұл әдісте композициялық жылуоқшаулағыш және конструктивтік жылуоқшаулағыш материалдар өндірісінде кеңінен қолданылады. Олардың негізгілері: ісінген перлит, вермикулит, керамзит, шунгезит, мұнай битумы, синтетикалық полимерлер, синтезделген силикатты тастар, күйдірілген топырақ.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: көбіктендіру әдісі- Көбіктендіру әдіс – бұл әдісте массаны кеуектендіруге негізделген, мысалы: сапонин, клееканифоль, гидролизделген қан немесе дайын көбік пайдаланылады. Бұларды ұялыбетон немесе көбікті бетондарда, көбік диатомит пен күйдірілген бұйымдар: корунд, циркон, қаттылығы жоғары минералды мақталы плита дайындауға қолданылады.Көбік бұл – екі фазалы жүйеден тұрады, сұйық және газ тәрізді фазадан. Ол өзіндік жұмсақтығы бар және жоғары кеуектендірілген эмульция.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: талшықты қаңқа жасау әдісі, - Талшықты қаңқа жасау әдісінде құрылымы минералды, шынылы, каолинды, фибролитті жоғарғы кеуекті материалдар алынады. Талшықты қаңқа жасау әдісі – бұл әдісте минералды, шынылы, каолинды және басқада мақта түрлерін және сонымен қатар асбестті талшықтарды шиыршықтау ол физикалық процесс кезінде алынған әдіс. Материалдағы ауалық кеуектер қалып бойынша және ұзындығы бойынша әртүрлі болады. Талшықтардың иілгіштігі мен өлшемдеріне және материалдағы массасы бойынша орналасуы олардың эксплуатациялық қасиеті мен орташа тығыздығына байланысты.Бұл әдіс бойынша минералды мақтаны темір тормен, қағазбен қапталған және шынылы мақта мен каолиннен дайындауға болады.Соңғы жылдары талшықты минералды мақтаның сығылу күшіне жоғары деңгейде қарсы тұра алатындай бұйымдар алына бастады.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: шылқылдатып суландыру әдісі,- мұнда массаны қалыптап алу үшін көп мөлшерде су пайдаланылады, кептіру процессі кезінде су ұшып кетеді де материал кеуекті болып шығады. Шылқылдатып суландыру әдісі – бұл әдісте физикалық прцесс жүреді, қалыптанатын массаға көп мөлшерде қосылған су ауаға ұшып кетеді, соның арасында материалдың кеуектілігі жоғарылайды. Көбнесе бұл әдісті сұйық массадан жылуоқшаулағышты бұйымдарды қалыптау кезінде қолданылады, оны гидромассалар деп атайды. Мұндағы қосылған судың көп бөлігін гравитациялық күш арқылы, вакуумдау, қысу немесе ортадан тепкіш арқылы кетіруге болады, ал қалған ылғалдылықты қыздыру кезінде ұшып кетеді.

Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарды түрі және сыртқы көрінісі -Жылуоқшаулағыш әлсіз және ғимараттар мен үймереттерде қоршау конструкцияларын оқшаулау үшін және өндірістік құбыр қондырғыларында қолданылатын құрылыс матриалдары мен бұйымдарын жылуоқшаулағыш деп атайды. Осы жылуоқшаулағыш құрылыс материалдарына жататындары:минералды және шыны мақталар мен олардан жасалатын бұйымдар; диатомитті бұйымдар; совелитті және жанартау плиталары мен жартылай дөңгелек қабықшалар; торфты плиталар; перлит пен вермикулиттен жасалған бұйымдар және т.б,. Жылуоқшаулағыш материалдарына сусымалы материалдар, талшықты және ұнтақ шыны тәрізді қалыпсыз күйдегі материалдар мен талшықтар мен дәндерден тұрады. Мысалы: ұсақталған диатомит, перлитті құм, күбінген вермикулит, талшықты минералды мақта және т.б. жатады. Осы жылуоқшаулағыш бұйымдардан даналы бұйымдарда алынады, олар мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда өлшемдері көрсетілген. Даналы бұйымдарға жататындары: жартылай дөңгелек қабықшалар, жылуоқшаулағышты блоктар, плиталар, цилиндрлер, матрастар, баулар, фасонды бұйымдар, кірпіштер мен сегменттер.

Жылуоқшаулағышты вермикулитті материалдар күбінген вермикулит әдемі алтын тектес түске ие, пластиналы формалы, сусымалы, жоғары кеуектіиісіз мат, өте жеңіл 80-100 кг 1кубқа, қолдану темп -260+1250 градус.Жоғары жылуизоляция: 20см қопарылған вермикулит қабатының жылуиз қасиеті 1,5 м қалыңдықты кірпіштікімен, 2м бетонды қабырғаныкімен бірдей.

Жылуоқшаулағышты поропласттар -полиуретанды серпімді және қатты (эластикалық) етіп өндіреді. полиуретанды кеуекпластты тақтайша түрінде жылуөткізгіштік коэф 0,04 вт/(м*С) өлшемі 2*1*(0,03-0,06)м, және де қатты және жұмсақ плиталарды тығыздығы 30-150 кг/м жылуөткізг 0,022-0,03. Арнайы қоспаларды қосқанда отқа төзімділікке ие болады. Кеуенкпласт оңай өңделеді және кез келген формаға келтіру мүмкін. Өзге материалдармен алюминиймен, асбестцементпен, ағашпен жабыстыруға болады. Жабыстыру үшін синт байланыстырғыштар дефинольды каучук, модификацияланғанкаучукты және эпоксидті желімдер.

Жылуоқшаулағышты совелитті материалдар -Жылуоқшаулағыш әлсіз және ғимараттар мен үймереттерде қоршау конструкцияларын оқшаулау үшін және өндірістік құбыр қондырғыларында қолданылатын құрылыс матриалдары мен бұйымдарын жылуоқшаулағыш деп атайды. Осы жылуоқшаулағыш құрылыс материалдарына совелитті және жанартау плиталары мен жартылай дөңгелек қабықшалар жатады. Совелитті бұйымдар – плиталар, скорлупалар 6 сорттан төмен емес асбестті калцийжәне магний тотығы араласпасын престеу және кептіру арқылы жасайды. Совелиттік бұйымдар жабдықтарды, агрегаттарды, құбырлады 500 с төмен ортада жылуизоляциялау үшін қолданылады. Бұлбұйымдар көлемдік салмағына қарай 350 және 400 маркалы болып бөлінеді. Салмағы бойынша ылғылдылығы 15%аспауы қажет. Күбінген перлитті құм жылуиз бұйымдар – бетон, ерітінді үшін жеңіл толтырғыш ретінде қөолданылады.

Жылуоқшаулағышты сотопласттар сотопласт дұрыс геом формаға әдетте 6қырлы өлшемдері 5-10мм, кейде 20мм болатын пластикалық массадан алынатын жылуиз мат ерекше түрі. Сотопласт қағаздан, мақта қағазды матадан, шыныматадан, алюмин фольгадан, синтетикалық шайыр толықтырғыштармен қаныққан басқа мат жасалуы мүмкін. Ең арзан және тиімдісі қабырғалық элементтер үшін крафт қағазы. Матадн жасалған сотопласттар жоғары беріктікті талап ететін жерлерде қолданылады. Сотопласт өндіруде фенолды карбинді және эпоксидті және басқа шайырлар қолданылады. Сотопласт көлемдік салмағы әртүрлі матда 10 нан 200кг/м3 (көбіне 50 ден 120кг/м3).

Жылуоқшаулағышты фольгалар жылуды өзіне жақсы ұстайтын және ұзақмерзімді материал. Қасиеттері: гидроизоляция, буизоляция, жылуизол, экрандау, антикоррозиялық қасиеттер, жеңіл және серпімділігі, жылуға төзімділігі, жылуизол негіздерді таңдау мүмкіндігі, экологиялық қасиеттері. Фольга әртүрлі негізбен жасалынады. 1 түрі мин мақта негізінднгі – жоғары темп беттер үшін тиімді изолятор, монша, пеш, құбырлар үшін қолданылады. 2 түрі күбінген полиэтилен негізінднгі қолдану аймағы көп: қабырғалар, бөлмелерді жылу және гидроизол үшін және т.б. 3 түрі өзі жабысатын жылуиз фольга. Алюминдік фольга – скотч та жатады.

Жылуөткізу және дыбыс өткізу туралы түсініктер - Жылу өткізгіштік — дененің температура айырмасы бар нүктелері арасында бір нүктеден екінші нүктеге жылу энергиясын жеткізу қасиеті; дененің температурасы жоғары жақтан температурасы төмен жағына қарай жылу өткізу қабілеті. Жылу өткізбейтін материалдар жылу өткізгіштігі төмен материалдардан жасалған бұйымдар; мүндай материалдардың негізгі сипаттамасы жылу өткізгіштік коэффициенті 0,02—0,2 Вт аралығында болады. Жылу оқшаулағыш материалдар органикалық (ағашталшықты жөне шымтезекті тақталар, фибролит, пенопласт және т.б.) жөне бейорганикалық (көбікшыны, жеңіл бетондар) болып бөлінеді. Дыбыс өткізбейтін материалдар — машина, аппарат, прибор жұмысы кезінде діріл мен соққы шуын бәсеңдету үшін қолданылатын материалдар. Оған ағаш талшықты тақта, асбест, картон, минерал мақта, поливинилхлоридті линолеум мен тақта, синтет. түкті кілем, эластикалық кеуек пластмасса, т.б. жатады. Діріл шуын бәсеңдету үшін машина серіппелі амортизаторға орнатылады. Жиілігі төмен инфрадыбысты өткізбеу үшін болат серіппе, ал жоғары жиілікті дыбысты өткізбеу үшін резина амортизатор қолданылады. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі децибелмен (дБ) өлшенеді. Жылуоқшаулағыш материалдар деп – жоғарғы кеуектілігі бар және жылуөткізгіштігі төмен құрылыс материалдарын айтамыз. Жылуоқшаулағыш материалдарды құрылыста, өндірісте және транспорттарда кеңінен қолданады.Жылумен оқшаулауды материал-дарды электірлік станцияларда, металлургиялық өндірісте, машина жасау өндірісінде, мұнай-химия өндірісінде және өндірістің тағы басқа салаларында қолдана береді. Жылуоқшаулағыш материалдардың кеңінен қолданылатын жері бұл әртүрлі құбырларды жылумен оқшаулау болып табылады.

Жылуөткізу және дыбыс өткізу туралы түсініктер- Жылу оқшаулағыш материалдар деп жылуды аз өткізетін және құрлыс конструкциялары мен бұйымдарын, өндірісті жабдықтар мен құбырлы өткіз-гіштердің жылу өткізбеуін тосқауылдайтын материалдарды айтады. Жылу оқшаулағыш материалдар ғимараттар мен үймереттердің, құрлыс конструк-циясын, сонымен қатар технологиялық апараттар, жылу қондырғылар мен әртүрлі құбырларды жылумен оқшаулау үшін қолданылады. Жылу оқшаула-ғыш материалдарды қолдану құрылыс саласындағы техникалық прогрестің бір бағыты болып саналады. Олай болатыны жылылық қоршағыштау нәтижесінде конструкциялар массасын және үй салуға кететін шығыны бірнеше рет азайты-лады және энергетикалық қор тиімді пайдаланады. Өндірістегі жылумен оқшау-лау отынды үнемдеу мен жылу шығынын қысқартатын негізгі факторлардың бірі. Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарды түрі және сыртқы көрінісі Акустикалық материалдар – дыбыс энергиясын бойына сіңіретін немесе дыбыстың енуінен оқшаулайтын қасиеті бар материалдар.Жылуоқшаулағыш және акустикалық материалдардың барлығының құрылымының басты және жалпы ерекшелігі, негізгі технологиялық қасиеттерін анықтайтын олардың жоғары кеуектілігі. Әр түрлі технологиялық әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, жылуоқшаулағыш және акустикалық материалдарға қажетті сапа бере отырып, олардың кеуектілігін ретке келтіруге болады. Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдардың негізгі қасиеттері. Акустикалық материалдарды, жылу оқшаулағыштар сияқты, құрылым сипаты бойынша, негізгі шикізат түрі, тығыздығы бойынша бөледі. Олар жылуоқшаулағыш материалдарға қойылатын талаптарды қанағаттандыруы қажет.Тағайындалуына байланысты акустикалық материалдарды негізгі екі топқа бөледі: дыбыс оқшаулағыш және дыбыс жұтқыш.Дыбыс оқшаулағыш материалдар мен бұйымдарды негізінен жабындар аралығында және қабаттарында, ішкі және сыртқы қоршағыштарда және ғимараттың басқа бөліктерінде жабын арқылы өтетін соққы дыбыстарын сөндіру мақсатында (еденде жүргенде), вибрация (машинаның жұмыс жасауында) және т.б. қолданады. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: талшықты қаңқа жасау әдісі,- Талшықты қаңқа жасау әдісі – бұл әдісте минералды, шынылы, каолинды және басқада мақта түрлерін және сонымен қатар асбестті талшықтарды шиыршықтау ол физикалық процесс кезінде алынған әдіс. Материалдағы ауалық кеуектер қалып бойынша және ұзындығы бойынша әртүрлі болады. Талшықтардың иілгіштігі мен өлшемдеріне және материалдағы массасы бойынша орналасуы олардың эксплуатациялық қасиеті мен орташа тығыздығына байланысты.Бұл әдіс бойынша минералды мақтаны темір тормен, қағазбен қапталған және шынылы мақта мен каолиннен дайындауға болады.Соңғы жылдары талшықты минералды мақтаның сығылу күшіне жоғары деңгейде қарсы тұра алатындай бұйымдар алына бастады. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: шылқылдатып суландыру әдісі,- Шылқылдатып суландыру әдісі – бұл әдісте физикалық прцесс жүреді, қалыптанатын массаға көп мөлшерде қосылған су ауаға ұшып кетеді, соның арасында материалдың кеуектілігі жоғарылайды. Көбнесе бұл әдісті сұйық массадан жылуоқшаулағышты бұйымдарды қалыптау кезінде қолданылады, оны гидромассалар деп атайды.Мұндағы қосылған судың көп бөлігін гравитациялық күш арқылы, вакуумдау, қысу немесе ортадан тепкіш арқылы кетіруге болады, ал қалған ылғалдылықты қыздыру кезінде ұшып кетеді. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: кеуекті толтырғыштар енгізу әдісі- Кеуекті толтырғыштарды енгізу әдісі – бұл әдісте физикалық процесс жүреді, мұндағы материалдардың көп бөлігін тығыздығы жоғары материалдардан тығыздығы төмен материалдарға ауысуы. Бұл әдісте композициялық жылуоқшаулағыш және конструктивтік жылуоқшаулағыш материалдар өндірісінде кеңінен қолданылады. Олардың негізгілері: ісінген перлит, вермикулит, керамзит, шунгезит, мұнай битумы, синтетикалық полимерлер, синтезделген силикатты тастар, күйдірілген топырақ. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: көбіктендіру әдісі- Көбіктендіру әдіс – бұл әдісте массаны кеуектендіруге негізделген, мысалы: сапонин, клееканифоль, гидролизделген қан немесе дайын көбік пайдаланылады. Бұларды ұялыбетон немесе көбікті бетондарда, көбік диатомит пен күйдірілген бұйымдар: корунд, циркон, қаттылығы жоғары минералды мақталы плита дайындауға қолданылады.Көбік бұл – екі фазалы жүйеден тұрады, сұйық және газ тәрізді фазадан. Ол өзіндік жұмсақтығы бар және жоғары кеуектендірілген эмульция. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі- Жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі – бұл әдісте массаны дайындағанда оның арасына жанғыш қоспаларды қосады. Күйдіру кезінде бір уақытта газтүзу немесе массаның кеуектеріне СО, СО2, СН4 газдарының қысымында пайда болатын кеуектердің кеңейтілуі иілгіштік күйінде болады. Мұны ең бастысы ұялы шыны, отқа төзімді жеңілсалмақты керамикалық материалдар алу кезінде қолданылады.Жанғыш қоспа ретінде опилка, лигнин, кокс, термоантрацит, сажа, көмір, графитті пайдалануға болады. Минералды мақта және оның негізіндегі бұйымдар-Минералды мақта – құрылысышыны тәріздес жіңішке талшықтардан тұратын борпылдақ материал. Минералды мақтаның түсі ақ, ашық сұр, жасылдау, қоңыр, қара қоңыр болуы мүмкін. Минералды мақтаның жоғары жылудоғарғыштық қасиеттері құрылысында коп мөлшерде кеуектердің болуымен сипатталады: кеуектілігі 95-96 %. Кеуектердің өлшемдері мен көлемі талшықтардың тығыздалу дәрежесі мен диаметріне тәуелді болады. Минералды мақтадан жасалатын бұйымдар: даналы – плиталар, цилиндрлер, жартыцилиндрлер, сегменттер; орамалы – тігілген және синтетикалық тұтқыр негізіндегі төсемелер; жіп түріндегі – жіптер, жгуттар; сусымалы – гранулданған мақта болып жіктеледі. Минералдық мақта өндіруге арналған шикізаттық материалдар және минералдық мақтаның қасиеттері.- Минералды мақта өндірісінде әр түрлі табиғи шикізатты пайдаланады: тау жыныстары және өндіріс қалдықтарын (металлургия және домна шлактары, силикатты және сазды кірпіш сынықтары, күйгенжыныстар, керамзит және цемент өндірісінің шаң-тозаңы және т.б.). Минералды мақта өндірісіне қажетті шикізат өте арзан және көп кездеседі, сондықтан одан алынған бұйымдарды көп көлемде пайдаланады.Минералды мақта өндірісінде шөгінді, магмалық және метаморфты тау жыныстарын қолданады. Солардың ішінде көп тарағаны шөгінді тау жыныстарына сазды және карбонатты тау жыныстары жатады.Бұл тау жыныстарының химиялық құрамы оларды берілген мақсатта қолдануды шектемейді. Минералды мақта өндірісіндегі саз көп жағдайда жеңіл балқитын болады. Карбонатты тау жыныстарына минералды мақта өндірісінде әктас, даломит, және мергельді жатқызуға болады. Даломиттенген мергельдің химиялық құрамы одан басқа ешқандай шикізат түрін қоспай-ақ жоғары сапалы мақта алуға мүмкіндік береді. Бұл оның өндіруін жеңілдетеді.Минералды мақта өндірісінде шикізат ретінде магмалық жыныстар да: базальт, габбро, гранит, диабаз, диорит, сиенитті пайдалануға болады.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>