Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. 171. Әскери бөлімдер әскери қалашықтарда орналастырылады.

Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты | Рота (4-дәрежелі кеме) командирі | Рота командирінің орынбасары | Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Рота сержанты | Рота старшинасы | Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер

171. Әскери бөлімдер әскери қалашықтарда орналастырылады.

Әскери қалашық деп бір жер телімінде орналасқан және әскери бөлімдерді пәтерлерге орналастыру үшін, сондай-ақ Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін, азаматтық персоналын орналастыру үшін айқындалған, арнайы мақсатта салынған ғимараттар мен құрылыстардың кешені түсіндіріледі.

Әскери қалашықтар жабық, оқшауланған және ашық болып бөлінеді.

Жабық әскери қалашықтарға өткізу жүйесі белгіленген әскери қалашықтар жатады.

Елді мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтар оқшауланған болып табылады.

Оқшауланған және жабық әскери қалашықтарға жатпайтын әскери қалашықтар ашық деп аталады.

Қарулы Күштердің жабық және оқшауланған әскери қалашықтарының тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Әскери қалашықтардың барлық жылжымайтын мүлкі:

тұрғын үй қорынан (казармалар, тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер);

қызметтік қордан (штабтар ғимараттары, асханалар, бос уақытты мәдени өткізу орталықтары, клубтар, парк үй-жайлары, сақтау орындары және басқалар);

коммуналдық құрылыстардан (су және кәріздік сору станциялары, электр станциялары, трансформаторлық шағын станциялар, қазандық қондырғылары, сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылу-газбен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың ішкі және сыртқы желілері және басқалар);

жер телімдерінен құралады.

Қарулы Күштерде бейбіт және соғыс уақытында пайдаланылатын қызметтік-тұрғын үй қоры, коммуналдық ғимараттар мен жер телімдері мемлекеттік меншік болып табылады. Олар міндетті есепке алынуға, дұрыс пайдалануға және ұқыпты ұсталуға тиіс.

172. Қарулы Күштерді орналастыру және тұрақты іс-қимылы үшін берілген жер телімдері олардың иелігінде және пайдалануында болады.

173. Қарулы Күштерге қорғаныс мұқтажы үшін ғимараттар, құрылыстар, объектілер мен басқа да мүлік беріледі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен оларды кері қайтарып алу жүргізілуі мүмкін.

174. Бөлімнің барлық үй-жайлары мен аумағын бөлімшелер арасында әскери бөлім командирі бөледі.

175. Кемелердегі матростар мен старшиналардан басқа, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері казармаларда орналастырылады.

176. Әрбір ротаны орналастыру үшін мынадай үй-жайлар көзделуі тиіс:

жеке құрам үшін ұйықтайтын үй-жай;

ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі;

психологиялық жеңілдеу бөлмесі;

рота кеңсесі;

қару сақтауға арналған бөлме;

қару тазалауға арналған бөлме (орын);

спорт сабақтарына арналған бөлме (орын);

тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі;

рота мүлкі мен әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойма;

киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме;

жуынатын бөлме;

аяқ киім тазалауға арналған бөлме (орын);

душ;

дәретхана.

Әрбір батальон орналасқан жерде батальон командиріне, оның орынбасарларына, батальон штабына, офицерлер мен сержанттардың сабақтарға дайындалуына (әдістемелік даярлығына), кеңестер өткізуге және офицерлер мен сержанттар демалуына арналған бөлмелер бөлінеді.

Әскери бөлімде сабақ өткізу үшін қажетті сыныптар жабдықталады. Әрбір бөлімде жауынгерлік даңқ (тарих) бөлмесі жабдықталады және әскери бөлімнің (кеменің) құрмет кітабы мен құрметті келушілер кітабы жүргізіледі.

177. Әскери қызметшілер (мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелері тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге) орналастырылады, ал тұрғын үй-жаймен (пәтермен) қамтамасыз етілгенге дейін оларға міндетті түрде уақытша тұру үшін қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлер, қызметтік тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын үй-жайлар беріледі. Отбасылы әскери қызметшілер әскери бөлім орналасқан жерден тыс орналасады.

Бұл ретте әскери бөлім орналасқан жерде тұратын әскери қызметші әйелдер үшін жеке жатақханалар (ұйықтайтын үй-жайлар), сабақтарға дайындалуға, кеңестер өткізуге және демалуға арналған бөлмелер, душ және дәретханалар, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету мен жуынуға арналған бөлмелер жабдықталады.

Рота сержантының (рота старшинасының) лауазымын атқаратын келісімшарт бойынша әскери қызметшілер (отбасылы емес немесе отбасы бар) әскери бөлім орналасқан жерге жақын жерде орналастырылады.

178. Әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттары казармаларда мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін белгіленген тәртіппен орналастырылады. Кейінгі курстардың курсанттары жатақханаларға орналаса алады, отбасы барларға отбасылық жатақхана беріледі. Әскери оқу орнының бастығы отбасылық жатақханалар жоқ кезде үшінші және кейінгі курстардың отбасылы курсанттарына әскери оқу орны орналасқан жерден тыс тұруға рұқсат ете алады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудегі курсанттардың және әскери оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтен өткен адамдардың бірінші оқу жылынан бастап казармадан тыс тұруға құқығы бар.

Әскери оқу орындарының офицерлер қатарынан тыңдаушылары қызметтік тұрғын жайлармен қамтамасыз етіледі.

179. Кімге болса да, казармалар мен жатақханалардың ұйықтайтын үй-жайларын қоспағанда, әскери бөлімдердің ғимараттары мен құрылыстарында тұруға тыйым салынады.

180. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін ұйықтайтын үй-жайларға орналастыру бір адамға кем дегенде он екі текше метр ауа көлемі есебінен жүргізіледі.

Ұйықтайтын үй-жайлардағы кереуеттер ротаның штаттық-лауазымдық тізіміне сәйкес жүйелілікпен орналастырылады және олардың әрқайсысының жанында немесе бірге қосылған екеуінің жанында кереует жанына қойылатын тумбочкаларға, табуреттерге (орындықтарға) орын қалатындай, ал кереуеттер қатарының арасында жеке құрамды сапқа тұрғызуға қажетті бос орын қалатындай етіп орналастырылады; кереуеттер түзулігін сақтаумен сыртқы қабырғалардан елу сантиметрдей алыс орналастырылуы керек. Кереуеттер бірдей (стандартты) болуы тиіс.

Ұйықтайтын үй-жайлардағы кереуеттер бір немесе екі қабатты болып орналастырылуы мүмкін.

Әскери қызметші әйелдер кереуеттері бір ярусты болып орналастырылған үй-жайларда орналастырылады.

181. Олар жасаған ерліктері үшін немесе құрметті сарбаздар (матростар) ретінде рота (кеме) тізіміне мәңгі енгізілген әскери қызметшілер үшін ұйықтайтын үй-жайда көрнекті жерде ұдайы үлгілі жағдайда ұсталатын кереует қойылады. Кереуеттің тұсына батырдың рамкадағы портреті және оның ерлігінің сипаттамасы ілінеді.

182. Кереует жанындағы тумбочкада жуынатын және ұстара аспаптары, қол орамалдары, жаға астарлары, киім мен аяқ киім тазалауға арналған керек-жарақтары, жеке пайдаланатын басқа да ұсақ-түйек заттары, сондай-ақ кітаптары, жалпыәскери жарғылар, фотоальбомдары, дәптерлері мен басқа да жазу құралдары сақталады.

Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің фотоаппараттарды, аудио, бейне, радиоэлектронды техниканы, ұялы телефондарын сақтау және пайдалану тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнама талаптарымен айқындалады.

183. Казармада орналасқан әскери қызметшінің төсек-орны көрпеден, екі жаймадан, тысы бар жастықтан, матрацтан, матрац астына төселетін көрпеден тұрады. Төсектер бірдей жиналуы және күні бойы тәртіпте ұсталуы тиіс. Төсекке киім-кешекпен (демалу кезінде рота бойынша кезекшіден басқа) және аяқ киіммен жатуға тыйым салынады. Одан басқа әрбір әскери қызметші кереует жанына төселетін кілемшемен, бір жұп тапочкалармен, сондай-ақ бет пен аяқ сүртетін орамалдармен жабдықталады.

184. Зат қаптарына салынған пальто (шинель), астары жылы далалық күртеше мен шалбар, бас киімдер казарма үй-жайларында орналастырылған арнайы шкафтарда, ал газтұмшалардан басқа жеке қорғаныс құралдары стеллаждарда; салтанатты киім-кешек, спорт киімі мен жұмыс киімі ротаның мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойманың шкафтарында сақталады. Арнайы киім ұйықтайтын үй-жайлардан тыс шкафтарда сақталады. Тиісті жағдайлар болған кезде әскери қызметшілердің киім-кешегі, спорт киімі мен жеке заттары жеке шкафтарда (ұяшықтарда) сақталуы мүмкін.

Киім-кешектің барлық түрлерін сақтауға арналған орындар әскери қызметшілерге бекітіліп беріледі және оларда әскери қызметшінің әскери атағы, тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырмалармен белгіленеді. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің барлық киім-кешек мүлкі заттарында олардың әскери билетінің нөмірімен тиісті таңба қойылады.

Киім-кешек пен белдік белбеулер ұйқыға жатар алдында ұқыпты және бірдей етіліп табуретке (орындыққа) қойылады, аяқ киім кереуеттің аяғына қойылады. Киім, іш киім және аяқ киім қажет кезінде киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлмелерде кептіріледі.

185. Қару мен оқ-дәрілер, соның ішінде оқу-жаттығу, бөлімшелерде тәуліктік наряд адамдары ұдайы күзететін, терезелерінде темір торлары бар жеке бөлмеде сақталады. Бөлменің есігі жарық және электр дыбысты дабылдамамен жабдықталуы тиіс. Дабылдаманың құрылымы сақтау орындарын ашу, сондай-ақ сымның зақымдалуы кезінде оның іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Бөлмеде тәулік бойы толық жарық болуы керек. Қару сақтауға арналған бөлменің бөлім бойынша кезекшіге шығатын белгі беру құрылғысы болуы тиіс. Дабылдама апаттық қоректендірілген болуы қажет.

Техникалық дабылдама құралдарының жай-күйі үшін бөлімше командирі жауапты болады. Оны орнату және ақаусыз жай-күйде ұстау үшін бөлім бойынша бұйрықпен мамандар қатарынан пайдалану тобы тағайындалады.

Қару сақтауға арналған бөлме есігінің қарайтын көзшесі болуы және үй-жайдың ішіне қарай ашылуы (бір жаққа қарай жылжуы) тиіс. Темір торлы есік немесе жылжымалы темір торлы қабырға орнатуға рұқсат етіледі.

Оқшашарлар (оқшашарларға қосалқы ұңғылар), автоматтар, карабиндер, винтовкалар мен қол гранатаатқыштары, сондай-ақ сүңгі-пышақтар пирамидаларда, ал пистолеттер мен оқ-дәрілер құлыпқа жабылатын темір шкафтарда немесе жәшіктерде сақталады. Пирамидаларда шағын саперлік күректер, газтұмшалар, ал болат дулығалар пирамидалардың үстінде сақталады. Қару сақтауға арналған бөлмеде, сондай-ақ штаттық қарумен оптикалық көздеу және бақылау аспаптары сақталады және орналастырылады.

Оқу-жаттығу қаруы мен оқу-жаттығу оқ-дәрілері жауынгерліктен бөлек сақталуы тиіс. Жеке пирамида болмаған кезде оқу-жаттығу қаруын жауынгерлікпен бірге сақтауға рұқсат етіледі, бұл ретте оны сақтау орны «Оқу-жаттығу қаруы» деген жазумен белгіленеді және қоршаумен бөлінеді. Оқу-жаттығу пистолеттері бөлімше әскери қызметшілерінің жауынгерлік пистолеттерімен бірге сақталады. Оқу-жаттығу патрондары қару сақтауға арналған бөлмеде құлыпқа жабылатын және мөрленген жеке жәшікте сақталады.

Спорттық қару жауынгерлікпен бірге сақталады. Оны сақтау орны «Спорттық қару» деген жазумен белгіленеді. Спорттық қаруға патрондар жауынгерлік патрондармен бірге сақталады. Оқу-жаттығу, спорттық қаруды, оқу-жаттығу және спорттық патрондарды беру жауынгерлікті бергендей жүргізіледі. Оқ-дәрілерді оларды ұстау үшін жабдықталмаған шкафтар мен жәшіктерде сақтауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

186. Қаруы бар пирамидалар, пистолеттер мен оқ-дәрілер бар шкафтар мен жәшіктер, сондай-ақ бөлімшенің қару сақтауға арналған бөлмелері сенімді тиектермен жабдықталуы, құлыпқа жабылуы және нөмірлі мөрлермен: пирамидалар – рота (бөлімше) бойынша кезекшінің мөрімен, ал қару сақтауға арналған бөлме – рота (бөлімше) бойынша кезекшінің және әскери бөлім бойынша кезекшінің (бригада бөлімшелері орталықтандырылмай орналастырылған жағдайда – бөлімше командирінің мөрімен); пистолеттер, жауынгерлік және оқу-жаттығу оқ-дәрілері бар шкафтар мен жәшіктер – бөлімше командирінің (рота старшинасының) мөрімен мөрленуі тиіс.

Қару сақтауға арналған бөлмелер мен пирамидалардың кілттері күндізгі уақытта рота бойынша кезекшіде болуы, ал тексеруді жүргізгеннен кейін бөлім бойынша кезекшіге мөрленген пеналда сақтауға тапсырылуы тиіс. Пистолеттер, оқ-дәрілер мен оқу-жаттығу оқ-дәрілері бар шкафтардың, жәшіктердің кілттері бөлімше командирінде (рота старшинасында), ал ол қызметтен кеткен кезде мөрленген пеналда бөлім бойынша кезекшіге тапсырылады. Басқа адамдарға кілттерді беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.

Қосалқы кілттер рота (бөлімше) командирінде мөрленген пеналда, құлыпқа жабылатын сейфте сақталады.

Қару сақтауға арналған бөлмеде материалдық құралдардың тізімдемесі ілінеді, оған осы бөлмеде бар пирамидалардың, шкафтардың, жәшіктердің, стенділердің, плакаттар мен басқа да мүліктердің саны енгізіледі. Тізімдемеде жәшіктердің, шкафтардың мүкәммалдық нөмірі мен олардың қандай мөрмен мөрленгені көрсетіледі.

Әрбір пирамидаға (шкафқа, жәшікке) жауапты адамның бөлімшесі, әскери атағы, тегі мен аты-жөні, пирамиданың (шкафтың, жәшіктің) нөмірі және ол мөрленетін мөрдің нөмірі көрсетілген жапсырма бекітіледі.

Пирамидада (шкафта, жәшікте) онда сақталатын қару мен мүліктің түрін және санын көрсетумен тізімдеме ілінеді. Пирамиданың (шкафтың) әрбір ұясының қасына қарудың түрі мен нөмірі және газтұмшаның нөмірі, сондай-ақ олар бектіліп берілген адамдардың әскери атағы, тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырма жапсырылуы (бекітілуі) тиіс.

Қару сақтауға арналған бөлмеде, пирамидаларда, шкафтарда, жәшіктерде бар барлық тізімдемелерге рота (бөлімше) командирі қол қояды.

Бір әскери бөлімнің бірнеше бөлімшесінің қаруы мен оқ-дәрілері бір бөлмеде сақталған жағдайда бөлім командирінің бұйрығымен қару мен оқ-дәрілерді орналастыру, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету тәртібі үшін жауапты тағайындалады, ол бөлме мүлкінің тізімдемесіне де қол қояды.

Қару мен оқ-дәрілер сақтауға арналған бөлмелерді ашу тек бөлімше командирінің, әскери бөлім бойынша кезекшінің және бөлімше бойынша кезекшінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдардың біреуі болмаған жағдайда ашу әскери бөлім командирінің жеке рұқсатымен жүргізіледі.

Бөлімді (бөлімшені) жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде рота (бөлімше) бойынша кезекші қару сақтауға арналған бөлмені, қару мен оқ-дәрілерді беруді өз бетімен жүргізеді.

Қару сақтауға арналған бөлмеде басқа да мүлікті сақтауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

187. Батальон (әскери бөлім басқармасы мен қызметтері) офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің (жеке табельдік қаруға құқығы бар) жеке қаруы, оларға патрондар және радиоактивті сәулелену мөлшерін өлшеуіштер роталардың біреуіндегі (әскери бөлім штабындағы) құлыпқа жабылатын темір шкафта сақталады. Бұл ретте патрондар оның сақталуына жауап беретін адам мөрлеген құлыпқа жабылатын темір жәшікте болуы тиіс. Тәуліктік нарядта қызмет атқару үшін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілетін патрондар жәшіктен тыс шкафта сақталуы тиіс. Шкафты рота (бөлімше) командирі немесе рота старшинасы (әскери бөлім бойынша кезекші) мөрлейді. Әскери бөлім бойынша кезекшіде бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жеке қаруы, патрондары мен радиоактивті сәулелену мөлшерін өлшеуіштері бар шкафтың одан басқа, қарауыл бастығына жабық түрде шығарылған электр дыбыстық дабылдамасы болуы тиіс.

Батальон офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жеке қаруы бар шкафтың және патрондары бар жәшіктердің кілттері бөлімше командирінде (рота старшинасында), ол қызметтен кеткен кезде бөлім бойынша кезекшіде мөрленген пеналда сақталады, ал әскери бөлім басқармасы мен қызметтерінің әскери қызметшілерінікі әскери бөлім бойынша кезекшіде сақталады. Пистолеттер мен оларға патрондарды беру және қабылдау тәртібін әскери бөлім командирі белгілейді.

188. Бөлімшенің қарауылдары мен кезекшісі үшін патрондар құлыпқа жабылатын және мөрленген, кілттері мен мөрі рота (бөлімше) командирінде (рота старшинасында) сақталатын темір жәшіктерде болуы тиіс. Әрбір жәшіктегі оқ-дәрілердің қолда барының тізімдемесі болуы тиіс. Патрондары бар жәшіктер қаруы бар пирамидаларға жақын жерде орналастырылады.

Қарауылдары бірнеше бөлімшелерден тағайындалатын әскери бөлімдерде қарауылдар үшін патрондарды әскери бөлім бойынша кезекшінің бөлмесінде сақтауға рұқсат етіледі.

Штаттан тыс қарумен қызмет атқаратын бөлімшелер оқ-дәрілерді қарумен бір уақытта әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) шешімі бойынша басқа бөлімшеден алады.

189. Спорт сабақтарына арналған бөлме (орын) спорттық тренажерлармен, гимнастикалық жабдықтармен жабдықталады, кір тастарымен, гантельдермен және басқа да спорттық мүкәммалмен, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жөніндегі плакаттармен қамтамасыз етіледі.

190. Ротада он бес-жиырма адамға бір шүмек (душ себезгісі) есебінен душ бөлмесі жабдықталады, бір шүмекке бес-жеті адамнан қол жуғыштар және кемінде екі ағынды сулы аяқ ванналары орнатылады, сондай-ақ әскери қызметшілердің киім-кешегін жууға арналған орын жабдықталады.

Шеберханалар, парктер, наубайханалар, нан зауыттары, асханалар мен қазандықтар жанында, одан басқа жылы душ жабдықтаулы тиіс, ал қол жуғыштар жанында сабын мен орамал болуы тиіс.

Жылытылатын үй-жайларда су құбыры болмаған кезде су құятын қол жуғыштар орнатылады, оларда су тәулік бойы болуы тиіс. Қол жуғыштарға таза су құяр алдында қалған суы төгіледі, қол жуғыштар тазартылады, кір су шығарылады және осыған арнайы бөлінген орынға төгіледі.

Киім-кешек пен аяқ киімді тазалау үшін жеке арнайы жабдықталған үй-жайлар немесе орындар бөлінеді. Ұйықтайтын үй-жайда аяқ киім тазалауға тыйым салынады.

Шылым шегуге арнайы бөлінген және өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық жағынан жабдықталған орындарда рұқсат етіледі.

191. Тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі киім-кешек үтіктеуге арналған үстелдермен, әскери қызметшілердің әскери киім нысанын киіп жүру ережелері және киім-кешек мүлкімен жабдықтау, киім мен аяқ киімді жөндеу нормалары бар плакаттармен, айналармен жабдықталады және орындықтармен (табуреттермен), үтіктердің қажетті санымен, сондай-ақ шаш қиюға, киім-кешек пен аяқ киімнің ағымдағы жөндеуін жүргізуге арналған аспаппен, мүкәммалмен, фурнитурамен және басқа да жөндеу материалдарымен жабдықталады.

Жеке құрамның киім-кешегін шақтап тігу, киімі мен аяқ киімін жөндеу үшін әскери бөлім жанында арнайы шеберхана (тігін бөлмесі) жабдықталады.

192. Әскери бөлімге толықтыруға келген жеке құрам ол әскери ант қабылдағанға және бөлімшелерге бөлгенге дейін жеке үй-жайда орналастырылады. Бұл кезеңде оны тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі, егулер жасалады, белгіленген нормалар бойынша киім-кешек, аяқ киім беру, оларды шақтап пішу мен таңбалау жүргізіледі; толықтырудың жеке құрамымен мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін алынған жауынгерлік даярлығын жетілдіру жөнінде сабақтар өткізіледі, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделеу, мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы ұйымдастырылады.

193. Әскери бөлім бойынша бұйрықпен толықтыруға келген жеке құрамнан жеке бөлімше құрылады, бөлімше командирі, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары тағайындалады, командирлер мен нұсқаушылар ретінде офицерлердің, сержанттардың (старшиналардың) қажетті саны бөлінеді.

194. Келген толықтыруды әскери бөлімнің бөлімшелері бойынша бөлу олар жауынгерлік даярлығын жетілдіру жөніндегі бағдарламалардан өткеннен, әскери ант қабылдағаннан, әрбір әскери қызметшінің іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделегеннен кейін және оның денсаулық жағдайы, шақырылған (тұрғылықты) жері, сондай-ақ мамандығы мен мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін алған әскери-есептік мамандығы ескеріле отырып, әскери бөлім командирі бұйрығының негізінде жүргізіледі.

Келген толықтырудың жеке заттары (киімі, аяқ киімі мен басқа да заттары) тәртіпке келтіріледі, буылады және әскери бөлім оларды жіберіліммен әскери қызметшілер көрсеткен мекенжайларға жібереді.

195. Бөлім орналасқан жерден тыс тұратын ротаның барлық әскери қызметшілерінің мекенжайлары, телефондары мен әрқайсысын шақыру тәсілі көрсетілген атаулы тізімдері болуы тиіс. Бұл тізімдер рота кеңсесінде және рота бойынша кезекшіде болады. Бөлім басқармасының әскери қызметшілеріне осындай тізімдер бөлім бойынша (штаб бойынша) кезекшіде болуы тиіс.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Ішкі тәртіп| Й-жайларды ұстау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)