Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Батальон сержанты

Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары |


Читайте также:
  1. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  3. Батальон командирінің орынбасары
  4. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  5. Батальон штабының бастығы
  6. Батальон № 1: перспективы привлечения военнослужащих к участию в перевороте. См. Таблицу III

147. Батальон сержанты бейбіт және соғыс уақытында: батальон сержанттарын оқыту, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; батальон сержанттарын жауынгерлік даярлау жөніндегі сабақтарды өткізу сапасы; батальон сержанттары құрамының кәсіби даярлық деңгейі; батальон сержанттары мен сарбаздарының дене дайындығы; батальон сержанттары мен сарбаздарының сыртқы пішіні үшін жауап береді.

Ол батальон командиріне, ал батальон сержанттарымен жұмыс мәселелері бойынша бригада сержантына бағынады және батальонның сарбаздары мен сержанттарының тікелей бастығы болып табылады.

148. Батальон сержанты:

батальонның жауынгерлік даярлығын жоспарлауға қатысуға және сержанттардың кәсіби даярлығының есебін жүргізуге;

батальон сержанттарымен көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге;

батальонның әрбір сержантының тегін, атын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейінгі айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;

батальонның материалдық бөлімін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану ережелерін білуге; кемінде айына екі рет роталардағы оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарына техникалық қызмет көрсетуді бақылауға;

қару-жарақты, әскери және басқа техниканы оқу-жаттығулар мен сабақтарға дайындауға қатысуға;

батальон сержанттарына жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетуге және оларды өткізуді бақылауға;

жаңадан келген сержанттарды қабылдау, бөлу және барлық жабдықталым түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, олардың қалыптасуына көмек көрсетуге;

батальонның оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; роталардағы жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;

батальонның сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, батальон командиріне әскери тәртіптің бұзылғандығы туралы, сондай-ақ батальон сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салынған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;

батальон сарбаздары мен сержанттарынан сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын орындауды талап етуге;

ай сайын батальонның сержанттар құрамының жауынгерлік даярлық, қызметтік іс-әрекеттері, әскери тәртібі бойынша қорытынды шығаруға, олардың нәтижелері туралы батальон командиріне және бригада сержантына баяндауға;

батальондағы спорт жұмысын ұйымдастыруға қатысуға;

роталардағы таңертеңгі дене жаттығуына, таңертеңгі тексерулер мен кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға және өткізілуін бақылауға;

батальон бөлімшелерінің сарбаздары мен сержанттарының жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет өткеруге даярлығын бақылауды жүзеге асыруға және кемінде аптасына бір рет батальон командирінің нұсқауы бойынша бөлімшелер бойынша сержанттар мен сарбаздардың жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет өткеруін тексеруге;

батальон сарбаздары мен сержанттарына кезекті әскери атақтар, сыныптылық біліктіліктер беру, оларды жоғары лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 126 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары| Рота (4-дәрежелі кеме) командирі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)