Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі

Бригаданың медицина қызметінің бастығы | Бригаданың қаржы қызметінің бастығы | Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы |


Читайте также:
  1. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  3. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  4. Батальон командирінің орынбасары
  5. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  6. Батальон сержанты
  7. Батальон штабының бастығы

131. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; жеке құрамның жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери қызмет қауіпсіздігі; Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанар, жағар май материалдары мен басқа да материалдық құралдардың жай-күйі мен сақталуы; батальонның (кеменің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; ішкі жарғылық тәртіп пен әскерлер қызметінің жай-күйі; батальонның (кеменің) әскери объектілерінің, ғимараттары мен құрылыстарының жай-күйі мен сақталуы; жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлері; шарттық және талап-арыз жұмысы; әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғау үшін жауап береді.

Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі батальонның (кеменің) барлық жеке құрамына тікелей бастық болып табылады.

132. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі:

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жай-күйде ұстауға;

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларын әзірлеуге басшылық жасауға және олардың орындалуын бақылауға; батальонның (кеменің) тағайындалуын білуге және кез келген жағдайда оны шебер басқаруға;

штабпен, бөлімшелер командирлерімен, олардың орынбасарларымен және батальон қызметтерінің бастықтарымен (кемеде көмекшілермен, олардың орынбасарларымен, жауынгерлік бөлімдер командирлерімен, және қызметтер бастықтарымен) сабақтар, сондай-ақ батальон (кеме) бөлімшелерімен оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге;

күн тәртібі мен қызмет уақыты регламентін белгілеуге, ішкі тәртіпті ұстауды талап етуге, орындалатын міндеттер мен сабақтар кестесін ескере отырып, жеке құрамның киім нысанын айқындауға;

взвод және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық машықтарын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;

мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етумен батальондағы (кемедегі) істердің нақты жай-күйін білуге, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін арналарды анықтау және жабу жөніндегі тұрақты жұмысты ұйымдастыруға;

жаңадан келген толықтыруды бөлімшелер (командалар, жауынгерлік бөлімдер) бойынша бөлуге басшылық жасауға және оған әскери ант қабылдатуға;

кадрларды іріктеуге және орналастыруға басшылық жасауға; батальонды сарбаздар, сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге; әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары лауазымдарға ұсыну үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге;

әскери қызметшілердің тұрмысын жақсарту, олардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шараларды қабылдауға, бір аптаға азық-түліктерді тарату мәзірін қарауға және бекітуге, тамақ берудің сапасына және толықтығына күн сайынғы бақылауды ұйымдастыруға, апта сайын тамақ дайындау сапасын жеке өзі тексеруге;

белгіленген қорларды ұстау, қару-жарақты, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдарды сақтау, ақаусыз жай-күйде ұстау және дұрыс пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға, олардың болуын, жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін жиі тексеруге; жылына кемінде үш рет барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың байқауын өткізуге, байқау нәтижелерін батальон бойынша бұйрықта жариялауға (кеме командиріне кемінде екі айда бір рет кеме байқауын, кемінде айына бір рет оның қару-жарағының, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарының байқауын, күн сайын кемені қарап шығуды жүргізуге);

құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға, ал олар жасалған жағдайда аға командирге (бастыққа) баяндауға, құқық қорғау органдарын жасалған қылмыстар туралы хабардар етуге, қызметтік тексеру тағайындауға;

адамдардың қаза табуымен және мертігуімен байланысты немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және басқа да оқиғаларды тексеруге, сондай-ақ жалпыәскери жарғылармен айқындалған әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерінің бұзылу жағдайларын тергеуге жеке өзі қатысуға;

бағыныстыларға қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен және оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезіндегі, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, ал қажет жағдайларда оның орындалуына бақылауды белгілеуге және жүзеге асыруға (кеме командирі, одан басқа, кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға);

аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, батальонның жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдаушы факторларынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

батальонның қажеттіліктерін қаржылық, шарттық, талап-арыз жұмыстарымен, шаруашылық қызметпен қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға басшылық жасауға; материалдық және ақшалай қаражатты уақтылы игеру, заңды, мақсатты, тиімді және үнемді жұмсау жөнінде шаралар қабылдауға;

батальонның қызметтік-тұрғын үй қорын, коммуналдық ғимараттары мен жер телімдерін ұстауға және дұрыс пайдалануға (кемеде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы қадағалауға), сондай-ақ өрттен қорғанудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға. Жылына кемінде үш рет әскери объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды және жер телімдерін қарауды жүргізуге, қарау нәтижелерін актілерде көрсетуге және батальон (кеме) бойынша бұйрықта жариялауға;

батальон (кеме) орналасқан жердің күзетін ұйымдастыруға; қарауылдық және ішкі (кемеде – кезекшілік және вахталық) қызметтерді бақылауды жүзеге асыруға, оларды атқаруды жеке өзі тексеруге және тексеруді ұйымдастыруға, сондай-ақ гарнизон шегінен тыс рейстерге шығар алдында машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне нұсқаулар беруге;

жеке өзі және лауазымды адамдарды, батальон комиссияларын тартумен қызметтер бойынша әскери мүліктің, сондай-ақ ақшалай сомалар мен құндылықтардың болуына жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге; мемлекетке келтірілген материалдық зиянды анықтаған кезде қызметтік тексеру тағайындауға және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы шешімді уақтылы қабылдауға;

әскери ұжымдарда жариялылықты, әлеуметтік әділдікті, әскери қызметшілер арасындағы өзара сенімді орнатуға; бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыруға;

жыл сайын офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің демалыстар кестесін, ай сайын қызметке нарядтар кестесін бекітуге және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің жай-күйін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын талдауға, кемінде айына бір рет қорытындыларын шығаруға және оларды жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға;

Қазақстан Республикасының Президентін, тікелей бастықтарды, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдар мен инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды осы Жарғымен айқындалған тәртіппен қарсы алуға, баяндауға және батальон орналасқан жер бойынша (кемені қарап шыққан кезде) ілесіп жүруге;

темір жол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен келіп жеткен материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді ұйымдастыруға;

батальонның (кеменің) жауынгерлік даярлық іс-шараларын жүргізу кезінде және бөлімнің күнделікті қызметінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдауға;

жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен шақыру бойынша офицерлердің істер мен лауазымды уақтылы қабылдауын, тапсыруын бақылауды жүзеге асыруға;

осы Жарғының 92-тармағының талаптарына сәйкес батальон (кеме) бойынша бұйрықтар беруге міндетті.

133. Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирінің орынбасарлары, сондай-ақ қызметтер бастықтары өзінің практикалық жұмысында бригаданың (кеменің) тиісті лауазымды адамдары үшін көрсетілгендерге сәйкес міндеттерді басшылыққа алады.

134. Мемлекеттік мекеме болып табылмайтын жеке батальонның (2-дәрежелі кеменің) командирі және басқа да лауазымды адамдары бригада (кеме) штатында бар батальонның (3-дәрежелі кеменің) тиісті лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттеріне сәйкес құқықтар мен міндеттерді басшылыққа алады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 88 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригада сержанты| Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)