Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары

Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары |


Читайте также:
  1. Ауіптілікті идентификациялау жөніндегі білімдерін қалыптастыру
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  3. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  4. Батальон командирінің орынбасары
  5. Батальон сержанты
  6. Батальон штабының бастығы

145. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: оған тікелей бағынысты бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; батальонды тыл қызметтері бойынша материалдық және техникалық қамтамасыз ету; батальонға бекітіліп берілген казармалық-тұрғын үй қорын ұстау; бағынысты жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі үшін жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады, батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

146. Бригада командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары:

батальонның жауынгерлік даярлық жоспарының тиісті бөлімін әзірлеуге және оның өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;

бағынысты бөлімшенің қызметіне және жауынгерлік даярлығына басшылық жасауға;

оған тікелей бағынысты бөлімшелердің әрбір әскери қызметшісінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу; курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

батальон тылының жеке құрамымен тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және роталар командирлерімен және старшиналарымен рота шаруашылығын жүргізу жөнінде сабақтар өткізуге;

батальон бөлімшелерін материалдық құралдармен, ал жеке құрамды дұрыс сапалы тамақпен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастыруға; тиісті жабдықталым нормалары мен материалдық құралдардың әрбір әскери қызметшіге және қызмет жануарларына жеткізілуін, сондай-ақ жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы және оқу-жаттығулардағы әскери қызметшілердің тамақтануын бақылауға;

батальон бөлімшелеріндегі тыл қызметтері техникасының болуы мен жай-күйін білуге, оны дұрыс пайдалануды, қызмет көрсетуді, эвакуациялау мен жөндеуді қамтамасыз етуге;

кемінде айына бір рет бөлімшелердегі тыл техникасының, материалдық құралдар қорларының болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге, батальон бөлімшелеріндегі тыл қызметтерінің барлық техникасы мен мүлкін түгендеуге қатысуға;

жанар, жағар май материалдарын және арнайы, улы, техникалық сұйықтарды дұрыс пайдалануға, үнемді жұмсауға және олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

батальон бөлімшелеріне материалдық құралдардың барлық түрлерін, суды жеткізуді, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды, сондай-ақ жеткізетін автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастыруға;

барлық тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарды, коммуникациялық желілерді, казармалық мүкәммал мен жиһазды дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастыруға, кемінде айына бір рет оларды қарауды жүргізуге; батальонға бекітіліп берілген аумақты тәртіпте ұстауды бақылауды жүзеге асыруға; өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының және қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруге;

батальон жеке құрамының сыртқы пішіні туралы ұдайы қамқорлық көрсетуге, киім-кешекті уақтылы алуды, оны дұрыс пайдалануды, шақтап пішу мен жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауды талап етуге;

батальон бөлімшелерінің жеке құрамына монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға;

батальон бөлімшелерінде экономикалық жұмыс жөніндегі іс-шараларды өткізуге;

жөндеу және шаруашылық жұмыстарын жүргізу, тыл техникасына қызмет көрсету мен пайдалану, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;

батальон бөлімшелерінде тыл қызметтері бойынша белгіленген есеп пен есептілікті жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 192 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Техникалық бөлім) орынбасары| Батальон сержанты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)