Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Техникалық бөлім) орынбасары

Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы |


Читайте также:
  1. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  2. Батальон командирінің орынбасары
  3. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  4. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  5. Бригада командирінің орынбасары
  6. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары
  7. Ойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші

143.Батальон командирінің қару-жарақ (техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: бағынысты бөлімшенің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; қару-жарақпен, әскери, басқа техникамен, басқа да материалдық құралдармен жабдықталуы, техникалық жай-күйі және жауынгерлік қолдануға әзірлігі; оларды дұрыс пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, эвакуациялау және жөндеу; батальонның жеке құрамын техникалық даярлау, өз мамандығы бойынша механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) даярлау; бағынысты жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі үшін жауап береді. Ол батальон командиріне бағынады және батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

144. Батальон командирінің қару-жарақ (техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары:

батальонның жауынгерлік даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және өз мамандығы бойынша олардың орындалуын ұйымдастыруға;

батальонның қару-жарағының, әскери, басқа техникасының, зымырандарының, оқ-дәрілерінің, басқа да материалдық құралдарының құрылымын, пайдалану тәртібі мен ережелерін, эвакуациялауды, сақтауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, олардың болуын, техникалық жай-күйі мен тұрған орнын білуге;

батальонды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және басшылық жасауға;

батальонның жеке құрамын техникалық даярлауға басшылық жасауға; батальонның офицерлерімен, сержанттарымен және механик-жүргізушілерімен (жүргізушілерімен) техникалық даярлау, жүргізу бойынша сабақтар өткізуге, техникалық мамандықтардың жеке құрамын даярлау және олардың сыныптық біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;

оған тікелей бағынысты бөлімшелер әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге; олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

кемінде айына бір рет батальонның қару-жарағының, әскери, басқа техникасының, зымырандарының, оқ-дәрілерінің және басқа да материалдық құралдарының болуын, сақталуы мен техникалық жай-күйін (көлік және оқу-жаттығу-жауынгерлік пайдалану тобының машиналарын – апта сайын) тексеруге және жылына кемінде екі рет бөлімшелердегі қаруды нөмірлік тексеруді жүргізуге;

емделуге, қызметтік іссапарларға және демалысқа кететін батальонның әскери қызметшілерінің қаруы мен оқ-дәрілерін бригаданың зымырандық-артиллериялық қоймасына уақтылы тапсыруын бақылауға;

жөндеуге тапсыру және басқа да бөлімшелерге беру үшін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы дайындауды ұйымдастыруға;

қару мен оқ-дәрілердің есебін жүргізуге, айына бір рет бригаданың бөлімшелерімен және зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметімен салыстырып тексеруді жүргізуге;

оған бағынысты бөлімшенің даярлығы мен қызметіне басшылық жасауға;

батальонның қару-жарағын, әскери, басқа техникасын, зымырандарын, оқ-дәрілерін және басқа да материалдық құралдарын, сондай-ақ оқу-жаттығу құралдарын дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға; техникалық даярлық бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға;

батальонға бекітіліп берілген парк үй-жайлары аумағы мен учаскелерін көркейту және жабдықтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, сондай-ақ оларда ішкі тәртіпті ұстауды қамтамасыз етуге;

қару-жарақты, әскери, басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді далалық жағдайларда (сабақтарда, оқу-жаттығуларда) қолдануға және пайдалануға дайындауды бақылауға, өткізгіштігін арттыру және эвакуациялау үшін оларды жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға; оқ атуларды жүргізгеннен кейін негізгі қару-жарақты тексеруді жүргізуге;

оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды бақылауға; бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына (зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығына) зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;

қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың апаттарының, аварияларының, бұзылуларының, оқиғаларының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға, олардың себептерін талдауға, олар туралы және қабылданған шаралар туралы батальон командиріне дереу баяндауға;

қару-жарақты, әскери, басқа техниканы, зымырандарды пайдалану, қызмет көрсету, эвакуациялау және жөндеу, оқ-дәрілермен және улы техникалық сұйықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды орындауды, сондай-ақ парктегі және машиналардағы өртке қарсы іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуге;

бөлімшелердегі жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтарды дұрыс пайдалануға және үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға;

машиналар жұмысының есебін (моторесурстар шығысын) жүргізуді бақылауға және апта сайын батальонның қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалануды талдауды жүргізуге;

формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс жүргізуді бақылауға;

белгіленген есеп пен есептілікті жүргізуге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары| Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)