Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары

Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары | Бригада штабының бастығы | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары |


Читайте также:
  1. Ауіптілікті идентификациялау жөніндегі білімдерін қалыптастыру
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  3. Батальон командирінің орынбасары
  4. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  5. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі
  6. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  7. Бригада командирінің орынбасары

101. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жабдықтау; бөлімдерді (бөлімшелерді) бағынысты қызметтер бойынша материалдық және техникалық қамтамасыз ету; материалдық, техникалық құралдардың, зымырандардың, оқ-дәрілердің барлық түрлерін және суды жеткізу; бағынысты қоймалардың жай-күйі; жеке құрамға сауда-тұрмыстық қызмет көрсету, қамтамасыз ету; казармалық-тұрғын үй қорын ұстау; бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; өртке қарсы қорғау; қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау, тыл объектілерінде ішкі қызметті ұйымдастыру және жай-күйі үшін жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

102. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары:

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;

командирдің орынбасарларының, әскерлер тектері мен бригада қызметтері бастықтарының қатысуымен жылдық шаруашылық жоспарын, экономикалық жұмыс жоспарын, материалдық, техникалық құралдарды, зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізу жоспарын, басқа да жұмыс жоспарларын; автомобиль техникасын пайдалану және жөндеуге шығару жоспарларына енгізу үшін тыл техникасын пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және осы жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

бригаданың бағынысты қызметтер бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және оларды уақтылы игеруге қатысуға;

оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну үшін және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

офицерлермен, сержанттармен тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және әскери шаруашылықты жүргізу жөнінде сабақтар өткізуге;

бөлімдерді (бөлімшелерді) бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдармен уақтылы қамтамасыз етуді, жабдықталым органдарынан мүліктің, материалдық құралдардың қажетті санын талап етуді ұйымдастыруға және өтінімдерге сәйкес оларды алуды, сақтауды және бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді қамтамасыз етуге;

меншік түріне қарамастан, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы бригадаға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және бақылауға, конкурстық өтінімдер мен шарттарға сәйкес қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлардың тиісті түрінің болуын бақылауды жүзеге асыруға;

бригада асханаларында жеке құрамның сапалы тамақтануын, әрбір әскери қызметшіге және қызмет жануарларына жабдықталым мен материалдық құралдардың тиісті нормаларын жеткізуді, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта және оқу-жаттығуларда болған әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға және бақылауға;

тамақ дайындау үшін азық-түліктерді тарату мәзірін жасауға басшылық жасауға және оны бригада командиріне бекітуге ұсынуға, кемінде айына бір рет аспаздардың бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізуге;

картопты, көкөністерді, отынды дайындауды уақтылы жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға және оларды қоймаларға салуды ұйымдастыруға, сақталуын қамтамасыз етуге, жеткізілетін азық-түліктердің сапасын бақылауды жүзеге асыруға;

кемінде жылына екі рет бригада қоймаларындағы және бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) барлық материалдық құралдардың болуын және жай-күйін тексеру актілерін ресімдеумен тексеруге; бағынысты қызметтер бойынша барлық мүліктер мен техниканы жыл сайын түгендеуді жүргізуді ұйымдастыруға;

комиссияның бағынысты қызметтерді тексеру жөніндегі жұмысын уақтылы ұйымдастыруға және бақылауға, жұмыс басталар алдында олардың мүшелерімен нұсқау беру сабақтарын өткізуге;

жанар, жағар май материалдарының және арнайы сұйықтардың сапасына, дұрыс пайдалануға және үнемді жұмсауға және олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ай сайын олардың шығыс лимиттерін пайдаланудың нәтижелерін бригада командиріне баяндауға;

бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердегі қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жай-күйін білуге, оны дұрыс пайдалануды, уақтылы қызмет көрсетуді, жөндеу мен эвакуациялауды қамтамасыз етуге;

нарядқа түсер алдында асханалар, қойма аймағы бойынша кезекшілер нарядына жеке өзі нұсқама беруге немесе осы үшін тиісті лауазымды адамдарды тағайындауға;

кемінде аптасына бір рет тәуліктік нарядтың даярлығы мен олардың қызмет атқаруын, сондай-ақ бағынысты бөлімдердегі (бөлімшелердегі) жарғылық ішкі тәртіптің сақталуын жеке өзі тексеруге;

бөлімдерге (бөлімшелерге) материалдық құралдардың барлық түрлерінің жеткізілуін, сумен жабдықталуын, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды ұйымдастыруға;

автомобиль көлігінің жеткізу жұмысын жоспарлауға және оны пайдаланудың дұрыстығы мен тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға;

темір жол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен әкелінген материалдық құралдардың уақытылы түсірілуі мен әкетілуін қамтамасыз етуге;

бригада тылының оқу материалдық-техникалық базасын, бағынысты қоймаларды, асханаларды жабдықтау және жетілдіру және оларды техникалық күзет құралдарымен жабдықтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;

бригада командиріне бөлімдер (бөлімшелер) арасында казармалық-тұрғын үй қорын бөлу туралы ұсыныстарды ұсынуға;

барлық тұрғын үй мен тұрғын емес ғимараттарды, су құбыры-кәріз, жылу желілері мен құрылыстарын, казармалық мүкәммал мен жиһазды дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді; казармалық-тұрғын үй қорын қысқа алдын ала дайындауды ұйымдастыруға; пәтерлерді орналастыруға бөлінген аумақты, кіреберіс автомобиль жолдарын, сондай-ақ бригададағы өртке қарсы қорғауды тәртіпте ұстауды ұйымдастыруға;

объектілерді өрт және күзет дабылдамасы құралдарымен жарақтандыруға; кемінде үш айда бір рет бригаданың өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге және оқу-жаттығу өрт жаттығуларын өткізуге;

қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындалуын тексеруге, бригаданың барлық жеке құрамының қоршаған ортан экологиясын қорғау және сақтау ережелерін сақтауын бақылауға;

жеке құрамның сыртқы пішіні туралы ұдайы қамқорлық көрсетуге, киім-кешекті уақтылы беруді, оны шақтап тігу мен жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын киіп жүру ережесін сақтауды талап етуге;

бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға;

бір жылға арналған күрделі жөндеу және күрделі құрылыс жүргізуге бекітілген титулға сәйкес және заңнамаға сәйкес меншік түріне қарамастан, кәсіпорындармен орындалатын жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілу сапасын бақылауды жүзеге асыруға;

бригада асханаларын жабдықтау, ағымдағы жөндеу, көріктендіру (меншік түріне қарамастан), бағынысты қызметтер бойынша қоймалар мен басқа да объектілерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;

бағынысты қызметтер бойынша жөндеу-құрылыс және шаруашалық жұмыстарын орындау кезінде және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге;

белгіленген есеп пен есептілікті уақтылы жүргізуді, жоғарғы тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға;

бригада инфрақұрылымына қызмет көрсетумен айналысатын азаматтық персоналдың жұмысын бақылауға міндетті.

103. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары әскери шаруашылықтың негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Оның шаруашылық қызметті жоспарлаудың, материалдық құралдар жеткізудің, сауда-тұрмыстық қызмет көрсетудің, пәтер-пайдаланумен қамтамасыз етудің (әскерлерді (күштерді) орналастырудың қалыпты жағдайларын жасау және оларды пәтер мүлкінің барлық түрлерімен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатын және өткізілетін іс-шаралар) және өртке қарсы қорғаудың жалпы мәселелері бойынша нұсқауы барлық әскерлер тектері, қызмет бастықтары және бөлімдер (бөлімшелер) командирлері (бригада командирінің өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі орынбасарлары) үшін міндетті.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бөлімінің бастығы| Бригаданың артиллерия бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)