Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лауазымға кірісу тәртібі

Жалпы ережелер | Скери қызметшілердің құқықтары | Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Бригада командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  2. Йым стандарттарын әзірлеу, бекіту және белгілеу тәртібі
  3. Күн тәртібі, қызмет уақытының регламенті
  4. Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі

85. Әскери бөлімнің жаңадан тағайындалған командирі аға командирдің (бастықтың) нұсқамасы немесе бұйрығы негізінде қолбасшылыққа кіріседі. Қолбасшылыққа кірісу туралы әскери бөлім командирі бұйрықта жариялайды және аға командирге (бастыққа) баяндайды.

Әскери бөлімнің (бөлімшенің) жаңадан тағайындалған командирін әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамына аға командир (бастық) таныстырады.

86. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) рота командирі (4-дәрежелі кемеден) және одан жоғары жаңадан тағайындалған командирлері лауазымды қабылдау кезінде кейіннен оларды шешу үшін, олардың ұсыныстарын, шағымдарын, арыздарын анықтау мақсатында әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілеріне сұрақ қояды.

87. Командирлер (бастықтар) қызметі бойынша ауысқан, бір ай уақыттан артық мерзімге уақытша кеткен кезде істер мен лауазымды акт жасаумен тапсыруға және қабылдауға міндетті: бригада командирінің істер мен лауазымды қабылдау және тапсыру мерзімі он бес күнге дейін, полк және жеке батальон (1 және 2-дәрежелі кемелер) он күнге дейін, бригада (полк) командирінің қару-жарақ және тыл жөніндегі орынбасарлары жиырма күннен артық емес, батальондар мен роталар (3 және 4-дәрежелі кеме) командирлері бес күннен артық емес, взвод командирі үш күннен артық емес, әскерлер тектері мен қызметтер бастықтары он бес күннен артық емес белгіленеді. Арсенал, база командирінің (бастығының), сондай-ақ басқа да лауазымды адамдардың істер мен лауазымды қабылдау, тапсыру мерзімін аға командир (бастық), бірақ бір ай мерзімнен артық емес айқындайды.

Істер мен лауазымды қабылдауды (тапсыруды) аяқтау деп аға командирдің (бастықтың) тиісті актіні бекітуі саналады. Актіні белгіленген тәртіппен уақтылы бекітпегені үшін аға командир (бастық) жауапты болады.

88. Әскери бөлім командирі істер мен лауазымды қабылдауды, тапсыруды жеке өзі аға командирдің (бастықтың) өкілінің қатысуымен жүргізеді.

Одан басқа, істер мен лауазымды қабылдау және тапсыру үшін аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен комиссия тағайындалады, ол әскери бөлімнің жалпы жай-күйін, Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқ-дәрілердің болуы мен жай-күйін және оларды есепке алуды жеке, сондай-ақ әскери бөлімнің әскери және қаржылық шаруашылығын жеке тексереді және акт жасайды.

Істер мен лауазымды қабылдау және тапсыру туралы актіде: әскери бөлімнің тізімдік және бар құрамы; жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі; жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери тәртіптің жай-күйі, құпия құжаттардың болуы көрсетіледі.

Қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқ-дәрілерді және басқа да материалдық құралдарды қабылдау және тапсыру туралы актіде: штат бойынша тиісті, құжаттар бойынша есептегі саны, нақты болуы, сапалық және техникалық жай-күйі, ұстау және сақтау жағдайы көрсетіледі.

Әскери және қаржылық шаруашылықты қабылдау және тапсыру туралы актіде: пәтер-тұрмыстық жағдайы, ғимараттардың, құрылыстардың, мүкәммал мен жабдықтың болуы мен жай-күйі; жанар, жағар май материалдарының, азық-түліктің, киім-кешек, техникалық мүлік пен ағымдағы жабдықталымдағы және жұмсалмайтын қордағы материалдық құралдардың, сондай-ақ ақшалай қаражаттың болуы, жай-күйі, жұмсау заңдылығы, есепке алу және сақтау тәртібі көрсетіледі.

Актілерге қабылдайтын және тапсыратын командирлер, комиссия мүшелері қол қояды және аға командирге (бастыққа) бекітуге ұсынады.

89. Бөлімше командирі істер мен лауазымдарды қабылдауды (тапсыруды) әскери бөлім бойынша бұйрық негізінде жеке өзі жүргізеді.

Бөлімше командирінің істер мен лауазымды қабылдауы үшін бөлімде комиссия тағайындалады.

Істер мен лауазымды қабылдағаны (тапсырғаны) туралы бөлімше командирі әскери бөлім командиріне команда бойынша жазбаша баяндайды.

Лауазымды қабылдаушы баянатпен бірге бөлімшені қабылдағаны туралы акт ұсынады, онда: бөлімшенің тізімдік және бар саны; жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының жай-күйі; жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери тәртіптің жай-күйі; қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жай-күйі; әскери қызметшілердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларының жай-күйі көрсетіледі.

Актіні комиссия мүшелері, лауазымды тапсырушы және қабылдаушы жасайды және қол қояды, белгіленген мерзімінен кешіктірмей бөлім командирі бекітеді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 192 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері| Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)